Үйсіндердің ғұндармен соғысы

Б. ж. с. дейінгі 96 – 93-жылдар аралығында Жөнші би қайтыс болады. Оның бір әйелі һұн ханшасы еді. Одан туған Най би әлі жас болғандықтан, Жөнші бидің немерелес туысы Оңқа би таққа отырады, және аға өлсе жеңге мұра» деген әмеңгерлік салт бойынша, Жиейұй ханымды алады. Одан үш ұл, екі қыз туады. Үлкен ұлы Янгұй би, ортаншы Уаннан (Оңнан, кейін Яркенге хан болды), үшінші ұлы Дала (кейін оң қанат әскердің қобасшысы болды), үлкен қызы Дес (кейін Күшірханның ханымы болды), кіші қызы Соган (Орхұ Оңқаның әйелі болады) еді.

Үйсін елінің шығыстағы көршісі Чесілер маңызды жол қатынас торабына орналасқан бай өлке болатын Б. ж. с. дейінгі 86—74-жылдарда һұн билеушілері осы өлкеге басып кіріп, оларды һұн иелігіне бағынуға зорлады. Олардың мақсаты, осы маңызды жол торабы болған стратегиялық орынды алу арқылы хан патшалығының батыс өңірдегі елдермен саяси-экономикалық және мәдени байланысын үзіп тастау, үйсін еліне соғыс жорығын жасап, оларды өздеріне бағындыру еді.

Бұл қауіпті байқаған үйсін күнмуы Оңқай би мен Жиейұй ханым Хан патшалығына хат жазып, жай-жағдайды толық баяндап, һұндерге қарсы тізе қосып күрес жүргізу үшін әскер жіберуін сұрайды. Хан әулеті әскер жіберуге дайындалып жатқанда, Хан пайтшалығының патшасы Жауди кенеттен қаза болады да, бұл іс тоқтап қалады. Һұн әскерлері үйсін елінің шеткері айматарына басып кіріп, талан-тараж жүргізеді. «Хан патшалығымен байланысыңды үзіп, бізге бағын», деп қоқан-лоы жасайды. Үйсін елі бұл қысымға имейді, ел ішінде 50 мың сайлауыт әскер жасақтап алып, һұндердің шапқыншылығына тойтарыс беруге дайындалады. Енді бір жағынан хан патшалығы үкіметіне хат жазып, һұндерге сілейте соққы беру үшін Хан патшалығының әскері шығыстан, үйсін елінің әскері батыстан тиісіп, бір мезгілде қоршай шабуыл жасау керек деген жоспарды ұсынады.

Жаңадан хан тағына отырған Хан патшалығының патшасы Шуанди үйсін күнмуы Оңқай би мен Жиейұй ханшаның хатын ала сала, дереу әскер аттандырып, һұндерге шабуыл жасап, үйсіндерге көмек көрсетілсін деп шешім шығарады. Һұндерге тұс-тұстан шабуыл жасау үшін хан патшасының бас қолбасшысы бастаған жүз мың әскері бес топқа бөлініп, екі мың шақырымдық жолға жорыққа аттанады. Үйсін әскерлерінің хан патшасы әскерлерімен тізе қоса қимыл жасауына қолқабыс ету үішн қолбасы Жаң Хұй үйсін әскесіне жіберіледі. Алдын-ала белігіленген жоспар бойынша, һұндердің Баркөлдегі оң қанат ордасына үйсін әскерлері батыстан хан патшалығының Жау Чұнго бастаған әскерлері шығыстан шабуыл жасауға келіскен еді. Үйсін күнмуы Оңқай би 50 мың атты әскерін бастап Баркөлге келеді. Бірақ Жау Чұнго бастаған Хан патшалығы әскері жетіп келмейді. Бұл Баркөл һұндердің оң қанатындағы саяси орталығы еді. Үйсін әскерлері Жау Чұнгоның келуін күтпей-ақ һұндерге тұтқиылдан шабуыл жасап, оларға ес жиғызбай есеңгірете соққы беріп, атой салып ордасын талқандап һұндерді хан, қолбасы, түмен-басы, мыңбасыларынан бастап 40 мыңнаң артық адамын қолға түсіріп, 700 мыңнан астам малын олжалап алады». Ұзақ жолда аптығын басып келген хан патшасы әскерлері де үйсіндермен тізе қоса отырып, ‘»Һұндерге» тұс-тұстан шабуыл жасайды. һұндер қырғынға ұшырайды» мал-мүлкінен айрылады, қыршыннан құтылғандары малын айдап, бет-бетімен қашады. Осы соғыста жеңілген һұн билеушілері үйсіндерге мейлінше өшігеді.

Баркөлдегі жеңілістің кегін қайтару үшін қақаған қысқа қарамай 10 мың әскермен аттанған һұн тәңірқұты үйсін елінің шетіне келіп, тұтқиылдан шабуыл жасап, олардың ауылын шауып, малын талап әкетігп бара жатқанда, кенеттен қар жауып, қатты боран соғады. Тарихи деректемелердің айтуынша, бір күнде құрық бойы қар жауып, һұндердің адамдары мен малы қырылып, сұмдық ауыр апатқа ұшырайды. Мұны пайдаланған үйсіндер қалың қолмен келіп, һұндерге батыс жақтан шабуыл жасайды. Диңлрңдер мен ухуандар һұндердің солтүстігі мен шығыс жағынан келіп тиеді. «Үш елдің әскері һұндердің он мыңдаған әскерін өлтіріп, қыруар малын олжалайды. Соғысқа жұт апаты қосылып, халқ ашаршылықтан қырылады. Һұндердің халқының үш мың тоқсан алтысы шығынға ұшырайды. Осыдан кейін һұндер әбден әлсірейді де, батыс өңірдегі ықпалынан айырылады. Бұрын оларға тәуелді болып келген тайпалар мен елдер ыдырады. Телім-телім болған һұн билеушлері Хан патшалығына бағынады. Хан патшалығы батыс өңірде «Батыс өңір өкіл әкім мекемесін» құрады. Сонымен батыс өңір ресми түрде Жұңгоға қосылады.

Жоғарыда айтылған екі реткі соғыста зор жеңіске жетіп, көп тұтқын түсіріп, ырғын олжаға белшесінен батқан үйсін елі мейлінше күшейіп, мемлекеттің беделі арта түседі. Олардың жан саны бұрынғыдан да молығып, мемлекеттік территориясы мейлінше кеңейеді. Бұл үйсін елінің кемеліне келіп, дәуірліген кезі болатын. Батыс өңірдің бұрын һұндерге тәуелді болған елдері енді Хан патшалығына және үйсін күнмуына жағайымсып, олардың қамқорлық етуін тілейді, Олардың кейбіреуі үйсін кунмуының баласын өздеріне хан қояды, кейбірі үйсіндермен құдандалы болады. Тіпті кейбір елдердің қысым көрген хандары үйсін еліне келіп паналады. Мысалы, үйсін күнмуы Оңқай бидің ортаншы ұлы Уаннанды (Оңнанды) Яркен ханы жақсы көреді. Яркен ханы баласы жоқ адам екен.  Яркен ханы қайтыс болған соң, оның халқы хан патшалығынан және үйсін. күнмуынан Уаннанды сұрап алып, Яркеннің хан тағына отырғызады. Үйсін елінің оңтүстктегі көршісі Күшар ханы үйсін күнмуымен құданда болып, достық одақ орнату ұсынысын ортаға қойып, Оңқай бидің Жиейұй ханымынан туған қызы Десті айттыруға елші жібереді. Бұл кезде Дес ханша Чаң-ан қаласында музыка білімін оқып жүрген еді. Б. ж. с. дейінгі 66-жылы ол оқуын аяқтап, музыкашы болып өз еліне қайтқан жолында Күшарға келеді. Күшар ханы Десті күтіп алып, үйсін күнмуына елші жібереді. Бұл кезде Күшар елі Жібек жолы үстіндегі маңызды қатынас торабы еді, үйсіндер Чаң-анге барғанда осы ел арқылы өтетін. Екі ел арасындағы достық қатынасты күшейту үшін, бұлар құда болады. Күшар ханы үйсін ханшасы Деспен қосылып той жасайды. Тойдан кейін, Жиейұй ханым Хан патшасына өтініш жазып: жиендеріңіз Деске хан патшалығының ұрқынан шыққан ханша деген атау беріліп, хан патшалығына төркіндеп баруына рұқсат етілсе екен деп сұрайды. Б. ж. с. дейінгі 65-жылы Күшар ханы мен Дес Чаң-анге барады, Деске ханша атағы беріледі. Бұлар Чан-анде бір жыл тұрып, арнаулы таңба, сәнді күйме, көптеген музыка аспабы, ондаған музыкант салтанат бұйымдары, асыл бағалы заттардан мол сый-сияпат алып, Күшар еліне қайта оралады.

Үйсін елінің мемлекеттік беделі артылып, күші кемеліне келген кезде көрші елдер оны арқа тірек етіп, басына күн туғанда бассауға сұрайды. Мысалы, үйсіндердің шығыстағы көршісі елінің ханы Оғұй һұй тәңірқұ-тынан қысым көргеңді үйсін еліне қайтып келіп паналайды. Ол үйсін елінде жеті жыл тұрып, 62-жылы хан патшалығының астанасы Чаң-анге барады.

Екі ел арасындағы одақтық байланысты үздіксіз күшейту үшін, үйсін күнмуы Оңқай би Чаң-ан қаласына елші жіберіп, өзінің үлкен ұлы (Жиеиұй ханымнан туған) Янгұй биге хан патшасының ұрқынан қалыңдық айттырып, «сүйек жаңғыртуды және һұңдерге қарсы үздіксіз күресуді» талап етеді. Хан патшасы бұл талапты қабыл алып, Шиаңфо ханшаны беруді ұйғарады. Шуанди патша ілгеріде Шижұн ханшаның үйсін тілін білмегендігінен тартқан қиыншылығын ескеріп Шиаңфо ханшаны жүзден астам адамымен Шаңлинфан деген жерге орналастырып, үйсін тілін үйретеді. Үйсін күнмуы Оңқай би өзінің мұрагері Янгұй биді қалыңдығын әкелуге қайнына аттандырады. Үйсін қолбасшылары мен бектері бастаған 300 адамдық құдалар онымен бірге жүреді. Бұлар мың жылқы, мың қашыр қалың мал айдап Чаң-анге барады. Шаңлинфанда сән-салтанатты той жасалып, оған һұн және басқа елдердің елшілері шақырылады. Шекарадағы ұлттармен байланысқа үлкен ықпал жасау үшін, бұл тойға Шуанди патшаның өзі де қатысады, Тойдан соң Шиаңфо ханша үйсін еліне ұзатылады Оны ұзатып апаруға қолбасы Чаң Хұй бастаған елшілік қосылады. Шиаңфо ханшаның көші Дұнхуаңға жеткенде кенеттен суық хабар келеді: «Үйсін күнмуы Оңқай би қайтыс болыпты, Жөнші бидің һұн әйелінен туған Най би үйсін тағына отырып, өзін күнби деп жариялапты, ел ішінде ішкі қырқыс басталыпты». Бұл хабарды естіген Шиаңфо ханша Дұнхуаңда тоқтап қалады.