Үйсіндердің көрші елдермен экономикалық және мәдени байланыстары

Үйсін елінің ең жоғарғы билеушісі күнму (күнби деп аталды. Күнби елдегі барлық қарулы күштердің ең жоғары қолбасшысы болды. Орған ру-тайпаларды басқаратын бектер бағынды. Бүкіл үйсін елі өз ішінен оң қанат сол қанат және орта деп үш әскери-әкімшілік бөлікке бөлінді. Оң қанат пен сол қанатты екі қолбасы меңгерді, күнби ортада отырып бәрінің үстінен қарады. Үйсін елінде басқарудың ондық жүйесі қолданылды. Күнму (күнби) өзіне қараған ел-жұртты балаларына бөліп беріп мыңнан әскер және көшіп-қонатын жер беріп отырды.

Үйсін елі құрылғаннан бастап, оның бүкіл елді басқаратын үкіметтік ұйымы болды. Оның негізгі лауазымдары мынандай:                                                       

  1. Күнму, яғни күнби – бүкіл мемлекттік ең жоғарғы билеушісі, алғашқы кезде бүкіл елде тек бір ғана күнби болған. Б.  ж. с. дейінгі 53-жылдан бастап бүкіл елді ұлы күнби, кіші күнби болып билейтін болды.
  2. Дулы (дұғлұ)—Хан патшалығының бас уәзірі дәрежелес лауазым, үйсін елінің әкімшілік бастығы, бұл лауазымға бір адам тағайындалды.
  3. Қолбасы — оң қанат қолбасы, сол қанат қолбасы, бұл лауазымға екі адам тағайындалды, сол қанат қолбасының мәртебесі жоғары болып, бүкіл елдегі қарулы күштерді меңгерді.
  4. Оңқа (Оңқы)—ел ішіндегі ру-тайпа басшылары Бұл лауазымдарға үш адам тағайындалды.
  5. Дарту — қолбасшының көмекшісі, әр қолбасшы да бір көмекші болды. Бұл лауазымға екі адал тағайындалды.
  6. Абыз — бұл лауазымға екі адам тағайындалды.
  7. Ұлыс бегі — бұл лауазымға бір адам тағайындалды.
  8. Орда бегі — бұл лауазымға екі адам тағайындалды.
  9. Атқосшы — бұл лауазымға бір адам тағайындалды

Үйсін еліінің үкіметтік ұйымы тоғыз дәрежеге бөлінген оны оң бес адам меңгеріп отырған.

Б. ж. с. дейінгі 3-ғасырдан заманымыздың 10-ғасырына дейінгі 1200 жылдық үйсін тарихында, үйсін күнбилері әулетінің тек он ұрпағы жөнінде ғана нақты дерек сақталған. Олар мынадай:

Алғашқы күнбилер әулеті:

  1. Нәнді би.

(Б. ж. с. дейінгі 177 жылдан бұрын)

  1. Нәнді бидің баласы —

Елжау, би.

(Б. ж. с. дейінгі 177 -104-жылдар шамасында)

  1. Елжау бидің немересі —

Жөнші би.

(Б. ж. с. дейінгі 104 – 93-жылдар шамасында).

  1. Елжау бидің немерсі, Дулының баласы —

Оңқайби

(Б. ж. с. дейінгі 93 — 60-жылдарда)

  1. Жөнші бидің һұн әйелінен туған баласы—

 Най би

(Б. ж. с. дейінгі 60— 50-жылдарда)

Ұлы және кіші күнбилікке бөлінгеннен кейінгі ұлы күнбилер әулеті:

  1. Оңқай бидің Жиейүй ханымнан туған баласы —

Янғұй би

(Б. ж. с. дейінгі 53-54-жылдарда)

  1. Янғұй бидің баласы —

 Шын би.

(Б. ж. с. дейінгі 51-53-жылдарда)

  1. Шын бидің баласы —

Силы би.

(Б. ж. с. дейінгі 33 — 46-жылдарда)

  1. Силы бидің кіші әкесі Жиейұй ханымның немересі —

Еже би.

(Б. ж. с. дейінгі 10— 17-жылдарда)

Кіші күнбилер әулеті:

  1. Оңқай бидің һұн әйелінен туған баласы —

Ожет.

(Б. ж. с. дейінгі 53-33-жылдарда)

  1. Ожеттің баласы—

Бөрі би.

Б. ж. с. дейінгі 33— 40-жылдарда)

  1. Бөрі бидің баласы —

Ер би.

(Б. ж. с. дейінгі 30 — 40-жылдарда).

  1. Ер бидің інісі—

Үйжынжаң.

(Б. ж. с. дейінгі 17—12-жылдарда)

  1. Ер бидің баласы —

Ел би.

(Б. ж. с. дейінгі 11—7-жылдарда)

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!