Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты мен міндеттері

Жалпы білім беретін мектепте Қазақстан тарихын оқыту ерекше маңызды. Өйткені кез-келген мемлекеттің азаматы өз елінің, мемлекетінің, сол мемлекетті мекендеп отырған халықтардың, оның өзінде де алдымен сол елге аты берілген халықтың тарихын білуге міндетті. Өз халқының, елінің тарихын, мәдениетін сүйе білмеген адам, басқа халықты, оның мәдениетін сыйлай да, құрметтей де алмайды, оларды білуге ұмтылмайды. Ал осы Республиканың азаматтарына Қазақстан тарихын жаппай оқытып үйрететін бірден-бір оқу орны – жалпы білім беретін мектеп. Қазақстан тарихының білімдік, тәрбиелік міндетін мектепте оқытылатын басқа пәндердің бірде біреуі атқара алмайды.

Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты – оқушыларға оның жерін ежелгі заманнан бастап осы күнге дейін мекендеп келген адамзаттың жүріп өткен тарихи жолын, адамдар жасаған құндылықты, мәдениетті яғни олар жинаған тарихи тәжірибенің негізін оқытып үйрету.

Тарих пәнінің мұғалімі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңындағы: «ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға, шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтын берік негіздерін қалыптастыруға, азаматтық пен елжандылыққа,өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілекке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, республиканың қоғамдық – саяси экономикалық және мәдени өміріне белсене қатысуға, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулуға, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеуге, мемлекеттік, орыс, шетел тілдерін меңгеруге көмектесуі тиіс» — деген міндеттерді орындауға күш салады.

Қазіргі кезеңде мектепте тарихты оқытудың басты міндеті – жастарды адам баласының өткен шындық тарихымен таныстыру, дүниежүзілік мәдениеттің басты-басты жетістіктермен сусындату, өткен тарихты өздігінше сын көзімен талдай отырып, келешекті бағдарлайтын, шығармашылықпен ойлана отырып, олардан дұрыс қорытынды жасай алатын, тарихи деректермен өздігінше жұмыс істеп, өз білімін үнемі толықтырып отыратын, алған білімін күнделікті өмірде қолдана алатын азамат тәрбиелеу екені үнемі назарда болуы тиіс.

Жоғарыда аталған, халықа білім беру саласы алдында тұрған жалып міндеттерден Қазақстан тарихын оқытуда үнемі ескеріп отыруды қажет ететін төмендегі нақты міндеттер шығады: олар: саяси тарихқа, идеялық ағымдар мен олардың тарихына, түрліше, сондай-ақ көрнекті тарихи қайраткерлердің қызметіне, іс-түрліше көбірек орын беру, ал оның есесіне шаруашылыққа қатысты сандық көрсеткіштерге , соғыстарға, қанды төңкерістерге т.б. орынды азайту азайту;

Тарих ғылымының соңғы жаңалықтарын үнемі ескеріп, олармен оқушыларды мүмкіндігінше таныстырып отыру, белгілі ғылымын мәселелер

бойынша балама көзқарастардың болатындығын және оның қажеттігін ескеру, тарихи үрдістердің көпқырлылығын, нақты дәлелдермен көрсету.

Қазақстан тарихын туған өлкенің, дүниежүзінің әсіресе көрші елдер, халықтар тарихымен, республикамыз түрлі салаларда тығыз байланыс жасап отырған мемлекеттер тарихымен, сондай-ақ өткен тарихи оқығаларды мүмкіндігіне қарай қазіргі кезеңмен байланыстырып отыру;

Мәдениет пен өнер тарихына көбірек орын беру, қазақ халқының төл мәдениетінің дамып өркендеуін, Республиканы мекендеген басқа да халықтардың мәдени жетістіктерін, халықтар жалындағы мәдени байланыстарға, олардың бір-бірін толықтырып, ендіруге тигізген ықпалын көрсетуге баса көңіл бөлу;

Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанда қол жеткен табыстарды, сондай-ақ кездескен қиындықтарды, кеткен кемшіліктер мен қателіктерді, әсіресе қазақ халқына кездескен ауыр қасірет пен қиындықтарды, олардың себеп-салдарын тарихи шындық тұрғысынан көрсету, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы идеялық күресті, оның белсенді қайраткерлерін, олардың қызметін, жүргізген идеялық күресін толығырақ баяндау;

Қазақстан тарихын басқа пәндермен, курстармен әсіресе тарихтың басқа курстарымен, сондай-ақ ана тілі, дүниетану, әдебиет, жағырапия, құқық негіздері, эстетика, экология, философия, экономика т.б. байланыстырып отыру, ғылымның сол салаларынан қажетті мәліметтер ендіру:

  • діннің тарихын, оның адамзат үшін атқарған пайдалы қызметін, сондай-ақ оның қарама-қайшы әрекетін тарихи шындық тұрғысынан көрсету т.б. Мұнан басқа да , әсіресе бірқатар нақты тәрбиелік міндеттер жүктеледі. Олар арнаулы тарауда баяндалады. Қазақстан тарихын оқытуға қойылып отырған жоғарыда аталған мақсаттар мен бұл бағдарламаның мүлде жаңа, өзгеше екені, оны төмендегідей сипатты белгілері дәлелдейтініне негіз болып отыр.

Қазақстан тарихының жүйелі курсы негізі метептің 5-9 сыныптарында оқытылады, оған 221 сағат уақыт бөлінеді. Ол Қазақстан жеріндегі адамзат тарихын ежелгі заманнан бастап бүгінгі күнге дейін қамтиды, демек оқушылар біршама жүйлеі, аяқталған білім алады.

Курстың құрылымы:5-6 сыныптарда ежелгі Қазақстан тарихы оқылады. Ол төмендегіше бөлінген: 5- сыныпта алғашқы адамдар пайда болған кезеңнен, тайпа одақтары мен ертедегі мемлекеттер құрылғанға дейінгі дәуір қамтылады. 6- сыныпта — тайпа одақтары мен мемлекеттердің құрылғанынан бастап б.з. V –ғасырына дейінгі аралық қамтылады. Бұл екі сыныпта тарих пәнін оқытуға 34 сағаттан уақыт бөлінеді. 7-сыныпта — орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, 8- сыныпта – жаңа замандағы Қазақстан тарихы, 9- сыныпта — қазіргі заманғы Қазақстан тарихы оқытылады. Соңғы үш сыныпта да бұл курсты оқытуға 51 сағаттан уақыт бөлінеді. Сөйтіп, — тен бастап барлық сыныптарда тарихтың екі курсын қатар оқуға қажетті біраз дайындақ алады және Қазақстан тарихының бірқатар фактілерін, оқиғаларын баяндайтын әңгімелермен танысады. 

Бағдарламын құрастырушы авторлар 5-сыныпта тарихтың жүйелі курсын бірден дайындықсыз оқытудың оқушылар үшін белгілі дәрежеде қиындық туғызатынын ескере отырып, осы сыныпта тарихты оқытуға бөлінген уақыттың тең жартысын «Тарихқа кіріспе – тарихқа саяхат» деген бөлімге арнауды ұсынады. Оның сабақтарында оқушылар бастауыш мектепте алған тарихи білімдер одан әрі жасғастыра отырып, тарих қандай ғылым, менің әулетім, біздің өлке, тарихтағы уақыт өлшемі, менің Отаным, картадығы тарих т.б. сондай-ақ тарихтың қосымша дерек көздері – топонимика, архитектуралық ескерткіштер, нышандар мен тарихи белгілер, жазу тарихы сияқты әңгімелермен танысады. Бұл әңгімелер оқушыларды тарихтың жүйелі курсын оқып үйренуге дайындайды және дүние жүзі тарихы бойынша да осындай, оқу жылының екінші жартысынан бастап жүйелі курстарды меңгеріп кетуі тиіс.

Курстың білім мазмұнын анықтайтын ұстанымдарға маңызды өзгерістер енгізілді. Олар: білімнің функционалдық толықтығы:

Қазақстан тарихы ғылымында соңғы жылдары пайда болған заңдылықтарды, ғылыми зерттеудің қол жеткен табыстарын қажеттігіне қарай бағдарламаға енгізіп отыру;

Ұзақ уақыт тарих ғылымында үстемдік етіп келген еуроцентризи салдарынан Шығыс өркениетін бүркемелеушілікпен, оған менсінбей қараушылықтан бағдарламаны тазартып, Шығыс әсірсе көшпелілердің дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесіне лайықты тиып беру.

Педагогикалық, дидактикалық, психологиялық талаптарды ескеру және оларды қолдануға оқушының іс-әрекет қызметі тұрғынан қарау;

Мемлекеттік білім стандарты талаптарына сай оқыту мәтижесін тексеру туралы әдістемелік нұсқаулардың ендірілуі.