Үйсіндердің іргелі ел болып қалыптасуы

Хұн тәңірқұты үйсін күнмуы Елжау биді асырап ер жеткізіп, һұндерге келіп паналаған үйсін халқын оның өз билігіне беріп, әкесінің тағына отырғызған соң, ол шеру тартып жорыққа аттанып, ерлік көрсетіп еңбек сіңіреді. Һұн тәңірқұты оған батыс өңірді мәңгі қорғау міндетін жүктейді. Ол өз елін қолына жинап алған соң, төңірегіндегі ұсақ ұлыстарға шабуыл жасайды. Он мыңдаған әскер жинап, оларға соғыс өнерін үйретеді. Һұндерге арқа сүйей отырып, бірте-бірте күш жиннап, елдің санатын қалпына, келтіруге ұмтылды. Бірақ бұл кезде олар әлі де болса һұндерге сырттай тәуелді еді. Һұн тәңірқұты оларды әскери күш ретінде пайдаланып отырады.

Б. ж. с. бұрынғы 177—176-жылдарда Хұн тәңірқұты Моте бастаған һұн әскерлері ұлы иозылерге шабуыл жасап, оларды ойрандайды. Мотенің орнына отырған Лаужаң тәңірқұт тұсында (заманымызда бұрынғы 161-174-жылдарда) билік жүргізген һұн әскерлері ұлы иозылерді талқандайды. «Лаушаң тәңірқұт ұлы иозы ханын өлтіріп бас сүйегін ішімдік ыдысы етеді. Ұлы иозылар қазіргі Гансу өлкесіндегі Хыши дәлізінен Іле өзені алқбына ауып келеді де, бұдан бұрын осы жерді мекендеген сақ тайпаларын талқандайды. «Хан патшалығы тариы. Жаң Чианның өмірбаяны» тарауында былай дейді: «һұндерден жеңілген ұлы иозылер батысқа ауып барып, сақ хандығына шабуыл жасады. Сақтардың ханы оңтүстікке қашып кетті, ұлы иозылер олардың жеріне орналасты». Бұл дерек «Хан патшалығы, тарихы. Батыс өңір шежіресінде» де жазылған. Онда «ұлы ибзылер батысқа қарай ауып барып сақ хандығын талқандады, сақтардың ханы оңтүстікке қарай беттеп, Индияға қашып кетті. Ұлы, иозылер олардың жерін жаулап алды» дейді.

Ұлы иозылерден ата тегін қайтаруды есіне берік сақтаған үйсін күнмун Елжау би ұлы иозылерге жорық жасауға бел байлайды «Әкесінің кегін алуға аттанам деп һұн тәңірқұтына өтініш етеді». Ол һұн тәңірқұты Лаушаң Жанұйдың қолдауымен самсаған қалың қолды бастап батысқа қарай шеру тартып келеді де, Іле өзені бойындағы ұлы иозылерді талқандайды. Ұлы, иозыдердің бір балегі батысқа қарай ығысып Бактрия жеріне қоныс аударады. Енді бір бөлегі өз орнында, Іле алқабында қалып, үйсін ұлысына қосылып кетеді. Бұлардың ішінде бұрыннан қалған жергілікті тайпалары да бар еді.

Ұлы иозылерді жеңіп, Іле алқабы мен ЬІстық көл айналасындағы шұрайлы да құнарлы қонысты жаулап алудың және бұл өңірде қалған сақ тайпалары мен ұлы иозы тайпаларын қосып алудың зор жеңісі үйсін елінің күш-қуаты мен мемлекеттік беделін мейлінше арттырады. Осы мезгілде һұндердың Лушаң тәңірқұты қаза болып, һұн билеушілері арасында лауыздық туып өзара қырқысады. Бұл орайды пайдаланған үйсін күнмуы: «һұндердың ордасына бағыныштылық білдіруден, бас тартады». Һұн билеушілері әскер тартып келіп үйсіндерге шабуыл жасайды. Олар «жеңіске жете алмай, киелі елге килікпейік деп, бойын аулаққа салуға мәжбүр болады». Осы сәтсіздіктен соң һұн билеушілері үйсін еліне онша соқтықпайтын болады.

«Үйсін ұлысы Іле өзені өңіріне келіп орныққан соң, өркен жайып гүлденеді де, ұлан-байтақ өңірді қамтыған қуатты да құдіретті мемлекет құрады. Үйсін елінің территориясы: батыста Шу, Галас өзендеріне, шығыста Тяңь-Шань тауларының шығыс сілеміне, солтүстікте Балқаш көлінен бастап, оңтүстікте ЬІстық көлдің оңтүстік жағалауына дейінгі ұлан-байтақ өңірді қамтиды. Осы территориядағы үйсін елі шығыста һұндермен, солтүстікте қаңлылармен, батыста дауандармен, оңтүстігінде Тарым ойпатындағы қалалармен шекаралас болады. Үйсін елінің саяси орталығы — астанасы ичу қаласы еді. Мемлекеттің ең жоғарғы билеушісі күнму (күнби) деп аталды. Күнби өзі тағайындаған әскери-әкімшілік ұлықтар арқылы бүкіл мемлекетті меңгеріп отырды. Кемеліне келіп дәуірлеген кезде үйсін елінде 120 мың түтін, 630 мың адам, 188 мың 800 сайлауыт әскер болды. Бұл сан сол заманда батыс өңірде болған 40 мемлекеттің жан саны мен әскер санының мәліметі бойынша, батыс өңірдегі 40 мемлекетте мың 895 түтін, 309 мың 757 адам, 70 мың 499 әскер болған. Атап айтқанда, үйсіндердің жан саны олардан үш есе, әскер саны біржарым есе артық еді. Ол заманның деңгейімен алғанда, үйсіндердің аса құдыретті мемлекет болғандығы осыдан байқалады. Осы себепті тарихшылар: «Үйсіндер батыс өңірдегі мейлінше құдыретті мемлекет» деп жазады. «Үйсін күнмуы Елжау бидің он ұлы болған. Олардың

ішінде Дулы (Дұғлұ) қабылетті де қайратты, соғыс өнеріне шебер қолбасшы болып жетіледі де, он мың атты әскермен өз алдына тұрады. Күнмудың тақ мұрагерлігіне тағайындалған баласы ерте қайтыс болып кетеді. Оның Жөнші би деген баласы жетім қалады. Күнмудың тақ мұрагеріне тағайындалған ұлы қайтыс боларда әкесі Елжау биге, Жөнші биді тақ мұрагері етіп бекітуді өтінеді. Елжау би бұл өтінішке ризалық білдіріп, Жөнші биді тақ мұрагері етіп бекітеді. Тақ мұрагер бола алмағанына наразы болған Дулы бүлік шығарып Жөнші өлтіріп тастауға сұқтанады. Бұл жайды байқаған күнму Елжау Дулының өлтіріп тастауынан қауіптеніп, он мың әскермен Жөнші биді бөлек ұстайды. Елжау би он мың әскермен өзін қорғап ортада тұрады. Сонымен үйсін елі өз ішінен үш ұлысқа бөлінеді. Бірақ барлығы күнмуға (күнбиге) бағынады».

Б. ж. с. д. 141-жылы Хан патшалығына Уди патша болды. Бұдан бұрын хан патшалығының солтүстігіндегі һұндер күшейіп, Хан патшалығына қарсы үздіксіз шабуыл жасап, талан-тараж жүргізіп, үлкен қауып-қатер төндіріп келген еді. Уди таққа отырған соң хан патшасының мемлекеттік қуаты молайып, һұндер қарсы жорық жасауға бел байлайды. Бірақ һұндер өте күшті еді. Сондықтан һұндерге қарсы тізе қосып күресетін сенімді одақтас табу мәселесі күн тәртібіне қойылады. Олар ұлы иозылердің һұндерге өш-кегі бар дегенді естіп, ұлы иозылермен дос бола отырып, һұндерге шабуыл жасауды жоспарлайды.

Бұл мақсатқа жету үшін заманымыздан бұрынғы 138-жылы Жаң Чианды бастаған жүз адамды ұлы иозылерге елшілікке аттандырады. Бірақ Жаң Чианды жол-жөнекей һұндер ұстап алады. Ол он неше жыл һұндердің қолында тұтқында болады, ақырында одан құтылып шығып, Ферғана арқылы ұлы иозымерге барады, Бұл кезде ұлы иозылер Амударияның оңтүстігіндегі Бактрия жерінде еді. Бұл құнарлы қонысқа орнығып көңілі көншіген ұлы иозылер шығысқа қайта келіп һұндерден өш алу жөніндегі өтінішті қабылдамайды. Бұлардан күдер үзген Жаң Чиан мақсатына жете алмай қайтады. Ұлы иозылермен одақтасуды жүзеге асыра алмаған Xан патшалығы енді үйсіндермен одақтасуды ойластырады.

Осы орайда Жаң Чиан хан патшалығының Уди патшасына мынадай ұсыныс береді: «Қазір үйсіндер құдіретті елге айналып, һұндерге бағынудан бас тартып отыр. Бұрын һұндердің ханы Жөншіге қараған Хыши тілігі біздің Хан патшалығының иелігіне өткеннен бері иен тұр, үйсіндер шығысқа қайтып, осы өңірге келетін болса, һұндердің оң қолын үзіп тастауға болар еді. Үйсіндермен одақтассақ, батыстаған Бактрия қатарлы жерлерді де өзімізге тәуелді етуге болар еді» дейді. Бұл пікірді мақұлдаған Уди патша Жаң Чианды елші етіп тағайындайды. Заманымыздан бұрнғы 119-жылы Жаң Чиан үш жүз адамнан құралған елшілікті бастап үйсін еліне аттанады. Бұл елшілік құрамындағы әрбір адамға мініске екіден ат беріледі. Елшілердің жол азығы үшін он мыңдаған қой мен сиыр айдалады. Олар тарту-таралғы үшін сан сың сәрілік алтын, күміс торғын-торқа, асыл бұйымдар ала барады.

Жаң Чиан үйсін еліне келіп, күнмуға (Елжау биге) жолығып, Уди патшаның сәлемін айтып, күнмудың шығыстағы ата мекен көшіп келіп, хан әулеті өкіметімен одақтасып, һұндері соққы беруі жөніндегі ұсынысты ортаға қояды. Үйсін күнмуы Елжау би «шығысқа көшіп кел» деген ұсынысты қабылдай қоймайды. Өйткені шалғай жердегі отырған үйсін күнмуы хан патшасының қаншалық қуаты бары жете түсінбейтін. Оның керісінше, өзімен іргелес отырған һұн елінің қуат құдіретіне қаиық еді. Һұндер жауласып отырған хан патшалығымен одақтасу һұндердің қатынына тиетін қауыпты іс екенін, мұның аяғы насырға шабатынның үйсін елінің биі мен бегі білетінді. Оның үстіне. Іле өзенінің алқабы мен Жетісу өңірінің құнарлы қонысына орнығып, іргелі ел боп жырғап жатқан үйсіндер үшін Дұңхуан мен Чиланға қайта көшудің қажете де жоқ еді. Нәтижесінде Жаң Чиан өзінің көздеген негізгі мақсатын іске асыра алмай қашады. Бірақ үйсін кунмуы хан патшалығының жай-жағдайын ұғыну мақсатымен Жаң Чиянға қосып елшілерін сан патшалығына жібереді. «Ондаған тұлпар тарту етіп алғыс айтады».

Б.ж.с. бұрынғы 115-жылы үйсін елінің елшілері Жаң Чианмен бірге хан патшалығының астанасы Чаң-анге барады. Олар Хан патшалығының халқы көп, әрі бай ел екенін көздерімен көріп қайтады да, бұл жағдайларды үйсін еліне таныстырады. Хан патшалығының құдіретті ел екенін ұғынған үйсіндердің көзқарасы өзгере бастайды. Жаң Чиан елші болып үйсін еліне келгенде, оның көмекшілері қаңлы дауан, ұлы иозы қатарлы елдерге барған еді. Жаң Чиан қайтып Чаң-анге келген соң, олар да қайтып келеді. Осыдан бастап, Орта жазықтағы Хан патшалығы мен батыс өңірдегі елдердің арасындағы барыс-келіс байланысы күшейе түседі.

Үйсін елінің Хан патшалығына елші жібергенін естіген һұн билеушілері оларға соғыс қаупін төндірмек болады. Үйсіндер һұндердің соғыс қаупінен сақтану үші хан патшалығымен жақындауға тырысады. Б. ж. с. бұрынғы 110— 109-жылдары үйсін күнмуы хан патшасының ханшасын айттыруға кісі салады. Бұдан кейін мың жылқы қалың мал айдатып Хан патшасына құда болады.

Үйсіндермен одақтасып һұндердің оң қолын үзіп тастау хан әулеті үкіметінің ұзақтан бері көксеген арманы еді. Үйсіндердің құдаласу талабы оларды мейлінше шаттандырды. Хан патшалығының Уди патшасы бұл талапты қуанышпен қарсы алып, үйсіндер әкелген жылқыдан он тұлпарды таңдап алып, Чаң-аң қаласының қасындағы хайуанат бақшасында көпшілікке көрме етеді.

Б.ж.с. дейінгі 108-жылы Уди патша өзінің туысы Жаңду Уаңның қызы Шижұн ханшаның үйсін күнмуы Елжау биге ханымдыққа ұзату жөнінде шешім шығарады. Бұл той аса салтанатты болады.

Хан патшаның үйсіндермен құдаласуы, олардың һұндерге қарсы күресіндегі үлкен стратегиялық маңызды мәселе еді, оның үстіне үйсіндер батыс өңірдегі ең ірі мемлекет болатын. Соның үшін өз кезінде Бан Чау былай деп жазады: «Үйсін — деген ірі мемлекет, оның әскері 100 мыңға жетеді. Олардың бастығына Уди патшаның өз ұрқынан қыз беруінің мәні, міне, осында». Уди патша бұл тойға мейлінше маңыз береді. Осы жылы көкек айында Хан патшалығының астанасы Чаң-ан қаласында аса салтанатты той жасалып, Шижұн ханша үйсін еліне ұзатылады. Қызметкер, нөкер, күтуші әтектері болып жүздеген адам ханшамен бірге үйсін еліне аттандырылады. Бұдан бұрын ханшаларды ұзатқанда, оған тек бірнеше адам ғана қосылатын еді, жүздеген нөкермен ұзату. оның елден ерекше болғандығын көрсетеді. Уди патша Шижұн ханшаға патшаға арналған самұрық серетті күймесін мінгізеді. Елден аттанғанда қоштасу күйі тарту үшін, Уди патша өз атынан пипаң аспабын ханшаға қайран етеді. Патшаның бас уәзірі бастаған барлық төрелері ханшаны қаладан шығарып салып, сый аяқ көтерісіп, қош айтысады, Үйсін еліне ұзатылған Шижұн ханшаның алтын, күміс, торғын-торқа, киім-кешек, жасау жиһаз артқан көш керуені екі шақырымға созылады. Тарих деректерде айтылғандай; «Мейлінше мол жасау жиһаздармен ұзатылады. Сол жылы сарша тамыз айында ұзақ сапарда болған Шижұн ханша үйсін елінің астанасы Чичу қаласына жетеді. Бұл елде ұлы дүбірлі той жасалады. Шижұн ханшаға арнап салтанатты да сәулетті сарай салынады.

Хан патшалығының ханшасы Шижұнның үйсін елінің күнмуы Елжау биге ұзатылуы әдеттегі құдалық қарым-қатынас емес, белгілі саяси мақсаттағы құдалық. Саяси, әскери одақ жасасудың бір түрлі тәсілі еді. Бұл құдалық хан әулеті өкіметі мен үйсіндер асындағы одақтық байланыстың негізін қалады. Екі ел арасындағы достық барыс-келістің бастамасы болды. Сонымен бірге хан патшалығы ықпалының батыс өңірге енуіне жол ашты.

Үйсін күнмуы Елжау би үздік шыққан көсем, қажырлы қаһарман, соғыс өнеріне шебер, асқан ақыл-парасатты адам еді. Ол сан рет соғыс жорықтары мен қиын-қыстау шайқастарда ерлік көрсетті, өзінен әлдеқайда күшті жауларды жеңді. Ауыр апатқа ұшырап, азып-тозған үйсін ұлысын Іле алабындағы құтты мекен қонысқа орнықтырып, Іле өзені алабында дербес үйсін мемлекетті құру маңызды үлес қосты. Сондықтан үйсін елінің халқы оны ардақтап, керемет киесі етіп табынды. «Әкесі Нәнді би (Нанды) жау қолынан қаза тапқанда, жаңа туған Елжау би иен далада қалады. Оны құстар ет әкеліп беріп, көкбөрі емізіп асырайды. Мұны керемет киесі деп білген һұн тәңірқұты асырап ер жеткізеді» деген аңыздар халықтың оған деген ықылас-нанымынан туған. Сонымен бірге бұл түркі тілдес-халықтар арасына тараған «Көкбөрі төтемі» туралы аңыздың ең ерте қағаз бетіне түскен түрі еді.

Үйсін елінің Хан патшалығымен құдандалық байланыс орнатып; жатқанын естіген һұн билеушілері үйсін елінің: Хан патшалығы жағына шығып жетуінен қатты қауіптенеді. Бұдан сақтану үшін һұн ханшасын дереу үйсін күнмуы Елжау биге береді. Елжау би оны сол дізесін басқан бәйбіше етеді. Үйсін күнмуы хан патшалығымен құдаласады, сонымен бірге һұндермен де ат кекілін кесісе қоймайды.

Елжау бидің хан әулеті ханшасы. Шижұнды айттыруы оған некелену үшін емес, тек саяси-дипломатиялық мақсат үшін еді. Ол кезде Елжау би жасы жетпістен асқан немере-шөберелі адам болатын. Оның үстіне олардың іргелес отырған ірі һұндерден ада-күде қол үзуі мүмкін емес. Сондықтан һұн ханшасын сол дізесін басқан бәйбіше етті (һұндердің ғұрпы бойынша сол дізесін басқан бәйбіше нағыз ханым болады екен), Шұй Сұң «Хан патшалығы тарихының батыс өңір шежіресіне қосымша» атты еңбегінде: «һұн ханшасына жоғары орын берілуі күнмудың һұндерден қорыққанынан болған». дейді. Сөйтіп һұн ханшасы үйсін ордасында болды. Шижұн ханша өзінің саяси міндетін орындау үшін, жылына бір рет күнмуға кездесіп шарап ұсынып, орданың төрелеріне сыйлық ұсынатын еді. Ел-жұрттың қамы мен мұрагердің май өкшесін ойлаған Елжау би хан патшасының ханшасы Шижұнды өзі алмай, немересі Жөнші (Шыншы) биге қосуды ұйғарған еді. Профессор Жаң Шиман «Үйсін қазақтары туралы зерттеу» деген еңбегінде былай дейді: «Иуанның жылнамасының» 6-жылы (б. ж. с. Дейінгі 105-жылы) үйсін күнмуы мың жылқы қалың мал айдатып хан патшасынан ханшасын сұрады. Хан патшалығының Уди патшасы салтанатты той жасап, Шижұн ханшасын үйсін еліне затты. Бұл кезде һұндер де өз ханшасын күнмуға берген еді. Үйсін күнмуы ұзатылып келген һұн ханшасын сол дізесін басқан бәйбіше етіп белгіледі. «һұн ханшасы үйсін ордасында абырой-атақ, мәртебе жағынан үстем орынға шықты. Жаңду (Шижұн) ханшасы өзінің төркінінен ертіп келген нөкер, қорғаушы, кәнизак, әтек сынды жүздеген адамның күтуімен ордада тірі жесір, болып отыра берді. Тек құрғақ атағы болмаса, бір жылдан астам мезгіл ішінде күнмудың (Елжау бидің) дидарын бірақ рет көрген еді». Бұл пайымдау шындыққа үйлеседі.

Тірі жесір болып өмір өткізген Шижұн ханша жергілікті халықтың тілін де білмейді, ғұрып-әдетіне де көндіге алмады. Ол осындай жағдайда, ойсоқты болып өлең жазып, ән шығарумен айналысады. Шижұн ханшаның біздің заманымызға жеткен «Аққу әні» деп аталатын алты шумақ жыры, оның көңіл күйін бейнелеумен қабат, ерте заманда, жат жерге ұзатылған қазақ қыздарының төркін жұртын сағынып айтатын «көрісу» жырына да меңзес келеді.

«Мені ұзатты әлемнің бір жағына,

Алыстағы жат елге — үйісін ханына.

Дөңгелек үй, туырлық адам орнына,

Ет жеп, айран ішеді ас суына.

Туған жерді сағынып, сарғаямын,

Аққу құс боп қайтсам деп ауылыма».

Бұл жырды естіген Уди патша жыл аралатып ханшаға арнаулы елші арқылы сәлем ауқат жіберіп — отырады. Үйсін күнмуы Елжау би өзінің бастапқы ақылы бойынша Шижұн ханшаны Жөнші биге қосуды ұйғарады. Бұған разы болмаған Шижұн Уди патшаға хат жазып, жағдайды мәлімдейді. Уди оған үйсіндердің ғұрып-әдетіне бой ұсынуың керек деп жауап қайтарады. Сөйтіп Елжау бидің немересі Жөнші би мен хан патшасының ханшасы Шижұн неке қиып, той жасайды.

Б. ж. с. дейінгі 104-жылы шамасында үйсін күнмуы Елжау би тағына немересі Жөнші биді отырғызады. Жөнші би кейбір деректерде «Чынжу би» деп аталады. Бірақ «Чынжу» деген мәнсап аты, оның өз ата «Жөнші би» болатын.

Хан патшалығының үйсін еліне ұзатқан ханшасы Шижұн үйсін ордасында бес жыл тұрып (б. ж. с. дейінгі 103-жыды шамасында) қайтыс болатын. Ол бір қыз туған болатын, оның аты Шауфу еді.

Шижұн ханым қайтыс болған соң, Уди патша өз ұрқынан Чууаңның немере қызы Жиейұй ханшаны (б.ж.с. дейінгі 102—101-жылдарда) үйсін күнмуы Жөнші биге ханымдыққа береді.