Кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштері мен олардың мәні

Практикалық қызыметінде кәсіпорын өзің ең алдымен сатудың көлеміне және пайда табуға бағыттайды.

Сатудың жалпы мөлшері – бұл тауарлар және қызмет көрсетудің құны, тұтынушыларға сатылғанын мына формулалармен анықтайды:

Q = Б * N

Мұнда, Q- сату мөлшері;

Б- тауардың бір өлшемінің бағасы, теңге;

N- сатылған тауардың мөлшері, теңге;

Нарықтық жағдайда кәсіпорын қызыметінің негізгі қорытындылайтын баға көрсеткіші пайда болып есептеледі.

Жалпы пайда – нәтижесі ретінде сату мөлшерінен шегеріліп тасталған сатымдық шикізаттар, материалдар, жартылай фабрикаттар және басқа да өндіріс шығындары элементтерінің құнын анықтайды.

Шектік таза пайда – бұл жалпы пайдадан шегеріліп тасталған үстеме шығындар және амортизаторлық аударым сомалары. Бұл көрсеткіш практикада бизнестің барлық түрлеріне пайдаланылады.

Шектік таза өнім – бұл шектік таза пайдаға қосылған еңбекақыға кеткен шығындар немесе сатылған өнім мөлшерінің, қызмет көрсетудің құны оларды өндіруге жұмсалған ресурстардың құны арасындағы айырмасы (сатып алынатын материалдар, қызмет көрсету, қосалқы мердігерлік төлемдер, амортизациалық аударымдар, жөндеуге жұмсалған шығындар және т.б.).

Көрсетілген бағалық көрсеткіштердің тізбесі мынадай көрсеткіштердің тізбесі мынадай көрсеткіштермен қаралады:

  • Кәсіпорын, фирма бақылауындағы өткізім нарығының үлесі;
  • өнім сапасының көрсеткіштері;
  • тұтынушылардың қызмет көрсету деңгейінің көрсеткіштері;
  • кадрларды дайындау, қайта даярлау көрсеткіштері.

Нарықтық экономика жағдайында басқа көрсеткіштердің ішіндегі кең таралғандары:

  • Өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері.
  • Өндіріс шығендары құрылымының көрсеткіштері

Бірінші топқа жататын көрсеткіштер:

  • Кәсіпорынның жалпы сату мөлшеріндегі жалпы немесе шартты таза пайда деңгейі;
  • Сату көлеміндегі шартты таза өнім деңгейі;
  • Шартты таза пайда мөлшерінің еңбекақыға кеткен шығындардың арақатынасы.

Екінші топқа жататындар:

  • Жалпы сатудағы капиталдың авансыланған және шартты таза пайда денгейі;
  • Тұтынылатын материалдардың және жартылай фабрикаттардың жалпы құнының қор деңгейі;

Кәсіпорын қызметін жүйелі және жан-жақты талдау мынадай мұмкіндік береді:

  • Жалпы кәсіпорынның және оның бөлімше құрылымдарының шаруашылық қызметіндегі нәтижелілігін тез, сапалы және кәсіптік бағалау;
  • Тауарлардың және қызмет көрсетудің нақтылы тұрлеріне алынатын пайдаға әсер ететін факторларды нақтылы және дер кезінде табу және ессепке алу;
  • Баға саясатын әзірлеуге қажетті өндіріс шығындарын және олардың өзгерулерінің бет алысые анықтау;
  • Жақын және алыс келешегіндегі кәсіпорын және пайда табудың оңтайлы жолдарын шешу жолдарын табу.

Әр уақытта мынаны естен шығармау керек, шаруашылық қызметінің мұндай көрсеткіші ьолған емес және өмірдің барлық жағын қамту да мүмкін емес. Шиеленіскен бәсеке жағдайында өркендеу үшін, басшы, кәсіпкер өзінің іс-әрекетінің барлық түрлерінің нәтижелілігін білуі, сезінуі тиіс, ал бұл мақсатқа жету денгейін, мерзімін және ұйым тұрпатын бейнелейтін өзара байланысты жүйенің қалыптастырудың қажет ететіндігін көрсетеді.

Кәсіпорынның бірден бір басты міндеті-оның қаржы жағдайының бағалылығы болып табылады жіне өз көрсеткіш жүйелерінің немесе қаржы коэффицентін анықтайды.

Негізгі қаржылық коэффиценттерді төмендегі үш санатқа топтастыруға болады:

  • өтімділік (төлем қабілеттілігі)
  • пайдалылық
  • активтерді басқару тиімділігі

қаржы ресурстарының құрылуы түрлі көздері бойынша жүзеге асырылады. Олар ішкі және сыртқы болып бөлініді. Ішкі көздер меншікті және оларға теңестірілген қаржылар есебінен құрылады және шаруашылықты жүргізудегі нәтижелілігімен байланысты, ал сыртқы – кәсіпорынға сырттан түсетін ресурстар.

Кәсіпорынның өзінің қысөа мерзімді міндеттемесін төлеуге қабілеттілігі өтімділік немесе төлем өабілеттілігі деп атайды. Кәсіпорын өтімділік болып саналады, егерде айналым активтерін іске асыра отырып ол өзінің қысқа мерзімді міндеттемесңн орындауға жағдайы болса.

Тез өтімділіктің коэффиценті — өысқа мерзімді несие қарыздарының ең өтімділік активтерді үлесін көрсетеді. Ол өтімділік активтердің ағымдағы міндеттеменің қатынасын білдіреді.

Дебиторлық қарыздардың айналым коэффиценті – егер дебиторлық қарыздарды тауардың кейбір шартты құны деп есептесек, қалай сатылса, бірақ төлемақасы әліде алынбаған болса, онда дебиторлық қарыздардың айналым коэффиценті бір жылда неше рет бұл тауардың ақылы шартты өлшемін көрсетеді.

Несие қарыздарының айналым кезеңіеің –бұл коэффицент тауарларды сатып алуға және қымет көрсетуге байланысты өткізушілерді және несигер компанияларға қажетті ақы төлеу үшін орта уақытын көрсетеді. Бұл коэффицент ақы төлеу жағдайына жеткізушілердің және несиегерлердің келісіміне, сол сияқты кәсіпорынның қолда бар босалқы орларды басқару іскерлігіне байланысты болады.

Несиелердің орнын толтыру коэффиценті – ол компанияның қызмет табысының неше рет проценттік төлемақы соммасының және үзақ мерзімді қарыздардың төлемақысының негізгі соммасының асқанын көрсетеді.

Төлем өабілеттілігінің коэффиценті – ло қарыз капиталының меншіктілікке ара салмағын белгіліейді. Бұл коэффицент кәсіпорын несиегерлерінің қандай деңгейде қатерден қорғалуын көрсетеді, кәсіпорын жеке кепілгер ретінде шығады. Сонымен қорыта айтқанда, бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, соғұрлым кәсіпорындардың қарыздарын көп және сол орын оның тұрақсыздық ақуалы да орын алады.