Жаза тағайындаудың жалпы негіздері

Сотталғанның құқықтары мен бостандықтарынан айыру немес оларды шектеу жазаның мәні болып табылады.

ҚР ҚК-е сәйкес қылмыс жасаған тұлғаға қолданылатын жаза және өзге де қылмыстық құқықтық сипаттағы шаралар мақсаты ретінде тән азабын шектіруді және адамның қадір-қасиетін қорлауды қарастырмайды.

Алайда осы күнге дейін жазаны атқару процесі іс жүзінде азап келтірумен ұштасады. Олар қайсібір жаза түрлерінің ерекшеліктерімен байланысты, қазіргі кезеңдегі пенитнциарлық жүйе ерекшеліктерімен байланысты, кейбәірлеулері міндетті түрде алда да азап келтіреді, себебі бір түрдегі жазаны әр түрліі адамдар өз бетінше қабылдайды. Біреулер үшін бас бостандығынан айыру орындары- ол үйреншікті өмір кейпі болса «туған үйі», бірақ одан ол жаза болуын тоқтатпайды, ал басқалар үшін ол қатты азап, қиналу болып табылады.

Сонымен қатар өз үйінде тұру, өз қаласында тұру және жақсы көретін кәсібімен айналысу мүмкіндігінен айыру біреулер үшін қорлық болып табылады, ал басмқалар үшін ол немқұрайлы оқиға болады.

«Құқықтар мен бостандықтардын айыру және оларды шектеу» ұғымының мағыналығына қарамастан жаза олармен таусылмайды. Қылмыстық жаза- ол өзінде екі қарама қарсы түсінікті қамтитын күрделі ұғым болып табылады. Жаза мазмұны мәжбүрлеу мен сендірудің диалектикалық бірлігін құрайды. Осы диалектикалық қайшылықта қылмыстық заңнаманың ары қарай дамуының ішкі енгізі салынған.

Қылмыстық заңды аналогия бойынша қолдануға жол берілмейді. Қылмыстық жаза Қылмыстық кодекстің іс әрекетті саралайтын Ерекше бөлімінің санкицясына қатаң сай келу керек. Тек қана қылмыстық мақсаттары мен ниеттеріне, кінәлінің қылмыс жасаудағы роліне, оның қылмыс жасалу алдындағы эжәне одан кейінгі мінез-құлқына және қылмыстың қоғамға қауіптілігін елеулі түрде кемітетін өзге де ерекше мән-жайлардың болуына, соонымен қатар тұлғаның қылмысты ашуға белсене қатысуына байланысты сот кінәліге қылмыстық заңда қылмыстың осы түріне көзделгеннен де төмен жаза тағайындай алады немесе өзге неғұрлым жазаға ауыса алады. Баптың санкциясы шектерінде жазаны таңдау туралы мәселені шешкен кезде сот жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілігін, кінәлінің жеке басын және жазаны ауырлататын немесе жеңілдететін өзге мән-жайларды , таңдалған жазаның сотталушының түзелуіне және оның отбасының жағдайларына әсерін ескеруге тиісті.[8]

Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында белгiленген шекте және қылмыстық кодекстiң Жалпы бөлiмiнiң ережелерi ескерiле отырып, әдiл жаза тағайындалады.

Қылмыс жасаған адамға оның түзелуi және жаңа қылмыстардың алдын алу үшiн қажеттi және жеткiлiктi жаза тағайындалуға тиiс. Егер жасалған қылмыс үшiн көзделген жазаның онша қатаң емес түрi жазаның мақсатына жетудi қамтамасыз ете алмайтын болса ғана ол үшiн көзделгендерi арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады. Жасалған қылмыс үшiн қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi тиiстi баптарда көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза қылмыстық кодекстiң 58 және 60-баптарына сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша немесе үкiмдердiң жиынтығы бойынша тағайындалуы мүмкiн. Жасалған қылмыс үшiн қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi тиiстi баптарда көзделгеннен қатаңдығы төменiрек жаза тағайындау үшiн негiз оқылмыстық кодекстiң 55-бабында белгiленедi. [9]

Жаза тағайындау кезiнде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесi айыпкердiң жеке басы, сонымен бiрге оның қылмыс жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаны сотталған адамның түзелуiне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тiршiлiк жағдайына ықпалы ескерiледi.

Мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар деп танылады:

а) мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кiшiгiрiм ауырлықтағы қылмыс жасау;

б) айыпкердiң кәмелетке толмауы;

в) жүктiлiк;

г) айыпкердiң жас балалары болуы;

д) қылмыс жасағаннан кейiн зардап шегушiге тiкелей медициналық және өзге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтiрiлген мүлiктiк залал мен моральдiк зиянның орнын өз еркiмен толтыру, қылмыспен келтiрiлген зиянды жоюға бағытталған өзге де iс-әрекеттер;

е) жеке басындық, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебiмен қылмыс жасау;

ж) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтiк немесе өзге де тәуелдiлiгi себептi қылмыс жасау;

з) қажеттi қорғанудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу, аса қажеттiлiк қылмыс жасаған адамды ұстау, негiздi тәуекел, бұйрықты немесе өкiмдi орындау жағдайында қылмыс жасау;

и) қылмыс жасау үшiн түрткi болып табылған жәбiрленушiнiң заңға қайшы немесе адамгершiлiкке жатпайтын қылығы;

к) шын жүректен өкiну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесiнде алынған мүлiктi iздеуге белсендi жәрдемдесу.

Аталған негіздер қылмыстық заңда нақты тізіммен келтірілген, алайда, көзделмеген мән-жайлар да жаза қолдану кезiнде жеңiлдетушi ретiнде ескерiлуi мүмкiн.

Егер жеңiлдететiн мән-жай қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында қылмыс белгiсi ретiнде көзделген болса, ол өзiнен-өзi жаза тағайындау кезiнде қайталап ескерiле алмайды.

Қылмыстық кодекстің 53 баптың бірінші бөлігінің д) және к) тармақтарында көзделген жазаны жеңілдететін мән-жайлар болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған жағдайда, жаза мерзімі немесе мөлшері қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген жазаның неғүрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасаған кезде — жартысынан, ауыр қылмыс жасаған кезде — үштен екісінен, аса ауыр қылмыс жасаған кезде төрттен үшінен аспауға тиіс.

Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар

Мыналар қылмыстық-жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар деп танылады:

а) қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы;

б) қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтiру;

в) адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының, ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасау;

г) қылмыс жасағанда айрықша белсендi рөл атқару;

д) айыпкер үшiн психикасы бұзылуының ауыр түрiнен зардап шегетiнi алдын ала белгiлi адамдарды не қылмыстық жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыс жасауға тарту;

е) ұлттық, нәсiлдiк және дiни өшпендiлiк немесе араздың себебi бойынша, басқа адамдардың заңды iс-әрекетi үшiн кектенушiлiктен, сондай-ақ басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау;

ж) жүктiлiк жағдайы айыпкер үшiн алдын ала белгiлi әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсiз адамға не айыпкерге тәуелдi адамға қатысты қылмыс жасау;

з) белгiлi бiр адамның өзiнiң қызметтiк, кәсiби немесе қоғамдық борышын өтеуiне байланысты оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыс жасау;

и) аса қатыгездiкпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбiрленушiнi қинап қылмыс жасау;

к) қару, оқ-дәрi, жарылғыш заттар, жарылғыш немесе оларды бейнелеушi құрылғылар, арнайы дайындаған техникалық құралдар, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтар, улы және радиоактивтi заттар, дәрiлiк және өзге де химиялық-фармокологиялық дәрi-дәрмектер пайдаланып, сондай-ақ күш көрсетiп немесе психикалық мәжбүрлеу не жалпы қауiптi әдiс қолданып қылмыс жасау;

л) төтенше жағдайды, табиғи немесе өзге де қоғамдық нәубет жағдайларын пайдаланып, сондай-ақ жаппай тәртiп бұзушылық кезiнде қылмыс жасау;

м) алкогольдiк, есiрткiлiк немесе уытқылық елiту жағдайында қылмыс жасау. Сот қылмыстың сипатына қарай бұл мән-жайды ауырлатушы деп танымауға құқылы;

н) адамның өзi қабылдаған антын немесе кәсiби антын бұза отырып қылмыс жасауы;

о) қылмыскердiң қызметi жағдайына немесе шартқа байланысты өзiне көрсетiлген сенiмдi пайдаланып қылмыс жасауы;

п) өкiмет өкiлiнiң нысанды киiмiн немесе құжатын пайдаланып қылмыс жасау.

Егер көрсетiлген мән-жай қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында қылмыс белгiсi ретiнде көрсетiлген болса, ол жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретiнде қайталап ескерiлмеуi керек.

Жаза тағайындау кезiнде сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлмеген мән-жайларды ауырлатушы мән-жайлар деп тани алмайды.Жаза тағайындау кезiнде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесi айыпкердiң жеке басы, сонымен бiрге оның қылмыс жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаны сотталған адамның түзелуiне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тiршiлiк жағдайына ықпалы ескерiледi.[10]

Сот, жаза тағайындай отырып, мән-жайлардың келесі үш тобын ескеруге тиіс:

1) қылмыстық іс-әрекеттің сипатына қатысты- оның сипаты және қоғамға қауіптілік дәрежесі;

2) кінәлінің жеке тұлғасына қатысты – оның әлеуметтік мәртебесі;

3) кінәлінің жауаптылығының дәрежесіне әсер ететін – жауаптылықты ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар.

Қылмыстық құқық теориясында қоғамдық қауіптілік сипаты ретінде барлық қылмыстарға тән белгіні айтады, ол бірінші кезекте қылмыстық әрекеттер объектісі болып табылатын заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастың маңызы мен мәнімен анықталады.

Соттар жазаның түрi мен мөлшерiн белгiлеу үшiн елеулi мәнi бар сотталушының жеке басының мәлiметтерiн жан-жақты, толық және объективтi түрде тексеруi керек. Атап айтқанда, сотталушының денсаулығын, еңбекке қабiлеттiлiгi мен қатыстығын, білімін, сотталғандығы туралы мәлiметтердi анықтау керек. Сотталушының отбасы жағдайы анықталғаннан кейiн, соттар ҚК-тің 52-бабының 3-бөлiгiне сәйкес жазаны тағайындаған кезде тағайындалған жаза оның отбасы немесе оның асырауындағы адамдардың жағдайына қандай әсер ететінін ескеруi керек.

ҚК-тiң 54-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген жауапкершiлiк пен жазаны ауырлататын мән-жайлардың тiзiмi түпкiлiктi болып табылады. Осыған орай, қылмыс жасалған кездегi немесе сотталушыны сипаттайтын басқа да сот анықтаған жағдайлар (маскүнемдiкке салыну, қоғамдық тәртiптi бұзу, отбасына, жұмысына, оқуына немқұрайлы қарау т.б.) жаза тағайындалған кезде ескерiледi, бiрақ жауапкершiлiк пен жазаны ауырлататын мән-жай ретiнде танылмаЙды.

ҚК-тiң 54-бабы бiрiншi бөлiгiнiң «м» тармағына сәйкес қылмыстың сипатына қарай сот қылмысты мас күйiнде жасауды жауапкершiлiк пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде танымауға құқылы. Бұл мәселенi шешу барысында соттар жасалған қылмыстық әрекеттің өзінің сипаты бойынша кінәлінің мастығына қатысы бар-жоғын, сондай-ақ оны осындай күйге алып келген жағдайларды ескеруi тиiс. Атап айтқанда, кәмелетке толмаған адамның қылмыс жасаған кезде мас болуы, егер оны бұндай күйге арақ, есiрткi немесе басқа да есеңгiртетiн заттарды пайдалану арқылы ересек қылмысқа қатысушы жеткізсе, жауапкершiлiк пен жазаны ауырлататын жағдай ретiнде есептелмейді.

Егер ҚК-тің 53 немесе 54-баптарында көрсетiлген мән-жайлар қылмыстың бiр белгісі ретінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң Ерекше бөлiмiндегi баптың диспозициясында көрсетілген болса, онда ол сол қылмыс үшін жаза тағайындаған кезде жауаптылықты жеңiлдететiн немесе ауырлататын мән-жай ретiнде ескерілмейдi.

Бiріншi қылмысы бойынша қылмыстық жауапкершiлiкке тарту мерзiмi өтіп кеткен жағдайда, заңмен бекiтiлген тәртiпте сотталғандығынан арылған немесе оны алып тастаған немесе заң бойынша бұрын жасаған қылмыстық әрекетi үшiн қылмыстық жауапкершiлiк жойылған болса, сондай-ақ ҚК-тiң Жалпы бөлiмiнде көзделген негiздер бойынша қылмыстық жауапкершiлiктен және жазадан босатылған жағдайда, қылмыс жасаған адамның бұрын сотталғандығы жауапкершiлiк пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қаралмайды.

Егер адамды кінәлi деп таныған заң санкциясында жазаның әр түрi (баламалары) көрсетiлген болса, онда соттар ҚК-тiң 52-бабының екiншi бөлiгiне сәйкес жасалған қылмыс үшiн көрсетiлген жазаның неғұрлым ауыр түрi тек, егер оның жеңiл түрi жазалау мақсатын қамтамасыз ете алмаса немесе жазаның ең ауыр түрiн тағайындау заңда арнайы көзделсе ғана тағайындалатынын ескере отырып, соттар олардың арасындағы неғұрлым жеңілірек жазаны тағайындау туралы мәселенi талқылауы және үкiмде қабылданған шешiмдi дәлелдеуi тиiс.

ҚК-тiң 55-бабына сәйкес жазаны осы қылмыс үшiн тиiстi бапта (бап бөлiгiнде) белгіленген төменгі шектен төмен немесе қылмыс дәрежеленген ҚК бабының (бап бөлігінің) санкциясында көрсетiлмеген жазаның неғұрлым жеңiл түрiн тағайындау немесе міндетті түрде көзделген қосымша жазаны қолданбау тек әрекеттiң қоғамдық қауіптілiгi дәрежесiн едәуiр азайтатын ерекше мән-жайлар анықталған жағдайда, сондай-ақ топтық қылмысқа қатысушы топ жасаған қылмыстарды ашуға белсене жәрдемдескен жағдайда ғана мүмкiн болады. Жазаны жеңiлдететiн жекелеген мән-жайлар да, сондай мән-жайлар жиынтығы да ерекше мән-жайлар деп танылуы мүмкiн. Сот ҚК-тiң 55-бабын қолданғанда, iс бойынша анықталған қандай жағдайларды ерекше деп танығанын және оларды айыпталушының жеке басы туралы қандай мәлiметтермен бiрге негізге алғанын үкiмде көрсетуге мiндеттi.

Бірнеше қылмыс жасаған кiнәлi адамға жазаның заңда көзделген неғұрлым жеңiл түрiн тағайындаған кезде, әуелi бiр немесе бiрнеше қылмыстың әрқайсысына ҚК-тiң 55-бабын қолдану арқылы жаза тағайындалады, сонан кейiн ҚК-тiң 58-бабының ережелерi бойынша түпкiлiктi жаза белгiленедi.

Ауыр немесе аса ауыр қылмыстың жасалуы өздiгiнен ерекше мән-жайлар болған жағдайда кiнәлі адамға төменгі шектен төмен жаза тағайындауға кедергi болып табыла алмайды. ҚК-тiң 55-бабын қолданып жаза тағайындаған кезде қылмыстардың рецидиві, қауiптi рецидивi немесе аса қауiптi рецидивi болған жағдайда ҚК-тiң 59-бабы 2-бөлігінің ережелерi қолданылмайды.

Соттың ҚК 55-бабын қолданып белгiлеген жазасының мөлшерi қандай жағдайда да заңмен белгiленген осы жаза түрiнiң ең төменгi мөлшерiнен төмен бола алмайды.

Қылмыстық заңдарда қоғамға қауіптілік сипаты қылмыстарға санаттарға бөлуге негіз болып табылады. Яғни қылмыстық кодекстің 10 бабына сәйкес қылмыстар төрт санатқа бөлінеді: онша ауыр емес, ауырлығы орта дәрежедегі, ауыр және аса ауыр қылмыстар болып.

Жасалған әрекетте ауырлатылған құрамды жасағаны үшін жауаптылық көздейтін ҚК бабында көрсетілген қылмыстың белгілері (мысалы, адам өлтіру кезіндегі аса қатыгездік) және сонымен қатар осы әрекетті жеңілдететін мән-жайлар бойынша (мысалы, жан күйзелісі жағдайында) саралау үшін негіз болып табылатын басқа да белгілер анықталған кезде қылмыстар жиынтығы болмайды. Мұндай жағдайларда әрекет осы қылмысты жасағаны үшін қатаңдығы төменірек жауаптылықты көздейтін ҚК бабы бойынша саралауға жатады (мысалы, жан күйзелісі жағдайында аса қатыгездікпен адам өлтіру ҚК 98-бабы бойынша ғана саралауға жатады).[11]

Белгілі бір қылмысты жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін әр түрлі саралаушы белгілер ҚК бірнеше баптарында көзделген жағдайларда, әрекет қатаңдығы төменірек жауаптылықты көздейтін ҚК бабы бойынша саралауға жатады. (Мысалы, қажетті қорғаныс шегінен тыс және жан күйзелісі жағдайында адам өлтіру ҚК 99-бабы бойынша саралауға жатады).

Қылмыстардың қайталануы, қауiптi қайталануы және аса қауiптi қайталануы жағдайында жаза тағайындау кезiнде бұрын жасалған қылмыстардың саны, сипаты және қоғамдық қауiптiлiк дәрежесi, оның алдындағы жазаның түзетушiлiк ықпалының жеткiлiксiздiгiне себеп болған мән-жай, сондай-ақ жаңадан жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесi ескерiледi.

Қылмыстардың қайталануы жағдайында жасалған қылмыс үшiн жазаның мерзiмi мен мөлшерi жасалған қылмыс үшiн көзделген ең қатаң жаза түрiнiң ең жоғары мерзiмi мен мөлшерiнiң үштен бірінен төмен, ал қылмыстардың қауiптi қайталануы жағдайында — үштен екісінен төмен, ал қылмыстардың аса қауiптi қайталануы жағдайында — төрттен үшінен төмен болмауы керек.

Егер Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң бабында (бабының бөлiгiнде) айқындаушы белгi ретiнде қылмыс жасаған адамның соттылығына сiлтеме болса, сондай-ақ Қылмыстық кодекстiң 55-бабында көзделген ерекше мән-жайлар болған кезде қылмыстың қайталануы, қауiптi қайталануы немесе аса қауiптi қайталануы кезiнде жаза осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген ережелердi ескермей тағайындалады.

Егер сотталған адам үкiм шығарылғаннан кейiн, бiрақ жазаны толық өтегенге дейiн жаңадан қылмыс жасаса, сот соңғы үкiм бойынша сот тағайындаған жазаға соттың алдыңғы үкiмi бойынша жазаның өтелмеген бөлiгiн толық немесе iшiнара қосады.

ҚК-тiң 54-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген жауапкершiлiк пен жазаны ауырлататын мән-жайлардың тiзiмi түпкiлiктi болып табылады. Осыған орай, қылмыс жасалған кездегi немесе сотталушыны сипаттайтын басқа да сот анықтаған жағдайлар (маскүнемдiкке салыну, қоғамдық тәртiптi бұзу, отбасына, жұмысына, оқуына немқұрайлы қарау т.б.) жаза тағайындалған кезде ескерiледi, бiрақ жауапкершiлiк пен жазаны ауырлататын мән-жай ретiнде танылмайды.

ҚК-тiң 54-бабы бiрiншi бөлiгiнiң «м» тармағына сәйкес қылмыстың сипатына қарай сот қылмысты мас күйiнде жасауды жауапкершiлiк пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде танымауға құқылы. Бұл мәселенi шешу барысында соттар жасалған қылмыстық әрекеттің өзінің сипаты бойынша кінәлінің мастығына қатысы бар-жоғын, сондай-ақ оны осындай күйге алып келген жағдайларды ескеруi тиiс. Атап айтқанда, кәмелетке толмаған адамның қылмыс жасаған кезде мас болуы, егер оны бұндай күйге арақ, есiрткi немесе басқа да есеңгiртетiн заттарды пайдалану арқылы ересек қылмысқа қатысушы жеткізсе, жауапкершiлiк пен жазаны ауырлататын жағдай ретiнде есептелмейді.

Егер ҚК-тің 53 немесе 54-баптарында көрсетiлген мән-жайлар қылмыстың бiр белгісі ретінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң Ерекше бөлiмiндегi баптың диспозициясында көрсетілген болса, онда ол сол қылмыс үшін жаза тағайындаған кезде жауаптылықты жеңiлдететiн немесе ауырлататын мән-жай ретiнде ескерілмейдi.

Бiріншi қылмысы бойынша қылмыстық жауапкершiлiкке тарту мерзiмi өтіп кеткен жағдайда, заңмен бекiтiлген тәртiпте сотталғандығынан арылған немесе оны алып тастаған немесе заң бойынша бұрын жасаған қылмыстық әрекетi үшiн қылмыстық жауапкершiлiк жойылған болса, сондай-ақ ҚК-тiң Жалпы бөлiмiнде көзделген негiздер бойынша қылмыстық жауапкершiлiктен және жазадан босатылған жағдайда, қылмыс жасаған адамның бұрын сотталғандығы жауапкершiлiк пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қаралмайды.

Егер адамды кінәлi деп таныған заң санкциясында жазаның әр түрi (баламалары) көрсетiлген болса, онда соттар ҚК-тiң 52-бабының екiншi бөлiгiне сәйкес жасалған қылмыс үшiн көрсетiлген жазаның неғұрлым ауыр түрi тек, егер оның жеңiл түрi жазалау мақсатын қамтамасыз ете алмаса немесе жазаның ең ауыр түрiн тағайындау заңда арнайы көзделсе ғана тағайындалатынын ескере отырып, соттар олардың арасындағы неғұрлым жеңілірек жазаны тағайындау туралы мәселенi талқылауы және үкiмде қабылданған шешiмдi дәлелдеуi тиiс.

ҚК-тiң 55-бабына сәйкес жазаны осы қылмыс үшiн тиiстi бапта (бап бөлiгiнде) белгіленген төменгі шектен төмен немесе қылмыс дәрежеленген ҚК бабының (бап бөлігінің) санкциясында көрсетiлмеген жазаның неғұрлым жеңiл түрiн тағайындау немесе міндетті түрде көзделген қосымша жазаны қолданбау тек әрекеттiң қоғамдық қауіптілiгi дәрежесiн едәуiр азайтатын ерекше мән-жайлар анықталған жағдайда, сондай-ақ топтық қылмысқа қатысушы топ жасаған қылмыстарды ашуға белсене жәрдемдескен жағдайда ғана мүмкiн болады. Жазаны жеңiлдететiн жекелеген мән-жайлар да, сондай мән-жайлар жиынтығы да ерекше мән-жайлар деп танылуы мүмкiн. Сот ҚК-тiң 55-бабын қолданғанда, iс бойынша анықталған қандай жағдайларды ерекше деп танығанын және оларды айыпталушының жеке басы туралы қандай мәлiметтермен бiрге негізге алғанын үкiмде көрсетуге мiндеттi.

Соттар жазаның түрi мен мөлшерiн белгiлеу үшiн елеулi мәнi бар сотталушының жеке басының мәлiметтерiн жан-жақты, толық және объективтi түрде тексеруi керек. Атап айтқанда, сотталушының денсаулығын, еңбекке қабiлеттiлiгi мен қатыстығын, білімін, сотталғандығы туралы мәлiметтердi анықтау керек. Сотталушының отбасы жағдайы анықталғаннан кейiн, соттар ҚК-тің 52-бабының 3-бөлiгiне сәйкес жазаны тағайындаған кезде тағайындалған жаза оның отбасы немесе оның асырауындағы адамдардың жағдайына қандай әсер ететінін ескеруi керек.

Бірнеше қылмыс жасаған кiнәлi адамға жазаның заңда көзделген неғұрлым жеңiл түрiн тағайындаған кезде, әуелi бiр немесе бiрнеше қылмыстың әрқайсысына ҚК-тiң 55-бабын қолдану арқылы жаза тағайындалады, сонан кейiн ҚК-тiң 58-бабының ережелерi бойынша түпкiлiктi жаза белгiленедi.

Ауыр немесе аса ауыр қылмыстың жасалуы өздiгiнен ерекше мән-жайлар болған жағдайда кiнәлі адамға төменгі шектен төмен жаза тағайындауға кедергi болып табыла алмайды. ҚК-тiң 55-бабын қолданып жаза тағайындаған кезде қылмыстардың рецидиві, қауiптi рецидивi немесе аса қауiптi рецидивi болған жағдайда ҚК-тiң 59-бабы 2-бөлігінің ережелерi қолданылмайды.

Соттың ҚК 55-бабын қолданып белгiлеген жазасының мөлшерi қандай жағдайда да заңмен белгiленген осы жаза түрiнiң ең төменгi мөлшерiнен төмен бола алмайды.

Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындау мәселесiн қараған кезде соттар қылмыстық жазаның тек ҚК-тiң 79-бабында көрсетiлген түрлерi ғана қолданылатындығына және олардың мерзiмдерi мен мөлшерi сол бапта белгiленген шеңберден аспайтындығын назар аударуы керек. Сондай-ақ ҚК-тiң 80 және 81 баптарында көрсетiлген жағдайларды да қосымша ескере отырып және әр нақты жағдайда істің және кәмелетке толмаған сотталушының жеке басының жағдайларын талқылап, оларға ҚК-тің 82-бабында көрсетiлген тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шараларын қолдану мүмкіншілігін қарастыру қажет. [12]

Қылмыстардың жиынтығы жөніндегі істерді талдау сот тәжірибесінде және жаза тағайындаудың өзге де жалпы негіздері әр кезде толығымен сақталмайтындығын байқауға болады. Неғұрлым қайшылықты түрде екі мән-жайды ескеру жөніндегі мәселелер шешіледі: қылмыстық жауаптылықты ауырлатаны және жеңілдететін мән-жайлар.

Қылмыстардың жиынтығы бойынша істерді қараған кездегі жаза тағайындаудың жалпы негіздері дұрыс түсіну жауаптылықты жекелеудің, заңды және негізді үкім шығарудың алғышарты болып табылады.