Гнозистің мида ұйымдасуы мен оның зақымдалуы

Көру гнозисінің мида ұйымдасуы заттық көру гнозисі мидың екі жақ жарты шарының самай-артқы, төбе-артқы және артқы бөлімінің локальдығымен немесе олардың бірімен байланысты (18 және 19 бөлімі) болады.

Гнозистің түрлі болуына байланысты көру гнозисі жоғарғы фукнционалды дифференциалдық жағдайда болады. Әрбір көру гнозисінің түрлерінде белгілі бір көру бөлімінің локальдылық ерекшелігі болады. мидың үлкен екі жақ жарты шардың самай-артқы бөліміндегі локальдылығына ие болған көру гнозисі. Бір жарты шардың есебімен де міндетті қызметін атқара алады. Белгілі бір стильдегі заттарды көру арқылы тану сол жақ жарты артқы-самай локальдылығы арқылы жүзеге асады. Бұл аймақ оптикалық заттарды тану мен айтуға мамандалған.

Оптикалы-кеңістікті гнозис бірнеше – көру, есту, тактильді, вестибулярлы, кинетикалық, анализаторлық жүйелерінің кешенді өзара әрекеттестігі есебінен жүзеге асады. Мұндай түрлі модальдықтан келетін мәліметтерден құралған синтетикалық функция болып табылады. Сондықтан оның локальдылығы мидың сол жақ және оң жақ жоғарғы-төбе және төменгі-артқы бөлімдеріне таралады. Осы функцияны жүзеге асыруда мидың басқа бөлімдері де: маңдай, төбе, самай және т.б. қатысады. Олар қимыл-қозғалыс, конструктивті, вербальды-логикалық сияқты іс-әрекетті меңгеруге қатысады. Мидың әрбір жарты шары оптикалы-кеңістікті гнозисті жүзеге асыру үшін өздерінің арнайы үлестерін қосады.

Әріптік гнозис – сол жақ жарты шардың самай-артқында локальданады, жарты шарлардың тілдік доминанттығына ие болады. Кейбір адамдарда әріптік гнозис өкілдігі оң жақ жарты шарда болады.

Келбеттік гнозис – оң жақ жарты шардың самай-төбе-артқында локалданады, жарты шардың субдоминанттылығында болады. Барлық адамдарда келбеттік гнозистің мидағы өкілдігі тұрақты болады. Осыған байланысты келбеттік гнозистің бұзылуы жоғарғы шын диагностикалық симптомының болуы мидың оң жақ жарты шарының қызығушылығын мәлімдейді.

Түстік гнозис жарты шарлардың субдоминанттығында, самай-артқы бөлімінің есебінен жүзеге асады. Жарты шарлардың доминанттығы түсті қабылдаудың абстрактіленген, байытуды қамтамассыз етеді. Осыған орай түрлі түстерді, гаммаларды таңдау – түсті жіктеу жүзеге асады. Оң жақ жарты шардың субдоминанттылығы түстерді элементарлы түрде тануға мүмкіндік береді.

Тактильді (сезетін мүше) гнозисі үлкен екі жарты шардың екеуінің де төбе зонасы қабыршығының жүзеге асыруымен болады. Сол қолдың тактильдік қабілеті төбе оң жақ жарты шармен,оң қолдың тактильдік қабілеті төбенің екі жақ шардың қабыршығымен байланысты болады.

Тактильді анализатордың ядролық зонасы артқы орталық қатпарда болады. Бірінші алаң (3) дененің тері-кинестикалық сезімділік деңгейін қамтамасыз етеді. Екінші алаң (2, 1, 5, 7) күрделі дифференциалды тактильды сигналдар қатынасына маманданған. Осылардың арқасында заттарды сипап-сезу арқылы тани алады. Егер, осы мидың аймақтары зақымдалса, оның қабілетінің бұзылуын астереогенез деп атайды. К.Вернике (1894) мұны «тактильді асимболия» деп атады. Бұл символикалық тактильді іс-әрекеттің бұзылуы дегенді білдіреді. Нильсон мұны «төбе тактильді агнозиясы» деп атаса, Н.Вау мұндай бұзылулар элементарлы сезімдіктің бұзылуынан болады деп көрсетеді.

Хэдтің қорытындысы бойынша төбе қабыршығы бір ғана емес, екі тактильді тітіркендіруді қабылдауды және оның мидың осы алаңының зақымдануына байланысты біреуі тез өшіп қалады. Осы көзқараспен қарасақ теріге сызылған «бейне» симультанды топтың бірлескен сигналының нәтижесінде оны тануға қабілетті болады.

Осы аймақтағы бірден-бір кешеуілген формациясына (39, 40) төбе-артқы бөлімі жатады. Олар үшінші болады және ТРО едәуір бөлігін құрайды. Ол өз кезегінде жабылғы аймағы болады. Ол самай, төбе-артқы қабыршықтардың бір-біріне қондырылуынан құрылады. Өзінің осындай құрылуына байланысты полимодальды деп аталып ЖПФ ең күрделі локальдығын жүзеге асыруға қабілетті болады. ТРО аймағы одан басқа кинестетикалық, вестибулярлық, көру аппараттарымен күшті байланысты болады. Осыған байланысты қозудан түскен күрделі кеңістікті формадағы синтезді жүзеге асырады және ол кеңістікті-бағдарлау және конструктивті кеңістік іс-әрекеттердің мазмұнын құрайды. Төбе бөлігінің қабыршығының осындай қасиеті тіл бөлімін пайдаланатын тілдік іс-әрекеттің локальдылық орнына айналады. Оның сандық, кеңістік, уақыттық мәнімен қоса: қосымша, суффикс предлогы, уақыт глаголы бар.

А.Р.Лурия кеңістікті қабылдаудың ассиметриялық маңыздығына ерекше көңіл аударады. Оң жақ жарты шар кеңістіктің сол бөлігімен қабылдаса, ал сол жарты шар кеңістіктің оң бөлімін қабылдайды.

Оң жақта орналасқандар қабылдау басымдылығына ие болады.

Түстік гнозистің бұзылуын агнозия деп атайды. Ол сол жақ доминантты және оң жақ субдоминантты үлкен жарты шардың самай – артқы бөлімінің бұзылуына байланысты болады. Мұндай жағдайда түсті айыру, атау, оны еске сақтау қиынға түседі. Бұл жөнінде К.Гольдштейннің түстік агнозияның пайда болуын қабылдаудан талдап қорытудың бұзылуына байланысты деп көрсетеді.

Белгілі бір локальдықтың бұзылуын агнозия деп атайды. Бұған тактильді гнозис те жатады. Сондықтан тактильді гнозистің бұзылуын тактильді агнозия деп атайды.

Тактильді агнозия екі негізгі түрде болады:

1) Материал, объектінің және оның сапасының үстіңгі қабатын танудың бұзылуы.

2) Объектінің формасын танудың бұзылуы – астереагноз.

Кез келген пластмасса, ағаш, темір және т.б. бұзылуынан жасалынған заттар біркелкі тұрғыда белгіленеді. Сондықтан кірпіштен, ағаштан және т.б. жасалғанын ажырата алмайды.

Астероагноз дегеніміз – заттарды тани алмауды айтады. Мысалы, құпия қапшыққа түрлі формадағы ойыншықтарды салу арқылы ойыншықтың формасын, атын атау ажыратылады. Міне, осындай жағдайда, астереагнозға ұшыраған бала тани алмайды, бұл Герстман синдромы деп аталады. Мұның бұлай аталу себебі, оны Герстман ашқан. Бұл сол жақ төбе артқы жарты шардың зақымдалуына байланысты болады.

Заттық агнозия және оның бұзылуы.

Заттық агнозияда, заттың формасын, қалпын танудың бұзылуы, сонымен бірге заттың бейнесі мен оны тани алмай қалу құбылыстары да жатады. Көру агнозиясына байланысты 1967 жылы Кок деген ғалым өзінің «Көру агнозиясы» деген еңбегінде мидың самай артқы бөлігінің бұзылуына байланысты болатындығын айтады. Самайдың артқы екі жақ жарты шары да зақымдалса, онда заттық көруін ажырата алмайды. Мұндай бұзылу кезінде, олар ұқсас заттарды бір-бірінен ажырата алмайды, қарапайым заттарды ажыратудан қалады. Егер самайдың бір жағы ғана зақымдалса және оң жағы болған жағдайда, заттың тұтастай бейнеленуін тану қиынға соғады, мұны субдоминанттылық деп атайды. Ал, егер үлкен жарты шардың самайдың сол жақ артқы бөлігі зақымдалса, онда бір-біріне қойылған заттардың ажыратылуы қиынға соғады, мұндай заттық агнозияны доминанттылық деп атайды.

Түстік агнозия және оның бұзылуы.

Самай артқы оң және сол жақ функциясының бұзылуына байланысты болады. Түстік агнозияда бір-біріне жақын түстерді ажырату қиынға соғады.

Келбеттік агнозия және оның бұзылуы.

Келбеттік агнозияны прозопагнозия деп атайды. Мұнда таныс адамның келбетін ажыратудың қиындығын айтады. Мысалы, өзіне ең жақын адамның суретін альбомнан немесе тікелей шынайы түрде ажырата алмайды. Мұндай жағдайда келбеттік агнозияның бұзылуына байланысты белгілерді ажыратуға белгілі болады. Мұндай адамдар дауыс ырғағына, беттің тексттік қимыл-қозғалысына байланысты да ажыратады. Келбеттік агнозияның бұзылуы самай-төбе-артқы жағының оң жақ жарты шарының бұзылуына байланысты болады. Бұны да субдоминантты үлкен жарты шардың бұзылуына байланысты болады. Келбеттік агнозияны анықтау үшін, мынадай жұмыстарды жүргізуге болады. танымал адамның портреттерін пайдалану арқылы олардың келбетін ажырату. Күнделікті өмірде жиі көріп жүрген адамның суреттерін пайдалану арқылы ажыратуға болады.

Симультанды агнозия. Симультанды агнозия – мазмұнды картинаның мәнін бағалауға қабілетсіздік.

Көру агнозиясы – агнозияның ішіндегі ең көп болатын түрі көру агнозиясы. Адамның көру қабылдауы адамның айналасындағы қоршаған орта туралы мәлімет алудың ең негізгі каналы болып есептелінеді. Адамның барлық психикасының процестері афферентті, эфферентті жүйелер арқылы жүзеге асады. Мәлімет алуды адам әртүрлі қасиеттерді меңгереді.

1) Таңдамалылық.

2) Еркіндік.

3) Заттық және т.б.

Осы жоғарыда көрсетілген қабілеттің принциптер жүйесінде адам миында алынған мәліметтерді анализдеу және синтездеу процесі бір мезгілде жүзеге асады. Көру агнозиясы бірнеше агнозияны жүзеге асыратындықтарын айтып өтейік.

1) Заттық.

2) Түстік.

3) Келбеттік.

4) Саусақтық.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!