Нарықтық экономикадағы меншік нысандарының көптүрлілігі

Меншік – тарихи категория. Нақты бір өндіріс тәсіліне тән өндірістік қатынастар сипатына сәйкес, айрықша қасиеттеріне ие меншіктің тарихи типтері ажыратылып жүр. Қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының түрлі сатыларындағы қандай да бір меншік типінің шеңберінде иемдену тәсілдерінің айрықшылықтары бар болатындықтан, түрлі иемдену нысандарын немесе меншік нысандарын ажыратады. Оларға:

  • жеке иемдену нысандары;
  • ұжымдық иемдену формалары;
  • қоғамдық иемдену нысандары жатады.

Қандай да бір тип аясында қандай бір түрлер болуы мүмкін. Осылайша:

  1. Жеке меншік:
    • Жеке;
    • Жеке еңбектің;
    • Жеке капталистік болып бөлінеді.
  2. Ұжымдық меншік.
    • Серіктестіктер;
    • Кооперативтік;
    • Акционерлік;
    • Ортақ өндіріс болып табылады.
  3. Қоғамдық меншік;
    • Жалпы мемлекеттік;
    • Муниципалдық болып бөлінеді.

Шаруашылық практика меншік типтерінің, нысандырының және түрлерінің мәнін ажыратуға құрылады. Бұнда меншік қатынастары шаруашылық қызметі ұйымдастырудың қандай да бір нысандарының негізі болып табылады. Олардың арасында диалектикалық байланыс бар. Бір жағынан, экономика құрылымы меншік құрылымына әсер етеді, оның түрлерінің көптігін жүзеге асырады. Екінші жағынан, шаруашыылқ жүргізу нысандары меншік объектәлерін пайдаланумен, сондай-ақ өндірістің техникалық даму деңгейімен анықталады. Меншіктің бір түрінің немесе нысанының негізінде шаруашылық жүргізудің түрлі нысандары қалыптасуы мүмкін, ал бұл бәсекенің негізі болып табылады.

Бәсеке қоғамға экономикалық еркiндiктi, тиiмдiлiктi, дамудың тұрақтылығын, экономикалық қауiпсiздiктi ұсынады. Немiс экономикасының белгiлi экономист ғалымы Людвиг Эрхард бәсекелестiктiң экономика үшiн қажеттiлiгiн келесi жолдармен көрсетедi: “… рыноктың шаруашылық және оның қызмет ету механизмi еркiн бәсекелестiктен ажырап қызмет етуi мүмкiн емес…”. Бәсекенiң экономикалық табиғаты жеке меншiктiк қатынастармен тғыз байланыста болады.

Бәсеке шаруашылық өмiрде басты рольде ойнайды. Ол экономикалық еркiндiктi қамтамасыз етiп, рыноктағы субъектiлердiң қарым-қатынасын тереңдету арқылы рыноктағы жағдайлар мен сұранысқа бейiмдi болып келедi. Адам Смиттiң “көрiнбейтiн қол” мысалының негiзiнде бәсекелестiк теориясы жатыр, яғни , әрбiр жеке адам немесе кәсiпкер ең бiрiншi өз пайдасын ойлайды, сол пайдаға қол жеткiзу үшiн олар өз қызметтерiнiң бәсекелiк қабiлетiн арттыруға ынталы болады. Бұл өз кезегiнде жаңа iзденiстердi, инновациялық жаңалықтарды ашуға жол ашады.

Бәсеке экономикалық категория ретiнде объективтi және субъективтi маңызда болады. Объективтi мағынада бәсеке рыноктағы ерекше жағдайларды белгiлейдi, яғни жекелеген субъектiлер кәсiпкерлер жалпы рыноктағы тауарлардың айналысына және оның бағасына жеке өзi әсер ете алмау сипатымен көрiнедi. Бәсеке субъективтi тұрғыда бәсекелес шаруашылық субъектiлерi арасындағы экономмкалық қатынастарды көрсетедi, яғни өндiрiс пен материалды игiлiктердi айырбастау негiзiнде туындайды.

Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi фирмалар мен кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер шығарудыңкөлемiн арттыруға ынталы болады.

Рыноктың мәнiн анықтағанда, оның екi жақты мағынасы бар екенiнен бастау керек. Бiрiншiден, рынок (маркет) деген түсiнiк өзiндiк мағынада өткiзу деген түсiнiк, бұл айырбас, айналыс сферасында орын алады. Екiнщiден, рынок — өндiрiс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерiн қамтитын, адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесi. Бұл меншiктiң әр алуан формаларын, тауар-ақша байланыстарын, қаржы-несие жүйесiн пайдалануға негiзделген, экономкалық iс-әрекеттердiң күрделi механизмi.

Осы рыноктық қатынастардың бiздiң экономикада тез орын алуына жол ашу үшiн рыноктық байланыстарды қамтамасыз ететiн жалпы шаруашылық шарттарға жол ашумен байланысты:

  • Меншiктiң алуан түрлi формаларына (жеке меншiкке кооперативтiк, акционерлiк, мемлекеттiк меншiкке) жол ашу. Бұл шартқа бiрте-бiрте қоғамның әлеуметтiк жағдайлары мен құрылымдық сипатын бұзбайтындай етiп жайлап өту керек;
  • Мемлекттiк реттеулердi сақтай отырып, өндiрiстi демократияландыру. Бұл шартта есте болатын жағдай: рынок экономикасы өзiн-өзi толық тиiмдi реттей алатын жүйе болып табылмайды. Рыноктық қатынастарда белгiлi дәрежеде реттеп отыруды қажет етедi.
  • Рыноктың үш негiзгi элементiн бiрiктiретiн тауарлар мен қызметтер рыногын, өндiрiс факторларының рыногын, қаржы рыногын бiрiктiретiн рыноктық инфрақұрылымды жасау және оның қызметiн жақарту;