Басқару тиімділігін арттыру жолындағы нарықтық механизмнің рөлі

Өндірістің тиімділігін арттыру үшін әрбір кәсіпорын ең алдымен өзінің қызметін коммерциялық есеп негізінде жүзеге асыруы, яғни түсетін ақшалай табысты өндіріске жұмсалған шығындармен салыстырып отыруы, сөйтіп рентабельді жұмыс істеуі тиіс. Кәсіпорынның қызметін бағалау үшін үнемі жан-жақты, әрі терең талдау жасап отыру қажет. Терең талдау жасау үшін аграрлық кәсіпорындардың басшылары коммерциялық есептің мынандай принциптерін ескеру қажет:

  1. Өнім өндіруге жұмсалатын шығынның өтелуі және тауарлы өнімді өткізуден түскен табыс оның өзіндік құнынына асып түсуі үшін сату бағасының жоғары болуын қаматамысыз ету;
  2. Кәсіпорынның басқа да өндірушілермен бәсекелестігі, өнімнің сапасы, бағасы қызмет пен өнімнің түрелері бойынша бәсекелестікке төтеп беріп, озып шығу;
  3. Барлық қызметкерлердің, өндірісітің нәтижелі болуына ынталылығы үшін еңбекке негізгі ақы төлеу, қосымша ақы төлеу, сыйлық беру арқылы жүзеге асады, ал ондай әдістер рентабельді шаруашылықта ғана қолданылады.
  4. Өндірістің нәтижелерін бақылау жүргізу ақшадай формада өлшеуге негізделген және оны басшы қызметкерлер жүзеге асырады.

Осы аталған принциптер орындалу үшін нарықтық механизм қалыптастру қажет. Нарықтық механизм қалыптастыру факторлары – өнім (тауар), бәсеке, баға және нарық, яғни бәсекеге қабілетті жоғары сапалы өнім өндіру, оны өзіндік құнынан жоғары бағаға нарықта сату.

Бәсеке күресінің жәрдемімен қоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық бірліктерінен тазартады және керісінше олардың даму болашағы барларына тиімді жағдай жасайды. Біздің нарық терең монополияландырылған, сондықтан нарықтық ортаны қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін біздің алдымызда бәсекелестер әлемін құру міндеті тұр. Бұл нарықтық қатынастардың табиғи болмысы, мұндай жағдайда  тауар өндірушілер өнім өндіру мен сатуға байланысты кәсіпкерлікпен белсенді түрде айналысуға мүдделі болады.

Нарықтық экономика жағдайында ескеретін маңызды жәйт –ол өндіріс құрал- жабдықтарына жеке меншік және кәсіпкерліктің толық еркіндігін заң жүзінде бекіту. Онсыз шын мәніндегі нарықтық экономикаға сай экономикалық мәні болмайды. Нарық жағдайында бәсеке күресінің бірнеше түрлері болады:

а) таза бәсеке

б) монополиялық бәсеке

б) олигополиялық бәсеке

Нарықтық қатынастар дамыған елдерде жетілген бәсеке (ол нарықтық бағаға ешқайсысы да әсер ете алмайтын жағдайда болады) және жетілмеген бәсеке (ол егер белгілі бір тауардың негізгі массасын тек қана бірнеше ірі фирмалар өндіретін жағдайда болады) деп те бөлінеді. Енді жоғарыда көрсетілген бәсеке түрлеріне кеңірек тоқталайық.

Таза бәсеке нарығын бір- біріне ұқсас (бір-бірін ауыстыра алатын) тауарларды көптеген сатушалар және сатып алушылар құрайды, олардың бірде-біреуі жеке дара сұранысқа бақылау орнатуда, нарыққа тауар жеткізу немесе оған баға қоюда  үстемдік жасай алмайды.

Олигополиялық (грекше «олигос» – көп емес, «полео» – сатамын) бәсеке нарығында баға белгілеу саясаты мен маркетингтік стратегияға аса сезімтал аз ғана сатушылар тобы құрайды. Олигополиялық нарықтың қатысушыларының көп болмауы көбінесе ондай нарыққа ену жағдайының қиындығымен байланысты.

Таза монополия жағдайында жеке кәсіпорындар бәсекелестердің болмауына байланысты өздерінің дара үстемдігін орнықтыруға тырысады. Монополист кәсіпорындар өздерінің экономикалық үстемдігін шаруашылық шарт жасау, бір өзі ғана өнім шығара отырып, оны жоғары бағамен сату арқылы жүзеге асырады. Жасанды монополизммен күресу үшін бір-бірімен байланысты екі мақсатты жүзеге асыру керек: экономиканың монополиялық құрылымын жою, заң жүзінде монополияға қарсы саясатты белсенді түрде іске асыру. Бұл арада ескеретін жәйт – монополияға қарсы заңдылық кәсіпкерлерге экономикалық емес жолмен жасалатын қысым қаруына айналуы керек. Себебі, дамыған нарықтық қатынастар жоқ кезде монополизмге қарсы күрес әкімшіл-әміршілдік жүйенің сақталуына және күшеюіне жақсы бүркеме болуы мүмкін. Қорыта айтқанда, экономикадағы монополиялық үстемдікті жоймай, нарықтық экономиканы дамыту мүмкін емес.

Агробизнес кешенінің негізгі сфералары тек салалық құрамымен, технологиялық ерекшеліктерімен, өндірілген өнімнің түрі және мәнімен ғана емес, сонымен бірге нарықтық параметрлерімен де айқындалады. Агробизнес кешені нарықтың әр түрлі үлгілерінің үйлесімі мен өзара іс-қимылын білдіреді. Соның нәтижесінде фирмалардың бәсекелестік бейімділігінің әр түрлі үлгілерін танытады.

Ауыл шаруашылығы өндірісі нарығының бірқатар  өзіндік ерекшеліктері бар. Оның ең бастысы мынадан көрінеді: ауыл шаруашылығы – нарықтық құрылым мен қарым-қатынас жүйесі әлі де сақталған, еркін бәсекелестік нарығына барлығынан жақын тұрған ұлттық масштабтағы жалғыз және соңғы сала. Оның негізгі белгілері төмндегідей:

Біріншіден, ауыл шаруашылығы нарығында тәуелсіз өндірушілердің саны өте көп. Айталық, АҚШ-тың ауыл шаруашылығында 1987 жылғы соңғы халық санағына сәйкес фермерлік шаруашылықтардың саны 2млн.176 мың құрады. Бұл олардың барлығын сөздің толық мағынасында фермерлік шаруашылықтарға жатқызуға болмаса да, аз сан емес.

Екіншіден, еркін бәсекелестік нарығы болып саналатын ауыл шаруашылығы нарығының белгісі ретінде әрбір жекелеген өндірушінің бағаға әсер ете алмауын айтуға болады. Өйткені, ешқандай фермер жекелей алғанда нарықтық бағаға әсер ете алатындай өнімнің көлемін ешқашан да өндіре алмайды.

Еркін бәсекелестік нарығының үшінші маңызды белгісі – өнімнің біртектілігі және бірқалыптылығы. Өндіруші тек қана өз тауарын жарнамалап, тек өз өнімінің сапасын бөліп көрсете алмайды. Іс жүзінде бір фермердің астығы сорты мен сапасы жағынан басқа фермердің астығынан ерекшеленуі мүмкін, бірақ бұл астық бір сорттағы және сападағы қалыпқа түсірілген астық болса, онда одан ешқандай айырмашылықты табу мүмкін емес.

Еркін бәсекелестік нарығының төртінші ерекшелігі – бәсекелестікке бейімсіздеу жаңа фирмалардың нарыққа келуі үшін кәдімгідей қолбайлау болатын барьердің жоқтығы.

Нарыққа кіру барьері әртүрлі болуы мүмкін. Олигополиялық және монополиялық құрылымдағы салаларда оларға ең алдымен масштабтың жағымды тиімділігі жатады, басқаша айтқанда- жоғары қуатты өндірісте шығындарды азайту және өнімнің бәсекелестікке бейімділігін арттыру.

Жоғарыда айтылғандарға орай көптеген фермерлік шаруашылықтарда мұндай барьер ауыл шаруашылығында жоқ.