Зертханалық жұмыстар үлгісі

Биология сабақтарында зертханалық жұмысты тиімді пайдаланып, оқушылардың теориялық білімін практикамен ұштастырудың маңызы өте зор. Қазақтың «Құлақпен естігенше, көзбен көріп, қолмен ұстағанға не жетсін» деген нақыл сөзінің өзі осыны көрсетеді. Себебі күнделікті өткен бірсарынды баяндау, сұрақ-жауап секілді әдеттегі сабақтар оқушыларды жалықтырып, шаршатады. Сондықтан биология сабақтарында әрбір мұғалім зертханалық жұмысты тиімді пайдаланса, оқушылардың пәнге қызығуы артады. Мысалы, жануартану пәні бойынша «Құрбақа және оның сыртқы, ішкі құрылысы» тақырыбындағы сабақтар бағдарлама бойынша қыс мезгілінде болады. Ол кезде бақаны еш жерден таба алмаймыз. Сондықтан күздің соңында бақаны ұстап, қаңылтыр құтыларда асырауға болады. Ал, тәнтану сабақтарындағы зертханалық сабақтарды дәрігерлермен байланыса отырып жүргізу керек. Төменде жануар-тану және тәнтану пәндерінен келтірілген бір-бір зертханалық жұмыстардың жоспарын ұсынып отырмын.

Жануартану пәні бойынша

Зертханалық жұмыстың тақырыбы. Тірі бақаны бақылап сыртқы, ішкі құрылысымен танысу.

Мақсаты. Бақаның сыртқы және ішкі құрылысымен танысу, олардың балықтардан ерекшелігін анықтау.

Құрал-жабдықтар. Тірі бақа, астауша, қайшы, іскек, сабақталған ине, скальпель немесе өткір пышақ, қысқыш, т.б.

Жұмыстың барысы. 1. Бақаны үлкен шыны ыдысқа салып, оның сыртқы пішінін қарап, балық денесінен ерекшелігін анықтау. 2. Балық Дене жабыны мен бақа дене жабыны туралы оқушыларға қорытынды жасату. 3. Бақаны сою арқылы оның ішкі құрылысымен таныстыру (бұл жұмысты мұғалімнің өзі атқарады).

Ол үшін бақаның басын үлкен қайшымен қиып, жұлынына сабақталған ұзын ине тығып жансыздандырады. Бақаны тақтайшаға шалқасынан жатқызып, оны жан-жағынан керіп, инелермен бекітеді. Қысқышпен терісін көтеріп, қайшымен көлденеңінен төменгі иекке дейін қиын жеткізеді. Содан кейін төс сүйегін көтеріп, бұғанасымен бірге қиып тастайды. Осы кезде бақа жүрегінін әлі соғып тұрғанын, өкпесінің өте әлсіз екенін бақылауға болады. Бұдан бақаның терісі арқылы 70% тыныс алатыны, ас қорыту жүйесінің өте қарапайым екені байқалады.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!