Шаруа қожалығының өндірістік-экономикалық жағдайын талдау

Өзінің орналасқан жері мен, табиғатына, ауа райына байланысты «Тамшыбұлақ» шаруа қожалығында өсімдік шаруашылығы дамыған. Өсімдік шаруашылығының негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігін арттырып, сапалы өнімді қажетті мөлшерде арзан өндіруді қамтамасыз ету.

Шаруашылықтың орналасқан табиғатына және топырағының құрамына, оның қолайлығына байланысты жаздық бидай, картоп және аздаған көкөніс өсіріледі.

Егіншілікте колданылатын шаралар жүйесі әр гектардан алынатын түсімнің мөлшерін үнемі арттырып отыруға бағытталуы тиіс. Осындай шаралардың ең әсерлісі – интенсивті технологияны колдану.

Интенсивті технология дегеніміз егіншілікті жүргізу мәдениетін ғылыми жетістіктер негізінде қамтамасыз ету. Интенсивті технологияны колдану барысында ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге керекті тыңайтқыштар, химикаттар мен басқа да материалдық-техникалық қорлар әр дақылдың биологиялық ерекшеліктеріне сай қажетті мөлшерде толық бөлініп отырады. Яғни, интенсивті технологияда дақылдардың өсуінің әр кезеңінде оған керекті жағдайлар толық қамтамасыз етілуі тиіс.

Интенсивті технологияны қолданатын адамдар өсімдіктің физиологиясын толық білуі, агротехниканың негіздерін түсінуі, техниканы дұрыс пайдалануға қабілетті болуы тиіс. Бұл жағдайда қосымша шығындар болғанымен, әр гектардан косымша түсім мөлшерінің ұлғаюы әсерінен пайда да көбейеді.

Егіншілікте мол табыстарға жетудің тағы бір тәсілі — ауыспалы егістік тәсілін ұйымдастыру. Ауыспалы егіс үнемі бітік түсім алу, топырақтың құнарлылығын сақтау және жақсартып отыру мақсатында қолданылады. Сонымен бірге ауыспалы егіс жерді, өндіріс құралдарын, адам күшін ұтымды пайдалану арқылы өндіріс тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Қазіргі кезде де нарықтық экономика жағдайында шаруа қожалықтары мен басқа да ауыл шаруашылығы кәсіпорындары ауыспалы егістікті қолдануға бейімделуіне болады.

Өсімдік шаруашылығы өндірісінде мол табыстарға жетудің тағы бір жолы — экстенсивті технологияны пайдалану. Бұл жағдайда жер көлемін арттыру арқылы жалпы түсімнің мөлшері көбейеді, бірақ оның тиімсіздігі косымша техника мен жұмыс күшін талап етеді. Интенсивті технологияны қолдану соңғысына қарағанда тиімді болып табылады. «Тамшыбұлақ» шаруа қожалығында өсірілетін дақылдар мен егістік көлемі келесі кестеде көрсетілген.

4-кесте  Шаруашылықта өсірілетін дақылдар және олардың түсімділігі

Дақылдардың түрлері 2006 2007 2008
Егістік көлемі, га Түсімділігі,

ц/га

Егістік көлемі, га Түсімділігі,

ц/га

Еігстік көлемі, га Түсімділігі, ц/га
Бидай 78 9,3 66 11,4 70 10,8
Картоп 15 60,4 12 62,5 14,0 65,0
Көкөніс 4 32,3 4 32,0 4 35,0
Көпжылдық шөптер 10 8,5 10 12,4 10 12,5

4-кесте мәліметтерінен байқалғаны, бидайдың әр гектарынан алынған өнім 2007 ж (11,4ц/га) 2004 ж (9,3ц/га) қарағанда 2ц/га көбейген, бірақ 2008 жылы қайтадан 10,8ц/га болып төмендеген. Астық түсімділігінің бірқалыпты болмау себебі, тұқымның сапасына байланысты болып отыр. Тұқымның сапалылығын тексеретін құралдар жоқ, ал басқаларға тексерту қымбатқа түседі.

Егістік көлеміне тоқталатын болсақ, бидайдың жер көлемі 2007 жылы 12 га азайған, ал 2008 жылы осы жылмен салыстырғанда 4 га көбейген. 2008 жылы 8 га. жерге тұқым себілмей қалған себебі, нарықтық қатынастарға әлі де бейімделе алмаған, техника ескі, жанар-жағар майдың жетіспеушілігі қолда бар жерді игеруге мүмкіндік бермеген.

Есесіне сол аз жер күтіп-баптауға ыңғайлы болып, әр гектардың түсімділігі артқан.

Картоп бойынша да дәл осыны айтуға болады, бірақ 2008 жылы картоп тың жер көлемі де, түсімділігі де ұлғайған. Бірақ бір гектардан 65ц картоп алу басқа шаруашылықтармен салыстырғанда орташа көрсеткіш болып саналады.

Көкөністер бойынша 1 гектардан алынған өнім 2007 жылға қарағанда 2008 жылы 8% өскен. Жалпы көкөністердің шығымдылығы төмен (35ц/га), себебі егістік суарылмайды, басқа да агротехникалық шаралар орындалмаған.

Өсімдік шаруашылығы өндірісінің табыстылығы дақылдардың 1 гектарының шығымдылығына ғана байланысты емес, жалпы түсімнің қандай бөлігінің сатылғанына да байланысты. Неғұрлым сатылған өнім мөлшері жоғары болса, соншалықты табыс та мол болады. Ол жағдайды талдау үшін өнімдердің тауарлылық деңгейін қарастырамыз.

5-кесте Өсімдік шаруашылығы өндірісінің тауарлылық деңгейі

­Өнімдер 2006 2007 2008
Жалпы өнім,

ц

Тауар

лы өнім,

ц

Тауар

лылық,

%

Жал

пы өнім,

ц

Тауар

лы өнім, ц

Тауар

лы

лық,%

Жалпы өнім,ц Тауар

лы өнім, ц

Тауар

лылық,%

Астық 725 481 66,4 752 511 68,0 756 539 71,3
Картоп 906 545 60,2 750 475 63,4 910 546 60,0
Көкөніс 129 97 75,0 128 92 72,0 140 104 74,5

Сатылған өнімнің жалпы өндірілген өнімге пайыздық қатынасы сол өнімнің тауарлылығын білдіреді. Өнімнің тауарлылығы жоғары болса, сол өнімнің сапалылығын көрсетеді.

Шаруашылықта астықтың тауарлылығы 2006 жылы 66,4% болса, ол жыл сайын жоғарылап отырған. 2008 жылы 10 % -ке жуық өсіп, 71,3-ке жеткен. Картоптың тауарлылық деңгейі 2007 жылы 3,2% жоғарылап, 2008 жылы қайтадан төмендеп (60 %) кеткен. Бұл көрсеткіш соңғы үш жылдағы төменгі көрсеткіш болып саналады.

Көкөністердің сапасы жоғары болса, кем дегенде 90-95% бөлігі сатылуы керек, себебі: астық пен картоптан түқымға қалдырылады, ол көкөністер түгелдей сатылуы тиіс. Көкөністердің тауарлылығы төмен (75,0, 72,0, 74,5%), яғни қалған бөлігінің сапасы нашар, сатуға жарамсыз болғандығын көрсетеді.

Көкөністердің сапасының төмендеу себебі, дер кезінде сату нүктесіне жеткізілмей, бүлініп кеткен, алдын-ала өнімдерді өткізу шаралары ұйымдастырылмаған.

Өнімдердің тауарлылық деңгейі қанша өнім сатылғанын көрсететін болса, сол сатылған өнімдердің сату бағасы өндіріске жұмсалған шығындардың орнын толтырып қана қоймай, таза пайда келтіруі тиіс. Өндіріс тиімділігі сатылған өнімдердің әрбір өлшемінің бағасы мен өзіндік құнына тікелей байланысты.

Өнімнің толық өзіндік құны дегеніміз сатылған өнімдерді өндіруге, жинауға, тасымалдауға, сақтауға және сатуға жұмсалған барлық шығындар жиынтығы. Ал таза пайда сатылған өнімнен түскен жалпы түсім мен өндіруге жұмсалған шығындардың айырмасына тең болады.

Өндірістің экономикалық тиімділігін 1 ц. өнімнің сату бағасымен өзіндік құны арқылы анықтауға болады.

Өнімдер 2006 2007 2008
 

 

 

 

1ц өнім-ң сату бағасы,

тг

1ц өнім-ң өзіндік құны, тг Пайда +,

Зиян (-)

Рента-

бельді-

лік, %

1ц өнім-ң сату бағасы,

тг

1ц өнім-ң өзіндік құны, тг Пайда +, зиян

(-)

Рента-

бельді-

лік, %

1ц өнім-ң сату бағасы,

тг

1ц өнім-ң өзіндік құны, тг Пайда +, зиян

(-)

Рента-

бельді-

лік, %

Астық 987 991 -4 -0,4 1124 1094 +30 +2,7 1130 1090 +40 +3,7
Картоп 3028 2980 118 4,0 3256 3080 +176 5,7 3285 3064 221 7,2
Көкөніс 3034 2915 +119 6,2 3514 3408 +106 4,4 3515 3400 +115 4,8

6-кесте Өсімдік шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігі

Дақылдардың барлық түрі де тауарлылық деңгейі төмен болғанына қарамастан тиімді болған. Тек қана астық 2006 жылы әр центнерінен 4 теңге зиян келтіріп, зияндылық деңгейі – (-0,4%) болған. Картоп пен көкөніс соңғы үш жылда да тиімді болған, бірақ мұндай рентабельділік көрсеткіштерін (4-7%) аса жоғары деуге болмайды. Жалпы нарықтық бағаларды зерттейтін болсақ, картоптың сату бағасы (1 кг-30 теңге) – көтерме сауда бағасы. Егер картопты қалада (Алматы) сауда дүкені арқылы сатса, онда тиімділігі одан жоғары болар еді. Ол үшін қаладағы супермаркет дүкендерімен алдын ала келісім шарт жасалып, келісіп қою керек.

Көкөністер де жергілікті тұрғындарға сатылатындықтан бағасы нарықтық бағадан төмен.

Биылғы жылдан бастап астықтан нан пісіріп сату қолға алынды. Бұл кәсіпкерліктің түрінен сөзсіз пайда көбейетін болады.

«Тамшыбұлақ» шаруа қожалығы өсімдік шаруашылығымен бірге мал шаруашылығы өндірісімен де шұғылданатыны жоғарыда айтылды, енді мал шаруашылығы өндірісін талдап, нәтижесін анықтауға болады.

7-кесте Мал басының саны

Мал түрлері 2006 2007 2008
Мүйізді ірі қара малдар, бас

– сиырлар

Қой-ешкі, бас

оның ішінде:

– аналық қойлар

Жылқы

32

21

950

 

585

10

30

19

826

 

484

12

33

22

880

 

516

12

Шаруашылықта мүйізді ірі қараның саны 2006-32, 2007-30, ал 2008 жылы 3 бас мал қосылып, барлығы 33 бас болған, сол сияқты сиырлардың саны да өзгерген. Қой ешкінің де саны азайған, жылқы да 2008 ж. 1 басқа кеміген. Шаруашылық картоп, астық тасымалдау кезінде қолда қаржы болмағандықтан, автокөлік ақысы мен жанар-жағар майлар үшін малмен бартерлік айырбас жасау арқылы төлеуге мәжбүр. Сонымен бірге өз комбайндары жоқ болғандықтан комбайнды да көршілес кооперативтен жалға алуға тура келеді.

Мал шаруашылығында өнімдердің көлемі мал басының өнімділігіне тәуелді, мысалы етке тапсырылатын малдың салмағы, бір қойдан қырқылған жүн, аналықтардан алынатын төл саны неғұрлым жоғары болса, сатылатын өнім көлемінің, мал басының саны да ұлғая түседі. «Тамшыбұлақ» шаруа қожалығындағы мал өнімділігіне талдау жасайтын болсақ, ол төмендегі кестеде көрсетілген.

8 -кесте Малдың өнімділігі

Көрсеткіштер 2006 2007 2008
Ірі қараның етке өткізу салмағы, кг 285 310 306
Бір сиырдан сауылған сүт

(орташа жылдық), кг

1784 1942 1863
Бір қойдың етке өткізу салмағы, кг 38 40 41
Бір қойдан қырқылған жүн, кг 2,8 2,8 3,1
10 саулықтан алынған қозы саны, бас 7 8 8

Мал өнімділігін талдау арқылы ірі қараның етке өткізу салмағы 2007 жылы бір шама өсіп, 2008 жылы қайтадан төмендеп кеткендігін байқауға болады.

Сиырдың саны аз болғанымен, оны сауып, сүтін сепаратордан өткізіп, май шайқап, ауылдағы дүкенге қойып сатады. Келешекте сиыр санын көбейтіп, сүт өнімдерін өндіруді қолға алса, табыс молаяр еді. Бос жатқан егістік жерлерге сүрлемдік жүгері егіп, сиыр сүтін молайтуды қолға алу керек.

Қойдың етке өткізу салмағы жыл сайын аз да болса көбейген,бір қойдан қырқылған жүн де 2,8 кг-нан 3,1 кг-ға дейін артқан. Мұнан біз қойдың қоңдылығы неғұрлым жоғары болса, жүні де көп, сапалы болатынын көреміз. Алдағы жылдары қойдың санын көбейту, тұқымын асылдандыру және төлді көбейту қажет болып отыр. Қажетті қой еті, жүнін өндіруде малдың өнімділігін үнемі арттырып отырумен қатар оның санын азайтпау керек, мүмкіндігінше көбейтіп отыру қажет.

Мал басының өсуіне көп жағдайлар себепші: табын құрылымы, жарамсыз сауылықтар мен қошқарлардың уақытында айырбасталуы, саулықтардың қысыр қалмауы, қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру арқылы қоздайтын маусымының тиімді мерзімін белгілеу, қозыларды күту, бағу, тез жетілдіру, койларды зоотехникалық және мал дәрігерлік ережелерге сай азықтандыру және күту.

Шаруашылықта саулықтың қысыр қалмауын ұйымдастырған жөн, ұрғашы мал ірі және күйлі болса, одан туған төл де ірі және тіршілікке икемді болады.

Қойды ұрықтандыру егін егудей болса, оны қоздатып алу егінді ысырапсыз жинап алумен тең болып есептеледі. Осыған байланысты қозы алуға да арнайы жоспар жасап, мұқият дайындалған жөн (14,110-112).

Сақманға адамдарды белгілеу, қажетті мал азығын, түрлі жабдықтар дайындау, қой қораларды тазалау, оларды қысқы жағдайға дайындау, туған қозыларды аман сақтау, сақманшыларға көп байланысты іс.

Малдан жақсы өнім алу үшін, малды жақсылап азықтандырған жөн. Мал азығы егін шаруашылығынан және шабындықтар мен жайылымдардан алынатын шикізат. Мал азығы неғұрлым құнарлы болып құрамы қажетті микроэлементтерге бай болуы тиіс. Ең алдымен шаруашылық дақылдарының, мал азығы үшін егілетін дақыл түсімділігін арттыру керек, яғни мал азығы дақылдарын құнарлы жерге егу, оларға тыңайтқыштар қолдану тағы басқа да шараларды орындау қажет.

Мал шаруашылығы өндірісінің табыстылығы өткізілген өнімдердің көлеміне, әрбір өлшемінің сату бағасы мен сатылған өнімдердің өзіндік құнына тікелей байланысты. Мал шаруашылығы өнімдерінің сату көлемі, бағасы мен өзіндік құны келесі кестеде көрсетілген.

9-кесте Мал шаруашылығы өндірісінің көрсеткіштері

Көрсеткіштер 2006 2007 2008
 

 

ет сүт жүн ет сүт жүн ет сүт жүн
Тауарлы өнімнің

мөлшері, ц

46 89 22 54 57 20 52 53 23
1 ц өнімнің

сату бағасы,

теңге

25021 2341 6013 28121 2538 8087 29634 3025 10112
1 ц өнімнің

өзіндік құны,

теңге

27221 242 6119 29811 2665 872 31122 3216 10513
1ц өнімнен

Түскен

пайда

(+) зиян (-)

-2200 -82 -106 1690 -127 -85 -1488 -191 -401

Мал шаруашылығы өндірісінде барлық өнімнің түрлері бойынша 1 центнер өнімнің сату бағасына қарағанда, өзіндік құны 3 жыл бойы да жоғары болған. Тек қана ет бойынша әрбір центнерден шеккен зиянның абсолюттік шамасы жыл сайын кеміп отырған, мысалы, 2006 жылы еттің әр центнерінен 2200 теңге зиян шексе, ол көрсеткіш 2007 жылы 1690 теңгеге дейін (509 тг кем), ал 2008 жылы 1488 теңгеге (2006 ж қарағанда 711 тг кеміген) дейін төмендеген. Бұл әрине, табысты көрсеткіш емес, бірақ зияндылық мөлшерінің азаюы, өндірістің алға жылжығанын көрсетеді.

Ал сүт пен жүн өндірісі бойынша әрбір центнер өнімге жұмсалған шығынның мөлшері жыл сайын артып отырған: 2006 ж. 1 ц сүтке 82 теңге артық жұмсалса, 2007 ж. ол 127 теңге болып, 2008 ж. 191 теңгеге дейін көбейген. Жүн бойынша да осындай жағдай — 2006 ж — 106 тг шығын, 2007 ж — 285 тг, 2008 ж — 401 теңгеге жетіп, артық шығынның мөлшері 2006 ж қарағанда 4 есе көбейіп кеткен. Себебі: жүннің біріншіден сапасы нашар, қой қырқыны алдында қойлар санитарлық тазалықтан өтпейді, екіншіден республикамызда жүн өнімдерін өңдеп, пайдаланатын ірі кәсіпорын жоқ, сондықтан жүн жинаушылар шет ел кәсіпкерлеріне өткізу үшін сұрыпталмаған, тазаланбаған жүнді өте арзан бағамен ала береді.

Өнімдердің әрбір центнерінің сату бағасы мен өзіндік құны шаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігінің деңгейне әсер етеді. Мал шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігі 10 – кестеде көрсетілген.

Кәсіпорында мал шаруашылығы өндірісі соңғы үш жыл бойы да зиянмен аяқталып отыр. Ет өндірісі бойынша 2006 ж. зияндылық деңгейі (-8,1 %) болған. Соңғы жылы алдыңғы екі жылға қарағанда зияндылық деңгейінің абсолюттік шамасы есеге жуық төмендеген, бұдан шаруашылықта қандай да болмасын іс-шаралар атқарылып жатқаны байқалады. Сатылған еттің көлемі өскен, бірақ алдыңғы кестелерден байқалғандай мал басының саны кеміп кеткен.

10-кесте «Тамшыбұлақ» шаруа қожалығы мал шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігі

Көрсеткіштер 2006 2007 2008
ет сүт Жүн ет сүт жүн ет сүт жүн
Өнімді сатудан түскен түсім, мың, тг 1151 208 132 1518 1446 162 1540 160 248
Сатылған өнімнің толық өзіндік құны, мың.тг 1252 215 135 1609 1519 167 1618 170 239
Пайда (+),

зиян (-)

-101 -7 -3 -91 -73 -5 -78 -10 +9
Рентабелділік, % (зияндылық) -8,1 -3,2 -2,2 -5,6 -4,8 -2,9 -4,8 -5,9 +3,8

Өткізілетін өнімнің көлемі көбейгені жақсы, бірақ туған төлдер есебінен мал топтарының келесі топтарға ауыстыру арқылы мал басының санын да өсіріп отыру қажет. Сүт өндіруден де зиян шеккен және жыл сайын зияндылығы арта түскен. Сүтті жаңа сауылған сәтте өткізу мүмкіндігі жоқ, сондықтан шаруашылықтағы от басы мүшелері оны майға айналдырып, жергілікті дүкенге өткізеді, ал оның бағасы да төмен, сондықтан жалпы өндірілген сүтке шаққанда өзіндік құнынан төмен болған. Жүн өндірісінің де зияндылығы жыл сайын көбейген — 2006ж –(-2,2 %), 2007ж -(-2,9 %), 2008ж -(-3,8 %).

Жүннен, теріден қандай қымбат тауарлар өндірілетініне бүгінгі күнге дейін біздің жергілікті кәсіпкерлеріміз көңіл аудармай отыр. Оның себебі де бар, шикізат өңдейтін құрал-жабдықтар сатып алуға қаражат жетпейді. «Ауыл жылдары» деп аталғанмен, іс жүзінде ауыл кәсіпкерлеріне көрсетілген нақты көмек болмады.

Шаруашылық қызметкерлері әлі күнге дейін ауыл шаруашылығы техникасына қажетті қосалқы бөлшектерді, жанар-жағар майларды алуға тіпті астық пен картоп тасымалдауда көлікке төлейтін ақы үшін де бартерлік айырбас арқылы есеп айырысатындықтан өнімдердің бағасы төмендеп кетеді.

Жоғарыда аталған малдың қоңдылығын арттыру, азықтандыру т.б. шараларды орындау үшін де, мемлекеттің қолдауы қажет.

Егер мал өнімін белгілі бір мөлшерде көбейту крек болса, қосымша өнімнің тек 15-20% мал тұқымын жақсартуға байланысты шаралар арқылы, 15-20% малды күтуді жақсарту, емдеу, малшылардың ынталануын, жауапкершілігін арттыруға байланысты шаралардан, ал 60-65 % мал азығының мол болуынан алынады екен.

Шаруашылықта мал жыл бойы жоғары сапалы азықпен қамтамасыз етілуі қажет.

Мал азығын өндіру, өңдеу және малдарға азық үлестірудің неғұрлым тиімді арзан тәсілін қолдану қажет. Мал азығы өндірілетін егістік, шабындық және жайылымдық жерлер неғұрлым толық пайдаланылуы қажет. Пайдаланатын мал азығының өтелу деңгейі жоғары болуын қамтамасыз етіп отыру керек.

Шаруашылықта егіншілік даму үстінде, соңғы жылдан бастап, шаруашылық мүшелері қосымша кәсіпкерлікпен шұғылдануға кірісті. Осы кәсіпкерліктен түскен табысты мал шаруашылығын дамытуға пайдалану қажет. Бұрынғы жылдардың нәтижелеріне қарағанда Қоғалы маңы қой шаруашылығына тиімді, жайлауы ыңғайлы, мал өсіру үшін барлық жағдайлар бар, тек қана соны ұтымды пайдалану жолдарын қарастыру керек. Картопты көтерме сауда арқылы кездескен алушыларға емес, нарықты зерртеу арқылы Алматы қаласындағы қоғамдық тамақтандыру орындарымен, супермаркет дүкендерімен келісім шарт жасай отырып, алдын-ала тапсырыс алу арқылы өткізу қажет.

Өсімдік шаруашылығынан түскен табысты егіншілікті дамыта отырып мал шаруашылығына бағыттап, қалайда малдың басын сақтауға ұмтылу зор нәтижелерге жеткізеді.

Егістіктің игерілмеген алқаптарына арпа егуді қолға алу керек, көкөністің ысырап болмай, түгелдей сатылуын қадағалау қажет. Осы аталған шаралар орындалса, шаруашылықтың тығырықтан шығатынына күмән жоқ. Шаруашылық салаларының экономикалық көрсеткіштерін талдай арқылы жалпы шаруа қожалығы өндірісі нәтижелерін анықтауға болады.

Кестедегі мәліметтерден кәсіпорында өсімдік шаруашылығы саласы тиімді екенін көруге болады. Сонымен бірге өсімдік шаруашылығының тиімділігі жыл сайын аз да болса, өсіп отырған. 2006 жылы рентабельділік деңгейі 4,0% болса, 2007 – 4,6, ал 2008 жылы 5,9% жеткен. Қазіргі нарықтық қатынастар ауыл шаруашылығында әлі нақты дами алмай отырған жағдайда және мал шаруашылығы саласымен салыстырғанда, көп пайда болмаса да, зиян шекпеген және алға қарай жылжу бар екені көрініп тұр.

Мал шаруашылығы өндірісі соңғы үш жылда да зиянмен аяқталған, бірақ 2008 жылы 2006 жылға қарағанда зияндылық деңгейі 43,5% төмендеген. Бұдан байқалатыны, әлі де көптеген табыстарға жету мүмкіндігі бар. Ол үшін жұмысшылардың уақытын тиімді пайдалана отырып, еңбек өнімділігін арттыру арқылы өндірілетін өнімдердің көлемін ұлғайтумен қоса, нарықты зерттеп, өткізу жолдарын анықтап, өнімнің бағасын жоғарылатып, өзіндік құнын төмендету мәселеріне көңіл аудару қажет.

11 – кесте  Шаруа қожалығы өндірісінің экономикалық тиімділігі

Көрсеткіштер 2006 2007 2008 Орташа 3 жылғы көрсеткіш
1 Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сатудан түскен түсім, мың.тг. 2419 2443 2769 2544

 

2 Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің толық өзіндік құны, мың.тг 2326 2336 2615 2426

 

3 Мал шаруашылығы өнімдерін сатудан түскен түсім мың.тг 1491 3126 1948 2188
4 Мал шаруашылығы өнімдерінің толық өзіндік құны, мың.тг. 1602 3295 2027

 

2308
5 Барлық өнімдерді сатудан түскен түсім, мың.тг. 3910 5569 4717 4732
6 Барлық өнімдердің толық өзіндік құны, мың.тг. 3928 5631 4642 4734
7 Пайда (+), зиян (-),мың тг -өсімдік шаруашылығы – мал шаруашылығы – шаруашылық бойынша  

+93

-111

-18

 

+107

-169

-62

 

+154

-79

-75

 

+118

-120

+2

8 Рентабельділік, %

– өсімдік шаруашылығы

– мал шаруашылығы

– шаруашылық бойынша

 

+4,0

-6,9

-0,5

 

+4,6

-5,1

-1,1

 

+5,9

-3,9

+1,6

 

+4,9

-5,2

-0,04

Шаруа қожалығы мүшелерін жұмысқа ынталандыру үшін олардың еңбек ақысын ақшадай беруге мүмкіндік жасау, әлеуметтік жағдайларын жақсарту шараларын ойластыру қажет.

Қосымша кәсіпкерлікті дамыта түсіп,сүт өнімдерін өңдейтін кіші-гірім цех ашу мүмкіндігі бар, ірімшік, балмұздақ дайындау жұмыстарымен шұғылданса табыс көзі көбейіп, жұмысшыларға еңбек ақы төлейтін қаржы пайда болар еді, сонымен бірге қосымша жұмыс орны ашылады.