Тауар және игіліктер нарығындағы тепе-тендік

Жабық экономикада соңғы шығындардың саны ретінде алынатын ЖІӨ жеке тұтынуға, жеке инвестицияға және мемлекеттік сатып алуға бөлуге болады.

Нақты пайыздық мөлшерлеменің тұтынуға ықпалы түрақты оң немесе теріс болмағандықтан, мүнда тек жанама ықпалы қарастырылады: пайыз мөлшерлемесінің өсуі үй шаруашылығының байлығын, соның әсерінен оның тұтынуын да азайтады. Инвестицияны қарапайымдандыру максатымен — инвестиция функциясы пайыздық мөлшерлемеден ғана тәуедді деп қарасты-рылады: нақты пайыздық мөлшерлемені үлкейту капиталдың баламалы күны есебінен инвестиция тартымдылығын азайтты.

Тауар нарығындағы тепе-тендіктің шарты. Сол жағы шығарылатын ұсынысты көрсетеді, ал оң жағы — оның сұранысының сипаттамасы болып табылады. Ұсыныс экономиканың өндіргіш күштерімен, яғни капитал қорларымен, жұмысшылардың біліктілігімен және техниқалық даму деңгейімен анықталады.

Тауарларға және қызмет көрсетулерге сұраныстың талдауын ұсынысты қарастыру арқылы толықтырайық. Өндіріс факторлары және өндіріс функциясы өнім шығару көлемін анықтайды:

Ү = Ғ)

Енді өндірілген өнімге сұранысты және ұсынысты сипаттайтын осы тендеулерді біріктірейік. Егер біз ұлттық шоттар теңдеуіне тұтыну функциясы мен инвестициялық функцияның оң жағын қойсақ, онда мынаны аламыз:

Ү = С (Ү — Т) +I (г) + G

G және Т айнымалыларының мәндері экономикалық саясатга берілетін болғандықтан, ал өндіріс деңгейі берілген өндіріс факторларының қоры мен өзгермес өндіріс функциясы жағдайында түрақты болғандықтан, былай жаза аламыз:

Ү = С(Ү-Т) + І(r) + G

Бұл тендеу өнім ұсынысы өнім сұранысына, ал ол өз кезегінде тұтыну, инвестиция және мемлекеттік са-тып алулар сомасына тең екендігін көрсетеді.

Пайыз мөлшерлемесі r маңызды рөл атқарады, ол тауарға сұраныстың оның ұсынысьша тендігіне кепіл бере алатыңдай өзгеруі керек. Пайыз мөлшерлемесі жоғарыла-ған сайын, инвестиция көлемі азаяды, демек тауарға сұраныс және ұсыныс та азаяды. С+І+G. Егер пайыз мөлшерлемесі жоғары болса, инвестициялар өте төмен және тауарға сұраныс ұсыныстан төмен болады. Егер пайыз мөлшерлемесі төмен болса, инвестициялар жоғары және сұраныс ұсыныстан асып кетеді. Пайыз мөлшерлемесінің тепе-теңдік жағдайында тауарларға және қызмет керсетуге сұраныс олардың ұсынысына теңеледі.

Классикалық экономика теориясы екі негізгі жобаға негізделеді. Біріншіден, ресурстардың толық жұмсалуымен өндірілген онімді сатып алу үшін жиынтық шығын деңгейі Ү = С + І + G + Хn. (яғни АБ * А5 жағдай болуы мүмкін еместігіне сенімділік білдіреді).

Екіншіден, егерде осы жағдай болса да, онда еңбекақы, баға және нарыктық пайыз мөлшерлемесі тез өзгереді және жиынтық сұраныстың төмендеуінен кейін, жағдайды тұрақтандыратын тез және болымсыз өндірістің құлдырауы болады. Ақша нарығы әрқашан инвестициялар мен қор жинақтарынын теңдігіне, яғни ресурстардың толық қамтылуына кепілдік береді. Тек табиғи деңгейдегі «ерікті» жұмыссыздық болуы мүмкін. Бұл AD және АS тепе-теңдік нүктесінде, өндіріс көлемі Ү мен әлуетті Ү теңдігін білдіреді.

Кейнстік экономикалық теория бұл өзін-өзі реттеу механизмінің болуын сьшайды. Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі ресурстардың толық қамтылуымен әдетте, сәйкес келмейді: А нүктесіңде АD = АS теңдігі орнайды, бірақ тепе-теңдік өндіріс көлемі.

Бұл сәйкес келмеушіліктің себептерінің бірі — әр түрлі мотивтермен, әр түрлі экономикалық агентгермен ісюе асырылатьш инвестиция және қор жинағы жоспарларының сәйкес келмеуі.

Үй шаруашылығы қор жинағының мотивтері:

  • Қымбат тауарларды сатып алу,
  • Кәрілікті қамтамасыз ету;
  • Кездейсоқ жағдайлардан (ауру және т.б.) сақтану;
  • Балалардың болашағын қамтамасыз ету.
    Фирма инвестицияларының мотивтері:
  • Таза пайда нормасын барынша көбейту;
  • Нақты пайыз мөлшерлемесі.

Классикалық теорияға сөйкес, қор жинағының және инвестиция-лардың динамикасын анықтайтын фактор — пайыз мөлшерлемесі болып табылады: егер ол өссе, онда үй шаруашылығы табыстың әрбір қосымша бірлігінен салыстырмалы түрде көбірек қор жинап, азырақ тұтына басгайды. Үй шаруашылықтарының қор жинағының өсуі уақыт өте келе инвестициялардың өсімін қамтамасыз ететін несие бағасының темендеуіне әкеліп соғады.

Кейнс теориясына сәйкес экономиканың тепе-тең-дігін қалыптастыратын негізгі фактор пайыз мөлшерлемесі емес, үй шаруашылықтарының қолда бар табыс көлемі тұтыну жәһе қор жинау динамикасын анықтайтын басты фактор болып табылады. Сонымен қатар барлық тұтыну шығындарын жасағаннан кейін қалған табыс бөлігі сақталып, жиналады. Пайыз мөлшерлемесінің екінші әсері табыстың тұтынуға және қор жинауға әсеріне қатысты салыстырмалы шағын рөл атқарады. Солай бола тұра инвестициялар динамикасы ең алды-мен пайыз мөлшерлемелерінің динамикасымен анықталады. Бұл тұтыну, қор жинағы және инвестициялар функцияларында бейнеленеді.

а — автономды тұтыну

b — тұтынуды шекті бейімділігі

Ү — табыс

Т — салықтық аударымдар

(Ү-Т) — қолда бар табыс (Үd немесе DI)

МРС =

МРС— тұтынудың шекті нормасы.

С — тұтыну шығыңдарының өсімшесі.

Үd— қолда бар табыстың өсімшесі.

АРС=

АРС — тұтынудың орташа бейімділігі.

С — тұтыну шығындарының көлемі.

Үd — қолда бар табыс көлемі.

Қор жинағының қарапайым функциясы:

S = -а + (1 -b)(Ү-Т)

S — жеке меншік сектордағы қор жинағы.

(1-b) — тұтынудың шекті бейімділігі функциясы.

MPS=

МРS — қор жинағының шекті бейімділігі.

S — қор жинағының өсімшесі.

АРS =

АРS — қор жинағының орташа бейімділігі.

S — қор жинағының көлемі.

Үd — қолда бар табыс.

Қысқа мерзімді кезенде ағымдағы қолда бар табыс өскен сайын АРС кешщі, ал АРS өседі, яғни отбасы табысының өсуімен тұтынуға кеткен шығын бөлігі салыстырмалы қысқарады және қор жинағы салыстырмалы өседі. Бірақ ұзақ мерзімді кезеңде тұтынудың орташа бейімділігі тұрақтанады, өйткені тұтыну шығындарының көлеміне ағымцағы қолда бар табыс көлемі гана емес, соны-мен қатар аібасының жалпы өмір сұру деңгейі және күтіп отырған тұрақты табыс көлемі де әсерін тигізеді.

Тұтыну және қор жинағының динамикасын анықтайтын факторлар:

  • Үй шаруашылығының табысы;
  • Үй шаруашылығында жиналған байлық;
  • Баға деңгейі;
  • Экономикалық күту;
  • Тұтынушы қарыздарының көлемі;
  • Салық салу деңгейі.

Тұтыну және қор жинау көлемі салыстырмалы түрақ-ты болады, мемлекет оларды өзгерту үшін арнайы шара, соның ішінде салық салу жүйесі арқылы қолданбайды. Бұл көлемдердің тұрақтылығы үй шаруашылығының «тұтыну» немесе «қор жинау» шешімдеріне байланысты.

Егер жиынтық сұраныстың бірінші құрауышы ретінде тұтыну шығындары салыстырмалы тұрақты болса, онда екінші құрауышы — инвестиция керісінше, өзгермелі.

Инвестициялардың негізгі түрлері:

  • Өндірістік инвестициялар;
  • Тауарлы-материалдық қордағы инвестициялар;
  • Тұрғын үй құрылысына инвестициялар.

Инвестиция динамикасын анықтайтын факторлар:

  • Таза табыстың күтіліп отырған нормасы.
  • Нақты пайыз мөлшерлемесі.
  • Салық салу деңгейі.
  • Өндіріс технологиясындағы өзгерістер.
  • Қоддағы негізгі капитал.
  • Экономиқалық күтулер.
  • Жиынтық табыс динамикасы.

Жиынтық табыстың артуымен автономды инвестициялар көлемі ЖҰӨ өсуі барысында өсетін ынталанды-ру табысымен толықтырылады.

Инвестиция жиынтық табыстың Ү артуынан өсетін кәсіпкерлік пайдамен қаржыландырылатын болғандықтан, инвестициялар да Ү артуынан көбейеді. Сонымен қатар, жиынтық табыстың артуымен бірге тек жеке меншік инвестициялар ғана өспейді, тауарлы-материалдық қорға және тұрғын үй құрылысына инвестициялар да өседі. Өйткені экономика көтерілген сайын бітуге жақын капитал қорларын көбейтуге ынта артады және түрғын үйлерге деген сұраныс өседі.

Инвестициялардың шекті бейімділігі:

І — инвестициялар өзгерісі.

Ү — табыс өзгерісі.

Инвестициялар тұрақсыздығының негізгі факторлары:

  • Құрал-жабдықтардың ұзақ мерзімде жұмыс істеуі;
  • Инновациялардың тұрақсыздығы;
  • Экономикалық күтулердің өзгергіштігі;
  • ЖҰӨ циклдік ауытқулары.

Инвестициялар және қор жинау жоспарларының сәйкес келмеушілігі іс жүзіндегі өндіріс көлемінің әлуетті деңгейінің айнатасында тербелісін және де іс жүзіндегі жұмыссыздық деңгейінің NAIRU көлеміне сәйкессіздігін тудырады. Бұл тербелістерге еңбекақының және бағаның төмендеу жағына икемділігі әсер етеді. Сондықтан циклдік жұмыссыздық (амалсыздан, ерікті емес сипат алатын) экономикалық зандылық болып табылады.

Өндірістің құлдырауынан үлкен шығындарды болдырмау үшін, жиынтық сұранысты ретгейтін белсенді мемлекеттік саясат қажет. Сондықган кейнстік экономиқалық теорияны көбіне жиынтық сұраныс теориясы деп атайды.

Іс жүзіндегі инвестициялар құрылымына жоспарланған және жоспарланбаған инвестициялар кіреді. Соңғысы тауарлы-материалдық қорларға (ТМҚ) инвестициялардың қарастырылмаған өзгерісі больш табылады. Осы жоспарланбаған инвестициялар қор жинағының және инвестициялардың іс жүзіндегі көлемін қалпына келтіретін және макроэкономиқалық тепе-теңцікті орнататын тетік сияқты жұмыс істейді.

Жоспарланған шығындар — үй шаруашылықтарының, фирмалардың және үкімет тауарларға және қызмет көрсетуге жұмсауға жоспарлап отырган сомасы болып табылады. Нақты шығындар кенеттен болған өзгерістер жағ-дайында тауарлық материалдық қорларға жоспарланбаған инвестициялар жасауға мәжбүр болған кезде ерекшеленеді.

Жоспарланған шығындар функциясы Е = С + I + С + Xn графикалық түрде жоғары қарай көлеміне «ығыстырылған» тұтыну функциясы ретінде бейнеленеді.

Берілген жағдайда талдаудың қарапайымдылығына таза экспорт көлемі жиынтық табыс Ү-тан автономды деп есептеледі. Сондықтан таза экспорт толығымен автономды шығындар көлеміне кіреді (а + I + G + Хn).

Автономды шығындар көлемі (а + I + G + g) таза экспорт функциясын ескере отырып мынаған тең болады:

Xn=g-mY

Жиынтық табыстың өсуімен бірге импорт көбейеді, себебі тұтынушылар және инвесторлар отандық тауарларға сияқты импортгық тауарларға да шығындарьш өсіреді. Ал экспорт бершген елден тікелей оның жиынтық табыс Ү көлеміне тәуелді емес, ал бұл тауарларды және қызмет көрсетулерді кіргізетін елдің жиынтық табыс динамикасына тәуелді. Сондықтан берілген елдің жиынтық табыс Ү динамикасы мен оның таза экспортының Хn динамикасы арасындағы тәуелділік теріс, бұл таза экспорт функциясында минус таңбасымен көрсетіледі.

Жоспарланған шығын сызығы, накты және жоспарланған шығындар теңелген сызықты белгілі бір А нүктеде кесетіні анық (яғни, Ү = Е сызығын). Келгірілген сызба Кейнс кресі атауьш алған. Ү = Е сызығында әрқашан іс жүзіндегі инвестициялар мен қор жинақтар теңцігі сақта-лады. А нүкгесіңде табыс жоспарланған шығындарға тең және іс жүзіндегі инвестициялар мен қор жинақтары теңестіріледі, яғни макроэкономиқалық тепе-теңдік орнайды.

Егер іс жүзіндегі өнім шығару көлемі Үі тепе-теңдік көлемінен Үо артса, онда ол сатып атушылар тауарды фирмалардың өндіргенінен аз сатып ачатындығын, яғни (АD=АS) білдіреді. Өткізілмеген өнім ТМҚ формасын алады, ол өспелі. Қорлардың өсуі фирмаларды өндірісті және жұмысбастылықты азайтуға мәжбүр етеді, ал ол со-ңында ЖҮӨ-ді азайтады. Біртіндеп Ү2 –ден Ү0-ге дейін төмендейді, яғни табыс және жоспарланған шығындар теңеледі. Сәйкесінше жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдік орнайды (яғни АD = АS).

Керісінше, іс жүзіндегі өнім көлемі Ү2 тепе-теңдік көлемінен Үо кіші, фирмалардың тұтынушылар сатып алуға дайын көлемнен төмен шығаратынын, яғни АD>АS білдіреді. Көтерілген сұраныс фирма қорларының жоспарланбаған қысқаруы есебінен қанағатгандырылады, бұл жұмысбастылық пен өнімнің өсуіне ынталандыруды қалыптастырады. Соңында ЖҰӨ біртіндеп Ү2-ден Ү0-ге дейін өседі және қайтадан тепе-теңдік АD=АS орнайды (2-сурет)

Автономды шығындардың кез келген құрауышының бір рет өзгеруі, ЖҮӨ-ң кеп рет өзгеруін тудыратынын ескеру қажет. Егер, мысалы, автономды тұтыну белгілі бір ДСА көлеміне өссе, онда бұл жиынтьгқ шығындарды және табысты Ү дал сол көлемге өсіреді, бұл өз кезегінде (табысты өсіргеңдіктен) тұтынудың туынды өсімін тудырады, бірақ енді МРСхДСд көлеміне өседі және ары қарай «табыс-шығын» айналым сызбасымен өседі.

Тізбе пайда болады:

Осы қарапайым сызбадан жиынтық табыс Ү алғашқы импульске ДСдТ көп дүркін әсерлесетінін көруге болады, бұл автономды шығындар мультипликаторы көлемінде бейнеленеді. Бұл С, I, О немесе Х„ көлемдеріндегі салыстырмалы кіші өзгерістер жұмысбастылық және шығарылым деңгейінде үлкен өзгерістерді тудыратынын білдіреді.

Мультипликатор, осылайша, автономды шығындардағы өзгерістер тудырған іскер белсенділік тербелісін күшейтетін экономикалық түрақсыздықтың факторы болып табылады. Соңдықтан үкіметгің бюджет-салық саясатының негізгі міндетгсрінің бірі тұтынудың шекті бейімділігі (МРС) колемін салыстырмалы төмендету арқылы мультипликация әсерін өлсіретуге мүмкіндік беретін экономиканың енгізілген тұрақтандырушылар жүйесін құру болып табылады. Бұл мәселе ынталандырылған инвестициялар жағдайында күрделілене түседі, өйткені өндірістің келесі циклінде өскен жиынтық табыс Ү-тан жоғары тұтынушылық қана емес, сонымен қатар өсіп келе жатқан инвестициялық шығындар қаржыланады және супермультипликатор өсері пайда болады.

Инфляциялық үзілісті жеңу жиынтық сұраныстың үсталып тұруын және тепе-теңдіктің А нүктесінен В нүктесіне «ауысуын» болжайды. Сонымен қатар жиын-тық табыс Ү қысқаруын құрайды:

Үнемділік оғаштығы — қоғамның көбірек үнемдеуге ұмытуынан азырақ көлемде қор жиналуы. Егер қор жинау өсімі инвестициялар өсімен бірге жүрмесе, онда үй ша-руашьшықгарыньщ кез келген көбірек үнемдеу ұмтылысы мультигошкация әсерімен шартгандырылған тепе-теңдік ЖҮӨ-ң төмендеуіне байланысты паңдасыз болып қалады.

Экономика А нүктесінен басталады. Құлдырауды болжауда үй шаруашылықтары көбірек қор жинауға үм-тылады: қор жинау графигі 5-тен 8-ге ауысады, ал инвестициялар сол деңгейде I қалады. Нәтижесінде тұтыну шығындары салыстырмалы төмендейді, бұл мулъ-типликатор әсерін және жиынтық табыс Ү0-дан Үі-ге дейін құлдырауын тудырады. Өйткені жиынтық табыс Ү төмендеді, онда қор жинау В нүктесінде А нүктесіндегідей болып қалады.

Егер қор жинағының S-тан S-қа дейін өсуімен бір уақытта инвестициялар І-дан I-ға дейін өссе, онда өнімнің тепе-теңдік деңгейі Ү0-ге тең болып қала береді және өндірістің құлдырауы пайда болмайды, бұл экономикалық өсуге қолайлы жағдай тудырады, бірақ халықтың ағымдағы тұтынуын салыстырмалы шектеуі мүмкін. Баламалы таңцау пайда болады: не ағымдағы тұтынуды салыстырмалы шектеу жағдайындағы болашақтағы экономикалық өсу, не тұтынудағы шектеулерден бас тартып, үзақ мерзімді экономиқалық өсу жағдайларын нашарлату. Қор жинағының өсуі ресурстардың толық жұмсалуына жақын жағдайларда экономикаға антиинфляциялық өсерін тигізуі мүмкін: тұтынудың құлдырауы және алда болатын жиынтық шығындардың, жұмысбастылықтың және өнім көлемінің қысқаруы (мулътипикатор әсерімен) сұраныс инфляциясының қысымын шектейді — жиынтық сұраныс АD-дан АD1-ге дейін төмендейді, бұл өндірістің құлдырауымен, Ү1-ден Ү2-ге дейін және баға деңгейінің Р1-ден Р2-ге дейін төмендеуімен қатар жүреді.

Кейнс кресі үлгісі баға деңгейінің Р өзгерісі үрдісін бейнелеуге мүмкіндік бермейді, себебі орнатылған бағаны болжайды. Кейнс кресі АD-АS үлгісін макро-экономиқалық талдау мақсатына пайдаланады және инфляция деңгейінің өсуімен немесе төмендеуімен байланысты макроэкономикалық саясаттың ұзақ мерзімді салдарын зерттеу үшін пайдаланылады.