Қазақстан тарихы мектеп курсының қазіргі құрылымы

1998 жылдың соңында Қазақстан Респубикасы халық ағарту қызметкерлерінің тұңғыш І Құрылтайы қарсаңында Жалпы білім беретін мектептерге арналған Мемлекеттік білім стандартының, жаңа буын оқу бағдарламаларының жоба-нұсқалары жарыққа шықты. Келер жылы талқылауда болған осы маңызды құжаттар «Білім туралы» Заңдағы өзгерістерді негізге ала отырып, 2000 жылы тағы да өңделіп жетілдіріп, сол кездегі Республикалық баспа кабинеті арқылы жоба ретінде және жарияланды. /21/.

Бұл құжаттарды соңғы нұсқаларындағы басты өзгеріс, жалпы білім беретін мектептің үш сатыдан: бастауыш, негізгі мектеп және орта мектептен тұратындығы болды. Бастауыш 1-4; негізгі мектеп – 5-9, орта мектеп 10-11 сыныптарды қамтиды. Үлкен өзгеріс: негізгі мектепті – 9 сыныпты бітірген соң оқушылар барлық пәннен аяқталған білім алады, ал 10-11 сыныптар біртіндеп бағдарлы мектептерге арналған бағдарламаларға көшеді.

Осы өзгерістерге байланысты тарих пәнінің мектептік құрылымы мен мазмұнына ұстанымды жаңалықтар енгізілді, олар жоғарыда аталған бағдарламаларда көрініс тапты. /22/.

ҚР-ның Білім және ғылым министрлігінің жобасы бойынша 2001-2002 оқу жылынан бастап, 5 сынып осы құрылымға көшеді.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!