Шаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігін арттыру жолдары

Ауыл шаруашылығы көптеген өнеркәсіп пен өңдеуші кәсіпорындардың өндірісі үшін шикізат көзі болып табылады. Бірақ аграрлық сектордағы жүргізілетін реформа негізінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші мен өңдеуші кәсіпорындар арасында қарым-қатынастарды жетілдіруді қажет етеді. Ауыл шаруашылығы саласымен айналысатын кәсіпорындар арасында экономикалық қатынастарды жетілдіру үшін облыс пен аудан деңгейіндегі ауыл шаруашылық кооперацияларын дамыту қажет, яғни шаруашылықты басқаруға басты назар аудару керек.

Облысымызда көптеген ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуші кәсіпорындар орналасқан, бірақ қаржы мен шикізат көздерінің дер кезінде бейімделмеуіне байланысты жұмыс тоқтап тұр. Сондықтан тауар өндірушілер кооперациясын құру мынандай мәселеледі шешу мақсатында жұмыс істеуі қажет:

  • ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер кооперациясы мен

интеграциясын дамыта отырып, өңдеуші кәсіпорындар үшін шикізат қорын қалыптастыру;

  • ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен өңдеуші кәсіпорындар

арасындағы өндірістік-шаруашылықтық байланысты нығайту;

  • өнеркәсіп өнімдері мен ауыл шаруашылық өнімдерінің арасындағы

баға теңсіздігін жою мақсатында баға белгілеу әдістерін жетілдіру;

  • ауыл шаруашылығы шикізаттарын және өңдеуші кәсіпорындарыдың мүмкіндігін пайдалану;
  • ауыл шаруашылығы өндірісіне қажетті ресурстарды кәсіпорындар арасында рационалды орналастыру;
  • сонымен қатар кәспорындар арасында коомерциялық дамытудың ғылыми негізделген тиімді жақтарын, олардың арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін келісім шарттарды әзірлеу және шараларды дамыту.

Жалпы өндіріс тиімділігі – экономикалық категория, ол өндіргіш

күштер мен өндірістік қатынастардың кең көлемді кешенді шарттарының қалыптасуын көрсетеді. Осының нәтижесінде кеңейтілген ұдайы өндірістік процесті қамтамасыз етеді.

Тиімділіктің басты мәселесі, нарықтық экономика жағдайында тауар өндірушілердің мүддесі үшін, тұтыну құнын өндіру кезінде ресурстарды жоғары деңгейде үнемдеу. Бұл жағдайда кәсіпкерлік қызмет өзінің тәуекелділігіне мүліктік жауапкершілігі шегінде ұйымдастырушылық, құқықтық нормативті актілермен анықталып, өндірістің табыстылығының есебінде жүргізіледі.

Жалпы тиімділік ұғымы ағылшын тілінен аударғанда іс-әрекет, нәтиже мағынасын білдіреді. Тиімділік – ұлғаймалы ұдайы өндірісті ұтымды жүргізудің алғышарты. Ол ресурстарды таңдау кезінде балама варианттарды анықтау үшін қолданылатын сапалы бағалау көрсеткіші болып табылады.

Тиімділік фаторлары мынандай түрлерге жіктеледі:

  • өндірістің шартты табиғи, топырақ, климат, экономикалық, бағалар мен тарифтер, несиелер, салықтар, дотациялар, бюджеттен алынатын қаржылар, еңбекті ынталандыру, әлеуметтік жағдайлар.
  • материалдық және еңбек ресурстары;
  • өндіріс шығындары;
  • өндіріс процестерінің технологиясы және оны ұйымдастыру;
  • нарықтық факторлар.

Сонымен қатар, ол өндіріс резервтерін анықтау, өндіріс құрылымының

қалыптасуын жалпы және тікелей бағалау кезінде қолданылады. Тауар – ақша қатынасы жағдайында өндірістің тиімділігін, ұтымды экономикалық тиімділікті сипаттайды.

Осындай ұтымды тиімділік кәсіпкерлік қызметтің мақсаты ретінде және кез келген ұйымдық-құқықтық шаруашылықтың тиімді жұмыс істеп, кеңейтілген өндіріс жүргізу жолындағы қажетті шарты болып есептеледі. Сонымен қатар, ол материалдық өндірістің барлық буынында ғылыми – техникалық прогрестің дамуы үшін зор экономикалық қозғаушы күш болып табылады және тұтыну құнының сапасын жақсартады.