Көлік құралдарына салынатын салық түсімдерін арттырудың негізгі бағыттарын жетілдіру жолдары

Нарықтық қатынастар жағдайында салықтар мемлекетті қаржыландыру қызметі және оның аппаратын ұстайтын негізгі қайнар көзі болып табылады.

Мемлекет салықтарды пайдалана отырып, елде болып жатқан экономикалық процестерге активті түрде қатыса алады. Салықтар есебінен жиналған ақшалай қаржылар мемлекетке әлеуметтік саясат жүргізуге мүмкіндік береді, соның ішінде өзінің өмір сүру деңгейін минемалды деңгейде қамтамасыз ете алатын халық топтарына материалды көмек көрсету мүмкіндігі бар.

Кез — келген мемлекет өзінің қаржылық базасы болғанда ғана өмір сүре алады, басқаша айтқанда, өзінің аппаратын ұстауға және өзінің функцияларын орындау процесінде туындайтын шығындарды жабуға ақшалай қаржылары болғанда ғана өмір сүреді.

Қай мемлекетте болмасын бюджетке түсетiн түсiмнiң негiзгi көзi болып салықтар табылады. Мемлекет салықтардың көлемi мен түрлерiн жинақтау мен төлемдi, олардың түсуiн бақылауды, оны төлеуден кейбiр жағдайда ауытқуды жазалауды заңды түрде бекiтедi.

Жүргiзiлiп жатқан экономикалық реформалардың басты мақсаты шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге түсетiн салық ауыртпалығын жеңiлдету, қолданылып жүрген салықтар мен төлемдердi реттеу болып табылады. Бұл бағытта ең негiзгiлерiн мүлік салығын акциздердiң және басқа да салықтардың мәнiн арттыруға ұқсас жағдайларда салық салудың шамамен тең тәртiбi қолданылатын болады.

Салық — бұл мемлекеттің бекітуі. Тек сол ғана азаматтарды белгілі бір көлемде ақшалай қаржыларды беруге міндетті. Қазақстан Республикасында салықты төлеу міндеттемелеріазаматтардың Конституциялық міндеттемелерінің қатарына жатады. Осыған байланысты мемлекет саяси үкімет субъект өкілдігіне сүйене отырып әрекет етеді.

Салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сонымен қатар, шаруашылық жүргізуші субъектілермен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жинақтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. Салықтар мемлекеттің пайда болуымен бірге қалыптасадыжәнемемлекеттің тіршілік етіп дамуының негізі болып табылады.

Өркениетті елдердің қай-қайсысында болмаса мемлекеттік бюджет, яғни халықтың ортақ қалтасының қаражаты салық арқылы құралатыны белгілі. Салық және басқа да міндетті төлемдердің сомалары «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына және тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңдарда белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі Қазақстан Республикасында көлік құралдарына салынатын салық ұлттық кірістіңөте аз бөлігін құрайды.

Елдің экономикалық потенциалының маңызды элементі болып көлік құралдары саналады. Көлік құралдары Қазақстан Республикасы экономикасында елеулі орын алады. Республиканың жинақталған қоғамдық өнімінде көлік құралдарының үлесі өте төмен. Оны келесі кестеден көруге болады.

2010-2012 жылдардағы Қазақстан Республикасы салық жүйесiндегi салықтардың үлесі

млн тенге

Салықтардың аталуы 2010 жыл 2011 жыл 2012 жыл
Салықтық түсімдер барлығы: 2 934 081 3 982 338 4 095 366
Салықтық түсімдер үлесі, % 100 100 100
Корпоративтік табыс салығы 837 233 1 050 380 1 041 217
Салықтық түсімдердегі үлесі, % 28,5 26,3 25,5
Жеке табыс салығы 312 331 376 245 438 498
Салықтық түсімдердегі үлесі, % 10,6 9,4 10,7
Әлеуметтік салық 253 829 296 843 340 997
Салықтық түсімдердегі үлесі, % 8,6 7,4 8,3
Мүлікке салынатын салық 107 917 117 399 127 485
Салықтық түсімдердегі үлесі, % 3,6 2,9 3,1
Жер салығы 13 467 12 977 13 039
Салықтық түсімдердегі үлесі, % 1,2 1,0 0,3
Көлік құралдарына салынатын салық 26 262 29 975 30 961
Салықтық түсімдердегі үлесі, % 1,1 1,1 0,7
Бірыңғай жер салығы 761 818 820
Салықтық түсімдердегі үлесі, % 0,7 0,8 0,02
Қосылған құн салығы, барлығы 677 229 865 213 914 361
Салықтық түсімдердегі үлесі, % 23,1 21,7 22,3
Акциздер, барлығы 61 423 76 400 93 143
Салықтық түсімдердегі үлесі, % 2,1 1,9 2,2
Табиғи, ресурстарды пайдал.түсім 231 273 298 039 303 928
Салықтық түсімдердегі үлесі, % 7,8 7,5 7,5
Халықарал сауда, сыртқы операц сал 373800 813 790 744 444
Салықтық түсімдердегі үлесі, % 12,7 20,0 18,1

Ескерту: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің статистикалық бюллетені №12 (168), желтоқсан 2012 ж.

Қазіргі таңда үкіметіміздің алдында тұрған міндет — ол тұрақты қабылданған зандардың негізінде қаржы жүйесін қалпына келтіріп, ондағы салық арқылы түсетін түсімдерді реттеп, олардың дұрыс бөлінуін қамтамасыз ету болып табылады. Және де салықтар қазынаны толтырып қана қоймай, өндірістің әрі қарай дамуының белсенді стимулының ролін атқаруы қажет деген тұжырымға келеміз. Олар кәсіпкерлікке деген ынталы тежеу механизмі болып келмей, керісінше оның тиімді әрекет етуінің қосымша бірден-бір факторының ролін атқаруы қажет.

Сондықтан да жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың басты мақсаты шаруашылықжүргізушісубъектілерге түсетінсалық ауыртпалығын салмай, қолданылып жүрген салықтар мен төлемдерді реттеу болып табылады. Бұл бағытта ең негізгі мәселе, акциздер мен меншікке салықтардың мәнін арттыру, ұқсас жағдайларда салық салудың шамамен тең тәртібі қолданылатын болады.Автокөліктерге салықты өсіру мәселесі соңғы бірер ай көлемінде жұрт аузымен сан-саққа жүгіріп тұр. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевтың елдегі кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері жөніндегі өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсынысы көп көңілге алаң салды.

Содан бері бұл ұсыныс ел талқысында. Десек те, мәселенің мәнісіне барып, наразылық танытып жатқандар негізінен қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден асатын жеңіл көлік иелері. Оларды қатты алаңдатқаны алдағы жылдың басынан бастап мотор көлемі 3-тен 4 мың текше сантиметр аралығындағы автокөліктерге салынатын салық 15 айлық есептік көрсеткіштен 35-66 АЕК-ке дейін бір-ақ көтерілмек. Қазіргі таңда жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Онда Жалпыұлттық жоспардың 5-тармағына орай мемлекеттік бюджет тапшылығын қысқарту мақсатымен ауқаттылыққа салық салынады. Оның ішінде мүлік және көлік құралы салығының фискалдық функциясын күшейту көзделген. Дей тұрғанмен, министр, көлік салығын жоғарылатудың негізгі мақсаты бюджетті толықтыру емес, қазіргі халықаралық тәжірибеге сәйкес, көлік құралы салығына пропорционалды экономикалық негізделген ставка белгілеу болып табылады. Өз кезегінде Салық кодексіне сәйкес көлік салығын есептеу автокөліктердің қозғалтқыш көлеміне қарай айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген ставкалар бойынша жүргізіледі. Осы тетік салық жинау және салықтық әкімшілендіру үшін тиімді болып табылады, дейді. Сонымен қатар, 2009 жылы күшіне енген Салық кодексін әзірлеу кезінде салық салу әділдігін белгілеу үшін ставкаларды азайта отырып, есептеу кезінде пайдалану мерзіміне қарай автокөліктерден түзету коэффициенттерін алып тастау жөнінде шешім қабылданыпты. Бұл шара автокөлік иелерінің экологиялық стандарттары төмен ескі машиналарды сатып алуға және пайдалануға ынталы болмауы үшін жасалған екен.

Бұрынғы салық салу тәжірибесі автокөлік иелерін ескі көліктерін сақтауға ынталандырған. Сөйтіп, автокөлік паркінің одан әрі ескіруіне жол берді. Соның салдарынан қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына зиянын тигізді. Әйткенмен, жаңа-ескі автокөліктерге салынатын салықтардың айырмашылығы болмайды, делінген министрліктің жауабында. Бұған қоса, Салық кодексіне сәйкес мемлекеттік мекемелер мен Ұлы Отан соғысына қатысушылар, мүгедектер мен көпбалалы аналарға белгіленген жеңілдіктер түгел алып тасталуы ықтимал.Оған себеп қымбат көліктерді сол кісілердің атына тіркеу жаппай құбылысқа айналып кеткен.

Салық салудағы күрделі жағдайларды ескере келе, салық салуды жүйелі жолға қою,калыптасқан проблемаларды шешу үшін салық орғандары салық төлеушілермен интенсивті байланыс орнатуы қажет,сондай-ак, салық төлеудегі ынталандыру шараларын қолданған жөн.

«Салық мәдениетін түзету қорын» жедел іске қосу керек. Ол үшін бірнеше бағыттар жұмыс істейтін болады. Мұнда тәрбиелеу шаралары балалар мен жасөспірімдер арасында жүргізіледі. Шаралардың міндеті- жеткіншектердің келешекте салық төлеуші Қазақстанның азаматы ретінде әлеуметтік мақсатқа бағдар беру, сөйтіп оларды өркениетті қоғамда жұмыс істеуге даярлау. Қорды құру мақсаты — Қазақстандағы салық мәдениетін түзету процесіне белсенді түрде ықпал ету.

Көлік құралдары салығының түсімін жоғарылату мақсатында салық жеңілдіктерін пайдаланушыларға белгілі бір сомада шектеу қойылуы қажет. Немесе жеңілдігі бар және көлік құралын басқаруға мүмкіндігі мен құқығы бар жеке тұлғаларға ғана салық жеңілдігі берілуі орынды болар еді.Әрине, мемлекет барысында бюджеттiң кiрiс бөлiгiн көбейтуге тырысады. Кәсiпкер де солай, ешкiм өз еркiмен, өз табысының бiр бөлiгiн беруге құлшынбайды. Мiне, сондықтан да әр елдiң өз салық кодексi бар. Олар әр елдiң экономикасының қаржы-несие саясатының, тұрмыс-тiршiлiгiнiң жағдайына байланысты әртүрлi болып келедi.

Дамыған елдердiң салық саясатының ерекшелiгi кәсiпкерлiк қызметпен айналысушы тұлғалардың салық ставкаларын төмендету болып табылады. Егер салық ставкалары төмендетiлсе бюджетке төленетiн түсiмдердiң бiразы азаяды, бiрақ салық салынатын базаның ұлғаюына әкелiп соқтырып, кейiннен төленетiн салық мөлшерi де көбейедi.