Ежелгі қалалар мен қорғандарды оқып-білу. Археологиялық қазба жұмыстары

Ежелгі заманғы халқымыздың тарихын тек археологиялық қазба жұмыстары арқылы табылған заттардан ғана білеміз.

Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанда ежелден орныққан халқымыз жайында жиналып қалған аса маңызды деректер екенін ТАӘҮ түсінді. Бұл деректер ТАӘҮ-ні қызықтырды. 1896 жылдың 22 қаңтардағы басқосуларында мынандай мәселе көтерілді: Үлкен үйінді қорғандар қайдан пайда болды? Ол қорғандарды салатын ол дәуірдің тіпті жер бедерінің өзі саз-батпақты болған, құрал-саймандары болмаған. Басқа жақтан әкелінген деуге негіз жоқ. Дегенмен де, қорған айналасындағы жер деңгейін отырған байқаған, сондықтан, сол жердің қойнауынан алынған ба деген болжам да болып отыр.

Ол қорғандардың айырмашылығы алуан түрлі болып келеді. Үйірме мүшелерінің мәлімдемесінде солай делінген. Олар: төбелер, қорғандар, дөң тәрізді қорғандар, дөң тәрізді үйінділер, қалашықтар, үлкен бейіттер және т.б. көптеген жағдайларда негізі еш күмәнсіз төбелер, отырықшылардың қалдықтары және де басқа ескерткіштерді көргенде, мәдени дамыған ежелгі үлкен қала деген тұжырымға келуге болады.

Үйірме мүшелерінің орасан зор еңбектері, сол төбелерден табылған археологиялық заттар бізге Орта Азия мен Қазақстанда не болғанын, адамдардың қалай өмір сүргенін және мәдениетін білуге жол ашып отыр.

Үйірме мүшелерінің үздіксіз зерттеулер жүргізуі мен табылып отырған қазба заттарын есепке ала отырып, өте пайдалы жұмыстары, әлі де қазба жұмыстарын жүргізуді талап етеді.

1893 жылдың маусымында Н.П.Остроумов өзінің Шымкент аумағы Мамаевка жеріне сапарын тоқтатты, өйткені, осы жылдың мамыр айында Қарауыл-Төбе басынан қыш құмыра толы қазына тауып алды, онда 1850 жылғы күмістер, 4000-нан астам мыс тиындар, бірнеше маржан, 2 күміс білезік т.б. заттар табылды. Сондай-ақ, Жуан-Төбе басынан «үлкен домалақ, күйген қыштан қолдан жасаған үстел» табылды.

Н.П.Остроумов Қарауым төбесін де жақсылап зерттеді.

Н.П.Остроумов зерттеулердің нәтижесінде 2 жасанды дөң мен 3 жазық жырақ аралығындағы үлкен үйінді қорған Жуан-Төбе (Таяқ-санды) төрт қырлы пирамидаға ұқсас, алуан түрлі болып келетінін байқаған.

Бадам жағалауындағы жасанды төбешік «Альбан-кенді», онда да археологиялық қазбаларда көптеген заттар табылған. Мысалы, қыш құмыралар, сынықтар.

Остроумов Мамаевқа жанындағы Қараспан туралы да халық әңгімелерін жазып алды.

В.Тевреногов өзінің Әулие-Ата қаласының жанына жасалған зерттеулерінде 48 қорған (төбешіктерді) есепке алған.

ТАӘҮ мүшелерін қызықтырған ежелгі қалалардың орта ғасырларда жазу мәдениетінің кезеңіндегі отырықшылық заманда ма деген ойға да келіп отыр.

Мысалы, ТАӘҮ Отырар қаласының құлап-қираған жерлерін де зерттеді. 1899 жылы Н.С.Лыкошин қираған Отырар қаласының орнына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуге бүкіл ғалымдарды шақырып, мақалалар жазды. Лыкошиннің ойынша, бұл Отырар қаласы Құмкент қаласымен бірге пайда болуы мүмкін, ол жердегі тұрғындар Бұқарадан келгендер деген де тұжырымға келген.

В.В.Бартольд бұл тұжырымға келсіпейтінін, оған деректердің жеткіліксіз екенін атап, өзінің «Моңғол дәуіріндегі Түркістан» атты еңбегінде Отырар туралы мәліметтерді келтірды. Одан кішігірек ТАӘҮ мүшелері А.А.Черкасов және А.К.Кларе өздерінің тез арада зерттеулерін жалғастырып, Отырар қаласының қирандыларының қай жерге дейін созылып жатқанына (203 қашықтықта Орынбор-Ташкент теміржолы бойында) топографиялық суреттемелер жасады. Н.Руднев өзінің «Заброшенный уголок» атты еңбегінде «Туркестанские ведомости» газетінде (1900 ж., №15-17) ТАӘҮ қайта басып шыарды, онда ежелгі Сүткент қаласының қалдығы Қаракөл көлінен 2 км қашықтықта деп айтылған.

Руднев өз еңбегінде Сырдария өзенінің жағалауындағы ежелгі қалалардың құрылысына мән берген. Ол қалалар қалай және қандай құрылыс материалдарымен салынғанын зерттеген.

Үйірме мүшелері В.В.Бартольдың еңбектерін қолдай отырып, орта ғасырдағы қалалар 3 бөліктен: цитадель, шахристан, рабаттан тұрған деген. Кейінірек кеңестік археологтар мұның схемаға бөлінуін қажетсіз деп отыр.

1898 жылы В.А.Каллаур Талас өзені, Қаратау бойындағы ежелгі көне ескерткіштерді көре отырып, Тас-төбе қорғанын, (Әулие-Ата қаласынан 25 км) Жеті-төбе қорғанын (қаладан 125 км жердегі), ежелгі Тектұрмас қорғанын, Ақ-Байлар қорғанын, Көктал өзенінің бойындағы қорғандарды, солтүстік жағындағы Сасық-бұлақты тіркеді.

1899 жылы В.А.Каллаур өзінің зерттеулерінде Шыңғыс ханның басқыншылығынан қалған қираған қалалар Сунақ-Ата (Сунақ қорған), орыстың Скобелева ауылынан 18 км қашықтықтағы және де Сунақ-Ата керуен жолын Перовск уезінде ашты. Каллаур Бунақ қорғанында ішкі бекеттері қорғаннан бөлек қоршалған қабырғаларды, керуен-сарайларды, батпақтан көтерілген қабырғаларды, жағалай қазылған арықтардың сол күйінде сақталуын, «тіршілік мәдениетінің жоғарғы» екенін байқатады, қазірде ол жер сексеуіл өсетін жазыққа айналған.

Каллурға сунақ тегі олардың өткені, оның ежелгі Сунақтан келген ескерткіштер, ежелгі аумақтар Сағанақ қаласынан қалған ба деген ой да келген.

Каллаур Бес-Там қорғанын (Скобиновның солтүстігінен 20 км қашықтықтағы), қорған дөңдерін көре отырып, сол Бес-там жағалауындағы аршылған арықтар Сағанаққа ежелгі қалаларға су жаңа қорғаннан келуі де мүмкін деген.

Үйірме мүшесі И.В.Аничков осы үйірме мүшесі А.А.Диваевтың «Бақсылар егіншілер және дуалылар» деген еңбегінде Сунақ-Ата есімі аталғанына көңіл бөлген.

Бұдан кейін Каллаур Ашана үйінділеріне археологиялық қазбалар жүргізу нәтижесінде осы Ашанас ежелгі Ашнастан туған да немесе Эшнас (Сырдарияның сол жағалауынан, Ақ-арықтың төменгі жағынан, Сырдариядан 25 км, ал ст. Берказаннан 30 км қашықтықтағы үйінділер құдай дала – Асанас-Кзект). Каллаур бұл жерден 5 дарбазалы камалдар мен бұрынғы кездегі тұрғызылған құрылыстар және қоршаулардың қалдықтары табылғанын да атап отыр.

Каллур ежелгі Үзкент қаласының қайда орналасқанын білу жұмысында осы сұрақпен табылған үйінділерді байланыстырды. Олар: Сырдария арнасындағы Қырғы-Үзкент, Ішкі-Үзкент, солтүстік және оңтүстігіндегі 20 км қашықтықта Қырғы-Үзкент, Үзкент Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан, Жаңа қорғаннан 20 км қашықтықта.

Каллур Сырдария өзенінің сол жағалауында Тұмар-Өткел бейітіндегі Қыш-қала қирандыларының барын анықтады. Бірақ, Каллаур «Осы жерден Дженд қаласын іздеп көрсек болмас па?» екен деген ойға келіп, тәжірибе зерттемелерінен кейін үйірмеге хабарлайтынын айтқан.

1899 жылы қазанда В.А.Каллаур жұмыс бабымен Күткенші Жаңа-дарияда болып қайтқан сапарында қайта Қыш-қаланы көріп қайтты. Қалашық айналасында ежелгі арықтар мен күйген қыштан салынған құрылыстарының қирандыларын тапты, одан біраз жобалар жасап, біраз тұжырымдарға келді. Ол жерден археологиялық қазбаларынан табылған замиор кірпіштердің, яғни құрылыс заттарының біразын ТАӘҮ мұражайына берді.

Сонымен қатар, бұл қалашық қаншама аумақты алып жатқанын да анықтады.

Жақсылап зерттеулер жасауда осы ерекшеліктерді В.А.Каллаур бір шешімге келді.

«Бұл қалашық, яғни Қыш-қала ежелгі Дженд қаласымен қатарлас келуі мүмкін. Ол өте үлкен аумақты алып жатыр, ал қаланың қорғаныс жағдайы Хиуа және Бұқара жолында жатқаны, бұл қалашық өте дамыған мәдени орын болғаны сөзсіз»,- деген шешім жасады.

В.В.Бартольд өзінің көптеген еңбектерінде В.А.Каллаурдың ашқан Қыш-қаласы сол ежелгі Дженд қаласының орны ма деген ойы да болғанын айтқан (ол қалашық карта бойынша Томар өткелінің сол жағалауында, 25-30 км қашықтықта Перовскіден, 4 км Хиуа қонысынан, яғни Хиуа мен Бұқараның керуен жолында). Бұл деректер Каллурдың тұжырымын дәлелдеп отыр. Бірақ, қазіргі уақытта басқаша тұжырымдар жасалуда. Профессор К.М.Байпақовтың ойынша, бұрынғы Дженд қаласы «Жан-қала» қалашығы деп отыр. Ол Жаңадарияның оңтүстік жағалауында. Ал, Қыш-қала Орта ғасырдағы Барчынлычкенд қаласымен тұспа-тұс келеді.

Дегенмен де, атап өту керек, В.В.Бартольд пен В.А.Каллурдың көзқарастары, әсіресе, географиялық орындары жайында екі түрлі болды. Мысалы, В.В.Бартольд өзінің «Есебінде» шақпақ кілті Абарджадос қаласында десе, В.А.Каллаур 1897 жылдың қыркүйегіндегі зерттеуінде ол Құлан өткелінде болып қайтып, мынадай тұжырымға келді дейді. В.В.Бартольд қателеседі. Абардшад Құлан аузы төрт көлмен тұспа-тұс келеді деді.

1940 жылы Жамбыл археологтарының экспедициясы керуен жолы бойындағы ескерткіштерге В.В.Бартольд пен В.А.Каллаурдың деректері бойынша зерттеулер жасады.

Осы экспедицияның жетекшісі Г.И.Пацевич В.А.Каллаурдың дерегіне қарсы екенін білдіріп, үзілді-кесілді ондай тұжырымға келу ертерек деді.

1903 жылы В.А.Каллаур Сырдария мен Жаңадария даласындағы ежелгі қалалар мен қоныстар туралы өте құнды мақала жариялады.

В.В.Бартольд өзінің «Түркістан моңғол басқыншылығы дәуірінде» атты кітабында Жаңакент атауымен екі қаланың болғанын айтады. 1914 жылы 4 маусымда В.Д.Городецкий өзінің газет бетіне жариялаған мақаласында осы қорғандар мен қалашықтарға жалпылама шолу жасап өткен. Бұл кезде ТАӘҮ тарқап кеткен де еді.

Орта Азия мен Қазақстандағы ашылып отырған көптеген жаңалықтар ол жердің жалпы табиғатын, тарихы мен мәдениетін білуге мүмкіндіктер береді.

1899 жылы В.А.Каллаур өзінің тағы бір жұмыс сапарын Скобенева қасындағы Сунақ-Ата қалашығы мен Биік-тамда болып, ол жердегі ескерткіштерге, аумақты зерттеуге шолу жасады.

Сығанақ қаласы, В.А.Каллаурдың ойынша, Арыс өзенінен аққан судан су астында қалған. Осы жерде Төмен-арық каналы болған, қазір Қазар-арық деп аталады, сол құрылысты салуға 10000 жұмысшы істеген екен.

Бес-там қалашығы және оның аумағы бір каналдан тазаланып алынған, ол Сығанақтан келді деген тұжырым бар.

Каллаурдың тапсырмасымен, А.Ниязов каналдың қалған бойымен ере отырып мынадай тоқтан жасады. Ол канал Сырдарияның оң жағалауынан келіп, Көк-кесене, Сұнақа, Бес-тамға және Көк рабатқа бағытталады, яғни Бес-тамнан 3 км қашықтықта каналдың қалдықтары Сығанаққа дейін жақсылап бақыланды.

Ол Бес-тамнан Көк рабатқа дейін құм басып әрең байқалады. Бұл әсер Нан-сай-деп аталған. В.А.Каллаур бұл жерлерді жақсылап бақылап, зерттеу жүргізу барысында мынадай шешімге келеді. «Ежелде бұл жер мәдени ошақ болған»- деген.

Бұл жердегі қалалар мен қоныстарды моңғол шапқыншылығында қираған деген. Моңғол шапқыншылары бар бұл жердің тоғандары мен арықтарын бұзып, тұрғандарды сусыз қалдырған.

1899 жылдың қазанында В.А.Каллаур Сырдарияның төменгі жағына іс-сапар мен аттанды. Оны және де осы аумақтағы ежелгі қалалар мен қамалдар қызықтырды. Зерттеушілерді ол жердің географиялық жағдайы да қызықтырды.

В.А. Каллаурдың Күткеншідегі әріптесі Даулет Бомаев оған мынадай мәлімдеме берді: «Жаңа-дария бастапқыда Іңкәрдария деп аталған ол Сырдариямен жинасып Джуленге қарама-қарсы Қаракөл арқылы ағып өтіп Бесмолаға, Хан-өзекке, Далакөлге, Көткенші және Жаңа-дарияға дейін ағып барған». Ол жерден ескі, құрған қалған орындары байқалған. «Перов уезін жаулап алған қоқандықтар, ол жерлерді айналдыра қормаулар жасаған, ол бір саяси көзқараспенде болуы мүмкін». В.А. Каллаурдың Бошаевтан басқа жеткізушілері Жаңа-дария суын әдейі қоқандықтар Хивин хандығын сусыз қалдыру үшін жасаған.

Өзінің ескі ағысын басқа жаққа бұру әдісін тұрғылықты халық түсіндіріп берген. Мұндай қастандықты олар мұз қатқанда қыстың күні істеген. Бұл жерлерге шырпы, қамыс, қарларды тастап тоған жасаған, сонда көктем шыққында өзен ағысын басқа жаққа өзгерткен. В.А.Каллаурдың және бір атап өткені. Қызылқұм даласындағы Баршыл-дарияның орны, алда Жаңа-дариямен қосылған Шірік қала қамалының төменгі жағында. Сол себептен Үзкент пен Сырлытам қалып қойған.

Орыс әскерлері Перов уезін басып алғаннан кейін Іңкәрдария өткен болды. Ол Сырдариядан Қаракөл, Хан-Өзек Далакөлге, бұлар арқылы Күткеншек каналымен Жаңадарияға баратын болды. Бұл канал азық болғандықтан 1882жылы Жаңадарияға су баратын 2 канал салынды.

Бірі–Черняевскі, Хан-өзекпен, Далакөл, екіншісі–Джедігер, Кувандорьи Дала-көл көлі арқылы Жаңадарияға.

Түркістан қаласы аумағын зерттеуде В.В.Бартольдтың еңбегі ерекше болды. Оның кітабы өте құнды болса да, ондағы деректерді ескірген осы немесе қайта қарау керек болып отыр.

Үйірме мүшелерінің жасалған еңбектері жайында В.Б.Бартольд өз кітабында да атап өткен. Өзінің туған, тұрған жерінің тарихын және тарихи тағдырын білгісі келген әрбір азаматтың бұл кітап қызықтыруға тиіс, ол жерден көп нәрсені білуге болады.

1916 жылы В.В.Бартольд ТАӘҮ үйірменің істелген жұмысы орасан зор деп атап өтті.

Түркістан үйірмесінің, Орта Азия мен Қазақстанда (оңтүстік) археологиялық қазба жұмыстарын жүргізетін мамандарды жоқ еді.

Бұл істің бәрін олар өте үлкен сақтықпен тәжірибемен, біліммен, адал және өздерінің ғылым алдындағы жауапкершілігінің сезіне отырып атқарды. Ол кезде тіпті осы мамандар бойынша жоғары оқу орны болмаған, тіпті жәй археологиялық жұмыстар жүргізуге рұқсатта берілмеген.

Археологиялық сапарларға жіберілетін коммиссиядан өту үшін, ол адам- «оқыған, мәдениетті, ежелгі дүние тарихынан хабары бар болуы керек» еді. Үйірме мүшелері кейбір жағдайларда, мысалы қаражат жоқтығынан немесе ол жердегі ескерткіштер жайында мағлұматтардың аздығынан экспедицияны тоқтатуға да мәжбүр болған кездері болды. Түркістандағы төбе,қорған, дөңдер, қамалдар жайында Н.И.Веселовский бірінші рет мынадай тұжырым жасады.

Қазба жұмыстарын үйірме мүшелері А.К.Черкасов жасап ең бірінші жарық көрді. А.К.Клоре ежелгі Отырар жайында тарихи жұмысын кітап беттеріне жазды.

1904 жылы Клоре мен Черкасов өз еңбектеренде ежелгі Отырыр жайында аз тоқталған, өйткені қаншама археологиялық қазбалар жасалынып заттар табылғанмен, тоқ етер деректер жинай алмаған. Сондықтан, ежелгі Отырар қаласы жайында ешнәрсе дәлірек айта алмады.

Олар, ол жерден қазба жұмыстарында кереметтей заттар, қымбат бұйымдар немесе зәулім сәулетті үйлерді табамыз деген ойда еді. Ойлары іске аспаған соң, жұмысты тоқтатты. Ол жерден кішкене және орташа құмыралар мен қоса табылған батпақтан жасалған пешпен басқа да заттар еш қараусыз қалатын дүниелер емес еді. Бұл табылған құнды заттар қалашықта өлі де ғылыми жұмыстар жүргізу керек екені айтылып өткен.

Дегенмен де археологиялық қазбаларда табылған бұл кирамикалық заттар, қаланың өте жоғарғы деңгейде салынғанын, оның құрылыс материалдарымен, кірпішпен жасалған полдары (әсіресе, крест тәрізді кірпіш жолдары) және күміс теңгелері т.б. тұрғындардың мәдениетті өмір сүргенін байқатады.

Үйірме мүшелерінің бастапқы еңбектері қазба жұмыстарын жүргізуде, ескерусіз емес екені анық. Оңтүстік Қазақстан аймағындағы ежелгі көне ескерткіштерді зерттеуге үйірменің жинағы орасан зор.

Үйірме мүшелерінің жинаған бұл құнды орасан зор еңбектері, Қазақстандағы тас ғасыры мен Орта ғасыр аралығындағы көріністерді тіркеуге және білуге мүмкіндіктер берді.