Рыноктың түрлерi және қызметтерi

Экономикада рыноктың түрлерi өте күрделi болады және ол экономиканың барлық сферасында әсерiн тигiзедi. Рыноктың экономикалық құрылымы мынадай жағдайлармен белгiленедi:

  • Меншiк формаларымен (мемлекеттiк, жеке, аралас, ұжымдық);
  • Шаруашылық субъектiлерiнiң әр түрлi формаларының экономикадағы үлес салмағымен белгiленетiн, тауар өндiруiлердiң құрылымымен (мемлекеттiк, арендалық, кооперативтiк, жеке меншiк кәсiпорындар);
  • Тауар айналымы сферасының ерекшелiктерiмен;
  • Шаруашылықтың құрылымдық бөлiмдерiнiң мемлекет иелiгiнен алыну және жекешелендiру дәрежесiмен;
  • Осы елде пайдаланылатын сауда түрлерiмен.

Сондай-ақ рынокты құрылымы жөнiнен келесiдей критериилер арқылы бөлуге болады:

  1. Рынок қатынастары объектiлерiнiң атқаратын экономикалық қызметi бойынша:
  • Игiлiктер мен қызметтер рыногы;
  • Өндiрiс құралдарының рыногы;
  • Ғылыми-техникалық жұмыстар рыногы;
  • Құнды қағаздар рыногы;
  • Жұмыс күшi рыногы;
  • Қаржы рыногы және т.б. рыноктар.
  1. Рыноктарды сонымен қатар тауарлық топтар бойынша жiктеуге болады:
  • өндiрiстiк қызметке бағытталған тауарлар рыногы;
  • халық тұтынатын тауарлар; азық-түлiк тауарлар рыногы;
  • шикiзат пен материалдар рыногы.

Сондай-ақ ауылшаруашылық шикiзаттары рыногында азық-түлiкке және ауыл шаруашылық шиiзаттарына қажеттiлiктердi қамтамасыз ететiн, ауыл шаруашылық өнiмдер рыногы қалыптасады. Тұтыну тауарларының рыногының қалыптасуы осы тауарлардың өндiрiлу көлемiнiң елеулi дәрежеде өсуiн тiлейдi, сатып алушылық сұранысты қанағаттандыру үшiн бәсекелестiктiң кең пайдаланылуын, фирмалық дүкендердiң көбеюiн қалайды.

  1. Бәсекенiң шектеулi дәрежесi бойынша мынадай рыноктар болады:
  • Монополиялық рынок;
  • Олигополиялық рынок;
  • Салааралық рыноктар.
  1. Тауарлар мен қызметтер рыногы.
  • Тұтыну тауарларының рыноктары – азық-түлiк және азық-түлiк емес тауарлар рыногы;
  • Қызметтер рыногы – тұрмыстық, көлiк, коммуналдық қызметтер рыногы.
  • Тұрғын үй немесе өндiрiстiк емес ғимараттардың рыногы.
  1. Өндiрiс факторларының рыногы.
  • Жылжымайтын мүлiктер рыногы;
  • Еңбек құралдарының рыногы;
  • Шикiзат пен материалдардың рыногы;
  • Қуаттық ресурстрардың рыногы;
  • Пайдалы қазбалардың рыноктары.
  1. Қаржылар рыногы.
  • Капиталдар немесе инвестициялық рынок;
  • Несие рыноктары;
  • Құнды қағаздар рыноктары;
  • Валюта-ақша рыноктары жатады.
  • Одан шығуына тосқауылдар көптеген салалар бойынша жоқ, яғни еркiн рыноктық бәсеке қалыптасқан.

Нарық құрылымының ерекшелiктерiн сипаттайтын ең басты көрсеткiштердiң бiрi, осы қарастырылып отырған нарықтағы фирмалардың саны боп табылады.

Рыноктың мәнi оның қызметтерi арқылы толыңғырақ анықталады. Рынок мынадай маңызды қызметтер атқарады:

  • Тауар өндiрiсiнiң және қызмет көрсетудiң өзiн-өзi реттеу қызметi. Бұл мына жағдай арқылы көрiнедi: тауарға немесе қызметке сұраныс өскенде өндiрушiлер өздерiнiң өндiрiс көлемiн немесе қызмет көрсету аясын кеңейтiп бағаны жоғарлатады; нәтижесiнде өндiрiс немесе қызмет көрсету қысқара бастайды;
  • Ынталандыру қызметi, баға төмендегенде өндiрушiлер өндiрудi азайтады, осымен қатар, олар жаңа техника, технологиялар енгiзу, еңбек ұйымдастыруды жетiлдiру арқылы шығыдарды азайту мүмкiндiгiн iздестiредi;
  • Өндiрiлген өнiм мен еңбек шығындарының қоғамдық маңыздылығын айқындау қызметi. Бiрақ бұл қызмет тек тапшылық оқ өндiрiс жағдайында жүзеге аса алады. Сатып алушылардың таңдауы бар болғанда, өндiрiсте монополия болмағанда, рынокта көптеген өндiрушi болып олар өзара бәсекелес болғанда;
  • Реттеу қызметi, рынок тепе-теңдiгi арқылы экономикадағы, өндiрiстегi және айырбастағы негiзгi микро және макропропорциялар белгiленiп, оларды рынок механизмi реттеп отырады;
  • Шаруашылық өмiрдi демократияландыру, өзiн-өзi басқару принциптерiн жүзеге асыру қызметi. Рыноктық құралдар әсерiмен қоғамдық өндiрiс экономикалық жағынан қолайсыз элементтерден арылып отырады, және осының арқасында тауар өндiрушiлер әркелкi түрге, буындарға бөлiнедi, яғни дифференцияланады;
    • Рыноктық қатынастар негiзiнде экономиканың тиiмдi дамуын қамтамасыз ететiн бәсекеге қабiлеттi экономика қалыптасады.

Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi фирмалар мен кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер шығарудың көлемiн арттыруға ынталы болады.

Осылайша әрбiр кәсiпкердiң бәсекеқабiлетi жоғары болуының нәтижесiнде әлемдiк экономикалық рынокта ұлттық экономиканың бәсекеқабiлеттiлiгi артады.

Роноктық экономика қызмет етуiнiң механизмi үш басты қағидаға негiзделедi:

  • маржиналдық (шектi) талдау;
  • балама талдау шығындары;
  • экономикалық рационалдылық;

Маржиналдық талдау қағидасы негiзiнде рыноктық субъектiлер мiнез-құлқы құрылады, оған орташа емес, шектi шамалар шешушi әсер етедi. Рыноктың тауарларға толуы, рыноктық бағалардың өзгеруi нәтижесiнде рыноктық экономиканың бiр қалыптан екiншiсiне өтуi бiр деңгейде жүредi. Бұл жаңа, шектi субъектiнiң сұраныс немесе ұсыныс түрiнде рыноктық экономикаға әсер етпеуiнен болады. Жетiлген рынок жағдайында үлкен немесе сұраныс пен шаруашылықты жүргiзушi субъектiлердiң шексiз саны болған кезде, осылардың әрқайсысы шексiз шағын үлес салмағына ие болады. Маржиналды жол рыноктық кеңiстiктiң үздiксiз қызмет етуiн қамтамасыз еткендей болып, сұраныс пен ұсыныстың кенеттен ауытқуы пайда болуы мүмкiндiгiн болдырмайды, тауар өндiрушiлер мен тұтынушылар арасындағы рынок ылғи да ұстап отырады.

Балама талдау шығындардың қағидасы. Балама талдау шығындары ресурстарды пайдаланбаудың басқа тәсiлдерiнен немесе кәсiпкерлер қызметiне байланысты туындаған тiкелей шығындар мен алынбаған пайдалардың сомасы түрiнде болады. Рыноктық экономиканы құру жiберiп алынған мүмкiндiктер iшiнен аз, бiрақ кепiлдi табыс беретiн ең нашар нұсқа таңдап алуына негiзделедi. Балама талдау шығындары принципi өндiрушiлердi қолда бар ресурстарды тиiмдiрек пайдаланудың жолын iздеуге итермелейдi.

Экономикадағы рыноктық қатынастардың шектелуiне байланысты бәсекенiң келесiдей түрлерi орын алады:

  • Жетiлген бәсекелi рыногы;
  • Жетiлмеген бәсекелi рыногы;

Мұндағы жетiлген бәсеке рыногында рынокқа қатысушылардың арасында бәсеке толық қанды қызмет етедi және ол барлық рыноктық қатынастарды, сұраныс пен ұсынысты, тауарлардың сапасын, олардың бағаларын реттеушi қызмет атқарады. Яғни, экономиканың бәсекеге қабiлетiн арттыруда жетiлген бәсекенiң толық қанды орын алуы ел экономикасының тұрақты дамуына үлес қосып, инновацияларды, ғылыми-техникалық прогрестi, жұмысшылардың еңбекке ынтасын дамытуға жол ашады.

Бәсекенiң екiншi негiзгi түрi ол жетiлмеген бәсекелi рынок болып табылады. Егер нарықта жеке өндiрушiнiң монополиялық немесе олигополиялық билiгi орнықса, онда ондай рынок жетiлмеген бәсекелi рынок болып табылады. Бұл жағдайа қоғам жалпы белгiлi шығындарға ұшырайды, себебi тұтынушылар тауарды тұтынудың көлемiн азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейдi, олар барлық рынокқа немесе жекелеген салада немесе белгiлi бiр аймақта өз үстемдiгiн орнатады. Сондықтан да көптеген елдерде нарықты монополиялауды шектейтiн монополияға қарсы заңдар қабылданып, iске асырылуда.

Бәсекенiң экономикадағы орнын оның негiзгi қағидалары арқылы да анықтауға болады.

Бәсекенiң рыноктың элементi ретiндегi негiзгi қағидаларына келесiлер жатады:

  • рынокқа қатысушылар санының шектелмеушiлiгi, рынокқа кiрудiң және одан шығудың абсалюттi еркiн болуы. Бұл қағида кәсiпкерлiк қызметтiң еркiндiгiн, олардың өндiрiстiң бiр түрiнен екiншi түрiне өтуiн, тұтынушылардң еркiн талғамын, әрбiр тұтынушы өзiнiң қажеттiлiгiн ең жоғары деңгейде қамтамасыз етуiн талап етедi;
  • материалды еңбек, қаржылық және басқа да ресурстардың мобильдiлiгi. Капитадың еркiн айналысы өнеркәсiптiң тиiмдi салаларының дамуына, қосымша ресурс көздерiн ашуға, олардың комбинациясын неғұрлым тиiмдiрек қолдануға мүмкiндiк беру;
  • сұраныс пен ұсыныс туралы бәсекеге қатысушылардың толық ақпаратта болуы, сондай-ақ рыноктағы баға өзгерiсiн, пайда деңгейiн дер кезiнде қадағалап отыруы керек;
  • өнiмдердiң бiртектiлiгi, сапасының, қасиеттерiнiң ұқсас болып келуi. Ерекше маркалардың болмауы, ондай ерекше маркалар өзiнiң бәсекелестерiн жену үшiн монополиялық рынокта қолданылады;
  • рыноктағы жекелеген қатысушылардың әсер теу мүмкiншiлiгiнiң болмауы, бағаның рынок арқылы берiлген деңгейi қатысушының белгiленген бағасымен сәйкес келiп отыруы мiндеттi шарт емес.

Сондай-ақ рыноктық қатынастардың дамуы ең алғашында жекелеген тауарлар айырбасы негiзiнде жүзеге асып отырды. Мысалы, бiр қап ұнға бiр балта және тағы сол сияқты айырбас формалары сипатында болды. Ал бүгiнгi таңда экономиканың күрделенiп, оның салаларының және салаiшiлiк құрылымының әр түрлi формаларының дамуына байланысты және жаһандану процестерiнiң одан сайын күрделене түсуi негiзiнде рыноктық қатынастарда күннен-күнге күрделене түсуде. Осы рыноктық қатынастардың микроэкономика деңгейiнде айналысын келесi модельден көруге болады.