Қолдану саласына талдау

Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың «өз ісіне» деген табиғи ұмтылуды тудырып , өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл қызметтің ерекше түрі – жауапкершілігі шектеулі қоғамның пайда болуына әкеп соғады .

Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік (ЖШС) дегеніміз – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін екі, одан да көп адамды біріктіретін қоғамның түрі Жауапкершілігі шектеулі қоғамның оның мүшелері есебінен жиналған жарғы қоры бар. ЖШҚ – жабық қоғам, яғни қоғам мүшесі өз үлесін қоғамның басқа мүшелерінің келісімімен басқа адамға немесе үшінші кісіге бере алады. Қоғам акциялар шығармайды. Мұның өзі қоғам мүшелеріне сырт жақтан қаржы тарту мүмкіндігін шектейді. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып , мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді.

Ал кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып , мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді.

Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндергенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, комерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға , ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты. Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік , сауда-көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және т.б. комерциялық делдалдылық, сол сияқты құнды қағаздар опериациялары.

Қазақстан Республикасында ЖШС субъектілері мыналар бола алады:

  • Қазақстанның азаматтары
  • Шетел мемлекетінің азаматтар
  • Адамдардың бірігуі(кәсіпкерлер ұжымы)

«Сарыағаш» ЖШС-ң қаржылық қызметінің талдауы

Кәсіпорынның қаржылық қызметі кәсіпорынның өндірістік процесінің барлық жақтарын көрсетеді. Өзінің өндірістік қызметін жүзеге асыру үшін кәсіпорын қарамағында өндіріс құралдары және қаржылық ресурстары болады. Қаржылық ресурстар еңбек заттарының қорын құрастырады және жабдықтаушылармен есеп айырысады. Өндіріс жоспарын орындау көптеген факторларға байланысты. Олар:

  • тұтынушылармен байланыс орнату;
  • өндірісті дамыту жоспарын орындау;
  • құрал-жабдықтардың технологиялық режимді ұстау;
  • материалдық – техникалық қамтылу деңгейі; шикізат пен материалды пайдалану деңгейі;
  • еңбек өнімділігі.

Талдау барысында бұл факторлардың өндіріс процесіне және кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесіне ықпал ету деңгейі анықталады.Өндірістік көрсеткіштер қаржылық көрсеткіштерге әсер етіп, ал соңғылары сәйкесінше өндіріске әсер етеді.

Жоғарыда айтылғандай біздің кәсіпорын икемді орама өндірісімен айналысады. Барлық басты экономикалық жағдайды сипаттайтын құжаттарды талдай отырып, бұл бөлімде біз қорытындыға келдік. Оны біз келесі көрсеткіштерден көре аламыз:

  • Төлем қабілеттілігі
  • Айналым коэффициенті
  • Меншікті капиталдың айналым коэффициенті
  • Қор қайтарымдалығы
  • Қор сыйымдылығы
  • Материал қайтарымы
  • Материал сыйымдылығы

Бұл көрсеткіштермен біз келесі кестеден танысамыз:

3-кесте  Кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштері

Көрсеткіштер өлшем бірлігі 2004 2005 Ауытқу %
Айналым коэффициентІ   2,2 1,3 -0,9 59,1
Меншікті капиталдың айнал-қ коэф.   3,7 3,3 -0,4 89,2
Қор қайтарымдылығы   13,4 11,4 -2 85,1
Қор сыйымдылығы   0,08 0,09 0,01 112,5
Материал қайтарымдылығы   7,6 13,1 5,5 172,4
Материал сыйымдылығы   0,13 0,07 -0,05 53,8

Жоғарыда көріп тұрғанымыздай айналым коэффициенті 2003 жылы 2,2 болса, 2005 жылы 1,3 түсті. Яғни 40,9 пайызға төмендеді.

Осы көрсеткішті есептеу үшін біз:

айналым коэффициенті = өткізілген өнімнен түскен түсім/өзіндік капитал,

айналым коэффициенті. Біздің есептерге сүйенсек бұл көрсеткіш 40,9 пайызға төмендеді.

Осы көрсеткішті есептеу үшін біз: айналым коэффициенті = өткізілген өнімнен түскен түсім/ағымдағы активтер.

Қор сиымдылығы. Бұл көрсеткіш қор қайтарымдылық көрсеткішіне кері көрсеткіш болып табылады. Оның қасиеті сонда, оның алымын бірнеше бөлек цех және құрал – жабдықтар группаларға бөліп тастауға болады. Бұл техникалық өндірістік учаскілеріне деген жерін, қор пайдаланудағы жалпы көрсеткішін анықтауға мүмкіншілік береді. Қор сиымдылығы былтырғы, яғни 2003 жылы 2004 жылмен салыстырғанда кеміді. Осы көрсеткішті есептеу үшін біз:қор сыйымдылығы = негізгі қордың (орт)/ өнімді өткізуден түскен түсім.

Қор қайтарымдылығы. Негізгі өндірістік қорларды пайдаланудағы жалпы көрсеткіш ретінде, кәсәпорынның эффектілігін көрсетеді. Осы көрсеткішті 2003 салыстырғанда 2004 жылы 24,9 пайызға азайды. Осы көрсеткішті есептеу үшін біз:қор қайтарым. = өнімді өткізуден түскен түсім / негізгі қордың (орт)

Материал қайтарымы. Екі жыл көрсеткіштерін салыстырғанда 72,4 пайызға көбейгендігін байқаймыз.

Материал сыйымдлығы. Бұл көрсеткіш бойынша 2004 жылы 2003 жылға қарағанда азайғандығы байқалады.

Бұл бөлімде негізгі өндірістік көрсеткіштерге талдау жасалып, қаржылық жағдайға көзіміз жетті.

Жалпы алғанда, кәсіпорын тұрақты жұмыс істеуде, жоғары ликвидтті, активтердің жалпы құнында негізгі капиталдың үлес деңгейі төмен.

Сонымен қатар, капиталмен қарулану және техникалық қарулану деңгейі соңғы үш жылда аса айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ.

Өнімді өткізуден түскен түсім 1,4 пайызға жоғарласа да, өткізілген өнімнің өзіндік құны 2,4 пайызға  төмендеген. Өйткені, кезең шығындары жоғары. Сонымен қатар өндіріс рентабельділігі де төмендеуде, әрине осыған байланысты сату рентабельділігі де азайған. Төлем коэффициенті және қор қайтарымдылығы жоғары деңгейде. Еңбекақының жоғары емес деңгейіне қарамастан, жұмысшылар деңгейі, яғни келіп кету саны тұрақты деп айтуға болады. Менің ойымша, өйткені «Сарыағаш» ЖШС-гі  жұмыс беруші  кәсіпорындардың ең бастысы болып табылады.

 «Сарыағаш» ЖШС-нің өндірістік технологиясы туралы

«Сарыағаш» ЖШС-де негізгі өндірістік процес минералды суды құю болып табылады. Кәсіпорын қарамағындағы скважиналарда минералды суды арнайы қондырылған көлемді систерналарда суды салқындатып алады. Әдетте су 2000 м. шамадағы тереңдіктен өндіріледі, ол шамамен +70 С жылылықта болады. Кәсіпорынның қарамағындағы бірнеше су таситын арнайы машиналары арқылы скважинадан суды зауытқа тасиды. Сосын суды арнайы қондырғылар арқылы зауытты пластикалық ыдыстарға құю жүргізіледі. Процес барысында суға ешқандай қоспасыз, экокологиялық таза күйінде өндіріледі. Өндірістік процестер керамикалық-бактериялық фильтрлерді, насостарды, ыдыстарды және т.б. пайдалана отырып, 11 АТМ және оданда жоғары қысымды қолдануымен сипатталады. Полетиленді пластикалық ыдыстар капсула күйінде Өзбекістаннан сатып алынады. Ол сатып алынған касулалар санитарлы-химиялық, микробиологиялық тексеруден өткізілгеді. Арнайы қондырғыларда капсулаларды су құюға дайындайды. Бұл процестер негізгі зауытқа көмекші қосымша цехтарда жүргізіледі. Ал негізгі зауытта дайын ыдыстарға газдалған немесе газдалмаған су құю процесі жүреді. №3 цехта ыдыс сыртына қағаз этикеткалакры жабыстырылады. Дайын өнім қоймаға жөнелтуден алдын арнайы тексеруден өткізіледі, ол тексеру арнайы жасақталған жұмысшылар тобымен жүзеге асырылады. Ал, енді өндіріс технологиясына келсек, бірінші құрал-жабдық бұл — Экструдер. Яғни ол қалындығы түрлі микронды полиэтиленді пленканы үрлейтін машина. Бұл үшін Ресейден әкелінген күріш тәріздес шикізат полиэтилен өте үлкен температурада қыздырылады. Содан кейін цилиндр тәріздес пішінде жоғары көтеріліп төмен арнайы қысқыш арқылы тегістеліп пакет шығарылады.

Қортындылай келе, кәсіпорын жұмысы тұрақты түрде істеуде. Тек қана ауытқулар көлемі мен мөлшері айтарлықтай үлкен емес. Төлем қабілеттілігі және айналым қабілеттілігі орташа деңгейде. Қорыта келгенде, «Сарыағаш» Жауакершілігі Шектеулі Серіктестігі еліміз өңіріндегі филиалдардың бірі және Қазақстандағы бәсекелес кәсіпорындармен салыстырғанда, жұмысы тұрақты. Шамалы ауытқулар болып тұрғанымен қаржылық-экономикалық жағдайы тұрақты. Бірақ, қазіргі таңда үлкен қаржылық салымдар қажет, яғни құрал-жабдықтардың ең болмағанда 60-70 %.

Жалпы, кәсіпорын тұрақты жұмыс атқаруда. Егер инновациялық бағдарлама бойынша технологиялық процесс, алдағы 5-7 жылда жаңартылса, кәсіпорын өз бәсекелестерін өндіріс бойынша озып өтеді , деген болжам бар.

1) ЖШС «Сарыағаштың» қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызудың

Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы

Менің курстық жұмысымда қарастырып отырған кәсіпорным «Сарыағаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

«Сарыағаш» ЖШС минералды сусын зауыты Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш қаласында 1993 жылы наурыз айында Әділет министірлігінде тіркелді. Бір немесе бірнеше тұлғалармен құрылған серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады. Оның жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленетін үлестерге бөледі. Серіктестік өз қызметін ірі бизнестің субъектісі ретінде жүзеге асырады.

«Сарыағаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ірі бизнестің субъектісі болып табылады, яғни кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы,жұмыскерлердің орташа саны 250 адам, бір жылғы активтерінің құны айлық есептік көрсеткішінің 325 мың есесі болады.

«Сарыағаш» ЖШС түрінде, енді «серіктестік» деп аталатын, өзін-өзі қаржыландыру толық шаруашылық есеп принципінде қызмет етеді және заңды тұлға болып табылады. Оның жеке балансы, Қазақстан банктерінде жеке шоты өзінің атауы жазылған мөрі мен мөртабаны бар, ол банктерден қарыз алуға, сондай-ақ Жарғыға сәйкес Қазақстан Республикасының заңдары бойынша заңды тұлғаларға рұқсат етілген басқа да операцияларды жүзеге асыра алады.серіктестік мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі, Мичурин бөлімшесінде орналасқан.

«Сарыағаш» ЖШС Қазақстанда пластикалық ыдыстарда минералды су өндірушілердің алғашқылардың бірі болып табылады. Алғашқыда кәсіпорында 12 жұмысшы мен 1 цех жұмыс жасады, 6 жылдан кейін кәсіпорындағы штаттық жұмысшылар саны 342 адамға жетті. Пайдалануға №2 ; 3 цехтар берілді, мұздатқыштар-компрессорлар іске қосылды. Бүгінгі таңда кәсіпорын екі скважинаға иелік етеді, ол скважинаның біреуінің ерекшелігі құрамында 100мгк\дм 3 йод бар, яғни адам организміне деген иод тапшылығын қамтамасыз етуге көмектеседі.

Кәсіпорын негізгі қызметі минералды сусындар өндіру болып табылады. Олардың кең тараған негізгі екі түрі: әр түрлі көлемді ыдыстағы газдалған және газдалмаған «Сарыағаш» минералды сулары. Сарыағаш минералды сулары 1,5 ; 1 л ; 0,5л пластик мөлдір ыдыстарда өндіріледі.

Кәсіпорында негізгі бір зауыт бар. Ол зауыттың құрылымы төмендегідей:

  1. Негізгі технологиялық цехтар:
    • №1, 2, 3, 4 цехтар кешенді құн қондырғысы;
    • Пластик ыдыстарды жасау бойынша цех;
    • минералды суды салқындататын цех;
  2. Көмекші цехтар:
  • Тауарлы шикізаттық цех;
  • Электроцех;
  • Зауыттық лаборотория;
  • Ауамен қамтамасыз ету үшін ауа компрессоры;
  1. Жалпы зауыттық шаруашылықтар:
  • Әскериленген ведомстывалық күзет;
  • Тауарлы-көліктік басқару;
  • Өрттен құтқарушы топ;
  • Материалды ресурстарды басқару бөлімі;

Кәсіпорында қызметкерлер үшін толық және өнімді еңбек етуі үшін жағдайлар жасалынған- асхана жұмыс істейді, медпункт қалыпты қызмет етеді.

Құйылып жатқан минералды судың күнделікті санитарлық-химиялық және микробиологиялық бақылауын ҚР стандарттау, метрология және сертификаттау комитетімен аттестацияланған өндірістік лабаратория жүргізеді КФОАО «НацЭкС» 3.09.2004 ж.

2) Кәсіпорын қызметтеріне сәйкес қолданатын заңдар

Қазақстан Республикасында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді реттейтін негізгі заңдық актілер тізбесі:

  • «ҚР Агентігінің ЖШС-ті қолдау мәселелері жөніндегі» ҚР Үкіметінің қаулысы. 26.04.99 ж. № 475
  • «Кәсіпорын мәселелері жөніндегі » ҚР Үкіметінің қаулысы. 08.04.97 ж. № 499
  • «Кәсіпорынды және кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы ». ҚР Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы Жарлығы.

Жүйені тұрғызу арысында құқықтық құжаттарға: тапсырушы мен атқарушының келісім-шарты, жүйені тұрғызушылар арасындағы құжаттар кіреді. Ал, жобаны енгізу кезінде оған мынадай құжаттар жатады: жасалып жатқан жүйе деңгейінің мінездемесі, ақпарат жүйесі бөлімдерінің құқығы, ақпартты өңдеудегі жеке құжаттардың құқықтық орындамасы, техникалық құралдарды қолдану кезіндегі қолданушылардың құқықтық қатынасы. [1]

3) Осы қызметті жүзеге асырушы ұйымдық құрылымдар

Кәсіпорын қызметтерін жүзеге асырушы экономиканың әр түрлі секторында қызмет ететін көп қызметті мекемелер, корпорациялар, акционерлік компаниялар, орталық үкіметтің, жергілікті үкімет органдарының қаржылық мекемелері, коммерциялық емес ұйымдар, сондай – ақ басқа да үкіметтік ұйымдар болып табылады.

Кәсіпорынның маркетингтік қызметі

« Сарыағаш » Жаупкершілігі Шектеулі Серіктестігінде маркетинг бөлімі қызмет етеді. Маркетингтік бөлімге барлық маркетингтік зерттеулер, жарнама, өткізу, жабдықтау, жаңа тауарлар түрлерін ойлап табу жұмыстары жүреді. Кәсіпорынның негізгі қызметі – минералды сусын өндіру болғандықтан пайдалылық құрамын арттыру, қорап өндіру  сияқты мәселеге ерекше көңіл бөледі.

Маркетинг бөлімінде мамандар маркетинг қызметінің барлық түрімен айналысады. Олар: маркетинг қызметін басқарушы, өткізу ынталандыру және жаңа тауарлар бойынша басқарушылар.

Нарық өндірушіге қатаң талап қоятыны белгілі. Сондықтан кәсіпорын маркетологтары дайын өнімнің сыртын қораптауды жақсарту бойынша үлкен жұмыстар жүргізуі керек. Қораптау материалдарының жаңа түрлері қарастырылуда.

1930 жылы нарықты зерттеушілердің бірі Луис Ческин зерттеу жүргізген. Осы зерттеу нәтижесінде мынадай қорытындыға келді, тұтынушы ойында орама және өнім бір мағынада қарастырылады. Көріксіз орамадағы жоғары сапалы өнім дәмімен де басқаша сезінеді, ал төмен сапалы өнім бірақ көзге анық көрінетін орамада жоғары сапалы өнімге ұқсайды.

 Қазіргі уақытта орамаға үлкен көңіл бөлінеді. Олар өнімді сыртқы ортадан қорғау, оның сапасын сақтау керек, және тұтынушыға өнім жайлы мәліметтерді жеткізуі міндетті. Ал ең бастысы тұтынушы көңілін өзіне аудару керек және тұтынушы талғамын дәл осы тауарға аударуға тырысу қажет.

Өнімді маркілеу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Тұтынушыларға шығарылған өнім қасиеттері туралы қажетті ақпарат тура және ашық көрсетіледі. Сапасын көтеруге экономикалық ошақтар да жұмыс істейді. Еңбек ақы мөлшері тек технико-экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, сонымен бірге өнім сапасы көрсеткіштері және жұмыс орнының санитарлы жағдайымен де анықталады.

«Сарыағаш» ЖШС өз өнімінің 99% ұлттық нарықта өтізеді. Негізгі бәсекелестері:

  • Әсем-ай
  • Курорт-Барыс
  • Тассай
  • Вита

Кәсіпорын өнімінің қорабы, тұтынушыға көрсететін қызметі, өнімнің сапасы бәсекелестері деңгейіне сәйкес. Ал құн жағына келетін болсақ артықшылыққа ие , өнім бағасы өте төмен.

Қазақстан облыстарында «Сарыағаш» ЖШС –гі өнімі аймақтық нарықтың 1%-дан 90%-ға дейін алады. Оларды игеру Қазақстанның әр түрлі облыстарында орналасқан жеткізу бөлімшелерінің қызметі арқылы қол жеткізіліп отыр. Өнімді өткізу негізінен көтерме сату және бөлшектік сату арқылы жүзге асрылады.

Облыстар бойынша ең көп үлес: Оңтүстік Қазақстан облысы 21,4%, Алматы 12,2% , Ақмола 8,4%, Жамбыл 6,2%

«Сарыағаш» ЖШС кәсіпорыны өнімінің соңғы тұтынушылары болып республиканың барлық тұрғылықты халқы табылады. Әлеуметтік-демографиялық белгілерімен келісілген нарық сегменттерін талдау тұтынушылардың сипаты мен көлеміне ең көп әсерді әр түрлі тұрғын топтарының сатып алу қабілеттілігі жататындығын көрсетті. «Сарыағаш» серіктестігі барлық жоғарыда айтылғандарды орындайды.