Шаруашылық нысандарының меншік қатынастары

Рыноктық факторлардың екiншi тобына құқықтық заңдарды жасаумен байланысты шаралар жүйесi және шаруашылық жүргiзудiң рыноктық әдiсiне көшу туралы экономикалық заңдар мен тәртiптердi қабылдау жатады. Бiрiншiден, меншiк пен шаруашылық жүргiзудiң көптүрлi формалары қалыптасу үшiн және орынсыз пайдалануға жол бермейтiн, нақты шаралардың болуы қажет. Екiншiден, экономиканың жетекшi салаларында құрылымдық өзгерiстер жүргiзiп тапшылықты жою керек. Үшiншiден, шетел капиталының қатысуымен және аралас кәсiпорындарды құру арқасында экономикалық ашық жүйеге айналдыру болып табылады.

Меншiктiк формасына сәйкес шаруаышылық нысандарының немесе кәсiпкерлiктiң үш түрiн атап өтуге болады:

  • Индивидуалдық немесе жеке кәсiпкерлiк;
  • Серiктестiк немесе партнерлiк;
  • Корпорация (акционерлiк қоғам).

Индивидуалдық кәсiпкерлiк деген бiр адам иелiк ететiн бизнес. Индивидуалдық кәсiпкерлiктiң иелiк етушiсi сонымен бiрге менеджер қызметiн атқарады. Оның мүлiгi мен жауапкерлiгiнде шек болмайды. Индивидуалдық кәсiпкерлiктiң басты кемшiлiгi – капиталының аз мөлшерде болуы. Артықшылықтары: меншiк иесiсiнiң әрқайсысы барлық пайданы иемденедi, өзгерiстердiң қандайын болмасын өзi жүргiзе алады. Индивидуалдық бизнесмен заңды тұлға болмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейдi, корпорацияға белгiленген салық төлемейдi. Бизнестiң аса кең тараған бұл формасы ұсақ дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлiк iс-әрекеттерге тән болады.

Серiктестiк ( партнерлiк) дегенiмiз екi және одан да көп адам иелiк ететiн бизнестiң түрi. Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейдi және фирманың барлық қарыздарына шексiз жауапкершiлiк артады. Артықшылығы: ұйымдастырылу жеңiл, қосымша қаражаттар және жаңа идеялар iске тарту мүмкiндiгi болады. Кемшiлiктерi: шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшылығынан қосымша капиталды iске тарту мүмкiндiгi шектелген; фирма мүшелерiнiң барлығы бiрдей iс-әрекет мақсаттарын жетiле түсiнбеуi.

Корпорация деп бiр заңды болып бiрлесiп, кәсiпкерлiк қызмет жасау үшiн қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншiгiне құқықтар акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлiнедi. Сондықтан корпорацияның иелерi акция ұстаушы, ал корпорацияның өзi – акционерлiк қоғам деп аталады. Корпорацияның табыстарына корпорация салығы салынады.

Корпорациялар өзінің меншігіндегі акцияларды сату арқылы ақша қаржыларын орталықтандыру негізіндегі өндірісті ұйымдастыру түрі. Нарық экономикасы дамыған елдерде корпорацияның маңыздылығы жоғары болып табылады. Олардың нарықта жабық және ашық түрлері болады. Жабық акционерлік қоғамдардың акциялары құрылтайшылар арасында тарайтын қоғам, ал ашық түрдегісінде акциялар нарықта еркін сатылады және сатып алынады.

Қазіргі кезеңде нарықтық экономикадағы меншік құқығын жүзеге асырудың ең тиімді және кең жайылған түрі акционерлік қоғам болып табылады. Акционерлік қоғамдардың тағы бір ерекшелігі қоғамдық кәсіпорында жұмыс істейтін тұлғалардың аз да болса компания акциясының пакетін иемдену оның бойында «қожайындық» сезім ұялатады. Соңғы жылдарда акционерлік түрде кеңінен пайдалану акционерлік қоғам қызметкерлерін, әсіресе төменгі және орта буындағы меншік иелеріне айналдыру үшін қолданылады. Еңбек пен меншікті жақындатудың мұндай мүмкіндігі нарықтық экономика дамуындағы маңызы жоғары.

Корпорацияның меншікті капиталының маңыздылығы зор. Себебі ол осы кәсіпорынды ашудағы негізгі соманы құрайды және кәсіпорынның нарықта сенімді қызмет етуін қамтамасыз етеді. Яғни қызмет етуші корпорациялардың материалдық және ақшалай қорлар негізінде меншікті капиталдары болады. Осылардың бір бөлігі айналым активтеріне жұмсалады. Осы меншік капиталының негізі болып корпорация құлыла сала пайда болатын жарғылық қор негізінде көрініс табады. Бұл жарғылық қордың құрамы кәсіпорынға қатысушы инвесторлардың және қатысушылардың инвестициялары немесе затттай салымдары арқылы іске асады.

Ресурстардың әр түрiнiң өздерiне тиiстi бағалы қағаздары бар, өз кезегiнде, меншiк түрi бола алатын, сату және сатып алу және кепiлдiк берушi.

Бүгiнде еiмiздегi қызмет етiп отырған жалпы кәсiпкерлiктiң қызмет ету формасына байланысты олардың үлес салмағын келесi кестеден және Қазақстан Республикасындағы жалпы кәсiпкерлiктiң барлық түрi бойыншағы үлесiн көре аламыз.

Нарықтық қатынастардың даму жағдайында корпорациялардың қаржылық жағдайын талдаудың маңызы зор. Бұл корпорациялардың тәуелсiздiкке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншiк иелерi, жұмысшылар, коммерциялық серiктестер және басқа конрагенттер алдында өзiнiң өндiрiстiк-кәсiпкерлiк қызметiнiң нәтижелерi үшiн толық жауапкершiлiкте болуымен байланысты. Нарықтағы кәсiпорынның өмiршеңдiгiнiң кепiлi мен жай-күйiнiң орнықтылығының негiзi оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркiн орын алмастыра отырып қолданып, тиiмдi пайдалану жолымен өнiмдi өндiрумен сатудың үздiксiз процесiн қамтамасыз ете алатын өзiнiң қаржы ресурстарының жағдайын көрсетедi.

Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығы ненi бiлдiредi? Ол өз қаражаттарын шебер пайдалану қабiлеттiлiгi, жұмыс процесiнде үздiксiздiгiн қамтамасыз ететiн қаржының жеткiлiктi болуы. Қаржылық тұрақтылық өз кезегiнде меншiктiк және қарыз қаражаттарының тиiмдi байланысы болып табылады. Өз кезегінде кәсіпорынның меншікті капиталының үлесі көбірек болуы шартты және осы кезде ғана кәсіпорын толық қанды қызмет ете алады.

Корпорацияның меншiктi капиталының жеткiлiктi көлемi (60%-дан жоғары) және ақша түсiмдерiнiң оң сальдосы (ақшаның шығысынан кiрiсi жоғары) болған жағдайда қосымша ақша ресурстарын тартуға және қаржы рыногындағы орнын тұрақтандыруға ынталы болады.

Корпорациялардың меншiгiнiң барлық нысандарының теңдігі қағидасы қаржылық қатынастардың тұрақтылығы мен меншiктiң түрлi нысандары кепiлдiгiнде теңдiк формасында жүзеге асырылады. Меншiктенушi өз бiлгенiнше өз мүлкiне билiк жасайды, пайдаланады және басқарып ұйымдастырады, оған қатысты заңға қарсы келмейтiе кез-келген әрекет жасайды. Яғни, меншік корпорация қызметін ынталандырушы құрал болып табылады.

Жалпы еліміздегі шаруашылық нысандарының меншіктік формасы бойынша шағын, орта және ірі кәсіпорындардың үлесін 2004 жылғы мәлімет бойынша келесі кестеден көре аламыз.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!