Шағын бизнесті дамытудағы шет ел тәжірибелері

Шағын бизнес өркениетті елдерде әлеуметтік мәселерді шешудің басты күші бола отырып, тұрақтылықтың кепіліне айналуда. Экономикалық және статистикалық мәліметтер бойынша субъектілерінің рөлі тіпті дамыған елдерге артқаны байқалады. Шағын бизнес субъектілерінің санын арттырып, оларға көмек көрсете отырып, мемлекет экономикалық, әлеуметтік, әсіресе жұмыспен қамту мәселесін шешді. Шағын бизнестің дамуы көптеген мәселелер шешімін табуға ықпал етеді, мысалы:

– қоғамдық көрсеткіштерді толық қанағаттандыратын бәсекелестік және нарықтық қатынастардың қалыптасуы;

– тауар ассортиментінің кеңеюі, қызмет көрсетуді жетілдіру, оның санасының жоғарылауы;

– өндіріс пен қызмет көрсетудің нақты тұтынушыларға бейімделуі;

– жеке қаражаттың өндірісті дамытуға жұмсалуы;

– қосымша жұмыс орындарының пайда болуы, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі;

– адамның шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану;

– тиімсіз және табысы аз кәсіпорындарды жекешелендіру немесе мемлекет иелігінен алу.

Шағын бизнестің осындай, басқа да экономикалық және де әлеуметтік функциялары негізінде шағын бизнесті дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға болады.

Шағын және орта кәсіпорындардың ірі ұйымдармен тиімді ынтымақтастық құруы келешегі зор бағыт. Шағын кәсіпорындар ғылыми-техникалық жетістіктерді қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы сұраныс өзгерісіне оңай бейімделеді. Сондай-ақ ірі кәсіпорындарға қарағанада тауарлар жеткізу мен қызмет көрсету құқығы үшін өзара бәсекеге барады, мұның өзі олардың табыстарының тұрақты болуына кепілдік береді. Олар ірі кәсіпорындардың орнықтылығын және өндірістік әртүрлі бағытта дамуын қамтамасыз етіп, монополистік бағытқа қарсы әрекет етеді. Шағын бизнес нарықта консалтиптік, брокерлік, маркерлік, делдалдық, жарнама, қолданбалы зерттеу жұмыстары бойынша қызмет көрсетумен шұғылданып, белсенді роль атқарады.

Соңғы уақытта дамыған нарықтық экономикасы бар мемлекеттерде шағын бизнстің дамуы үлкен орын алып отыр. Егер 1950 жылдары АҚШ-та орташа шамамен жыл сайын 130мың фирма тіркелсе, 60-жылдары -220мың, ал 70-жылдары -350 мың фирмаға дейін тіркелген. Бұл құбылыстың себебі, шағын бизнестің дамып отырған қоғамдық тұтынушылықты дер кезінде қанағаттандыра алу қабілетімен, ғылыми-техникалық процесс барысында өндірістік құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуімен және аралас экономикадағы әр түрлі меншік формаларының біркелкі мүмкіндігімен түсіндіріледі. Шағын бизнес-шешім қабылдау мен оны жүзеге асырудағы еркіндік, іскерлік, нәтижелерге толық экономикалық және құқықтық жауапкершілік, сондай-ақ шығармашылық ынта және жігермен сипатталады.

Нарықтық экономиканың субъектісі ретінде шағын бизнестің артықшылықтары мен кемшіліктері де бар. Шетелдік және отандық шағын бизнестің сипатын зерттей келе, келесі артықшылықтарды атап өтуге болады:

-жергілікті жерде шаруашылықты жүргізу жағдайында тез бейімделу;

-шағын бизнес субъектілерінің іс-әркет жасаудағы тәуелсіздігі;

-шешімдер қабылдауда және оны іске асыруда бейімділік пен жеделдік;

-салыстырмалы түрдегі аз шығындар (әсіресе басқару ісіне жұмсалатын шығындар);

-жеке тұлғаның өз идеяларын іске асырудағы зор мүмкіндіктері,

кәсіпкерліктің дауы, өнімге және өндіріске өзгерістерді тез енгізу мүмкіндігі;

-капитал айналымының жоғары болуы.

Халықаралық еңбек бюросының баяндамасында шағын және орта кәсіпорындардың бірқатар бәсекелестік артықшылықтары аталған. Бір қызметкерге шаққандағы қажетті қор мөлшерінің аз болу себебі, шағын кәсіпорындар жергілікті еңбек және материалдық ресурстарды ірі кәсіпорындарға қарағанда кеңінен қолданады. Табысқа жету жолында жеке ынтаның басым болуы, кәсіпорын жұмысына да әсер етеді. Шағын бизнес субъектілері жергілікті нарықтағы сұранысты өте жақсы біледі, кей кезде нақты тұтынушының тапсырысы бойынша тауар шығарады, кәсіпқой мамандарды даярлайда. Кейбір мемлекеттерде тауар өндірісі, қызмет көрсету деңгейі бойынша шағын бизнес алдыңғы орында тұрады.

Шағын бизнес субъектілерінің бірқатар кемшіліктері де бар. Негізгі кемшіліктері:

-тәуекелдің жоғары болуы;

-нарықтағы тұрақсыздықтың деңгейінің жоғары болуы;

-ірі кәсіпорындарға тәуелді болуы.

Кейінгі онжылдықтарда экономикасы дамыған Батыс елдерде бәсекенің дамуы әсерінен шағын және орта бизнестің ролі арта түсті. Мұның басты себебі-экономикалық сектор кәсіпорындарына тән артықшылықтардың болуы.

Тұрақты экономикалық жүйеде шағын кәсіпкерлік динамикалық түрде дами отырып, тұтынушылардың сұранысының өзгеруіне тез бейімделе алады, өзімен бәскелес нарықтық қатынастарға ықпал етеді, экономиканың құрылымының қайта құрлуына әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын ашады, жаңа кәсіпкерлік топ пен меншік иелерінің пайда болуына жағдай жасайды, елдің жалпы ұлттық өніміне айтарлықтай үлес қоса алады, мемлекеттік бюджетке үлкен қаржы береді.

Дамыған елдерде шағын ксіпорындрдың дамуы мынандай салаларда басым: асуда, автосервис, құрылыс, қызмет көрсету салалары. Қазір шағын кәсіпорындар жоғары технологиялық сфераларға: машина құрылысы, энергетика, электротехника, химиялық өнеркәсіп, транпорттық қызмет, информатика, микроэлектроника, телекоммуникация салаларлына әрталаптандырылып жатыр.

Шағын және орта кәсіпорындардың ірі кәсіпорындармен қатар қызмет етуі дамыған елдер экономикасына тән белгі. АҚШ-та өз ісімен айналысушы азаматтар, яғни кәсіпкерлер үлкен құрметке ие. Нарықты экономикаға бет бұрған елдер үшін АҚШ-тағы шағын бизнесті дамыту тәжірибесінің үлкен маңызы бар.

АҚШ шағын бизнес басқармасының классификациясы бойынша шағын бизнес субъектілеріне: жұмысшылар саны 500-ге дейін болатын өндірістік және сауда кәсіпорындары, ал басқа салалар үшін жылдық табысы 2 миллион долларға дейін болатын кәсіпорындар жатады.

АҚШ-та тіркелген кәсіпорындардың 97%-ына жуығы шағын кәсіпорындар. Бұл шағын кәсіпорындар жалпы ұлттық өнімнің 53%-ына, көтерме сауданың 64%-ына, бөлшек сауданың 72%-ына, қызмет саласының 57%-ына ие болып тұр.

Экономикалық өсу және құлдырау кезінде, жаңа жұмыс орындарын ашу мен қысқарту кезінде шағын кәсіпкерлік жұмыссыздық проблемасын бәсеңдетеді. АҚШ-тың шағын бизнес даму мысалы көрсеткендей, шағын бизнес сыртқы ортаның өзгеруіне тез бейімделеді. АҚШ сауда министрлігінің мәліметтері бойынша шағын кәсіпкерліктің инновациялық сипаты елдің экономикалық өсуіне 20-25%-ға дейін үлес қосады.

АҚШ-та шағын бизнес тұрақты түрде мемлекеттік қолдауға ие. әртүрлі мемлекеттік реттеулер мен қолдау шаралары құқықтық базаға негізделеді. Солардың бірі «Шағын бизнес туралы» заң. АҚШ конгресінде шағын бизнес проблемаларымен екі комитет айналысады. Федералдық деңгейде шағын бизнес әкімшілігі қызмет атқарады. әкімшіліктің басты функциясы –шағын бизнесті жан-жақты қолдау. Әрбір штатта әкімшіліктің аймақтық бөлімдері жұмыс істейді. Аймақтық бөлімшелер шағын бизнес субъектілеріне нарық туралы ақпарат береді, оның мәселерін шешуге көмектеседі.

АҚШ-та шағын бизнес қоғамда кәсіпкерлік, бәсекелестік атмосферасын дамытуға үлкен үлес қосады. Мемлекет тарапынан болатын шектеулер кәсіпкерлікке кедергі келтіреді. Сондықтан да АҚШ конгресі шағын бизнеске тікелей бақылау жасайды. Конгресс шағын бизнесті қолдау және дамыту мақсатында бірнеше программа жасады.

АҚШ шағын бизнесті қолдаудың мемлекеттік жүйесі;

  • бюджеттен тікелей дотациялау;
  • мемлекеттік тапсырыстардың бір үлесін шағын кәсіпорындарда орналастыру;
  • шағын бизнеске салықтық жеңілдіктер беру.

Негізгі бағдарлама бұл инкубаторлық бағдарлама. Инкубаторлар – ол университтер, компаниялар, федералдық органдар, штаттық басқармалар жанында құрылатын ұйымдар. Бұл ұйымдардың негізгі мақсаты жаңа кәсіпкерлерге жан-жақты көмек көрсету болып табылады. Себебі көптеген кәсіпкерлер өз ісін бастағысы келгенімен, мүмкіндігі жоқ, осындай кәсіпкерлерге инкубаторлар көмекке келеді. Қойылған мақсатқа, қаржыландыру көзіне байланысты инкубаторлар; фирмалық, университеттік, жекеше болуы мүмкін. инкубаторларды қаржыландырудағы мақсаттар;

  • инкубатор клиенттерінің табысына ортақтасу;
  • жеке тұлғалардан арендалық төлемдер алу;
  • жаңа жұмыс орындарын ашу.

Сауда палаталары да инкубаторларды қаржыландыруға қатысады. АҚШ-та шағын кәсіпорындар экономикада жетекші роль атқарады. Сондықтан да федералдық, штаттық басқару органдары шағын және орта бизнестік дамуына үлкен мән беріп отыр, оның дамуына барлық жағдай жасап отыр.

Жапонияда шағын бизнеске ерекше назар аударады. Себебі шағын бизнесті дамыту арқылы Жапония соғыстан қираған елден жоғары технологиялық дамыған елге айналды. Жапонияның халық шаруашылығында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны, жұмысшылар саны, тауар айналымы басқа секторлармен салыстырғанда алдыңғы қатарда тұр. Дәстүр бойынша әрбір ірі корпорация өз жағында бірнеше шағын кәсіпорын құрады. Бұл кәсіпорындар бас кәсіпорынға тәуелсіз болады және өздерінің ұйымдық құрылымын жасайды, жаңа өнімдерді шығара бастайды.

Жапонияда шағын кәсіпорындар үлесіне өндірістік өнімнің 55%-зы, көтерме сауданың 60%-зы, бөлшек сауданың 80%-зы тиеді. Еркін нарықты бәсеке шағын кәсіпорындарға сыртқы ортаға бейімделуіне көмектеседі. Мұндай жағдайда мемлекеттік органдар шағын кәсіпорындарға құрал-жабдықтарды жаңартуға, технологияны жақсартуға, өнімге деген сұранысты дамытуға көмек береді. Жапонияның шағын бизнесті мемлекеттік қолдауының басты ерекшелігі басымды бағыттарды дамытудағы уақыт мерзімі. Басымдылық бағыттар бір немесе одан да көп жылдарға бекітіліп, кейіннен өзгеріп тұруы мүмкін. Мемлекет шағын кәсіпорындарға мемлекеттік тапсырыстарды алуда да көмектеседі. Жапонияда шағын бизнесті мақсатты түрде бюджеттен қаржыландырады. Әрбір министрлік, әр мекеме өз шығындар бюджетінде шағын бизнеске жұмсалатын қаржыны да есептейді. Шағын және орта кәсіпорындарға жеңілдетілген салық мөлшері қолданылады. Жапонияды шағын және орта кәсіпорындар жалпы ұлттық өнімнің 73%-ына ие болып отыр.

Экономиканы құрылымдық қайта құру үшін шағын бизнесті дамыту маңызды мәселе, Ресей Фередациясында экономиканың бұл секторын дамыту мақсатында бірқатар экономикалық шаралар жасалынып, жүзеге асырылды.

1995 жылы Ресей Федерациясында «Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау туралы» заң қабылданды. Бұл заң бойынша жаңадан кәсіпорындар 2 жылға дейін табыс салығын төлеуден босатылады. Шағын бизнесті қолдаудың Федералдық Қоры арқылы әртүрлі жобалар қаржыландырылды. Бұл қорға федералдық меншіктегі кәсіпорындарды жекешелендіруден түсетін қаржының 5%-зы келіп түседі. Федералдық Қор арқылы шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру жүйесі екі қағидаға негізделген:

  • Федералдық Қордан жұмсалатын әрбір рубльге аймақтардан да бір рубль жұмсалуы керек;
  • қаржыландыру өкілетті банктер арқылы жүзеге асады;
  • қор банкке өз резервтік қаржысын салады, ал банк өз қаржысынан аймақтарда кәсіпкерлерді қаржыландырады.

1994-1995 жылдары «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мемлекеттік программасы» жүзеге асырылды. Бұл бағдарламаны іске асырғаннан кейін, Ресей Федерациясында шағын кәсіпкерлікті қолдаудың біркелкі жүйесі жұмыс істей бастады. Бұл жүйеге: Ресей Федерациясының шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік комитеті, аймақтық қорлар мен орталықтар кіреді.

Шағын бизнесті қолдаудың аймақтық қорлары мен орталықтары барлық аймақтарда құрылған. Шағын кәсіпкерлік федералдық және жергілікті бюджеттерден қаржылық көмек алады, жергілікті салықтар бойынша әртүрлі жеңілдіктерге ие. Сонымен бірге жергілікті бюджеттерден шағын бизнестің инфрақұрылымын құру жобалары да қаржыландырылады.

1999 жылдың басына есептегенде Ресей Федерациясында 900000-нан аса шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған. Бұл кәсіпорындардың орташа жұмысшылар саны 7-адамнан тұрды.

Ұлыбританияда шағын бизнес субъектілеріне жылдық тауар айналымы 2 миллион фунт стрелингтен аспайтын, активтер сомасы 1 миллион фунт стрелингтен және жыл бойы 50 адамды жұмыспен қамтитын кәсіпорындар жатады. Ұлыбритания мемлекеттік консультациялық қызметі бастаушы кәсіпкерлерге қажетті кеңестер береді. Мысалы: коммерциялық мәселелерді қалай шешу керек екенін, бухгалтерлік есепті қалай жүргізу керектігі туралы, нарықты қалай зерттеу керек екендігін туралы кеңестер. Шағын бизнес жөніндегі Үкіметтік қызмет кәсіпкерлер үшін әр түрлі семинарлар мен курстар ұйымдастырып тұрады. Сонымен қатар Үкімет банктер алдында кәсіпкерлкр үшін қрыздық кепілдеме береді. Шағын кәсіпорындар салықты табысқа жеткеннен соң ғана төлейді.

Қазақстанда шағын кәсіпорынды ашу үшін жұмсалатын күш-жігерді шет елде шағын кәсіпорын ашуға жұмсалатын уақытпен салыстыру мақсатында Франция Үкіметінің шағын кәсіпорындар үшін жасап жатқан шараларын атап өткен жөн.

Франциядағы тұрақты түрде дамып жатқан іскерлік қызметтің негізінде мемлекеттің мақсатты түрде жүргізіп жатқан саясаты жатыр. Басты назарда – шағын және орта кәсіпорындар. Себебі бұл кәсіпорындар нақты экономиканың ең динамикалық агенті. Францияда шағын кәсіпорындарға жұмысшылар саны 500-ден аспайтын кәсіпорындар жатады. Ресми дерек бойынша Францияда шағын және орта кәсіпорындарда – 165млн. адам жұмыспен қамтылған. Орташа есеппен бір кәсіпорында 7 адам жұмыс істеген.

Францияда шағын бизнесті несиелеу кезінде пайыздық өсімді мемлекет бонификациялайды. Бонификация – бұл жеңілдетілген қаржылық механизм арқылы мемлекет шағын бизнеске несие ұсынысын арттырады.

Азиялық қаржылық дағдарыс көрсеткендей, шағын және орта кәсіпорындар сыртқы факторға аз тәуелді. Сондықтан бұл кәсіпорындар үлкен кәсіпорындарға қарағанда артықшылықтарға ие. Үкіметтің шағын және орта кәсіпорындарды қолдауға бағытталған саясаты өте алуан түрлі.

Шет елдік тәжірибеге қарап, Республикамызда атқарылатын іс-шараның әлі көп екенін байқауға болады. «Шағын кәсіпкерлікті қолдау туралы» заң атқарылатын іс-шаралардың бастамасы ғана, экономиканың бұл секторын көтеру үшін жүйелі түрде жұмыс атқарылуы керек. Республикамызда шағын және орта кәсіпкерлікке қағаз жүзінде емес, шет елдегі сияқты нақты көмек қажет.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!