Құжаттық тексерісті жүргізу нәтижелерін рәсімдеу әдістері

Салық тексерулерін жүргізу тәртібі

Салық тексеруін жүргізу негіздемесі

1.Салық тексеруін жүргізу үшін мынадай деректемелерді:

1) нұсқаманың салық органында тіркелген күні мен нөмірін;

2) нұсқама шығарған салық органының атауын;

3) салық төлеушінің толық атауын;

 4) салық төлеушінің тіркеу нөмірін;

5) тексеру түрін;

6) тексеретін адамдардың, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылған өзге де адамдардың лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын;

7) тексеру жүргізілетін мерзімін;

8) құжаттық тексерулер кезіндегі тексерілетін салық кезеңін қамтитын нұсқама негіздеме болып табылады.

  1. Рейдтік тексеру тағайындалған кездегі нұсқамада аумақтың тексерілетін учаскесі, тексеру барысында анықталуға жататын мәселелер көрсетіледі.
  2. Тақырыптық, қарсы тексерулер тағайындалған кезде нұсқамада салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің тексерілетін түрі, сондай- ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгіленген міндеттемелерді орындау және трансферттік бағалар қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау мәселелері көсетіледі.
  3. Нұсқамаға салық органының бірінші басшысы немесе оны ауыстыратын адам қол қоюға, ол салық органының елтаңбалы мөрімен расталуға және уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіпке сәйкес арнаулы журналда тіркелуге тиіс.
  4. Тексеру мерзімі ұзартылған және (немесе) тексеруді жүргізетін адамдардың саны өзгерген жағдайда қосымша нұсқама рәсімделіп, онда бұдан бұрынғы нұсқаманың нөмірі мен тіркелген күні, осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылатын адамдардың тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
  5. Бір ұйғарым негізінде бір ғана салық тексеруі жүргізілуі мүмкін.
Салық тексеруін жүргізудің басталуы

Салық төлеушіге нұсқама берілген кез салық тексеруін жүргізудің басталуы болып табылады.

  1. Салық органының салық тексеруін жүргізуші лауазымды адамдары салық төлеушіге (салық агентіне) қызмет куәлігін көрсетуге міндетті.
  2. Салық органының салық тексеруін жүргізуші лауазымды адамы, рейдтік тексеруді қоспағанда, салық төлеушіге нұсқаманың түпнұсқасын табыс етеді. Нұсқаманың көшірмесіне салық төлеуші (салық агенті) нұсқамамен танысқаны және оны алғаны туралы белгі қояды.
  3. Рейдтік тексер жүргізілген кезде салық төлеушіге танысу үшін нұсқаманың түпнұсқасы көрсетіледі және оның көшірмесі табыс етіледі. Нұсқамамен таныстырылғаны және оның көшірмесін алғаны туралы түпнұсқаға белгі қойылады.
  4. Салық төлеушінің (салық агентінің) нұсқаманы алудан бас тартуы салық тексеруін жүргізудің күшін жоюға негіз болып табылмайды.
  5. Салық тексерулерін жүзеге асыру кезеңінде тексерілетін салық кезеңіндегі салық есептілігіне салық төлеушінің өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.

Кешенді тексерістерге шыққан кездерде салық органдарының қызметкерлері салық төлеушіден сұралатын құжат атаулары:

  • бас кітап
  • бухгалтерлік балланс
  • отчет о результатах финансово-хоз. деятельности
  • кассалық кітап, кіріс және шығыс кассалық ордерлер, чектер,
  • жұмыс жоспар шоты
  • салық төлеушінің есеп саясаты
  • кезеңдер бойынша оборотно-сальдовые ведомости
  • журнал-ордерлар
  • шоттардың аналитикалық басылымдары
  • ведомость және аналитикалық кестелер
  • шаруашылық келісім-шарттар
  • банкілік құжаттар; платежное поручения, требования, выписки банка
  • кедендік декларациялар
  • бастапқы құжаттар (шот-фактуралар, накладные, акты выподненных работ, транспортные накладные және т.б.)
  • және тағы да басқа құжаттар тексеріске қатынасы бар.

Сонымен қатар, СК 66-бабы 1 тармағында белгіненген жағдайлар олар, салық салу объектілері мен салық салуғабайланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салық міндеттемелерін есептеу үшін негіз болатын бастапқы құжаттар, бухгалтерлік есептің тіркелімдері және өзге де құжаттар есеп құжаттамасы болып табылады.

Салық қызметі органы лауазымды адамдарының тексеруді жүргізу үшін аумаққа немесе үй- жайға жіберілуі

  1. Салық төлеуші салық қызметі органының салық тексеруін жүргізетін лауазымды адамдарын табыстарды алу үшін пайдаланылатын аумаққа немесе үй-жайға, не салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерге жіберуге міндетті.
  2. Салық қызметі органының салық тексеруін жүргізуші лауазымды адамдарының көрсетілген аумақтарға немечсе үй-жайларға кіруіне бөгет жасалған жағдайда хаттама жасалады.
  3. Хаттамаға салық органының тексеруді жүргізуші лауазымды адамдары және салық төлеуші қол қояды.. Аталған хаттамаға қол қоюдан бас тартқан кезде салық төлеуші бас тартуының себептері туралы жазбаша түсініктеме беруге міндетті.
  4. Егер Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес салық төлеушінің аумағына немесе үй-жайына кіру үшін арнаулы рұқсат қажет болатын болса, салық қызметі органы лауазымды адамдарында ол болуға тиіс.
  5. Салық төлеушінің мынадай жағдайларда, егер:

нұсқама белгіленген тәртіппен тапсырылмаса не рәсімделмеген болса;

нұсқамада көрсетілген тексеру мерзімдері әлі басталмаған немесе өтіп кеткен болса;

бұл адамдар нұсқамада көрсетілмеген болса; тексерілетін салық кезеңіне қатысы жоқ құжаттамалар сұратылса, салық органының лауазымды адамдарын салық тексеруін жүргізу үшін аумаққа немесе үй-жайға жібермеуге құқығы бар. Құжаттарды алып қою Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүргізіледі. Салық тексеруін аяқтау

  1. Салық тексеруі аяқталған соң салық қызметі органының лауазымды адамы мыналарды:

1) салық тексеруінің жүргізілген орнын, акті жасалған күнін;

2) тексерудің түрін;

3) салық қызметі органының салық тексеруін жүргізген лауазымды адамдарының қызметін, тегін, атын, әкесінің атын;

4) салық төлеушінің тегін, атын, әкесінің атын не толық атауын;

5) салық төлеушінің орналасқан жерін, банктік деректемелерін, сондай-ақ оның тіркеу нөмірін;

6) салық төлеушінің салық есептілігі мен бухгалтерлік есептілікті, салықты және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдерді төлеуге тексеру жүргізуге жауапты басшысы мен лауазымды адамдарының тегін, атын, әкесінің атын;

7) алдыңғы жүргізілген тексеру мен бұрын анықталған салық заңдарын бұзушылықтарды жою жөнінде қолданылған шаралар туралы мәліметтерді;

8) тексерілетін салық кезеңін және тексеру жүргізу үшін салық төлеуші табыс еткен құжаттар туралы жалпы мәліметтерді;

9) Қазақстан Республикасының салық заңдарының тиісті нормасына сілтеме жасай отырып, салық бұзушылығының егжей-тегжейлі жазылған сипаттамасын;

10) салық тексеруінің нәтижелерін көрсете отырып, салық тексеруінің актісін жасайды.

  1. Салық тексеруінің актісі салық төлеушіге тасырылған күн салық тексеруі мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.
  2. Салық тексеруінің аяқталуы бойынша салық заңдарының бұзылуы анықталмаған жағдайда, онда бұл туралы салық тексеруі актісіне тиісті белгі қойылады.
  3. Салық тексеруі актісіне қажетті құжаттардың көшірмелері, салық ызметі органының лауазымды адамы жүргізген есеп-қисаптар және салық тексеруі барысында алынған басқа да материалдар қоса тіркеледі.
  4. Салық тексеруі актісі кем дегенде екі дана етіп жасалады және оған салық тексеруін жүргізген салық қызметі органының лауазымды адамдары қол қояды.
  5. Салық тексеруі актісі салық тексеруі актілері мен хабарламаларын тіркейтін арнаулы жрналда тіркеледі, ол нөмірленуге, бау өткізілуге және салы ызметі органының миөрімен куәландырылуға тиіс.
  6. Салық тексеруі актісінің бір данасы салық төлеушіге тапсырылады. Салы төлеуші салық тексеруі актісін алған кезде оны алғаны туралы белгі қоюға міндетті. Салық тексеруі нәтижелері бойынша шешім
  7. Салық тексеруі актісінде көрсетілген нәтижелер негізінде салық тексеруін аяқтау бойынша салық қызметі органы осы Кодекстің 31-бабына сәйкес белгіленген мерзімде салық төлеушіге жіберілетін салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомалары, айыппұлдар мен айыппұлдар туралы хабарлама шығарады.
  8. Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, айыппұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомалары туралы хабарламаны және салық тексеруі актісін тіркеуді, осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, салық қызметі органы бір нөмірмен жүзеге асырады.
  9. Салықтың және бюджетке төленетін басқа да мідетті төлемдердің, айыппұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомалары туралы хабарламада мынадай деректемелер мен мәліметтер:

1) хабарламаны және салық тексеруі актісін тіркеу күні мен нөмірі;

2) салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты не толық атауы;

3) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

4) салықтың және бюджетке төленетін басқа да мідетті төлемдердің, айыппұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомасы;

5) төлеу туралы талап және төлеу мерзімі;

6) тиісті салықтың және бюджетке төленетін басқа да мідетті төлемдердің , айыппұлдар мен айыппұлдардың деректемелері;

7) шағым жасау мерзімі мен орны болуға тиіс;4. Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, айыппұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомалары туралы хабарламаны алған салық төлеуші, егер салық төлеуші тексеруі нәтижелеріне шағым жасамаса, оны хабарламада белгіленген мерзімде орындауға міндетті.

  1. Егер салық тексеруінің аяқталуы бойынша салық заңдарын бұзу анықталмаған болса, салық тексеруі нәтижелері бойынша хабарлама шығарылмайды.