Рыноктың қызмет ету қағидалары және рыноктың артықшылықтары мен кемшіліктері

Роноктық экономика қызмет етуiнiң механизмi үш басты принципке негiзделедi:

  • маржиналдық (шектi) талдау;
  • балама талдау шығындары;
  • экономикалық рационалдылық;

Маржиналдық талдау принципi негiзiнде рыноктық субъектiлер мiнез-құлқы құрылады, оған орташа емес, шектi шамалар шешушi әсер етедi. Рыноктың тауарларға толуы, рыноктық бағалардың өзгеруi нәтижесiнде рыноктық экономиканың бiр қалыптан екiншiсiне өтуi бiр деңгейде жүредi. Бұл жаңа, шектi субъектiнiң сұраныс немесе ұсыныс түрiнде рыноктық экономикаға әсер етпеуiнен болады. Жетiлген рынок жағдайында үлкен немесе сұраныс пен шаруашылықты жүргiзушi субъектiлердiң шексiз саны болған кезде, осылардың әрқайсысы шексiз шағын үлес салмағына ие болады. Маржиналды жол рыноктық кеңiстiктiң үздiксiз қызмет етуiн қамтамасыз еткендей болып, сұраныс пен ұсыныстың кенеттен ауытқуы пайда болуы мүмкiндiгiн болдырмайды, тауар өндiрушiлер мен тұтынушылар арасындағы рынок ылғи да ұстап отырады.

Балама талдау шығындардың принципi. Балама талдау шығындары ресурстарды пайдаланбаудың басқа тәсiлдерiнен немесе кәсiпкерлер қызметiне байланысты туындаған тiкелей шығындар мен алынбаған пайдалардың сомасы түрiнде болады. Рыноктық экономиканы құру жiберiп алынған мүмкiндiктер iшiнен аз, бiрақ кепiлдi табыс беретiн ең нашар нұсқа таңдап алуына негiзделедi. Балама талдау шығындары принципi өндiрушiлердi қолда бар ресурстарды тиiмдiрек пайдаланудың жолын iздеуге итермелейдi.

Экономикалық рационалдылық принципi пайда мен шығындарды салыстыруға негiзделедi. Рационалды таңдау кепiлдi табысты пайданың ең төменгi бөлiгi көлемiнде қамтамасыз ететiнi шектi болып табылатын өзгермелi нұсқалардың бiрiнде iске асырылады. Рационалдылық критерий табысқа деген құқықпен анықталады. Капиталды шектеулi пайдалану кезiнде фирмалар пайданы жоғарылатуға тырысады, ал тұтынушылар өз игiлiгiн барынша жақсартуға, яғни бюджеттiк шектеулiгiне байланысты қажеттiлiктерiн максималды деңгейде қанағаттандыруға ұмтылады.

Көрсетiлген принциптер негiзiнде рыноктық экономиканы құру бiр жағынан сұраныс пен ұсыныс сияқты қарама-қарсы күштердi, екiншi жағынан, нарықтық бағаларды пайдалануға негiзделетiн рыноктық механизмнiң орталық проблемасы болып табылатын тепе-теңдiк жағдайға қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.

Рыноктар жүйесі – әртүрлі критерийлер мен белгілермен сипатталатын барлық рынок түрлерінің жиынтығы.

Рынок әртүрлі деңгейде, қызметтің барлық сфераларында, елдің әртүрлі аймақтарында қызмет етеді. Сондықтан да рыноктар жүйесі күрделі және алуан түрлі. Заңдылыққа сәйкес рыноктың келесі түрлерін атап өтуге болады:

  • Жария (официальный);
  • Заңсыз (көлеңкелі).

Заңсыз рынок – көлеңкелі экономиканың заңға қайшы, тіркелмеген қызмет көрсету түрінде түсіндірілетін бөлінбейтін элементі.

Әрбір рыноктың ерекшелігіне қарамастан олардың барлығы өзара байланысты ғана емес, сонымен қатар өзара шарттасылған.

Әрбір өнім өндіруші өзінің өндірісін кеңейту үшін сәйкес рынок мүмкіндік беретіндей өндіріс құрал-жабдықтар санына, капиталға және жұмысшыларға сенім арта алады. Оның әрқайсысында, өз кезегінше, көрші рыноктарда орын алған ұсыныс пен сұраныс есепке алынады. Қоғамдағы экономикалық өмір екі деңгейде дамиды:

  • микроэкономикалық, ол шаруашылық жүргізуші субъектілердің айырбас кезіндегі іс-әрекетін сипаттайды;
  • макроэкономикалық, бүкіл ұлттық шарушылық (ұлттық экономика) масштабында өндірістің жүргізілуімен сипатталады (рыноктық жағдайда).

Рынок жүйесі меншіктің әртүрлі формалар, шаруашылық субъектілердің еркін іс-әрекеті және олардың өз қызметтерінің нәтижелеріне жауапкершілігі, өнім өндірушілердің еркін баға белгілеуі, бәсекесі, рыноктық процестерді сәйкес экономикалық тұтқалар арқылы реттеудегі мемлекеттің оңтайлы араласуы жағдайында тиімді жұмыс істейді.

Бiзге белгiлi әр экономикалық құрылымның өзiнiң артықшылықтары мен кемшiлiктерi болады. Ал осы орын алатын кемшiлiктердi уақтысымен реттеп отырса, ол қоғам дамуына үлкен жол ашып отырады. Сондықтан да рыноктық экономиканың да өзiндiк қызмет етуiнде артықшылықтары мен кемшiлiктерi бар. Оларды келесiдей топтастыруға болады:

Рыноктық экономикада төмендегiдей қоғам дамуына тигiзер артықшылықтары болдаы:

  1. Экономика ғылымының басты нысаны болып табылатын шектеулi ресурстарды тиiмдi бөлу мен пайдалануға көмектеседi;
  2. Бүгiнгi жаһандану заманында өндiрiстiң жылдам өзгерушi жағдайларына икемдi жауап берiп, оған тез бейiмделедi;
  3. Рынокта тұтынушылар мен өндiрушiлердiң де таңдауымен, олардың еркiн әрекет етуiн қамтамасыз етедi;
  4. ҒТР жетiстiктерiн, өндiрiстi ұйымдастыру мен тиiмдi басқарудың жаңа технологиялары, әдiстерiн енгiзу үшiн жағдай жасауға көмектеседi;
  5. рыноктағы өндiрушiлер өздерiнiң өндiрiсiн сұранысқа бейiмдейдi, яғни тұтынушылар қажеттiлiктерiн толық қанағаттандыруға және тауарлар мен қызмет көрсетулер сапасын арттыруға негiзделедi.

Сонымен қатар, рынок экономикасының келесiдей белгiлi кемшiлiктерi де бар:

  1. Тұрақты және тәуекелсiз табыс алуға кепiлдiк бермейдi;
  2. Экономикада толық жұмысбастылыққа немесе жұмыссыздық мәселесiне кепiлдiк бермейдi;
  3. Қалпына келтiрiлмейтiн ресурстарды сақтауға көмектеспейдi;
  4. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды әлсiз ынталандырады;
  5. қоғамдық игiлiк болып табылатын тауарлар мен қызмет көрсетулердi өндiрудi дамытуды қамтамасыз етпейдi.

Дамыған рыноктық қатынастар жағдайында тұтынушының артықшылығы басым. Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен ресурстарды жеткізушілер артық шығындардан сақтану барысында тұтынушылардың талаптарына сай қызмет етуге мәжбүр.

Шаруашылықты жүргізудің рыноктық жүйесі өз механизмі арқылы төменгілерді қамтамасыз етеді:

  • Неғұрлым аз шығындалуды жіберетін өнімділігі жоғары технологияларды пайдалану;
  • Сұраныстағы өзгерістері туралы ресурстарды жеткізушілер мен кәсіпкерлерге ақпарат береді, ол өз кезегінде ресурстарды бөлудегі түзетулерді жүзеге асырады;
  • Жеке және қоғамдық мүдделердің үйлесімділігі. «Көрінбейтін қол» ресурстарды жеткізушілер мен кәсіпкерлердің пайдакүнемдік іс-әрекеттеріне бәсеке арқылы әсер ете отырып, оларды шектелген ресурстарды тиімді пайдалануға ынталандырады.

Бәсекелестік рыноктық жүйенің негізгі артықшылығы – бұл оның өндірістің тиімділігін үнемі ынталандырып отыруы. «Экономика тек үздік технологияны пайдалана отырып, тұтынушы талап ететін өнімді ғана өндіреді. Рыноктық жүйе үкіметің орталықтанған шешімдері арқылы емес, орталықсызданған, яғни жекешеленген шешімдер нәтижесінде автоматты түрде қызмет етеді және түзетіледі».

Жоғарыда көрсетілген жағдайлар мынандай қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:

  • Рыноктық экономика – бұл шаруашылықты жүргізуші субъектілердің өзара әрекеттесуі мен экономиканың үш негізгі проблемаларының (не, қалай және кім үшін өндіру керек) шешілуі рынок және оның механизмдері әсерінен жүзеге асатын шаруашылық қызметті ұйымдастырудың түрі.
  • Рыноктық жүйенің өзіне тән ерекшелігі оның қайта құрылуы мен ішкі және сыртқы өзгерістерге бейімделе алуында.
  • Рыноктық жүйе ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалануға, өндірісті қарқындандыруға, нәтижесінде қоғамның қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға өзгелерден әлдеқайда жақсы бейімделген.

Кез келген рыноктық жүйе үшін мынандай шарттардың болуы қажет: жеке меншік құқығы, келісімдерді бекіту еркіндігі, бәсекенің болуы, бағаны бекіту және мамандықты, оқу орны мен жұмыс орнын таңдаудағы еркіндік.

Ұзақ уақыт көлемінде тиімді шаруашылық қызметке ынталандыруда өз артықшылықтарын дәлелдеген осы жүйенің негізі рынок болып есептеледі.

Рыноктың позитивті қызметтері оны айтарлықтай тиімді жүйе етеді. Алайда, бұл рыноктық қатынастардың абсолютті түрде жетілгендігін және барлық жағдайда қоғамның ұдайы дамуын қамтамасыз ете алатындығын білдірмейді. Экономикалық агенттердің оңашалануы, олардың мүдделерінің толық сәйкес келмеуі, ал көп жағдайда антогонизмдері қоғамның өмір сүруі мен дамуына әсерін тигізетін көптеген қарама-қайшылықтардың пайда болуы мен асқынуына әкеп соқтырады. Рыноктық шаруашылықтың өзіне тән туа біткен кемшіліктері бар.

Біріншіден, рыноктық жүйенің қызмет етуі экономикалық реттеушілердің стихиялы түрдегі әрекеттеріне негізделген. Шарасыз пайда болған диспропорциялар бірден жойылмайды және бұл экономикалық тұрақсыздықты тудырады.

Екіншіден, рыноктық орта қадағаланбаған жағдайда еркін бәсекені шектейтін монополиаланған құрылымдар пайда болады.

Үшіншіден, рыноктың стихиялы түрде әрекет ететін механизмдері экономиканы қоғамдық қажеттіліктердің көпшілігін қанағаттандыратын күйге келтірмейді және бизнеспен тікелей байланысы жоқ фондылардың құрылуына себепші болмайды. Ең алдымен, бұл әлеуметтік трансферттердің (зейнетақы, стипендия, жәрдемақы) қалыптасуы, білім, ғылым, өнер, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау және т.б. сфераларды қолдауы.

Төртіншіден, рынок еңбекке жарамды халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ете алмайды, еңбектерінің табыстарына кепілдік бермейді. Әркім қоғамдағы орнының қамын ойлайды, ал бұл әлеуметтік теңсіздікке, яғни байлар мен кедейлерге бөлінуіне әкеледі. Рыноктық қатынастар спекуляция, коррупция, рэкет, есірткі саудасы мен қоғамға қарсы құбылыстарын тудыратын пайдакүнемдік мүдделерге жағдай жасайды.

Рыноктың бұл жағымсыз қасиеттері, Қазақстанның тәжірибесі көрсеткендей, ауыспалы экономикада көрініс берді.

Осымен бірге, рыноктың кемшіліктері жүйелі экономикалық саясаттың жүзеге асырылуымен жеңілдетіледі. Бұл жерде мемлекеттің қаражатты тек рыноктық көздермен қамтамасыз етіле алмайтын қоғамдық өмірдің сфераларына қайта бөлу арқылы реттеу шаралары және әлеуметтік саясат шаралары өте маңызды.