Бюджет тапшылығы және бюджет талшығы

Бюджеттік процесс мемлекеттің кірістері мен шығыстарын баланстайды, теңестіреді. Бірақ қазіргі кезде барлық елдерде дерлік мемлекеттің шығыстары оның кірістері мен табыстарына қарағанда тез өсуде. Оның себептері көп, олардың ішіндегі ең бастылары өмірдің сан түрлі салаларындағы мемлекет рөлінің үздіксіз артуы. Оның экономикалық және әлеуметтік қызметінің кеңеюі, мемлекет аппараты көлемінің өсуі және т.б себептер. Бюджеттік шығындардың көбеюі салық түсімдерімен сәйкес келмейді, сондықтан бюджеттің тапшылығы үздіксіз өсіп, оның көлемі ұлғаяды. Бюджеттің тапшылығы барлық мемлекеттерде оның абсолютті мөлшері бойынша да және ЖҰӨ-ге қатынасынан да анық көрінеді. Соңғы көрсеткіші өнеркәсібі дамыған мемлекеттер мысалынан қарасақ, онда 1970-1985 жылдар арасында былай өскен, % есебімен.

АҚШ 1970ж  1985ж

Жапония  0,3 4,1

ФРГ 0,9 3,1

Италия  0,1 2,7

Мемлекеттік бюджеттердің тұрақты тапшылығының негізінде көптеген себептер жатыр, оның қатарына жоғарыда көрсетілген құрылымдық факторларды да жатқызуға болады. Ол мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметінің ұлғаюы және осы мақсатқа шығынының көбеюіне байланысты. Артық өндірудің циклдық дағдарыстары кезінде бюджетке түсетін салықтар азаяды. Ал, мемлекет болса әлеуметтік мұқтаждықтарға шығындарды көбейтуге тиіс (жұмыссыздарға көмек және т.б.) Сонымен қатар экономиканың белгілі секторларын қолдауға жалпы мемлекеттік қаржылардың терең сәйкессіздігінің салдары. Сонымен қатар олар ақша айналысының айтарлықтай берекетсіздігімен де байланысты. Бюджеттік тапшылықтарды реттеу қазіргі мемлекеттің экономика саласындағы ең күрделі проблемасына айналды.

Бюджет талшығы: Турасын айтсақ, бюджет тапшылығы инфляцияның да, жоғары проценттік ставканың да заңды «Әкесі». Үкіметінің несиеге деген сұранысы қосымша ақша басып шығаруға да проценттік ставкаларды жоғарлатуға да мәжбүр етеді. Бюджет талшығы экономикадан жекеменшік секторды ығыстырады, сөйтіп оның құлдырауын одан әрі жалғастырады. Бюджет тапшылығын мойындайтын және қолдайтын үкімет қандай бір дәлелдері болмасын экономикалық өсуге қарсы үкімет.