«Темір жол техникасы» Ж.Ш.С.- ның әлеуметтік –экономикалық дамуын жақсарту жолдары

“Темір жол техникасы” Ж.Ш.С. – ның әлеуметтік – экономикалық дамуының жақсартудың бірден – бір жолы бұл инновация және техниканы жақсарту болып табылады. Өнеркәсіп өндірісі ғылыми талдамаларды заттандырады, материалдық және өмірлік игілікті ұдайы өндірумен айналысады. Оның міндеті – адамдардың мұқтаждарын және жалпы қоғамды жоғары сапалы құралдармен, еңбек заттармен және тұтыну заттарымен толық қамтамасыз етуді қанағаттандыру болып табылады.

Өндірістің тиімді жұмыс істеуі өндірістің жоғары техникалық деңгейін, өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды, кадрларды орналастыру , тәрбиелеу және қызметкерлердің жоғары өндірістік , еңбек және атқарушылық тәртібін қамтамасыз етеді.

Екінші жолы маркетинг және оның ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалануы болып табылады. Нарықтық қатынастар жағдайында маркетинг — өндіруде , тауар өткізуде кәсіпорын қызметіндегі ұйымдастыру жүйесі болып табылады. Оның қызметіндегі негіз қаланатын принциптер – сатылатынды өндіру , ал өндірілетінді сатпау. Осының нәтижесінде өнімді өндіруде кәсіпорын оған деген сұранысқа сәйкес жұмысын қайта құрады.

Өндірістің тиімді жұмыс істеуінде ақпараттық ресурстар елеулі орын алады. Ғылыми деректерді , техникалық ақпараттарды және болжауды өз уақытысында пайдалану өндірісте шығарылатын бұйымдардың технологиялық конструкциясын әзірлеуге және отандық , халықаралық рыноктарды өткізуді ұйымдастыруға көмектеседі.

Үшінші жіне негізгі жолы бұл – менеджмент жүйесін дұрыс жолға қою. Отандық менеджменттің негізі адамдар ресурстары мен кәсіпкерлік қызмет болып табылады. Сондықтан да менеджменттің басты міндеті – ақпарат жасау, білім , тәжірибе және т.б.

Басқару қызметінің ерекшк түрі ретінде қндірістің дамуына байланысты пайда болады. Сонымен бірге, басқару адамдар қызметінің кез келген түрінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Менеджмент кадрларды қалыптастырады, адамдар арасындағы қатынастар жүйесін белгілейді. Осыған орай , менеджменттің тағы бір басты міндеті – қызметкерлер дамуына ықпал ету, оқыту және олардығ өсуіне кепілдік беру.

Басшылық міндеттерін орындау үшін оларға түпкілікті және көбеюші , яғни артушы талаптар қойылады. Сондықтан да , басшы қызметкерлердің ынталы жүйелерін жете зерттеуді қажет етеді.

 Міні осы шараларды іске асыру арқылы “Темір жол техникасы” Ж.Ш.С.- ның әлеуметтік – экономикалық дамуы жоғары қарқынмен жүреді.

Өйткені иновация мен жаңа технологиялар еңгізу арқылы нарықтық экономика жағдайында , яғни жоғары бәсекелестік жағдайда тұрақты пайда алып отыру, даму мүкін.

Ал бұл, өз кезегінде, ақпаратсыз мүмкін емес. Қазіргі заманда ақпарат ең қымбат заттардың бірі болып табылады.

Осының барлығы жүзеге асырылуы үшін жүйелі басқару қажет. Дұрыс басқарылмаған ұйым ешқашан дамымайды.Ол өз кезегінде нарықтық экономика қалыптасуы , кәсіпкерліктің дамуы, заңды тұлғалар қызметін жандандыру үшін нақтылы жағдайлар жасауы керек.