Түркістан археология үйірмесінің қайраткерлері

Үйірме құрылған жылдың соңында 100-ден астам мүшесі болған.

ТАӘҮ кездейсоқ мүшелерінің арасында, әсіресе бірінші жылдары жоғарғы әскери шенеуніктер және т.б., олардың ТАӘҮ мүшесі болудың себебі, формальдық жақындығы үйірменің құрметті председателі, өлкенің генерал-губернаторы, «Ақ үйге» жиі бару, өзін көрсетіп, басшылардың көзіне түсу, ал ғылымға қызығушылық болмады. Е.М.Массонның сөзімен айтқанда, «Археологияда өзіне карьераны жасауға талпынған (өйткені, председатель генерал-губернатор болған), бірақ (өлі жандар үйірмесі) саны жағынан алғанда, оның мүшелерінің аз бөлігі ғылымның алдамшы қызығушылары, энтузиастық өлкетанушылар болды».

Үйірменің мүшелері В.В.Бартольд, Н.П.Остроумов, В.А.Каллур, А.А.Диваев сияқты белсенді және көрнекті қайраткерлерді атап өтуге болады.

Түркістан өлкесінің тарихын зерттеуде ТАҮЕ қайраткері, ғалым-шығыстанушы В.В.Бартольдты атап өтпеуге болмайды.

В.В.Бартольд (1869-1930 ж.ж.) 1887 жылы гимназия мектебін алтын медальмен бітіріп, Петербург университетінің шығыс тілдері факультетіне түседі. Н.И.Веселовский, В.Р.Розен, В.А.Жуковский және т.б. ұстаздар оған білім берген. Сол уақытта жас ғалым Түркістан өлкесінің тарихына қызығады. Кейінгі уақытта Бартольд өзінің «Автобиографиясында» өзінің ұмтылысы туралы жазады: «Маған орыс шығыстанушы-тарихшысы қызықтырды, географиялық және тарихы жақын Ресей, Батыс Еуропа мен басқа шығыс елдеріне қарағанда орыс ғалымы материалдармен қамтамасыз етілгені толық шындық болып көрінді…».2

1893 жылы В.В.Бартольдтың және онымен бірге суретші-этнограф С.М.Дудинмен (1863-1929 ж.ж.) Академия ғылымының және шығыс тілдерінің Петербург университетінің бұйрығымен В.В.Радловтың қол астында Орта Азияға бірінші сапары жасалады. Бартольдтың алдына қойған мақсаты: «елдің өткен тарихына қосымша жазбаша деректер, мекендеген адамдар туралы мағлұмат жинап, қираған қалаларды қысқаша суреттеу».3

Мүмкіншілігі барынша ол әртүрлі қолжазбалар және т.б. айналысқан, сонымен қатар Бартольдтың археологиялық сапарларында Орта Азия ерекше орын алған.

Негізінен Шу алқабы мен Іле алқабына назар аудару керек еді. Бірақ, «экспедиция бағдарламасына ерттеу Траксоксион және жылқы мәдениеті ескерткіштерін зерттеу кірмеді», сол үшін болжамдауды бастап «Шымкент аймағынан, көшпелілердің иеліктерінен ідестірді».4

Бартольд Ташкентке келісімен Шымкент-Әулие-Ата бағытымен және әрі қарай Талас өзені (солтүстікке Оккум мекеніне, оңтүстікке Дмитриевский селосынан) арқылы аттанып, ежелгі мекендер және басқа ежелгі ескерткіштер бақыланып, есепке алынған. Бірақ, Бартольдтың жазатайым жағдайы (аттан құлап, аяғы сынған) Әулие-Атада қалып, одан кейін Ташкентте әскери госпитальда жатады. В.В.Бартольд 1893-1894 ж.ж. қыста Ташкентте қалуға мәжбүр болады. 1893 жылы 11 желтоқсанда Түркістан қоғам бөлімінің антропологтар мен этнография еріктілері мәжілісінде Н.П.Остроумов және В.В.Бартольдтың шығуы болды. Бартольдтың 1893 жылғы археологиялық іденістері туралы мәлімет беріп, «маңызды жергілікті қайраткерлерінің жұмысының мағынасы» және «жылқы мәдениеті және ерттеу Траксоксиан ескерткіштерін зерттеуді» жергілікті жұмысшылардың көмегімен асыруын көрсетті. «Өлкенің тарихын зерттеуде әлі күнге дейін саяхатшылар өздері тарихи факторларды ойдан шығарады, не болмаса фактілік білімі жоқ, ғылымды жаңа теориялармен және гипотизалармен байытады. Мен ойлаймын, отырғандар менімен келіседі, өйткені, өлкені зерттеуде әлі алда және басты рөл бұл жұмыста жергілікті қайраткерлердің қарамағында болуы керек, өлкемен танысуда ескі қалалар, сауда суреттеу және т.б. қайда орналасқаны оңай болады».5

1893 жылы 11 желтоқсандағы мәжілісте айтылған мәліметтер «осы екі хабарландырудан кейін пікір-таласпен алмасып, Ташкентте археологиялық үйірме құруға шешім қабылдады».

1893-1894 ж.ж. Бартольдтың Орта Азияға сапары өзінің уақытысында отандық археологияны кең материалдар мен ежелгі ескерткіштерді суреттеп, байытып жемісін берді. Бартольд өзінің өмірінде археологиялық мағынасын бағалаған, археологиялық әдебиеттердің жаңа түсімдерін бақылаған. Бартольд еш уақытта тарих пен археологияны қарама-қайшы қоймаған.6

1983-1894 жылдардағы сапарының бағыттарында Бартольдтың талаптылығымен қазба жұмыстары жүргізіледі. Н.В.Веселовский мен Бартольдтың арасында қақтығысты жағдай болып, Петербургқа қайтқанда, Веселовский экспедицияның қорытындысына қанағаттанбады. Н.В.Веселовскийдің айтуынша, Бартольд «кейбір жерлерде қазба жұмыстарын жүргізуі керек еді». Бартольдтің айтуы бойынша, «оның қазба жұмыстарын жүргізуге ешқандай құқығы, қаржысы, білімі, тәжірибесі болмағандықтан, 1-2 жыл дайындалуы керектігін айтқан».7

Массонның айтуы бойынша, Бартольд «Қырғызстан мен Қазақстанның оңтүстікті зерттеудегі сапарында археология жағынан есеп беру үлгілі болып қала береді».

Бартольдтың диссертациясын «Түркістан моңғол шапқыншылығы кезеңінде» сөзсіз қабылдады. Бұл оның ғылыми іскерлігі, санасы, ғылыми көзқарастары, қызығушылығы болып расталады. 1900 жылы 19 қарашада Петербург университеті шығыс тілдері факультетінің мәжілісінде қорғалады. Бартольд еңбегінің І бөлімі («Тексты») 1989 жылы басып шығарылды, ІІ бөлім («Исследование») 1900 жылы шығарылды. І бөлімде араб және парсы әңгімелерінің бөлігі, сол уақыттағы «қолжазба таңбалары», ғылыми маңызы болды. ІІ бөлімде «моңғолдар тарихының дамуы, Түркістанды және елді басып алу» туралы жазылған. Түркістан археологиялық үйірмесінің еріктілері жұмыстың 1899-1902 ж.ж. есеп беруде Бартольдтың «Түркістан моңғол шапқыншылығы кезеңінде», жергілікті қайраткерлері қиналған жағдайда Бартольдтың еңбегінен керекті жауаптарын тауып отырған.