Тұтас педагогикалық процестегі тәрбие

Тәрбие – қоғамның негізі қызметтерінің бірі. Жеке адамды, мақсатты қалыптасыру процессі, аға ұрпақтың тәжірбиесін кейіңгі ұрпаққа меңгертіп, оларыдң сана – сезімін, жағымды мінез – құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдық тарихи өмірде жинақталған тәжірбиені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.

Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті,іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндірші күш – жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамадағы адамдардың өмір сүруі тәртібін меңгереді.

Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірбиелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды.

Қорыта айтқанда, тәрбие – қоғамның тарихи әлеуметтік – экономикалық жағдайларының туатын объективтік процесс.

Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс. Онсыз қоғам ұғымы ілгері дамымайды. Алғашқы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қоғамның әдет – ғұрпын, салтын үйретті. Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау. Қоғамның ең негізгі мақсатына айналды. Құл иеленуші қоғамдық құрылыста құлдар , өндіріс құралдары – құлиеленушілердің жеке меншігі болды. Тәрбиенің мақсаты – құл иеленушінің мүддесіне бағындырылып, балаларды басқыншылық соғыс өнеріне тәрбиеледі.

Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиелеу ұйымдастыруды нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылды.

Мұғалім қандай адамды қалыптастыратынын дәл білуі керек. К.Д.Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді біліп, жоспарлы, мақсатты тәрбие жұмысын жүргізеді.

Я.А. Коменский «Тәрбие мақсаты және міндеттері, маңызы, жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатын орнымен аныңталу керек», «Келесі ғасырдың қандай болатындығы сол ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты. Дүние — даналардың көптігімен бақытты» — деген ойлар айтты. Осы ойларын «Ана мектебінің» кіріспесінде өрбітеді. «Тәрбие — адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс» — деп Коменский тәрбие мақсатын төмендегідей негізгі элементтерге бөлді:

  • адамға барлық заттарды білгізу — «ғылыми білім»;
  • заттардың және өзінің қожасы ету — «адамгершілік»;
  • құдайға, заттарға құлшылық ету — «діни тәрбие»;
  • тән саулығы — «дене тәрбиесі» [2].

И.Г. Песталоцци тәрбиенің мақсаты балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл-ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты және үйлесімді дамыту деген.

Неміс педагогы А.Дистервег педагогикалық мәселелерді шешудегі сословиелік және шовинистік саясатқа ңарсы күресіп, «Мектептің міндеті — адамзатты және өз халқын сүйетін саналы азаматтарды тәрбиелеу» — деген.

К.Д. Ушинский тәрбиенің мақсаты қоғамға пайдалы, адамшылығы бар адамды тәрбиелеу деген. Ол адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой, еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты қарастырады. [3].

П.П.Блонский тәрбие мақсаты балаға жалпы адамзаттық және ұлттық мәдениетті меңгеруге көмектесу, жеке түлғаның жалпы адамзаттық идеалдарын қалыптастыру деген [4].

1941-1990 жылдардағы педагогикалық әдебиеттерде «жан-жақты даму » ұғымына ақыл-ой, политехникалық оқу және өндірістік еңбек, адамгершілік тәрбиесі, дене және эстетикалық тәрбие салалары енгізілді.

А.С.Макаренко тәрбиенің мемлекеттік міндеті негізінде педагогикалық міндет қойып, педагогтардың жүмысын бақылауға алуға болатындығын атап көрсетті. Ол «Тәрбиенің негізгі мақсаты баланы жан-жақты дамыту» — деген ұсынысты қолдады, В.А.Сухомлинский оны жүзеге асырды.

Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымына да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби «Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім — адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» — деді. Ы.Алтынсарин «өмірдің негізгі мәні — еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбек сүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мүқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу — кісіліктің басты белгісі» — деген.

Абай Құнанбаев талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру маңсатын қойып, өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға шақырады.

М.Жұмабаев «Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сүлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы» — деп жазды.

Мәтжан Мақсымұлы Тілеужанов өзінің «Қазақ тағылымы» атты монографиясында (1994) қазақ тағылымының негізгі бағыттарын атап көрсетті. Олар: ар-ождан тазалығын сақтау; ақыл-ойлы, парасатты болу; барлың әрекетінен, сөйлеген сөзінен, қарым-қатысынан, көзқарасынан ғибрат иісі аңқып түру; ертетұрып, кеш жату; аз сөйлеп, көп тыңдау; иманды, инабатты, қайырымды болу; жас ұрпаққа тәрбие беруден жалықпау; халық дәстүріне берік болу; оны жаңарту; әдет-ғұрыпта жоқ нәрселерден аулақ болу; сегіз қырлы, бір сырлы болу; халқының рухына кір салмау; ел берекесін сақтап, оның баюына үлес қосу.

Сонымен дәстүрлі педагогикада жас үрпақты тәрбиелеудің негізгі мақсаты «жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру» — деп жазылды.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы «Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы» халықаралық адам құқығы туралы нормаларға сәйкес жазылған.

Қазақстан Республикасында халыққа білім, тәрбие берудің негізгі мақсаты — Қазақстанның егемендігін қамтамасыз ететін, оны бүкіл дүние жүзіне мойындататын, онымен тең қарым-қатынас жасап, Қазақстандық патриотизмді, саяси бостандықты қамтамасыз ететін нарықтың іргетасын қалап, экономикалық бостандыққа қол жеткізетін, жан-жақты дамыған адамдарды тәрбиеледі.

Тәрбиенің мақсатынан міндеттер туындайды.

  1. Дүниетаным — тәрбиенің маңызды міндеттерінің бірі. Дүниетаным — адамның табиғат пен әлеуметтік орта, қарым-қатынас, іс-әрекетінің бағыты туралы көзқарастары. Дүниеге көз-қарас — ғылым негізінде дүниенің даму заңдылықтарын танып білу.

Ақыл-ой тәрбиесі — оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат және қоғам жайындағы ғылыми білімдермен қаруландыру; ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы (абстрактылы-тілі, ой операциялары-талдау, синтез, салыстыру, жинақтау, саралау, т.б.) таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазып алу, өзін-өзі бақылау, т.б.) дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: гуманизм, адалдық, батылдық, төзімділікті қалыптастыру; адамға сүйіспеншілік, қүрмет, қайырымдылық сезімін дамыту; оқушыларды өз мін-детіне, өзгенің мүддесіне байыпты қарауға үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар достығын құрметтеуге тәрбиелеу;

Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттері:

а)оқушыларды іскерлікке, еңбек дағдысына үйрету;

ә)оқушыларды халық шаруашылығының басты салаларымен, еңбек түрлерімен таныстырып, мамандық таңдауға тәрбиелеу;

б)озық еңбек дәстүріне тәрбиелеу.

Эстетикалық тәрбие міндеттері:

  • бейнелеу өнері (кескіндеме, графика, мүсін) көркемөнер шығармашылығы (көркем әдебиет, музыка, театр, кино) арқылы баланың сезімдері мен талғамдарын дамытып, сұлулық туралы ұғымдарын қалыптастыру.
  • эстетикалың құралдарды пайдалануға дағдыландыру.
  • әсемдікке үлесін қосуға тәрбиелеу.

Дене тәрбиесі міндеттері: оқушылар ағзасын дамыту; жастарды еңбекке, Отанды қорғауға даярлау, төзімділіңке, батылдыңқа, ептілікке, іскерлікке, тәрбиелеу.

  1. Тәрбие процесінің мәні — баланың ұжым және қоғаммен қатынастарының жүйесін құру, педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу; тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру; тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу; қорытынды, есепке алу және бақылау.

Тәрбие диалектикасы сыртқы ықпалдың (объективті) адам санасына (субъективті) өтіп, іс-әрекет барысында көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында әлеуметтік жағдай маңызды рөл атқарады.

Тәрбие процесінде адамның қоғамдың мәнінің қалыптасуына сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар ықпал етеді.

Сыртқы қарама-қайшылықтар:

  • Қоғамдың ережелер мен адамдардың тәртібі арасындағы сәйкессіздік.
  • Мұғалімнің талабы мен оқушының тәртібінің арақатынасы.
    Ішкі қарама-қайшылықтар:
  • Тәрбиешінің талабы мен тәрбиеленушінің мүмкіндігінің ара қатынасы.
  • Тәрбиеленушінің қажеттіліктері мен қанағаттандыру тәсілдерінің ара қатынасы.
  1. Тәрбиенің негізгі заңдылықтары. Педагогикалық құбылыс пен үрдіс арасындағы байланысты зандылықтар деп атайды.
  2. Тәрбиенің қоғамның әлеуметтік-экономикалың жағдайына, демократиялық принципті іске асыруына, адам құқығын қорғау мәселелеріне тығыз байланыстылығы.

Осы заманғы тарихи жағдайларға байланысты халықаралық Қауымдастың дүниежүзі тарихында халықаралың стандарт болып табылатын жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның негізгі құқығы, бостандығы ашылып көрсетілген («БҰҰ адам Құқығыңың жалпыға бірдей декларациясы» «Бала құқығының Конвенциясы») құжаттарын жасады. Олар осы заманғы тәрбие теориясы мен әдістемесіне, тәрбие мүраттары мен рухани құндылықтарға жаңаша бағыт береді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» (1999) Заңына сәйкес бұл құжаттар еліміздің білім саласындағы мемлекеттік саясатының негізі болды.

  • Тәрбиенің оқыту мен білім берудің сапасына байланыстылығы. Оқыту — тұлғаны қалыптастырудың құралы. Тәрбиенің мазмұны, түрі және әдісі тәрбиеленушілердің даму дәрежесіне байланысты іріктеледі.
  • Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу бірлігі. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуында белсенділіктің рөлі зор. Іс-әрекет барысындағы белсенділіктің түрлері: қарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі, өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі.

Қарым-қатынас белсенділігі түлғаның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын қалыптастырады.

Таным белсенділігі — заттар мен құбылыстардың мәнін, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарды терең түсінуге, оны тәжірибеде қолдана білуге үйретеді. Егер ересек адамдар балалардың сұрақтарын қостап, таным белсенділігінің дамуына бағыт беріп отырса, онда олардың талпынғыштық және бақылағыштық қасиеттері қалыптасады.

Өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі — тәрбиеші өзін-өзі тәрбиелеуге баланың ынтасын оята алғанда тәрбие жүмысы нәтижелі жүреді.

  1. Педагогикалық процестегі ұжым мен жеке адамның өзара байланысы.

Ұжымның басты борышы — әрбір адамның шығармашылық өсуіне қамқоршы болу. (1 — кесте)