Ақша-несие және фискальды саясаттың экономиканың макроэкономиканың тұрақтандыруындағы алатын орны

  1. Фискальдық саясат. Ол мемлекеттік бюджеттен байланысты қаржыны реттеуді қамтиды. Оған мемлекеттік сатып алуды ұлғайту мен қысқарту, күрделі қаржы бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, бюджеттен жекелеген сала мен кәсіпорын (фирма) үшін дотация мен субсидиялар салық шаралары жатады. Фискалдық саясаттын ең манызды белігі салықты реттеу болып табылады. Бұрыннан салықа қатысты белгілі нәрсе, ол экономикада екі жақты қызмет, атқарады. Біріншіден — мемлекеттің табысын қалыптастырса, екіншіден тұтынушы мен өндірушіге ынталандырушылық әсер етеді. Салықтың жоғары болуы жалпы ұлттық өнім көлемін азайтады. Сондықтан нақты жағдайды ескере отырып, салық ставкасының дұрыс шекарасын анықтау қажет. Салықты реттеудің ең кең тараған түрлері мыналар болып табылады:

а) кейбір экономикалық процестерді ынталандыру мен шектеу максатында салық ставкасын өзгерту. Мемлекет экономиканы көтеруді ынталандыру үшін кейбір жекелеген сала мен территорияға (Арал өңірі), табиғаты келеңсіз ауданға, еркін экономикалық аймаққа арнайы салық салудың жеңілдеген режимін белгілейді. Салық төлеушілердің негізгі көпшілігіне жанама салық пен табыс салығы ставкасын көтеру жеке тұтыну тауарларына сұранымды шектеу үшін жасалады. Пайдаға салық ставкасының өзгеруі қорлану процесіне әсер ету үшін жасалады: салық ставкасының ең төмен кезінде күрделі қаржы еседі, ал ең жоғарғы инвестициялау аса пайдасыз;

ә) ставканы өзгертпей, салық төлем ережесін өзгерту. Мысалы, бұған негізгі қор амортизациясының мүмкін болатын мерзімін өзгертуді жатқызамыз. Амортизация мерзімін қысқарту амортизациялық төлемдерді ұлғайтуға мүмкіндік жасайды және сол салық ставкасы жағдайында ресурстардың корлануын ұлғайтады;

б) салық жеңілдіктерін алып тастау немесе өндіру. Сала жеңілдіктерін белгілеу капиталдың, сала аралық құйылуын реттейді.

  1. Бюджеттік реттеу — мемлекеттік органдар мемлекеттік бюджетті әртүрлі бағыттар бойынша жұмсайды, реттейді. Бұдан басқа мемлекет салық төлемдерінен тыс бюджетке қосымша төлем белгілей алады, сонымен ақша айналысы мен қор жинауды реттейді.
  2. Мемлекет бағдарламасы мен мемлекеттік тапсырыс арқылы реттеу. Мұнда мемлекеттік органдар бюджет қаражатының бір белігін әлеуметгік, ғылыми бағдарламаға бөледі де, осы арқылы фирмаларға, кәсіпорындарға белгілі бір өнім түрлерін өніуге, әскери өнімдер мен қоғамдық транспортқа тапсырыстар береді. Осылар арқылы мемлекетке қажет өндіріс салаларын белгіленген бағдарлама бойынша дамытады.
  3. Баға арқылы реттеу. Нарықтық экономика жағдайында мемлекет бағаны шектеп, оны өндіріс шығындарынан артық қоюға тыйым салады. Сатушылар шегетін шығындардың орнын мемлекеттік бюджет арқылы толтырып отырады. Мұндай жағдай дамыған елдердің баршасына тән. Алайда, нарықтық экономикаға өтіп жатқан біздің елімізде бағалар еркін қойылып оған ешбір шектеушілік пен реттеу болмай отыр. Онын да тиімді тетігін ойластыру келелі мәселелердің бірі.
  4. Ақша-несие арқылы реттеу — салық жүйесін қоса алғанда, мұны мемлекеттің фискалды саясаты деп аталады, осы арқылы ақша айналысына ықпал ету. Мемлекет орталық-ұлттық банк арқылы ақша эмиссиясы мен жалпы ақша көлемін реттейді, банктің қарыз пайызының ставкасын белгілейді, займдар береді, облигациялар мен бағалы қағаздар шығарады. Осындай реттеу жолдарымен ақша ағымы мен жинағын өзгертіп, жалпы экономикалық процестерге ықпал етеді.

Несие арқылы реттеудің төмендегі түрлері жиі қолданылады: банктің есептеу ставкасының өзгеруі; эмиссиондық банктегі міндетті минималды салымның көтерілуі, «ашық нарықтағы операция» (мемлекеттің облигацияны сатуы және сатып алуы); тұтыну несиесі бойынша пайызды реттеу; биржа пайызыньщ мөлшері т.б.;

  1. Әлеуметтік саясат өзіне табысты индексациялау, төменгі өмір сүру деңгейін бекітуді қоса отырып, қоғамдағы кедей топқа көмек көрсету бағдарламасын жүзеге асыруға күш салады. Оларды қарқынды инфляция салдарынан қорғауға көмектеседі. Әлеуметтік саясат мынандай салаларды қамтиды: білім, медицина, мәдениет, көп балалыларға көмектесу, тұрғындардың жұмыспен қамтылуы.
  2. Әкімшілік реттеу әртүрлі бақылау шараларын жузеге асырады. Олар арнайы кейбір оқшауланған салаларға байланысты қолданылады. Мысалы, қоғамдық, қолдану салаларын реттеу (электроэнергетика, көлік, байланыс, коммунальдық қызмет және т.б.), қор биржасы мен несие банк мекемелеріне әкімшілік бақылау, жеке бәсекелестіктің ережесін сақтауды бақылау. Мұнда жұмыс күші нарығын реттеу қызметі, нақтыласақ — жұмыстылық мекемесі (жұмыссыздарды есепке алу, жәрдем ақыны төлеу, олардың жұмысқа орналасуын ұйымдастыру).
  3. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу. Сыртқы экономика, сыртқы экономикалық байланыстар мемлекет тарапынан реттеуді талап етеді. Мемлекеттің сыртқы экономикалык қызметі оның ішкі шаруашылық қызметін жалғастырады, алайда оның өзіндік ерекшеліктері де бар.

Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметке араласуының негізгі мақсаты елдің экономикалық және саяси мүддесін қорғау. Мемлекеттік реттеу сырткы сауданы, капиталдың халықаралық қозғалысын, валюта-несие қатынасын, ғылыми-техникалық жетістіктер мен жұмыс күшінің халықаралық қозғалысын қадағалайды.

Үкіметтің сыртқы экономикалық саясатының негізгі түрлері белгілі. Олар протекционизм және фритредерство. Протекционизм саясаты өз өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын, ішкі нарығын шетелдік ықпалдан қорғау. Протекционизмге жоғары кеден бажы, экспортты шектеу тән. Фритредерство — еркін сауда саясаты, яғни шетелдік тауарларға әр түрлі шектеулерді алып тастау, төменгі кеден тарифын белгілеу. Бөлімің мақсаты нақты экономика секторының (тауар нарығының) және ақша нарығының өзара әсерінің тереңдетілен талдауын көрсетеді. Тауар нарығы түсінігінде қызмет көрсету мен тұтыну тауарлары нарығы да қарастырылады, олардың тұтыну игілігінен өзгешілігі жоқ деп айтуға болады. Бұл тауарлар санаттар арасында кейбір ерекшеліктер бар, дегенмен олар өзара сұраныспен ғана шарттасып тұр, өйтені тұтыну мен инвестицияланған тауарларға деген сұраныстың болуы әр түрлі айнымалы шамаларға байланысты. Тұтыну тауарларына сұраныс негізінен табыспен байланысты, ал инвестициялық тауарлар пайыздық мөлшерлемемен байланысты болады. Бірақ бұл айырмашылықтар үстіртін қарастырылған, өйткені тұтыну мен инвестицияланған тауарлардың нарығын бір-бірінен шектеу үшін, олардың салыстырмалы бағаларын білу керек.

Кейнс үлгісінде бұл жасалмаған, сондықтан да экономистер тауар нарығының барлық түрлерін бір нарық деп қарастырады.

Ақша нарығы — бұл қысқа мерзімдік несиелік құралдарды, қазыналық вексельдер мен коммерциялық қағаздарды алып-сату тетігі. Бұл нарықты облигация нарығынан ажыратып қарастыру керек. Облигация арқылы берілген ақшаның салыстырмалы бағасы — бұл облигациялардың пайыздық мөлшерлемесі.

Бұл бөлімнің міндеті, осы нарықтардың құрылымын тура анықтаудан тұрады, бұл жердегі маңызды мәселе олардың арасындағы өзара байланысын табу. АD-АS үлгісін қарастырғанда бұл өзара байланыс болжанған, өйткені тауар мен қызмет көрсету бағаларының өзгеруі тікелей ақша сұранысына әсер етеді.

Ақша нарығында пайыздық мөлшерлеменің ауытқуы жиынтық шығындар шамасына әсер етеді. IS—LМ үлгісін ең алғаш рет Дж. Хикс (Хикс «кресі») 1937 жылы ұсынған.

А. Хансеннің 1949 жылы шыққан «Монетарлы теория және қазыналық саясат» атты кітабы арқылы ол көпшілікке мәлім болды, содан кейін ол Хикс-Хансен үлгісі деп аталып кетті.

ІS-LМ үлгісі (инвестиция — қор жинағы, ұнамды өтімділік — ақша) — жиынтық сұраныс функциясын анықтау үшін қажетті, экономикалық факторды айқындайтын тауар-ақша тепе-теңдігінің үлгісі. Тауар және ақша нарықтарында бір мезгілде тепе-теңдік қалыптасу үшін, қажетті табыс көлемі Ү пен нарықтық пайыз мөлшерлемесі К-дің тіркемесін табуға үлгі мүмкіндік береді.

Сондықтан да, ІS-LМ үлгісі АD-АS үлгісінің нақтыланған түрі болып табылады.

Инвестициялар пайыз мөлшерлемесінің теріс функциясы, ал тұтыну — нақты табыстың оң функциясы екенін білеміз, демек жиынтық сұраныс теңдеуі төмеңдегідей:

АD = С (Ү) + I (R)

Ал ұсыныс, Кейнстің айтуынша, мынадай болады.

АS = С (Ү) + 5 (Ү)

Тауар нарығындағы тепе-теңдік жағдайы келесі теңдікті орындағанда ғана орын алады.

I (R) = S (Ү)

Берілген теңдеуді Дж. Кейнс анықтаған, ол тауар нарығындағы классикалық тепе-теңдік жағдайы үлгісінен басқаша.

I (К) = S (К)

Төмендегі теңдеу классикалық үлгідегі тауар нарығындағы тепе-теңдікті көрсетеді. Бұл теңдеулердің айырмашылығы қор жинағы функциясының аргументінде.

IS — LМ үлгісінің негізгі теңдеулері:

1)Ү— С + І + G + Хп — негізгі макроэкономикалық тепе-теңдік. Мұндағы:

2) С = а + b (Ү-Т) — тұтыну функциясы.

Тепе-теңдік өнім көлемін алгебралық тәсілмен шешу үшін, IS теңдеуінен R-дің мәнін LМ теңдеуіне қойып, теңдеуді Ү арқылы шешу керек.

Мемлекеттік шығындардың өсуі және — салық мөлшерінің төмендеуі ығыстыру әсеріне алып келеді, бұл жағдай ынталандырылған қазыналық саясаттың нәтижесін едәуір төмендетеді.

Егер мемлекеттік шығындар G өссе, онда жиынтық шығындар және табыс өседі, осының салдарынан тұтыну шығындары С өседі. Тұтынудың өсуінің салдарынан табыс (Ү) және жиынтық шығындар өседі. Бұл жерде мультипликатор әссрі де байқалады. Табыстың өсуі ақшаға деген сұранысты өсіреді, өйткені экономикада көптеген келісім-шарттар жүргізіледі. Егер ұсыныс тұрақты болса, ақшаға сұраныстың өсуі пайыз мөлшерлемесін (R) өсіреді. Ал пайыз мөлшерлемесінің өсуі инвестиция деңгейін және таза экспортты (Хп) төмендетеді. Кей жағдайда таза экспорттың төмендеуі, импорттың өсуіне байланысты жиынтық табыстың өсуінен дс болады. Қорыта айтқанда, ынталандырылған қазыналық саясаттың нәтижесінде, бір жағынан жұмысбастылық пен өнім көлемі өседі, ал екіншіден ығыстыру әсерінің салдарынан өнім көлемі төмендейді.

Егер таза экспорт пен инвестицияның ығысуы болмаса, онда мемлекеттік шығындардың өсуі және салықтың төмендеуі салдарынан Үтің өсуі (ҮоҮ2) мәніне тең болатын еді. Бірақ ығыстыру әсерінің салдарынан Ү-тің өсуі (ҮоҮ) мәніне тең.

Ақша ұсынысының өсуі ығыстыру әсерінсіз, қысқа мерзім кезеңіндегі экономиканың өсуін қамтамасыз етеді, бірақ таза экспорттың өзгерісіне қарама-қайшы әсерін тигізеді.

Ақша жиынының өсуі Мs пайыз мөлшерлемесінің (R) төмендеуіне алып келеді, өйткені несиеге берілетін ресурс ұлғаяды, ал несие бағасы төмендейді. Бұл жағдай инвестицияның өсуіне әсерін тигізеді. Қорыта айтқанда, жиынтық шығындар және табыс (Ү) өседі, демек тұтыну да (С) өседі. Таза экспорт өзгерісі (Хп) бір-біріне қарама-қарсы екі фактордың әсерінде болады:

  • Таза экспорттың төмендеуіне алып келетін жиынтық табыстың өсуі.
  • Пайыз мөлшерлемесінің төмендеуіне алып келетін жиынтық табыстың өсуі.

Хп мәні шамасының өзгеруі (Ү) және (R) өзгерістеріне және (п) кoэффициенті мен импорттаудың шекті бейімділігінің мәніне тәуелді.

Ақша-несие және салық-бюджет саясаттарының салыстырмалы тиімділігі төменгі шарттарға тәуелді:

а) нарықтық пайыз мөлшерлемесінің динамикасына таза экспорт пен инвестиция функциясы сезімталдығының әсер ету дәрежесі. (п және д) коэффициенттері.

ә) нарықтық пайыз мөлшерлемесінің динамикасына ақшаға сұраныс сезімталдығының әсер ету дәрежесі.

Ынталандырылған қазыналық саясаттың салыстырмалы тиімділігі ығыстыру әсері арқылы анықталады.

Басқа факторлар тұрақты болған кезде, егер ығыстыру әсері өнімнің өсу әсерінен кіші болса, онда қазыналық саясат тиімді деп аталады.

Ығыстыру әсері екі жағдайда  салыстырмалы түрде елеусіз болады:

1) Егер ақша нарығындағы пайыз мөлшерлемесінің өсуіне таза экспорт пен инветиция аз сезімталдық көрсетсе, онда сезімтал коэффициенттері (сі және п) салыстырмалы қарағанда  аз мәнді болады.

Бұл жағдайда (R)-дің болымсыз өсуі, Хп мен (I)-ның әлсіз ығыстыруына алып келеді, сондықтан (Ү)-тің жалпы өсімшесі елеулі болады.

2) Егер пайыз мөлшсрінің көтерілуінен және (К)-дің болымсыз өсуінен ақшаға сұраныстың сезімталдығы жоғары болса, онда ақша нарығында тепе-теңдік болады. (R) мәнінің өсуі болымсыз болғандықтан, ығыстыру әсері де салыстырмалы түрде қарағанда аз болады.

50-сурет графигінде бейнеленген LM қисығы жатық болады. Бұл жағдайда 15 қисығы көлбеуінің маңызы аз.

Салыстырмалы тік 18 қисығы және жатық LМ қисықтарының тіркемесінде ынталандырылған қазыналық саясат тиімді.

Егер төмендегі жағдайлар орындалса, онда ығыстыру әсері айтарлықтай маңызды болады:

1) Егер пайыз мөлшерлемесінің динамикасы немесе 6 және п коэффициенттерінің мәні өте жоғары болса, онда инвестиция және таза экспорт жоғары сезімталды болады:

2) Пайыз мөлшерлемесі R динамикасына қарағанда, ақшаға сұраныс аз сезімталдық көрсетеді. Ақша нарығы тепе-теңдікте болу үшін, R едәуір өсуі қажет. Бұл жағдай өте үлкен ығыстыру әсеріне алып келеді (ығыстыру әсері п мен d коэффициенттерінің аз шамасында болады).

Ынталандырылған монстарлы саясаттың салыстырмалы тиімділігі төмендегіше анықталады:

— ақша жиынының өсуі нәтижесінде ынталандырушы әсердің мәні арқылы және таза экспорт пен инвестицияның динамикасының өсуіне байланысты пайыз мөлшерлемесінің төмендеуін көрсетеді. Мұндай ынталандырушы әсер ығыстыру әсеріне қарама-қарсы.

Инвестиция мен таза экспортқа салыстырмалы түрде қарағанда ынталандырушы әсер екі жағдайда үлкен болады.

1) Егер I және Хп пайыз мөлшерлемесінің динамикасына жоғары сезімталдық көрсетсе.

Ақша жиынының өсуіне байланысты, R-дің болымсыз төмендеуі I мен Хп-ді едәуір өсірді, бұдан Ү мәні өседі.

LМ қисығының бұрыштық көлбеуінің маңызы бұл жерде екінші орында болады.

2) Егер R динамикасына ақшаға деген сұраныс аз сезімталды болса, онда жағдай 56-суреттегі графикте көрсетілген.

Бұл жерде ақша жиынының өсуі, пайыз мөлшерлемесінің өте көп төмендеуі арқылы болады, сондықтан мен п коэффициенттерінің болымсыз мәнінде I және Хп-ді күрт өсіреді. 18 қисығының көлбеуінің маңызы бұл жағдайда екінші орында болады.

Салыстырмалы тікше LМ қисығы мен жатық 18 қисықтарының тіркемесінде ынталандырылған ақша-несие саясаты өте тиімді болады.

Бұл жағдайда пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі де елеулі және d және п коэффициенттері де маңызды болады. Сондықтанда Ү өсімше- (Ү0Ү1)-ге тең және салыстырмалы түрде қарағанда үлкен.

Егер пайыз мөлшерлемесінің динамикасына (R) ақшаға сұраныс жоғары сезімталдық білдірсе, сонымен қатар пайыз мөлшерлемесінің динамикасына таза экспорт пен инвестицияның сезімталдығы төмен болса, ынталандырушы ақша-несие саясаты салыстырмалы түрде тиімсіз болады.

Жатық LМ қисығы нені білдіреді? Ақша жиынының өсуінің нәтижесінде пайыз мөлшерлемесінің сол ғана төмендеуінде ақша нарығы тепе-теңдікте болады. К динамикасына егер I және Хп өте сезімтал болса да, пайыз мөлшерлемесінің мұндай әлсіз төмендеуі, инвестиция мен таза экспортты өте көп өсіре алмайды. Сондықтан жалпы көлемінің өсімшесі өте аз шама.

Тікше орналасқан IS қисығы нені көрсетеді? Пайыз мөлшерлемесінің едәуір төмендеуінде, таза экспорт пен инвестиция әлсіз ғана өседі, өйткені d және п коэффициенттері аз шама, сондықтан пайыз мөлшерлемесінің төмендеп, ақша ұсынысының өте жоғары өсуінде де өнімнің өсімшесі өте көп өспейді.

Тікше орналасқан IS қисығының және жатық орналасқан LМ қисығының тіркемесінде монетарлық саясаттың тиімсіздігі төмен болады. Бұл жағдайда пайыз мөлшерлемесінің мәні аз шамада төмендейді, бірақ Хп мен I тарапынан серпіліс өте төмен болады, сондықтан өнімнің жалпы өсімшесі өте үлкен болады және (ҮОҮ)-ге тең.

Баға деңгейінің Р1-дсн Р2-ге төмендеуі ақша ұсынысының нақты мәнін төмендетеді, ал графикте LМ қисығының солға жылжуымен бейнеленген.

Ақша ұсынысының азаюы пайыз мөлшерлемесінің (R) мәнін көтереді, сондықтан, инвестиция көлемі азайып, салыстырмалы қарағанда таза экспорт Хп кемиді. Өнікөлемі Y1-ден Ү2-ге азаяды.

Мемлекеттік шығындардың өсуі салық мөлшерін азайтады немесе ақша жиынының өсуі жиынтық сұранысты оңға қарай жылжытады. АD қисығының бір тектес қозғалысы ІS-LМ қисықтарын мүлдем әр түрлі, ерекше қозғалыстарға келтіреді. Бұл қозғалыстар ынталандырушы ақша-несие және салық-бюджет саясатының шеңберінде болады.

Экономиканың бастау сәті (С) нүктесінде (64-сурет). Мемлекеттік шығындар (G) өссе немесе салық мөлшері (Т) томендесе, онда IS қисығы оңға қарай, IS қисығына қозғалады, сондықтан жиынтық сұраныс АD1 жағдайында болады. АD қисығының оңға қарай қозғалысы cұраныс инфляциясын тудырады, ал баға деңгейі Р0-ден Р1-ге өседі.

Бағаның өсуінің әсерінен, нақты ақша ұсынысының салыстырмалы түрде қысқаруы салдарынан LМ қисығы LМ1 жағдайында солға қарай қозғалады А нүктесінде қысқа мерзімді макроэкономикалық тепе-теңдік қалыптасады.

Сұраныс инфляциясы жағдайында экономикалық агенттер өздерінің іс-әрекеттерін  реттейді: атаулы жалақы мөлшерлемесі өседі. Бұл жағдай бір өнімге кететін орташа шығын мөлшерін өсіреді және фирманың пайдасын азайтады. Бірте-бірте өнім көлемі азайып, АS қисығы солға қарай қол алады. АS қисығының азаюы бағaның өсуіне алып келеді (Ргден Р) немесе шығындар инфляциясы болады. Бағаның мұндай өсуі LМ’ қисығын тағы да солға қарай LМ жағдайына қозғайды. Сонымен ақша ұсынысы салыстырмалы түрде азайғандықтан, пайыз мөлшерлемесі үнемі өседі. (R0-ден R2-дейін). В нүктесінде ұзақ мерзімді макроэкономикалық тепе-теңдік қалыптасады. Бұл тепе-теңдік С нүктесімен салыстырғанда жаңа жоғары баға деңгейінде және пайыз мөлшерлемесінде болады. Бұл жағдай экономика құрылымын мемлекеттік сектор жағына өзгертеді. Өнім көлемі әлуетті өнім көлеміне тең.

Экономиканың жұмысты бастау сәті В нүктесінде. Ақша жиынының өсуі LМ1 жағдайында өзгертеді, бұл жиынтық сұраныстың АD-ден АD’-ге өсуінен көрінеді. АD қисығының қозғалысы сұраныс инфляциясына алып келеді, ал баға Р0-ден Р1-ге өседі. Мұндай құбылыс нақты ақша ұсынысын азайтады және LМ’ қисығы солға LМ жағдайына қозғалады. А нүктесінде қысқа мерзімдегі макроэкономикалық тепе-теңдік қалыптасады.

Шығындар инфляциясы жиынтық ұсыныстың құлдырауына әкеледі. АS қисығы солға қарай АS’ деңгейіне қозғалады. Баға деңгейінің Р1-ден Р2-ге өсуі LМ қисығын алғашқы LМ жағдайына әкеледі, өйткені нақты ақша ұсынысы тұрақты түрде төмендеп отырады. В’ нүктесінде ұзақ мерзімді макроэкономикалық тепе-теңдік қалыптасады. Бұл тепе-теңдікте әлуетті өнім көлемі өндіріледі, пайыз мөлшерлемесі алғашқы Rо деңгейіде, ал баға Ро-ден Р1-ге өскtндегі деңгейінде. Ұзақ мерзімде ақша жиынының өсуі, нақты айнымалы шамалардың тұрақты болған кезінде, тек қана бағаны өсіретіндігі анық. Бұл құбылыс экономикада ақшаның бейтараптылығы деп аталып кетті.

Қысқа мерзімді кезеңде ақша ұсынысының күрт, бір рет өсуі нақты және атаулы пайыз мөлшерлемелерін азайтады. Ұзақ мерзім кезеңінде екі пайыз мөлшерлемесі де тұрақты болады.

Егер ұзақ мерзімді кезеңде ақша жиыны өсетін болса, онда атаулы пайыз мөлшерлемесі өседі, ол күтілген инфляция деңгейінің өсуі себебінен болады. Ақша-несие саясаттары әрекеттерінің нәтижесінде  болатын қысқа мерзімді атаулы пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі жоғарыдағы айтылған мәселелерді жоққа шығара алмайды.

Фишер теңдеуі бойынша,  ақша жиынының күтілген өсу қарқыны, нақты пайыз мөлшерлемесіне елеулі әсерін тигізбейді.

Қазыналық және монетарлық экспансия өнім көлемі мен жұмысбастылықтың өсуіне уақытша ғана әсер ете алады, бірақ экономикалық  әлуеттің өсуіне себепші бола алмайды. Ұзақ мерзімді кезеңде  экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсаты жиынтық сұранысты реттеу саясаты арқылы шешілмейді. Экономиканың өсуін ынталандыру жиынтық ұсынс саясатымен түсіндіріледі.