Нематод жұқтырған малдардағы белгілер және оларды емдеу жолдары

Мониезиоз — малдың бүкіл денесінде күрделі өзгерістер тудырып, оны жаппай өлімге ұшырататын, Моnіеzіа ехраnsа және Моnіеzа bеnеdеnі құрттарынын ларазиттік тіршілігіпен болатын ішқұрт ауруы.

Қоздырғышы. Жай көзбен қарағанда жап-жалпақ болып, шұбатылып жататып, ұзындыры 4-10 метрге жететін ақ құрт. Жоғарыда аталғандай оның екі түрі бар. Моnіеzіа ехраnsа құрты бірнеше жүз бунақтан тұрады, оның ұзындығы 6-10 метр, жалпақтыры 1,0-1,5 см. Әрбір бунақтың ені ұзындығынан артық, басында төрт сорғыш органы бар, бірақ фитинделген ілмешектері болмайды. Мониезия құртыныңі, жыныс тесіктері бунақтың екі бүйірінен, ал басқа құрттарда бір-ақ бүйірінен ашылады. Ересек-құрттың жатыры ирек-ирек болып бунақты көлденең алып жатады. Моnіеzа bеnеdеnі жоғарыда аталған құртқа ұқсас, бірақ одан қысқалау – 4 метр. Оның жатыры тор секілді. Құрт жұмыртқалары төрт бұрышты, бес бұрышты, сопақ немесе сақина сияқты болып келеді. Жұмыртқаның ішінде сапталған балғаға ұқсас онкосфера бар. Ішінде хитинделген алты ілмешегі болады.

Дамуы. Ересек құрт ірі қаранын, қой-ешкінің ішегінде күнелтеді. Құрт личинкасы – цистиценркоид жер қыртысында күнелтетін, мпкроскоп арқылы ғана көрінетін ұсақ орибатей кенелерінің денесінде өседі. Мұндай кененің 60 шақты түрі (SсһеІоrіbаtеs, SіgоrіbаtuІа, kеrаtоsеtеs) бар. Күн сайын сыртқа малдың нәжісімен ондаған моинезия бунақтары шығып тұрады. Әр бунақта 20 мыңнан аса жұмыртқа болады. Бір мониозия құрты өз өмірінің ішінде 80 миллионға жуық жұмыртқа шашады. Нәжіске аралысып сыртқа шыққан бунақтар жайылып шабындыққа, шөп пен суға барып түседі де, жарылады, мұның нәтижесінде олардың ішіндегі быжынап жатқан жұмыртқалар босап шығады. Кейде бунақ малдың тік ішегінде жарылып кетіп, сыртқа жалаңаш жұмыртқалар, шашылады. Жайылымдары орибатей кенелері жұтып қояды. Кене денесінде жұмыртқа одан әрі жетіле түседі. Шымкент облысында 45-50 күн, кейде үш ай өтісімен жас личинка цистицеркоидқа айналады. Кейбір деректерге қарағанда, кене денесінде цистицеркоид қалыптасуы үшін 111 күн (28° С), тіпті 180-206 күн (16-18° С) керек. Жайылымда жүрген мал осындай іші цистицоркондқа толған орибатей кенелерін шөппен бірге жұтып жіберсе, мониезиозға шалдығады. Малдың асқазанына келіп түскен кене түрлі ферменттердің әсерімен қорытылады да цистицеркоид босап шығады. Ол өзінің алты ілмешегімен ішектің кілегей қабығына қадалып ішек сөлімен қоректенеді. Сөйтіп, орта есеппен бір жарым айдың ішінде ересек құртқа айналады.

Эпизоотологиясы. Малға мониезиоз жайылымда қаптап жүрген орибатей кенелері арқылы көктем айларында жұға бастайды. Кенелер саңырауқұлақ сабағымен, өсімдік түбірімен, шіріген органикалық заттармен қоректеніп, жайылымда екі жылдай тіршілік етеді. Олар әсіресе батпақты жерде, орманды жердің шөбі мен топырағында көп кездессді. СССР-да орибатей кенесінің 400-ге жуық түрі бар. Тың жерлер мен ашық даланың әрбір шаршы метрінде 20-25 мыңға жуық кене болады. Жыртылған жерде орибатей кенелері керісінше өте аз кездеседі. Көбінесе орибатей кенелері топырақ бетінде жорғалап жүреді, ал жауынды күндері өрмелеп шөп басына шығып кетеді. Күн ысыған мезгілде шөптен түсіп, топырақтың астына кіріп жасырынады. Күн батысымен олар қайтадан шөптің басына шығады. Кенелер шөп басында, әсіресе жауынды күндері ұзақ болады. Сондықтан малдың көпшілігі мониезиозға жауынды күндері шалдығады. Мониезия жұмыртқалары қолайсыз жағдайға төзімді келеді. Мәселен, нәжістегі құрт жұмыртқалары, ылғал мол болса, 12-14°С жылылықта төрт ай бойы өлмейді, бірақ 500С ыстықта бір минутке жетпей қырылып қалады. Жазды күні ашық далаға келіп түскен мониезия жұмыртқаларының екі тәуліктен кейін 36 проценті ғана, ал бесінші, алтыншы күндері 13 проценті ғана тірі қалады.

Патогенезі. Ұзындығы 4-10 м болып быжынап жүрген ересек құрт малдың денсаулығына орасан зиян тигізеді. Ащы ішекті бітеп тастап денедегі қалыпты ас қорыту сарынын бұзады. Азығы бойына сіңбей мал арықтайды. Құрт айналасына уытын таратып мал денесін улайды, Мониезия құрттары жыбырлап жүріп ішектің кілегейлі қабырын зақымдайды, қабындырады. Кейде құжынаған құрттар ішекті бітеп тастап азық одан әрі жүрмей қалады. Мұның салдарынан малдың іші кебеді. Жиырылып созылған ішек кейде бұратылып, шырмалады, оның алдыңғы кесінділері артқы кесінділеріне мінгесіп шек түйіледі.

Ауру белгілері. Ауырған малдың тәбеті қашады. Ол жабығады, күйзеледі. Малдың аузы кеуіп, біресе іші өтеді, біресе іші кебеді. Іші өткен малдың нәжісіне қан мен кілегей араласады, оның жамбасы, құйрығы, екі бұты, сирақтары нәжіске былғанады. Нәжіс бетінде жыбырлап жүрген, үлкендігі күріш дәніндей аппақ мониезия бунақтарын көруге болады. Ауру меңзеген мал әбден арықтап, меңіреу болады. Оның қаны азаяды, бауырының асты ісіп кетеді. Нерв жүйесі бұзылып, мал құрысып тыпыршиды, аузынан ақ көбік шұбырып жер тепсінеді, кейде дүрс етіп құлайды. Мал тесіліп бүйіріне қарай береді.

Өлекседегі өзгерістер. Өлексе өте арық болып көрінеді. Ауыздық, көз бен танаудың ішкі беті бозарған. Еттерінің арасы ісінген, талағы ұлғайған. Ащы ішек қабырғасын тіліп жібергенде оның ішінен жылан сияқты ирелеңдеген, шұбатылған ақ сары мониезия құрттары табылады. Ішектің кілегей қабығы жуандап қабынған, қайталаған. Шажырқайдағы қан және сөл тамырлары кеңейген, быттиып жуандаған. Ми қабығы қанталаған. Ішекті мониезиялар бітеп тастаған.

Диагнозы. Ауруды анықтау мақсатымен, оның эпизоотологиясы мен клиникасы ескеріледі. Мониезнозбен көбінесе жас мал ауырады. Ауру жаз айында шығады да, күзге қарай өршиді. Малдың жамбасы, екі бұтының арасы, құйрығы, артқы сирақтары нәжіспен былғанған болса, таңертең мал өріске шыққан соң, оның жатқан жерінен күріш дәніндей аппақ құрт таспалары табылса, аурудың мониезиоз болғаны. Лабораториялық жағдайында ауру Дарлинг және Фюллеборн әдістерімен анықталады. Қанықкан тұз ерітіндісі мен глицеринге салынған нәжістен бөлініп құрт жұмыртқалары ерітіндінің бетіне қалқып шықса аурудың мониезиоз екеніне ешқандай күдік қалмайды. Я.Д.Никольский өз әдісін қолданды. Оның мәні мынада: стаканға 5-10 г нәжіс салады да үстіне су құйып шайқап араластырады. Бактериологиялық пробиркаға стакандағы сол судан аздап құйып алады да, екі сағаттай тұндырады. Содан кейін тұнбаны төсеніш шыныға жағып, микроскоп арқылы эерттеп, құрт құмырсқаларын іздейді.

Емі. Ауру мал тотияйын, күшалалы қола қышқылы, марганецтің қола қышқылы, кальцийдің қола қышқылы сияқты дәрілермен емделеді.

Тотияйынның судағы бір проценттік ерітіндісін шлангімен малдың аузына құяды (үш – алты айлық бұзауға – 120-150 мл). Жыл сайыи мониезиоз шығатын шаруашылықта дегельминтизация екі рет; бірінші рет мал өріске шыққан сон 1-1,5 ай өтісімен, яғни көктемде, ал екінші рет бұдан 15 күн өткен соң жасалады. Тотияйын ерітіндісін шыныдан немесе ағаштан жасалған ыдыста әзірлейді. Осы мақсатпен жаңбыр, қар суы немесе дистилденген су, ал олар болмаса, өзен, көл, құдық суы пайдаланылады.

Сақтық шаралары. Ұдайы мониезиоз шығып тұратын шаруашылықта бұзау, тана, торлақтар ересек малдан бөлек, екі жыл бойы пайдаланылмаған таза жайылымда бағылады. Мұндай жайылым болмаса егілген жерде от татады. Мониезиядан арылту үшін төлді жазғытұрым, яғни мал жайылымға шыққан соң бір ай өтісімен тотияйын ерітіндісінде үшінші рет дәрілейді. Сазды, батпақты жерлерге мал жаюға болмайды. Жас малды мониезиоздан аман сақтау үшін көктемде қораның айналасын жыртып тастайды: орибатей кенелері қопарылған топырақтың астында тұншығып қырылып қалады.

ТИЗАНИЕЗИОЗ

Ірі қараның, сондай-ақ қой-ешкінің Тһуsаnіеzіа giardi құрты тудыратын гельмиятозы. Онымен көбінесе ересек мал ауырады. Ауру қоздырғышының ұзындығы 5 метр. Тизаниезия бірнеше жүз бунақтан тұрады. Басында төрт сорғыш органы бар, бірақ хитинделген ілмешектері жоқ. Бунақтың ені ұзындығынан екі есе артық. Ересек тизаниезия бунағында 20 мыңдай жұмыртқа бар. Жұмыртқа сырты арнаулы капсуламен қапталған. Жыныс тесіктері бунақтың бір жағынан алма-кезек ашылады. Құрттың жатыры жұмыртқаға толған, бунақта көлденеңінен орналасқан.

Дамуы. Тизаниезия биологиясы зерттеліп біткен жоқ. Кейбір ғалымдар құрттың аралық иесі орибатей кенесі деп жорамалдайды. Бірақ Қазақстанда жүргізілген зерттеулер мұны теріске шығарды.

Эпизоотологиясы. Тизапиезиоз Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Онымен көбінесе ересек мал ауырады. Тизаниезиоз мал арасында күзде шығып, қыс ортасында өршиді де, жазғасалым өзінен-өзі жойылып кетеді.

Ауру бегілері. Ауру мал жабығады. Іші біресе өтіп, біресе кеуіп, малдың асқазанында ас қорыту сарыны бұзылады. Мал арықтап, оның көздерінің аузы мен танауларының кілегейлі қабықтары бозарып кетеді. Жүздеген тизаннезия құрттары ішек қуысын бітеп тастап қоректік заттардың бойға, сіңуіне кедергі жасайды. Ащы ішекте быжынап жатқан құрттар айналасына уытын таратады. Құрт уы денесіне сіңіп мал уланады. Мал діріл қағып, қалтырайды, оның аузынан сілекейі шұбатылады.

Өлекседегі өзгсрістер. Малды сойысымен оның ащы ішегін тіліп жібергенде тизаниезия құрттары табылады. Ащы ішектің кілегейлі қабығы қабынған, қапталаған. Сондай-ақ өкпе, бауыр, жүрек-талақ т.б. органдар да қанталаған. Ауруды анықтау үшін эпизоотологиялық деректер мен ауру белгілері пайдаланылады.

Емі. Тизаниезия құрттарынан арылту үшін малға екі рет, яғни бірінші рет күзде, екінші рет қыс басында тиісті дәрілермен дегельминтизация жасалады. Қолданылатын дәрілер мен олардың мөлшері мониезиоз кезін-дегідей.

Гемонхоз – малды қансыратып, арықтататын, көптеген жағдайда оны өлтіретін. Нaemonchus соntortus құрты тудыратын ішқұрт ауруы. Мал оған әсіресе қыстыгүні немесе жазғытұрым шалдығады.

Морфологиясы мен дамуы. Жұмыр құрт. Гемонх қыл сияқты жіп-жіңішке, оның ұзындығы 2-3 см. Микроскоп арқылы қарап оның басындағы хитинделген кішкене ауыз қуысы капсуласын көруге болады. Капсуланың ішінде жіп-жіңішке жалғыз тісі бар. Еркегінің құйрық жағында жалпақ келген жыныс бурсасы орналасқан. Жыныс бурсасы көптеген хитии қабырғаларымен керілген. Еркек құрттың артқы жағы жіңішке, алдыңғы жағы жуан болып келген екі спикуласы бар. Ұрғашы гемонхтың алды да, арты да бірдей сүйірленген. Жыныс тесігі құрттың арт жағынан ашылады. Гемонх мойнының екі жағында шотаяққа ұқсаған қос бүртігі бар. Оны тек микроскоп арқылы көруге болады. Гемонхтар ұлтабардың ішінде күнелтеді, Еркегімен шағылысқаннан кейін ұрғашы құрт көптеген жұмыртқа сала бастайды. Жұмыртқа өте кішкентай, микроскоп арқылы ғана үлкейтін көруге болады. Ол сопақ болып келген, оның іші ұрыққа толы. Мыңдаған жұмыртқалар азыққа ілесіп ұлтабардан ішекке ауысады да, нәжіспен бірге сыртқа шығады. Ауа райы қолайлы болса (22°С), бір тәулік өтісімен жұмыртқаның ішінде микроскоп арқылы ғана көрінетін көптеген кішкентай личинкалар пайда болады. Пішіні жыланға ұқсаған личинка қолайлы жардайға душар болса бір апта ішінде екі рет түлеп бірінші, екінші және үшінші сатылардан өтеді. Сөйтіп ауру тудыру қабілеті бар инвазиялық личинкаға айналады. Мұндай личинканың сыртында табиғаттың қолайсыз жағдайларынан (құрғақшылық, ыстық-суық) қорғайтын екі қабат қабығы болады. Инвазиялық личинка үш айға дейін, тіпті бір жылға дейін өлмейді. Ылғалды жерге түссе, олар 50°С ыстықты да көтере береді.

Эпизоотологиясы. Гемонхозбен күйіс қайыратын мал түліктері түгелдей ауырады. Ауру қыстың екінші жартысында шығады да, көктемде мал арасына кеңінен тарап кетеді. Гемонхоз Қазақстанның орталық облыстарында, әсіресе, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында жиі кездеседі. Солтүстік облыстарда құрт личинкалары қыстыгүні аязға шыдай алмай, көбінесе қырылып қалады. Олар суда балықша жүзеді, бұлтты, жауынды күндері өрмелеп шөптің басына шырын кетеді. Сәскеге дейін, сондай-ақ қараңғы түсісімен, тіпті түні бойы личинкалар шөптің сабағын бойлай әрлі-берлі кезіп жүреді. Әсіресе олар шөп басында құжынап кетеді, ал ашық ыстық күндері ыстыққа шыдай алмай шөптің түбін, топырақ арасын паналайды. Кейбір деректерге қарағанда, гемонхозбен көбінесе жас мал ауырады. Ірі малдар да ауырады, бірақ оларға бұл ауру емдесе онша қауіпті емес.

Патогенезі. Гемонх ұлтабардың кілегейлі қабығына жабысып оны, аузындағы жалғыз тісімен жарақаттайды да, сорғалап аққан қанмен қоректенеді. Бара-бара ұлтабардың іші қанға толып кетеді. Көп кешікпей қан ұлтабардан ащы ішекке ауысып нәжіске араласып сыртқа шығады. Кей жылдары ауру малдың көбі қансырап өле бастайды. Өлген малдың ұлтабарын жарып жібергенде, оның кілегейлі қабығына сүлікше қадалған гемонх құрттарын көруге болады. Құрт он мыңдап саналады. Жай көзбен қарағанда олар ұлтабарда киіз секілді ұйысып жатады. Кейде ұлтабардың ішкі беті шұрқ-шұрқ болып тесіледі. Ауру малдың қаны азаяды (анемия). Эритроцит саны күрт азайып, РОЭ, тұну реакциясы жеделдейді. Лимфоциттер мен эоззинофиль, лейкоциттер саны бірнеше есе көбейеді. Сайып келгенде ішек-қарында ас қорыту, сіңіру процестері бұзылады. Гемонх құрты уытын шығарып, мал денесін уландырады.

Ауру белгілері. Ауру мал арықтайды. Ұлтабар мен ішекте ас қорыту, қоректі заттарды сіңіру қызметі нашарлайды. Кейде малдың нәжісіне қан араласады. Оның тыныс алуы, тамыр сорысы жеделдейді. Мал әбден арық-тап, екі-үш айдан кейін қансырап өледі.

Өлекседегі өзгерістер. Өлексе тым арық, сырттай қарағанда оның қабырғалары ырсиып тұрады. Еттері боп-боз, онда қан-сөл жоқ. Ұлтабарды тіліп жібергенде ішінен киіз сияқты ұйысып жатқан мыңдаған гемонх табылады.Ми мен жұлын ісінген, қабынған. Ішек-қарын, бауыр, бүйрек солып семген.

Диагноз. Ауруды анықтауда эпизоотологиялық деректер мен ауру белгілерін ескере отырып, гемонхозды бірден-бір дәл анықтау үшін мынадай әдістер қолданылады: 1) овоскопия, ол үшін тұздың қаныққан ерітіндісін – Дарлинг әдісін, сондай-ақ тең мөлшерде алынған глицерин мен тұздың қаныққан ерітіндісін – Дарлинг әдісін пайдалана отырып, гемонх жұмыртқа-ларын іздейді. Бұл ерітінділердің сыбағалы салмағы гемонх жұмыртқасынан әлдеқайда ауыр, сондықтан жұмыртқа олардың бетіне қалқып шығады; 2) инвазиялық личинка өсіру. Малдың нәжісін жайпақ шыны ыдысқа салып үстіне су бүркеді де, термостатқа қояды (22-26° С жылылықта). Бір апта бойы күн сайын ертеңгілікте оған су бүркіп, дымқылдап отырады. Осы уақыттың ішінде жұмыртқа личинкаға айналады, личинка екі рет түлеп, екі қабат қабықпен қапталады. Гемонх личинкасын басқа құрт личинкаларынан ажырату үшін оны инвазиялық сатыға жеткізеді. Инвазиялық личинка 16 ішек клеткасынан тұрады, оның пішіні ромба секілді. Жіп-жіңішке болып, соңғы екі клетка қатарласа орналасқан. Гемонхозды личииканың осы белгілеріне қарап анықтайды; 3) өлген малдың ұлтабарын зерттеу сенімді әдіс. Ұлтабарды тіліп жібергенде, оның кілегейлі қабырына қадалған, пішіні қыл сияқты мыңдаған гемонхтар көрінеді. Жаңа ғана сойылған немесе өлген бойда ішін жарған малдың ұлтабарындағы гемонхтар қызыл жіп сияқты шұбатылады. Гемонх – қан сорғыш құрт.

Емі. Бірден-бір әсерлі дәрі фенотиазин. Өзіндік иісі мен дәмі бар, суда ерімейтін, май мен спиртте түгелдей еритін ақшыл сары ұнтақ. Құрамы таза емес фенотиазин көкшіл немесе ашық жасыл түсті болады. Таза фенотиазин басқаша тиодифениламин деп аталады. Фенотиазин күн көзінде және ылғалды жерде көп жатып қалса тотығады да, өзінің дәрілік қасиетінен айырыла бастайды. Суда ерімейтін болғандықтан фенотиазин балшыққа, бентонитке, желатинға, крахмалға, тұзға немесе сабын ерітіндісіне араластырып беріледі. Малды алдын ала ашықтырудың қажеті жоқ. Дәрі ішкеті малдың зәрі қып-қызыл болып кетеді. Фенотиазин бұзауға суға араластырылған суспензия ретінде беріледі. Суспензияны бірнеше рет шайқап жібереді де резина шланг арқылы малдың аузына құяды. Ересек малға берілетін фенотиазин 30-40 грамнан аспауға тиіс, бұдан көп болса мал уланып қалуы мүмкін, мұндай жағдайда кейде өліп те кетеді.

Сақтық шаралары. Ең алдымен гемонхоздың кең етек алуына тежеу салу керек: аурудың қашан, қайда шыққанын, өршіген, басылған кезеңдерін ескере отырып, гемонхозға шалдыққан малды емдейді. Сөйтіп, оны тоқтатуға тырысады. Жалпы мал дәрігерлік-санитарлық шараларды уақытында қолдана отырып, оны шөбі-шүйгін. Суы мол жайылымда бағады. Жазда жайылым ауыстыру жұмысына ерекше мән беріледі. Гемонх личинкаларының өсу сатыларын (5-4 күнде инвазиялық сатыға жетуін) ескеріп апта сайын мал жаңа жайылымға көшіріліп отырады. Алғашқы жайылым участогіне мал 3-4 айдан кейін ғана оралуға тиіс. Малды батпақты, сазды жерге баруға, суаруға болмайды. Жыл сайын гемонхоз шығып жүрген шаруашылықта малға жылына екі рет (көктем және күзде) дегельминтизация жасайды (тиісті мөлшерде фенотиазии ішкізеді).

Нематодироз – малдың, әсіресе бұзау-тайыншаның ұлтабары мен ішегін зақымдап, қанын азайтатын, оны улап шығынға ұшырататын Nеmatodierus тудыратын ауру.

Құрттың морфологиясы мен дамуы. Жіп сияқты жіңішке гельминт-нематодирдің ұзындығы 7 мм, Қазақстанда оның 13 түрі бар. Құрттың артқы жағы бас жағынан сәл жуандау. Алдыңғы жағы біртіндеп жіңішкереді де, қыл сияқты болып аяқталады. Ауыз қуысы кішкентай. Оның айналасында алты бүртігі, жалғыз тісі бар. Тұмсығында шоқпардың басындай жуан дөңес везикула орналасқан. Везикула көлденең сызықтармен тілінген, мойнының екі жағы теп-тегіс, гемонхтікіндей қос бүртігі жоқ. Еркек нематодирдің жыныс бурсасы жалпақ, екі қалақшаға бөлінеді. Ұзынша келген қос сникуласы құрттың құйрық жағында жіңішке жіп сияқты шұбатылып шығып жатады. Ұрғашы құрттың құйрығы сүйірленген. Жыныс тесігі төмен жағынан ашылады. Құйрығында шошайған істік бүртігі бар.

Нематодирлер малдың ұлтабары мен шегінде күнелтіп, олардың ішіне көптеген жұмыртқа салады. Жұмыртқа нәжіске араласып сыртқа шығады. Жайылымда ол ауа райына қарай 15-26 күн өтісімен личинкаға айналады. Личинка екі рет түлеп ауру тудыру қабілеті бар инвазиялық сатыға жетеді. Инвазиялық личинка ыстыққа, суыққа өте төзімді: 34-35 градус жылылықта 2 айдай, 45-46 градус жылылықта бір айдан астам, ал 4-8 градус жылылықта үш айдан аса тіршілік етеді. Ол құрғақшылықта алты ай бойы өлмеген. Жайылымда личинка шөп басына өрмелеп шығып, әрлі-берлі оның сабағын кезіп жүреді. Мал осы личинкаларды шөппен немесе сумен бірге жұтып жіберсе, нематодирозға шалдығады. Ішке барып түскен соң олар ішектің кілегейлі қабырына қадалады да, оның астына кіріп алып үш аптада екі рет түллейді, содан кейін ішек қуысына қайтып оралып, ересек құртқа айналады.

Эпизоотологиясы. Нематодироз (Қарағанды, Жезқазған, Ақтөбе, Орал, Гурьев облыстарында) республикамызға кең тараған. Жоғарыда айтылғандай онымен көбінесе бұзау, торпақ, тайыншалар ауырады.

Нематодир жұмыртқалары мен личинкалары табиғаттың қолайсыз жағдайларына өте төзімді: қардың астында қыстап шыға береді. Жайылымда инвазиялық личинкалар бір жылға дейін өлмеуі мүмкін. Ауа райына қарай құрт жұмыртқаларының инвазиялық ауру жұқтыра алатын сатыға жетуі ұзарып немесе қысқарып отырады. Мәселен, жұмыртқа жайылымға апрель айында түссе, оның инвазиялық личинкаға айналуы үшін 43 күн, май айында түссе 13, июньде түссе 19, июльде түссе 14, августа түссе 15, сентябрьде- түссе 20 күн уақыт керек. Көктем мен күзде бұл мезгіл ұзағырақ болуы мүмкін. Шыжыған жаздық ыстық күндері личинка екі аптаға жетпей-ақ инвазиялық сатыға жетеді. Ақтөбе, Орал, Гурьев облыстарында нематодироз жаз айында басталады да, күзге қарай өрши бастайды. Кейбір малда құрттың саны 30 мың-нан асып кетеді. Республикамыздың солтүстігінде жаз ортасында, ал таулы аудандарда күзге қарай мал өле бастайды.

Патогенезі. Асқазанға келіп түскен нематодир личинкалары ішектің кілегейлі қабығын тесіп жарақаттайды, одан әрі тереңдеп, сол қабықтың арасына кіріп орналасады. Жарақаттанған жер қабынады. Өсіп жетілген нематодирлер қайтадан ішек қуысына оралады да ішек қабырғасына қадалып алып, малдың қанын сора бастайды. Быжынаған құрттар ұлтабар мен ішекті жаппай жарақаттап, мұнда ас қорыту қабілетін бұзады. Кейде ішек бітеліп қалады.

Ауру белгілері. Аурудың алғашқы белгілері мал денесіне инвазиялық личинка енісімен 11-14 күн өткен соң білінеді. Тағы да 4 күннен кейін мал өле бастайды. Ауру мал нашарлайды, оның өкпесі қысылып, тынысы тарылады, біресе іші өтіп, біресе қатады. Ол арықтайды.

Өлекседегі өзгерістер. Өлген мал тым арық ішек жуандаған. Оның кілегейлі қабығы тесіліп қанталаған, қабынған. Қанның жалпы мөлшері азайған. Нервтер, сөл бездері, жүрек еті, ішек түгелімен қабынған.

Диагнозы. Осы мақсатпен малдың нәжісі Фюллеборн әдісімен зерттеліп, одан құрт жұмыртқалары ізделеді. Нематодир жұмыртқасының басқа құрт жұмыртқаларынан бірқатар айырмашылығы бар. Ол басқалардан 1,5-2 есе ірі. Сопақша болып келген. Оның қақ ортасында 6-8 дөңгелек бластомер бар, бірақ екі жақ шеті бос. Ауруды нематодир личинкасын инвазиялық сатыға дейін өсу арқылы да ажыратура болады. Ол үшін малдың нәжісін 10-15 күн термостатта жылы жерде ұстайды да, өсіп шыққан личинкаларды сүзіп алып, арнаулы таблица бойынша олардың түрін анықтайды. Инвазиялық личинканың ішек клеткалары бес бұрышты трапецияға ұқсайды. Жалпы клетка саны 8. Клеткалар бір-біріне жалғасып жатады. Личинканың құйрығында тарамдалған үш шошағы бар. Өлген малдың ауруын анықтау онша қиын емес ащы ішекті тіліп жібергенде ішінен қыл сияқты мыңдаған нематодир табылады. Қара ыдысқа салып сумен шайса, құжынаған құрттар айқын көрінеді.

Емі. Сынаудан өткен дәрілердің ішінде хлорофос пен нафтамон тиімдірек. Жас малға хлорофостың 1,5 проценттік ерітіндісі (мал салмағының әр килограмына 10 мл) екі рет ішкізіледі. Оның ересек құртқа да әсері күшті. Бірақ хлорофоспен емдеген күні малға сүрлем беруге болмайды. Екі күннен кейін малдың күйі жақсарып жемшөпке тәбеті тартады, іші өтуі тыйылады. Мал арасында өлім-жітім тоқтайды. Хлорофос малға қыс аяғында немесе көктем басында берілетін болса, алдымен оныц уыттылығы тексеріледі: 10-15 малға ішкізіп, дәрі мөлшері анықталады. Бұлардың бірде-бірі өлмесе, хлорофосты барлық малға қорықпай қолдана беруге болады. Бірер мал улана қалса, оларға атропин беріп хлорофосты тез айдап шығады. Нематодирозға қарсы нафтамон (мал салмағының әр килограмына 0,3г) қолданылған. Мұнымен емделінген 100 бас малдың 94 жазылған. Дәрі 0,5 г қолданылса мал түгелдей ауруынан айыққан. Аталған ғалым хлорофоспен нафтамонды араластырып та қолданған. Нафтамонның (мал салмағының әр килограмына 0,1 г) 10 проценттік эмульсиясын ішкізген соң хлорофостың (мал салмағының әр килограмына – 25 миллиграмм) 1 проценттік ерітіндісін берген. Шетелдерде нематодирозға шалдыққан мал метиридин, тиабендазол және пилверм деген дәрілермен емделіп жүр. Мөлшері (мал салмағының әр килограмына); метиридин – 0,2 г, тиабендазол -70-80 мг, нилверм – 10 мг. Әсіресе құртқа нилверм күшті әсер етеді.

Сақтық шаралары. Бұрын «жазғы тышқан» деп аталатын бұл ауру соңғы 5-10 жыл тұсында ғана анықтала бастады. Нематодирозға қарсы қолданылатын басты шаралар: төлді жазда қорада ұстау немесе ауыл маңы-на орнатылған базда, лагерьде бағу. Малға витаминге бай көк шөп шауып әкеліп береді. Жыл сайын нематодироз шығып жүрген шаруашылықта малға фенотиазин тұз қоспасын (1:14) астауға салып беруге болады. Қоспа әзірлеу үшін 9 бөлік ұсанылған тұзға бір бөлік фенотиазин қосады да, мұқият араластырады.

Буностомоз — малдың қанын сорып, оны арықтатып, көбінесе өлімге ұшырататын Вunostomum ріеbоtоmum дейтін жұмыр, құрт тудыратын ішқұрт ауруы.

Морфологиясы мен биологиясы. Еркек құрттың ұзындығы 1 см, ұрғашысынікі – 2 см. Еркегінің жыныс бурсасы воронкаға ұқсайды, екі қалақшадан тұрады. Бұлардың біреуі ұзынырақ, екіншісі қысқарақ. Басы бір жағына қисайған. Тұмсығында воронкаға ұқсас ауыз қуысы (капсула), ал оның түбінде бір тісі, ұзын аузының ашылатын жерінде кішкене екі тісі бар. Өңеші басталатын жерде мойын бүртігі бар. Буностом құрты ішекте күнелтеді. Ішектің ішіне ұрғашы құрт мыңдап жұмыртқа салады. Жұмыртқа нәжіске араласып сыртқа шығады. Сырттағы температура үш градустан төмен немесс 35° С-тан жоғары болса, жұмыртқа ішіндегі личинка өліп қалады. Ауаның жылылығы 10° С шамасында болса буностома личинкалары 12-30 тәулікте, 16° С болса 11 тәулікте, ал 21° С болса бір аптада инвазиялық сатыға жетеді. Инвазиялық личинкалар ыстық-суыққа онша төзімді емес: 50 минут кептірсе, 10-15 тәулік аязда ұстаса олар түгелдей қырылып қалады. Буностом личинкалары шапшаң өсуі үшін 2-10° С жылылық, 70-76 процент ылғалдылық керек. Мұндай жағдайда инвазиялық личинкалар екі жарым-үш ай бойы тіршілік өте алады. Мал инвазиялық личинка түскен шөп жеп, су ішсе буностомозға шалдырады. Сондай-ақ олар мал терісін тесіп оның ішіне кіруі мүмкін. Мал денесінде инвазиялық личинкалар қан тамырына енеді де, қан ағынымен өкпеге барып, бір-екі күн кідіреді. Мұнда түлеп, одан әрі личинка қақырыққа ілесіп кеңірдекке, кеңірдектен ауызға түседі. Содан кейін мал оны екінші рет жұтып жібереді. Ішекке келіп түскен личинка бір жарым — екі жарым айда ересек буностомға айналады. Ф.С.Сарымсақов деректеріне қарағанда буностом мал денесінде 10-15 ай тіршілік етеді.

Эпизоотологиясы. Буностомоз республика көлемінде кең тараған ауру. Алайда ауру қоздырғышымен мал денесіне қалай ееетіні жөнінде қайшы, тіпті қарама-қарсы пікірлер бар. Мәселен, кейбір ғалымдар (Демидов пен Сарымсақов, 1958) буностом личинкалары мал денесіне оның терісі арқылы, ал шетелдік ғалымдар жемшөп пен су арқылы жұғады деген шешімге келеді. Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында олар августа не бары 9-14 күн өтісімен, ал апрельде екі айда инвазиялық сатыға жетеді. Осыған қарағанда малға буностомоз жаппай жаз айларында жұғады. Буностом личинкалары шөп басына, әсіресе, оның сабары дымқыл болса өрмелеп оп-оңай шығады. Жауынды күндері олар шөптің басында быжынап жүреді. Демек, малға буностомоз бұлтты, жауын-шашынды күндері жаппай жұғады. Ауаның температурасына қарай инвазиялық личинканың тіршілік мерзімі өзгеріп отырады. Айталық, 27° С жылылықта ол 16 күн тіршілік етеді.

20° С жылылықта бір айдың ішінде личинкалардың 90 проценті қырылады. Сақа мал денесінде буностом құрты жылдың қай мерзімінде де аздап кездесе береді. Ұдайы қорада тұрған малға да буностомоз жұғуы мүмкін. Ауру белгілері. Буностомозға шалдыққан мал қажиды, кілегей қабықтары бозарып арықтайды. Оның ыстығы көтеріледі, қаны азаяды, денесін шектен тыс су жайлайды. Мал жүре алмай жатып қалады, іші өтіп әл-сірейді. Арық малдың 60-80 проценті өлуі ықтимал. Азықка деген тәбеті жойылмаса да мал күннен-күнге арықтай түседі.

Өлекседегі өзгерістер. Өлген мал өте арық. Өкпенің іші-сырты бірдей қанталаған. Бауырындағы өт жолы, ішектің кілегейлі қабыры мен еті қанталап қабынған. Олардың кейбір жеріне ірің мен қан аралас жалқаяқ жиналған. Буностом қадалған жер жараға айналған. Кейде өт жолы бітеліп қалған.

Диагнозы. Буностомоз белгілері басқа гельминтоздардікіне ұқсас, сондықтан оларға қарап ауруды анықтау қиын. Осы мақсатпен алдымен өлекседегі өзгерістер ескеріледі. Ауруды инвазиялық личинкаға өсіру әдісімен де анықтауға болады. Ол үшін ауырған малдың нәжісін шыны ыдысқа салады да, үстіне жылы су құйып бір апта термостатта ұстайды. Нәжіс кеуіп кетпес үшін күн сайын оның үстіне су бүркіп отырады. Бір апта өтісімен нәжістен осы жетілген личинкаларды Берман әдісімен шыны ыдысқа жинап алады да микроскоп арқылы зерттеп, Поляков таблицасы бойынша құрттың түрін анықтайды.

Емі. Ауру малға фенотиазин, төртхлорлы көміртегі және хлорофос беріледі. Ф.С.Сарымсақов ауру малға фенотиаззин (салмағының әр килограмына 1,5 г) ішкізіп, оның 72 процентін құрттан арылтқан. Таза төрт-хлорлы көміртегі мал басына 3-5 мл мөлшерінде ішкізілді. Хлорофостың 10 проценттік ерітіндісін (мал салмағының әр килограмына 3 мл) ішкізіп ауру малдың 80 процентін құрттан арылтуға болады.

Сақтық шаралары. Жыл сайын бутостомоз болып тұратын шаруашылықта малды жауынды күндері қорада (қоршауда) ұзақ уақыт ұстауға болмайды. Қораны жиі-жиі нәжістен тазартып отырады. Төлге арналған жаздық лагерьді құрнаққа, дөңес жерге салу керек.

Буностомоз өршитін маусымға 10-15 күн қалғанда малды түгелдей жоғарыдағы көрсетілген дәрілердің біреуімен емдеу қажет.

Диктиокаулез – малдың өкпесі мен кеңірдек, бронхтарын зақымдап, оның денсаулығына үлкен зиян тигізетін, Dictyocaulus viviparus құрты тудыратын ауру. Диктиокаулез Павлодар, Гурьев, Маңғышлақ облыстарында жиі, ал Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Алматы облыстарында сирек кездеседі. Э.И.Прядко (1960) оны Алматы облысының таулы аудандарынан тапты. Онымен күйіс қайыратын мал, әсіресе бұзау, торпақ, тайыншалар ауырады. Оның ішінде бұзаулардың арасында өлім-жітім жиі кездеседі. Ауырған бұзаулардың бойы өспей қалады. Малдың өнімі (май, ет) азаяды, терісінің сапасы төмендейді. Басқа ауруларға төтеп беру қабілеті нашарлайды. Өкпесі құрт жеген жас мал тұқым өсіру ісіне жарамай қалады. Ауруға шалдыққан мал бракқа шығарылады да етке тапсырылады.

Морфологиясы мен дамуы. Dictyocaulus viviparus – иірілген жіп сияқты ақшыл сары құрт. Еркек құрттың ұзындығы – 1,5-4,5 см. Оның құйрық жағында жыныс бурсасы, қоңыр түсті жуан әрі қысқа екі спикуласы бар. Тұмсығында кіп-кішкентай ауыз қуысы тас төбесінен ашылады. Ұрғашы құрттың алдыңғы және артқы жақтары өзара бірдей сүйірленген. Оның жыныс тесігі денесінің арт жағынан ашылады. Жатыры миллиондаған жұмыртқаға толған. Ақшыл қара көк жұмыртқа сопақша болып келген. Ересек құрт малдың өкпесі мен кеңірдегін мекендейді. Еркегімен шағылысқан соң ұрғашы құрт көптеген жұмыртқа салады. Жаңа ғана салынған жұмыртқаны микроскоп арқылы қарағанда, оның ішінен жетіліп қалған жас личинкаларды көруге болады. Мал жөтелген кезде осы жұмыртқалар қақырыққа араласып оның аузынан келіп түседі. Мал оны қайтадан жұтып жібереді. Ішек-қарында босап шыққан личинкалар малдың нәжісіне араласып сыртқа шығады. Мұнда қолайлы жағдай тапса, олар екі түлеп инвазиялық сатыға жетеді. Мұндай личинка екі қабат қабықпен қоршалған, ыстыққа, суыққа өте төзімді келеді. 24-27 градус жылылықта ол үш күнде немесе бір аптада инвазиялық сатыға жетеді. Күн суыта бастаса личинкалардың сыртта өсіп жетілуі едәуір ұзарады. Кейбір мәліметтерге қарағанда ауа температурасы 30 градустан асса немесе 10 градустан төмен болса личинкалар өспей қырылып қалады. Мал жайылымда жүргенде инвазиялық личинкаларды жұтып қояды да диктиокаулезге шалдығады. Ішекке барып түскен личинкалар сөл мен ферменттердің әсерінен сыртқы қабығынан айыфрылады да, одан әрі лимфа торабына енеді. Ақыры қан ағынымен өкпеге барып жетеді. Өкпеде личинка екі рет түлеп 1-2 ай ішінде ересек диктиокаул құртына айналады. Мал қоңды болса, оның өкпесіндегі құрт өте баяу өседі: бұған 1-2 айдың орнына 5-6 ай керек. Жетілген құрт малдың ішінбде екі жылға дейін өмір сүреді.

Эпизоотологиясы. Диктиокаулез мал арасына сақа сиырлар мен тайыншалар арқылы тарайды. Бұзауға ол жазғы және күзгі жайылымда жүргенде жұғады. Диктиокаул құрты күн суытып қыс түскендемалдың өкпесінде қыстайды. Бірақ ұрғашы құрт бір жерге екі рет жұмыртқа салмайды. Жұмыртқаны олар көктемде сала бастайды. Солтүстік және солтүстік шығыс облыстарында диктиокаул малға көктем мен күзде жұғады. Диктиокаулдер малда 4-5 айдан бір жылға дейін өмір сүруі мүмкін.

Диктиокаул личинкалары ыстыққа, суыққа алғашқы екі сатыда төзімсіз, ал үшінші сатысында төзімді келеді. 12-14 градус жылылықта үш ай бойы өлмеуі мүмкін. Кептіру, құрғақшылықта ұстау әсерінен олар көп кешікпей қырыда бастайды, ал биік шөптің арасында екі ай бойы тіршілік етеді. Өсуінің бірінші сатысында личинкалар 12 градус жылылықта екі тәулік өтісімен, ал 20 градус жылылықтан асса 15 минуттан кейін қырылып қалады. Қар астында қалған инвазиялық личинкалар келесі жылғы көктемге дейін өлмеген. Тікелей түскен күн сәулесі диктиокаул личинкаларын тез арада қырып тастайды.

Патогенезі. Жемшөппен немесе сумен бірге келіп түскен диктиокаул личинкалары малдың ішек-қарнын жарақаттап, осы арада лимфа торабына емеді. Одан әрі қан тамырына ауысады да қан ағынымен бір тәуліктен кейін өкпеге жетеді. Өкпеде капиллярларды тесіп альвеолаларға, олардан бронхиолалар мен бронхтарға ауысады, жол бойы оларды жарақаттайды.құрт тым көп болса бір-бірінің өсуіне кедергі жасап, ересек құртқа айналу мерзімін ұзартып жібереді. Жетіле бастаған құрттар тұмсықтарымен бронхтың кілегейлі қабығын тітіркендіріп, мал денесіне уытын таратады. Зақымданған жерлердегі бронхиола бездері көп етіп шырын шығарады да, маңайын суға толтырады, шырынға қан араласады. Бронхтың кілегейлі қабығы тесіледі. Шырынға және көбікке араласқан құрт личинкалары бронхтармен бронхиолаларды бітеп тастайды. Мұның салдарынан малдың тынысы тартылады, бара-бара ол ауа жетіспей тұншыға бастайды.

Ауру белгілері. Инвазиялық личинкаларды жұтқан соң бір-екі күн өтісімен малдың тәбеті төмендейді, іші өтеді. Ол күйзеліп жабығады. Үш күннен кейін личинкалар өкпеге жетеді. Осы кезден бастап мал жөтеле бастайды, қырылдайды. Біраз уақыт өткен соң бұл белгілері жоғалады. Тағы бір айдан кейін жөтел қайта басталады. Енді мал жөтелген сайын ауырсынады. Тыңдаған кезде оның өкпесінен сырыл естіледі. Ауру бұзау арықтай бастайды, оның жүні табиғи жылтырақ түсінен айырылып, сүреңсізденеді, ұйысып қалады. Малдың қызуы көтеріледі, іші өтеді. Тынысы тарылып, ентігеді. Танауынан кілегейлі зат ағады. Ауыз бен көздің, танаудың ішкі беттері көгеріп кетеді. Мал ауа жетіспей тұншыға бастайды. Аузынан салақтап тілі шығып кетеді. Өкпесінің, әр жерінен сырыл естіледі, 8,9-қабырғаларының тұсынан дәрігерлік балғамен қаққанда одан әдеттегідей ашық дыбыс естілмейді, керісінше, дыбыс көмескіленеді.

Диагнозы. Алдымен ауру белгілеріне, танаудан шұбырған кілегейлі су, ұйпаланып үрпиген, сүреңсізденген жүн т.б. назар аударылады. Алайда диктиокаулезді бірден-бір дәл анықтау үшін лабораторияда Берман және Вайда әдістерімен ауру малдың нәжісі зерттеледі: одан құрт личинкалары ізделеді. Басқа протостронгилид личинкаларына қарағанда диктиокаул личинкалары ірі келеді, олардың құйрық жағы жуан да қысқа болады: тұмсығы доғалданған, ішіндегі ішек клеткалары бидай дәні секілді болып денесінің қақ ортасын алып жатады, бас жағы менг құйрық тұсында ондай клеткалар болмайды.

Диктиокаул личинкалары басқа протостронгилид личинкларынан ажырату үшін П.А.Буланов мынандай әдіс қолданады. Шыны ыдысқа салынған нәжістің үстіне 0,1 процент метилен көгін тамызып араластырады да, бұдан пайда болған қойыртпақты тұндыруға қояды. Тұнбаны микроскоп арқылы қарағанда диктиокаул личинкалары мүлде боялмай сол түрінде қалады.

Өлген малдың ауруын анықтау қиын емес. Оның кеңірдегін пышақпен жоғарыдан төмен қарай тіліп жібереді де, бронхтарды қақ айырып, олардың ішін сумен шаяды. Мал диктиокаулезден анық көрінеді. Олар бронхтың ішкі бетіне жабысып жатады.

Емі. Мал денесін диктиокаул құртынан арылту үшін екі түрлі әдіс қолданылады, преимагналдық және имагиналдық дегельминтизация жасалады. Бастапқы әдісті қолдану нәтижесінде жаңа өсіп келе жатқан жас құрттар ересек құртқа айналып үлгерместен түгелдей өледі, сондықтан оны басқаша сақтық дегельминтизация деп те атайды. Екінші, яғни имагиналдық дегельминтизация ересек құрттарды өлтіруге бағытталған. Осы мақсатпен йодтың судағы ерітіндісі мен дитразин деген дәрі қолданылады. Йод ерітіндісі шприцке жалғасқан жіңішке ине арқылы малдың кеңірдегіне жіберіледі. Бұзауды емдеу үшін оны бір жақ жамбасына жантайтып, үлкен астауға шалқасынан жатқызады. Бұзаудың бас жағы бөксесінен 30-40 градус жоғары болуға тиіс. Содан кейін ерітінді даярлайды. Ол үшін 1 литр суға 1,5 г йодтық калий, 1 г йод кристалын салып ерітеді. Ерітінің түсі қою шайдың түсіне ұқсайды. Оның температурасы малға жіберерде 37 градустан төмен болуы шарт. Салмағының әр килограмына 0,6 мл осы ерітіндіні шприцпен кеңірдекке жібереді. Йод ерітіндісін екінші рет енгізу үшін малды аударып салып, екінші бүйіріне жатқызады.

Соңғы кезде диктиокаулезге қарсы дитразин деген дәрі (мал салмағының әр килограмына 0,1 г) пайдаланыла бастады. Оның 20-30 проценттік ерітіндісі терінің арасына немесе бұлшық етке 2 рет жіберіледі.

Венгрияда протостронгилез және диктиокаулез ауруына қарсы локсуран деген дәрі қолданылады. Оның 20 немесе 40 проценттік ерітіндісі (мал салмағының әр килограмына 0,25 мл) терінің арасына немесе бұлшық етке жіберіледі. Сақтық шаралары. Жас мал (бұзау, торпақ, тайынша) сақа малдан бөлек бағылады. Биылғы туған бұзаулардың құрты жоқ, құрғақ жайылымға шығарады. Суат (құдық, өзен, көл) маңайын таза ұстайды. Көктем мен күзде малға жаппай дегелментизация жасайды. Мал жайылымын көктемнен бастап әрбір алты күн сайын ауыстырып отырады. Алғашқы рет бағылған жерге мал тек келесі жылы ғана келуі шарт. Жайылым жетпесе малды ол жерге 3 айдан кейін жаяды.

Телязиоз – малдың көзін зақымдап, оны кониоктивит, кератитке ұшырататын, емдемесе соқыр ететін, 3 түрлі жұмыр құрт – Th. Rhodesi, Th. gulosa, Th.skrjabini тудыратын инвазиялық ауру. Онымен мал әдетте жаз айларында жаппай ауырады. Телязиоз – Қазақстанда кеңінен тараған ауру. Одан мал шаруашылығы едәуір зиян шегеді: сиырдың сүті кемиді, бұзаудың қоңы төмендейді, ол өспей қалады. Соқыр болып қалған мал шаруашылық мұқтажын өтей алмайды, оны емдеу үшін бірталай күш қаражат жұмсауға тура келеді. Мысалы, сиырдың сүті 20-45 процентке кемиді.

Қоздырғышы – жоғарыда атылған үш түрлі құрт. Әсіресе Th. Rhodesi кең тараған. Жіптей жіңішке сарғыш түсті жұмыр құрттың ұзындығы 0,5-2 см. Оның басында кішкене капсуласы бар. Еркегінің құйрығы имектеліп біткен, осы арада бірі ұзын, біәрі қысқа екі спикуласы орналасқан. Телязияның кутикуласы (сыртқы қабығы) араның тісіндей болып иректелген. Ұрғашы құрттың жыныс мүшесі бас жағынан ашылады. Ол жұмыртқа салмайды, жыбырлаған тірі личинкалар туады. Бұл айтылғандар – құрттың сипаттамасы. Қалған екеуінің өзіндік ерекшеліктері бар.

Дамуы. Телязиоз ауруын musca convexifrons, musca amica, musca autumnalis деп аталатын қара шыбындар таратады. Құрт көздің ішін мекендеген. Кейде жас түтіктерін бойлай тереңдеп кетеді. Ұрғашы құрт көздің ішіне көптеген тірі личинкаларын шашады. Құжынаған лечинкалар жыбырлап жүріп еріксіз көзден жас сорғалатады. Кейде көздің іші іріңдеп кетеді. Личинкалар көз жасына араласып сыртқа шығады да, үстіңгі және астыңғы қабақтардың айналасына, кірпік астына жиналып, қатып қалады. Оларды көз жасымен қоректенетін қара шыбындар жаспен бірге жұтып қояды. Шыбын денесіне личинка 15-30 күн ішінде 2 рет түлеп инвазиялық личинкаға айналады да, шыбынның тұмсығына келіп жинала береді. Келесі жолы осындай личинкаға толған шыбын қоректену үшін сиырдың көзіне келіп қонады да оның кірпіктеріне, қабағының немесе көзінің айналасына құжынаған телязия личинкаларын бүркіп жібереді. Бұл личинкалар көздің клегейлі қабығына «кенедей» қадалып жабысады. 15-20 күн өтісімен личинка 2 рет түлеп ересек құртқа айналады. Телязия көз ішінде 1 жылдай тіршілік етеді.

Эпизоотологиясы. Телязия құрты малдың көзінен жылдың қай мезгілінде болсын табылады береді, бірақ жаз айларында ғана шығады. Телязиоз бен малдың жасы да ауырады. Құрт көздің ішінде қыстап шығады да, жаз шығысымен көптеген личинка туады. Личинканы малдың көзіне қонған шыбын жұтып қояды. Шыбын денесінде 2 рет түлеп личинка мал ауру жұқтыратын сатыға жетеді. Июнь айы мен октябрь айының арасында мал телязиозбен жаппай ауырады. Бірақ май айында сирек кездеседі. Октябрден кейін ауру біртіндеп жойыла бастайды.

Кейбір деректерге қарағанда ересек малдың 84 проценті, 1-3 жасар малдың 74,8 проценті, бұзаудың 74,3 проценті телязиозға шалдығады. Телязиоз тарататын қара шыбындар өзінің жұмыртқасын малдың жапасына салады. Кейбір шыбындар тірі личинка табуы мүмкін. Осы личинкалар топырақтың ішіне кіріп алып, қуыршақтанады да, 18-25 күннен соң ересек шыбынға айналады. Шыбын жайылымда июнь туысымен ұша бастайды да мал арасына ауру таратады.

Потогенезі. Телязиоз құрты көздің ішіне кіріп алып, оның кілегейлі қабығын жарақаттайды, мұндағы нерв ұштарын тітіркендіріп қызметін бұзады. Көздің ағы мен қарашығының айналасы қабынады. Бара-бара көзден жас сорғалайды. Көздің ағы мен еті семеді. Жарақаттанған жерге микробтар түсіп, телязиоз ауруы одан әрі асқындыруы мүмкін. Жара болған жерді дәнекер ткань басады. Оның арты конюктивитке айналады.

Ауру белгілері. Телязиозға шалдыққан малдың бақтары ісініп, көзі қабынады, көздерінен жас сорғалайды. Мал жарыққа қарай алмай қалады. Қан тамырларын қан кермеп, көздері қызарып кетеді. Бара-бара оның ағы бозарып қабынады, тесіледі. Алғашқы ауру белгілері көзге құрт түсісімен 5-7 күн өтісімен біліне бастайды. Ауру 1-2 айға созылады. Аурудан айыққан малдың көзі шел басады. Малдың температурасы 1-2 градусқа көтерілуі мүмкін. Кей жылдары фермадағы сиырлардың тең жартысы соқыр болып қалуы мүмкін. Ауру малдың салмағы кемиді, арықтайды, кейде оның сүлдесі ғана қалады. Кейде телязиоз басталасымен өзінен-өзі тоқтайды да мал оңалып, қоңдана бастайды, тіпті көп кешікпей сауығып кетеді.

Диагнозы. Көздері жасаурап, қызарып тұрған малды табыннан алып оқшау шығарады да, оның басын мықтап шарбаққа немесе бағанаға байлайды. Содан кейін сол қолдың саусақтарымен малдың қабақтарын ашады да, оң қолымен резинке спринцовка арқылы көзінің ішіне бор қышқылының ерітіндісін құяды. Тап осы кезде көмекші адам фарфор не шыны ыдысты көздің шайылып жатқан астына тоса қояды. Бұдан кейін ыдыстың ішіне құйылған бор қышқылын жай көзбен қараса оның ішінде жыбырлап жүрген Th. rhodesi құрттарын көруге болады. Th. guloca және Th. skjabini құрттарын жоғарыдағы әдіспен табуы мүмкін емес: олар тереңде, жас жолының каналында жатады. Сондықтан ауруды анықтау мақсатымен көз жасын зерттеп, одан осы құрттардың личинкаларын іздейді. Оларды ажырату үшін телязия личинкаларының айырмашылықтары ескеріледі, Th. rhodesi ұзындығын 0,204-0,235 мм, басы жуантық келеді, құйрығынбда сопақша қабықшасы бар. Th. dulosa ұзындығы 0,249-0,226 мм, басы мен денесінің жуандығы бірдей. Құйрығында дөңгелек қабықшасы бар. Th. skjabini ұзындығы 0,26-0,24 мм, бас жағы жуан, денесінің орта шені жалпақ, құйрығында домалақ қабықшасы бар.

Ауруды өлексені тексеру арқылы анықтау қиын емес. Ол үшін өлексенің жоғарғы қабағын өзіне қарай тартып тұрып, жас ағатын жолды бойлай іш жағынан қайшымен қиып жібереді. Сол кезде жіп секілді сары құрттар жыбырлап шыға бастайды. Екінші бір әдіс жас ағатын жолды тіліп жатпай-ақ бармақпен сықса, құжынаған құрттар өзінен-өзі иіріліп, жылан сияқты болып шыға келеді. Кейде мал дәрігерлері жас безін көзден сығып алады да, ішіне су құйылған ыдысқа салып жаяды. Мал телязиоздан өлген болса, осы кезде телязия құрттары су бетіне қалқып шығып, кейін ыдыстың түбіне шөгеді. Бұл да бірден-бір дәл әдіс.

Емі. Ауру малдың 3 проценттік бор қышқылымен емдейді. Оның ХІХ ғасырдың аяғында Березов ұсынған болатын. Кейін Креолиннің, карбол қышқылының және протанголдың 1 проценттік ерітінділері қолданыла бастайды. Лизолдың 0,5 проценттік ерітіндісі, күшаланың 0,05 проценттік ерітіндісі пайдаланылатын болды. Бұлардың қай-қайсысы болсын құртты өлтірмейді, тек оны көздің ішінен айдап шығады. Н.И.Крастин (1957) қолданған дәрілерден де (1 проценттік креолин, 2-3 проценттік бор қышқылын, 0,05 проценттік лизол ерітіндісі) осындай нәтиже шықты. Сондықтан көздегі телязияларды өлтіру үшін соңғы кезде йодтың судағы ерітіндісі қолданылып жүр. Ерітінді былай дайындалады: 1 г йод кристалын 2 литр суда езеді де, оған 1-5 йодты калий қосып араластырады. Ерітіндінің түсі күрең, шайдың түсіне ұқсайды. Енді осы ерітіндіні малдың көзін спринцовка арқылы жуып шаяды. Ем арасында 5-6 күн салып 3 рет қайталанылады. Жара түскен көзді йод ерітіндісімен емдеуге болмайды: йод жараны күйдіріп, оның көлемін одан сайын ұлғайтып жіберуі мүмкін. Сондықтан йод ерітіндісін малды аурудан сақтандыру үшін алдын-ала қолданған жөн. Телязиозды емдеу үшін қолданылып жүрген дәрілер аз емес. Солардың кейбіреулеріне қысқаша тоқтай кетейік. В.Ф.Размазин жаңадан ауыра бастаған малды күкірт қышқылды цинкпен емдеді. Ем 2-3 рет қайталанылады.

А.Шашкин телязиозға қарсы хлорлы әктің 0,5-1,5 процентті ерітіндісін қолданды. Ерітінді былай дайындалады. Хлорлы әп ұнтағын қажет мөлшерде фарфор ыдысқа салады да, үстіне аздап су құйып араластырады. Бұдан пайда болған қоймалжыңға су қосып 0,5-1,5 процентті ерітінді жасайды. Ерітіндіні 1 минуттай тұндырады да 2-3 қабат дәке арқылы шыны, ағаш немесе резина ыдысқа сүзеді. Осындай мөлдір ерітіндімен спринцовка арқылы көздің ішін жуып шаяды.

Н.П.Домен ауру 40 бас малды мынадай эмульсиямен 20 күн емдеді. 1 г йодоформ өлшеп алып, оны фарфор келіге салып ұнтайды да, 18 г балық майына езеді. Қойыртпақты 38-40 градуске дейін қыздырып, 1 г эктиол қосып араластырады. Телязиоз салдарынан конюктивитке және кератитке ұшыраған малды А.А.Безруков эктиолды 3-5 процентті сүртпе майымен емдеді: 4-5 рет жаққаннан кейін көз жазылып кеткен. Кератитке қарсы сүртпе май қолданылады. Телязиозды ксероформ эмульсиясымен емдеуге де болады. Эмульсия былай дайындалады. 100 мл балық майын жылытады да үстіне 4 г ксероформ, 1 г йодоформ салып мұқият араластырады. Ауру малдың көзіне 3-4 күн өтісімен қайталанылады.

А.Ф.Русимовтың әдісі бойынша, ауру малдың көзін 3 проценттік бор қышқылымен жақсылап жуып, артынан сүртпе май (100 г жылқы майы – 10 г навакаин – 1 млн өлшем пинициллин) жағуға болады.

Кейбір мал дәрігерлерінің деректеріне қарағанда, малдың көзіне сульфантрол ұнтағын түтік арқылы үрлеп енгізсе, ол телязиоздан тез арада айығып кететін көрінеді. Сондай-ақ фенотиазин ұнтағын норсульфазол ерітіндісін қолданудан да ойдағыдай нәтиже шыққан.

Мәселен, Польшада телязиоз фенолтиазиннің соя майындағы 3 проценттік ерітіндісімен, немесе ДДТ-нің 3 проценттік эмульсиясымен, немесе пиперазин ерітіндісімен емделеді. Сақтық шаралары. Телязия құрты әдетте малдың көзіне қыстап шығады. Сондықтан телязиоздан арылу үшін көктемде, шыбын шықпай тұрғанда, жоғарыдағы көрсетілген дәрілердің біреуімен малға дегельминтизация жасалады. Телязиоздан сақтандыру мақсаты мен бор қышқылының 2-3 проценті ерітіндісі, йодтың 0,05 процентті ерітіндісі (2 л жылы суға – 1 г йод кристалы) әрбір 5-6 күн сайын 3-4 рет қолданылады. Шаруашылықтағы мал күз бен көктемде түгелдей емделеді. Бұл шара әрине көрші шаруашалықта да жүргізілуге тиіс. Мұнымен қатар малдың көзіне шыбын қондырмау жағы көзделеді. Шыбынның тұқымын құрту үшін малға ас тұзына араластырып, фенотиазин (салмағының әр килограмына – 0,03 г ) беруге болады. Нәжістегі шыбын жұмыртқалары мен личинкалары уланып қырылып қалады. Көзіне шыбын қондырмау үшін малдың қабақтарына қара май жағып қоюға болады. Сондай-ақ жылдың ортасынан бастап көздің айналасына жанарына тигізбей 0,25 проценті гехсахлоран эмульсиясы жағылады.

Кей жерлерде ауру малдың көзіне шыбын қонбайтындай етіп сым темірден өрілген көзілдірік кигізіп қояды. Көзілдірік мұнымен қатар көзді ұрылу-соғылудан қорғайды.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!