Cалықтық тексерісі нәтижелері бойынша шешім

Құжаттарды алып қою Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүргізіледі.

Салық тексеруін аяқтау

  1. Салық тексеруі аяқталған соң салық қызметі органының лауазымды адамы мыналарды:

1) салық тексеруінің жүргізілген орнын, акті жасалған күнін;

2) тексерудің түрін;

3) салық қызметі органының салық тексеруін жүргізген лауазымды адамдарының қызметін, тегін, атын, әкесінің атын;

4) салық төлеушінің тегін, атын, әкесінің атын не толық атауын;

5) салық төлеушінің орналасқан жерін, банктік деректемелерін, сондай-ақ оның тіркеу нөмірін;

6) салық төлеушінің салық есептілігі мен бухгалтерлік есептілікті, салықты және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдерді төлеуге тексеру жүргізуге жауапты басшысы мен лауазымды адамдарының тегін, атын, әкесінің атын;

7)алдыңғы жүргізілген тексеру мен бұрын анықталған салық заңдарын бұзушылықтарды жою жөнінде қолданылған шаралар туралы мәліметтерді;

8) тексерілетін салық кезеңін және тексеру жүргізу үшін салық төлеуші табыс еткен құжаттар туралы жалпы мәліметтерді;

9) Қазақстан Республикасының салық заңдарының тиісті нормасына сілтеме жасай отырып, салық бұзушылығының егжей-тегжейлі жазылған сипаттамасын;

10) салық тексеруінің нәтижелерін көрсете отырып, салық тексеруінің актісін жасайды.

  1. Салық тексеруінің актісі салық төлеушіге тасырылған күн салық тексеруі мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.
  2. Саылқ тексеруінің аяқталуы бойынша салық заңдарының бұзылуы анықталмаған жағдайда, онда бұл туралы салық тексеруі актісіне тиісті белгі қойылады.
  3. Саылқ тексеруі актісіне қажетті құжаттардың көшірмелері, салық ызметі органының лауазымды адамы жүргізген есеп-қисаптар және салық тексеруі барысында алынған басқа да материалдар қоса тіркеледі.
  4. Салық тексеруі актісі кем дегенде екі дана етіп жасалады және оған салық тексеруін жүргізген салық қызметі органының лауазымды адамдары қол қояды.
  5. Салық тексеруі актісі салық тексеруі актілері мен хабарламаларын тіркейтін арнаулы жрналда тіркеледі, ол нөмірленуге, бау өткізілуге және салы ызметі органының миөрімен куәландырылуға тиіс.
  6. Салық тексеруі актісінің бір данасы салық төлеушіге тапсырылады. Салы төлеуші салық тексеруі актісін алған кезде оны алғаны туралы белгі қоюға міндетті.

Салық тексеруі нәтижелері бойынша шешім

  1. Салық тексеруі актісінде көрсетілген нәтижелер негізінде салық тексеруін аяқтау бойынша салық қызметі органы осы Кодекстің 31-бабына сәйкес белгіленген мерзімде салық төлеушіге жіберілетін салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомалары, өсімпұлдар мен айыппұлдар туралы хабарлама шығарады.
  2. Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомалары туралы хабарламаны және салық тексеруі актісін тіркеуді, осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, салық қызметі органы бір нөмірмен жүзеге асырады.
  3. Салықтың және бюджетке төленетін басқа да мідетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомалары туралы хабарламада мынадай деректемелер мен мәліметтер:

1) хабарламаны және салық тексеруі актісін тіркеу күні мен нөмірі;

2) салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты не толық атауы;

3) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

4) салықтың және бюджетке төленетін басқа да мідетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомасы;

5) төлеу туралы талап және төлеу мерзімі;

6) тиісті салықтың және бюджетке төленетін басқа да мідетті төлемдердің , өсімпұлдар мен айыппұлдардың деректемелері;

7) шағым жасау мерзімі мен орны болуға тиіс;4. Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомалары туралы хабарламаны алған салық төлеуші, егер салық төлеуші тексеруі нәтижелеріне шағым жасамаса, оны хабарламада белгіленген мерзімде орындауға міндетті.

  1. Егер салық тексеруінің аяқталуы бойынша салық заңдарын бұзу анықталмаған болса, салық тексеруі нәтижелері бойынша хабарлама шығарылмайды.