Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру

Қайта жандану кезеңiнде экономикаға әлемдiк тәжiрибелер бойынша мемлекет мiндеттi түрде араласып, экономикалық реформалар жүргiзуi керек. Экономикалық реформа қоғамдық жарасымдылық, өткен кездiң оң жетiстiктерi мен тенденцияларын сақтау, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн және халықтың барлық топтарының құқықтары мен оның ерекшелiктерiн қамтамасыз ету принциптерiне негiзделген шаралар жүйесi.

Өтпелі экономика жағдайында меншік қатынастары түрлі өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістер мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру процестерімен байланысты.

Мемлекет иелігінен алу – мемлекеттік меншікті өзгертуге байланысты мемлекеттің экономикадағы шектен тыс ролін жоюға бағытталған шаралар жиынтығы. Мемлекет иелігінен алу монополизмді жеңуге, бәсекелестік мен кәсіпкерлікті дамытуды қамтамасыз етеді.

Әрине, нарықтық экономикаға көшкендiктен мемлекеттiк меншiктен жеке меншiкке өту үшiн жекешелендiру саясатын жүргiзу керек болды. Мұндай нарықтың реформалары жүргiзiлгеннен соң ол халыққа, жалпы экономикаға 90-шы жылдардан кейiн керi әсер етiп, 90-шы жылмен салыстырғанда экономикамыз құлдырап кеттi, жұмыссыздық деңгейi өстi, халықтың өмiр сүру деңгейi төмендедi.

Халықтың өмiр сүру деңгейi мен сапасын жақсарту бұл қоғамдық дамудағы республиканың әлеуметтiк – экономикалық саясаты арқылы iске асырылады. Халықтың өмiр сүру деңгейiнiң негiзгi индикаторы: халықтың табысы, еңбек ақының мөлшерi, зейнет ақы көлемi, мемлекеттiк минималды еңбек ақы деңгейiмен өлшенедi.

Елiмiз рыноктық экономикаға өтуiне байланысты нарықтық қатынастар күрделенiп, олардың қызметтерiнiң сан-салалы бағыттары пайда бола бастады. Әлемдiк тәжiрибе бойынша экономиканың өтпелi кезеңiнде нарықтық экономиканың механизмi бұзылып отырады, ал оны реттеп, бiр жүйеге келтiрiп отыратын мемлекеттiң саясаттары мен реформалары болып табылады.

Мемлекет иелігінен алу мен жекешеелндіру тығыз байланысты. Жекешелендіру – меншікті мемлекет иелігінен алудың бағыттарының бірі, оның мәні – меншікті жеке және заңды тұлғалардың жеке меншігіне беруде. Мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындарды жекешелендіруде:

  • Азаматтар мен акционерлік қоғамдардың мемлекеттен және жергілікті билік органдарынан;
  • Кәсіпорындарды және олардың кәсіпорындар ретінде бөліп шығарылатын бөлімшелерін;
  • Кәсіпорындардың материалдық және материалдық емес активтерін;
  • Акционерлік қоғадардың капиталындағы мемлекет пен жергілікті билік органдарының үлестерін (пайлары мен акциялары);
  • Жекешелендірілетін кәсіпорындардың басқа кәсіпорындар капиталындағы үлестерін меншікке алумен сипатталады.

Әлемдік тәжірибеде мемлекеттік меншік пен оның қызметтерін жеке секторға толық және жарым-жартылай өткізіп берудің 22 түрлі тәсілі бар. Жекешелендіру процесі – ұзаққа созылатын процесс. Жапонияда ол 10 жыл, ал Батыс Еуропада 10-15 жыл бойы жүрді.

Қазақсатн Республикасындағы 10 жылдағы мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру процесін төрт кезеңге бөліп қарауға болады; олардың әрқайсысының өз мақсаттары бар. Бұл процестердің басы Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде орнығу кезеңіне тұспа-тұс келеді.

1-ші кезең, 1991-1992 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңдегі жекешелендіру процесінің негізгі бағыты – мемлекеттік орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту үшін жағдай жасау мақсатында кең ауқымды реформалар болды. Ол корпорацияларды олардың еңбек ұжымдарының ұжымдық немесе акционерлік меншігіне жеңілдетілген талаптармен беру және сауда мен қызмет көрсету объектілерін сату, соның ішінде тұрғын үй купондарына сату жолымен жүргізіледі.

2-ші кезең, 1993-1995 жылдарды қамтиды. Бұл кезең Қазақстан Республикасы президентінің 1993 жылғы 5 науызындағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы 1993-1995 жылдардағы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің Ұлттық Бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды.

Бұл кезеңнің негізгі мақсаты – мемлекеттің республика халқына ұлттық мүлікті өндіріс объектілері мен басқа да мемлекетке тиесілі материалдық және материалдық емес активтерді өтеусіз және өтеуімен өткізіп беру жолымен қайтару процесіндегі меншік құқықтарының дербестенуі негізінде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуге қажетті жағдай жасау болып табылады.

3-ші кезең 1996-1998 жылдар аралығын қамтиды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 2 ақпандағы №246 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы 1996-1998 жылдарға арналған жекешелендіру мен қайта құрылымдау Бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылады. Бұл кезең бағдарламасының басты мақсаты – жекешелендіру процесін аяқтау жолымен Қазақстан Республикасының экономикасында жеке меншік секторлардың басымдығына қол жеткізу және оны бекіту болып табылады.

Үшінші кезең ммелекеттік меншіктің тек ақшалай қаражатқа жекешелендірілуін қарастырды және мыналарды өткізуді көздейді:

  • Мүліктік кешен ретінде мемлкеттік кәсіпорын;
  • Жекешелендірілуі тұйық технологиялық циклді бұзбайтын мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорынның өндірістік және өндірістік емес бөлімшелері мен құрылымдық бірліктерін;
  • Кәсіпорын мүлкін, мемлекеттік кәсіпорынды жойған жағдайда, тек аукционда ғана;
  • Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық қорларындағы мемлекеттің акциялары мен үлестерін.

Төртінші кезең 1999-2000 жылдарды қамтыды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 маусымындағы №683 қаулысымен бекітілген «1999-2000 жылдарға арналған жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру Бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды.

Бұл кезеңнің басты мақсаты – жекешелендіру мен мемлекеттік мүлікті басқарудың құқықтық негіздерін жетілдіру; есепке алуды жақсарту, басқарудың тиімділігін жоғарылату және мемлекеттік мүлікті конкурстық және транспаренттік негізде жекешелендіруді қамтамасыз ету еді. Бағдарламаға сәйкес:

  • Мемлекеттік акцияларды иемдену және пайдалану құқықтары салалық министрліктер мен ведомостваларға өткізіп берілді.
  • «Көгілдір фишка» ретінде анықталып, мемлект оларға үлес қосушы ретінде қалдырылды;
  • Мемлекеттік мүлікті республикалық және коммуналдық деп бөлу жүргізілді; бұл жергілікті бюджеттер табыстарын жоғарлатуды және аймақтардың міндеттерінен шыға отырып, жергілікті жерлерде инвестициялық саясат жүргізуді көздейді.

Алғашқы кезеңде елімізде жекешеелндіруден 4144 млн. Рубль алынған. 1993-2000 жылдары жекеешелендіруден 215,4 млрд. теңге, соның ішінде акционерлік қоғамдардың акцияларын сатудан – 90%-тен астамы түсті.

Қазақстанда меншіктік қатынастардың дамуы негізінде, нарықтық экономиканың қызмет етуінің негізі болып табылатын кәсіпкерлік қызмет, әсіресе шағын кәсіпкерлік қарқынды дами бастады.

Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметтi дамыту жоспарының қалыптасуы және оның дамуы негiзiнен елiмiздiң егемендiгiн алған жылдардан бастап бүгiнге дейiн жалғасуда. Кәсiпкерлiк қызметтi дамытудың алғашқы реформаларға Кеңес Одағы экономикасының негiзi экономиканы орталықтан басқару жүйесiн ыдыратып, меншiктiк қатынастарды дамыту болып табылады. Оның алғашқы қадамы мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру, яғни бұл кәсiпкерлiк ортаны қалыптастырудың алғашқы кезеңi едi.

Елiмiзде кәсiпорындар мен экономикалық құрылымдарды жаппай жекешелендiру 1998 жылға дейiн қарқынды түрде жүргiзiлдi. Ал одан кейiнгi кезеңдерде экономиканы реформалау тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз ету үшiн кәсiпкерлiк дамуына қолайлы орта жасау, отандық кәсiпорындардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, кәсiпкерлiктiң өнеркәсiп саласындағы үлес салмағының артуына жағдай жасау, кәсiпкерлiктi инновациялық қолдау, кәсiпкерлiк қызметте кластерлiк жүйенi дамыту сияқты басты мiндеттердi шешуде. Оның бiрден-бiр мысалы соңғы жылы қабылданған 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялы-инновациялы даму стратегиясы мысал бола алады. Ол стратегияның негiзгi мақсаты отандық өндiрiстiң шикiзат бағытынан қол үзiп, экономикалық өсудiң тиiмдi жолы болып табылатын дамудың индустриялы сатысына өтiп, сервистiк-технологиялық қызметтi дамыту болып табылады. Ал мұны iске асырудың негiзi рыноктық экономиканың негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қызметтi ынталандыру екенi белгiлi.

Сондай-ақ елiмiздегi кәсiпорындардың басым көпшiлiгi бүгiнде экономиканың сауда-саттық, делдалдық және автакөлiк жөндеу сияқты салаларда орын алуда.

Қорытындылай келе, ел экономикамыздың нарықтық қатынастарға көшуi барысында және мемлекеттiк меншiктi жеке меншiкке айналдыруда шағын бизнестiң алатын орны ерекше. Жаңа тәй-тәй басқан экономикамыз қазiрде бiрталай оң жетiстiктерге жеттi деп айтсақ болады. Қазiр шағын бизнестiң үлесi елдiң ЖIӨ 30%-тi құрап отыр, бұл бiз үшiн үлкен жетiстiк. Бiрақта бұл жоғары өсу көбiнесе отанымыздың әлi де шикiзаттық бағытында орындалып отыр, дамыған елдер тәжiрибесi бойынша экономиканы индустриалды – инновациялы дамытпай дамыған елдер қатарына қосылу мүмкiн емес, ал осы шараны iске асыруда шағын бизнестiң қосар үлесi жоғары.

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтпелi кезеңiнде экономикада кәсiпкерлiк қызмет даму үстiнде. Кәсiпкерлiк, әсiресе шағын кәсiпкерлiк  рыноктық жүйеде толық қанды қызмет ету үшiн кәсiпорын жаңа технологиялар мен жаңалықтар ашып отыруы керек.

Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан кәсiпкерлiк қызметтiң мемлекет тарапында және экономика өмiрiнде атқаратын ролiнiң ұшан теңiз екенi дәлелдеудi қажет етпейдi. Қазiр дамыған өркениеттi елдердiң қайсысын алып қарасақ та шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыта отырып, айтарлықтай жоғары дәрежеге жеткенi баршаға мәлiм.

Бүгiнгi Республикамызда экономиканы нарықтық қатынаста қайта құру жолында оның негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қатынастарды дамытып, оны жандандыру және оларды мемлекеттiк қолдау күн тәртiбiндегi өзектi мәселелердiң бiрi.