Ғұмырлық рента шартының мазмұны

Бұл шарт құқықтық реттеуіне назар аударсақ, оған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 28 тарауы 1 тармақшасында көрсетілген барлық жалпы ережелері қолданылатындығын айта аламыз. Біз қарағанда тұрақты рента шарты және ғұмырлық рента шарты ұқсас болады. Жақынырақ қарастырғанда олар элементтерінің әртүрлі ерекшеліктері бар екенің анықталады. Олардың сыртқы ұқсатығы жалпы мәні бар нормалар әсерінің салдары болып келеді. Ғұмырлық рента алушылар егер шарт өзгерше көзделмесе бірдей тең құқылы болады. Ғұмырлық рентаны алушылардың біреуі қайтыс болса, онда оның рентаны алу құқығындағы, шартпен өзгешелік қарастырылмаса, артында тірі қалған рента алушыларына өтеді. Рента алушылардың сонғы қайтыс болғанда рентаны төлеуге қатысты міндеттеме толығынан тоқтатылады. Шартты жасасу сәтінде қайтыс болған азамат пайдасына рентаны орнататын шарт жарамсыз болып келеді. Осы себептен ғүмырлық рента міндеттемесі олардың орындалуы жеке несие беруші үшін арналған міндеттемелерге жатады.

Жоғарыда көрсетілген құқықтық мирасқорлықты қоспағанда әмбебап мирасқорлық болсын, талап етуді беру тәртібіндегі мирасқорлық болсын рента алушы тарабы үшін мүмкін.

Рента төлеушілері болып қандай да болсын тұлғалар келе алады. Олар үшін міндеттеменің жеке мінезі болмайды.Әмбебап немесе сингулярлық мирасқорлық тәртібінде рентаны төлеу бойынша міндет қандай да болсын жеке және заңды түлғаларға ауыса алады.

Ғұмырлық рента шартының пәні болып әр бір қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер жатды. Екінші қүрама бүл ренталық төлемдер пәні қатысты ғұмырлық рента шартының тұрақты рента шартына қарағанда тағы да бір елеулі айырмашылығы бар. Ол бойынша рента натуралды нысанда төленуі мүмкін емес, ол тек ақшалай төленеді. Ғүмырлық рента шартта қарастырылатын, рента алушысына оның өмірі бойы мерзімді төленіп тұратын ақшалай сома ретінде анықталады. ғұмырлық рентаның мөлшері шарттың міндетті жағдайлрына жатады. Ол Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша бекітілген ең темен жалақының мөлшерінен кем болмауы керек, бұл міндетті талап Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодекстің 531 бабы 2 тармағымен бекітілген.

Рентаның мақсатты пайдалануы тікелей заңмен қарастырылмаған. Бірақ, егер біз Қазақстан Республика­сының Азаматтық кодекстің 532 бабымен қарастырылған ғұмырлық рентаны төлеудің мерзімдерін басшылыққа алатын болсақ, біз заңнама ғұмырлық рента жеке тұтынуға арналғанын қарастыратынын түсіне аламыз. Тұрақты рентадан айырмашылығы ғұмырлық рента ай сайынғы төлемдер түрінде әрбір кезекті ай аяқталған соң төленіп тұрады. Шартпен ғұмырлық рентаны төлеудің өзге мерзімдері қарастырылуы мүмкін. Ғұмырлық рентаны жеке тұтынуы болжанылатын болғасын,оларға азаматты асырауға арналған сомаларды индекстеу туралы ережені таратуға болар еді.

Рента төлеуші рента төлемдерін уақтылы мерзімде төлеуге міндетті. Шарт көрсетілгендей тұрақты рента рента шартынан ерекше айырмашылығы рента алушылар өмір бойына төлейді.

Рента алушы рента төлеуші рента төлемдерін жасаудын шартта көзделген жағдайларын бұзса рентаны сатып алуды талап ете алады. Ғұмырлық рентаны сатып алу тәртібі тұрақты рентаның сатып алумен бірдей болып келеді. Заңның бір кемістігі, онда ғұмырлық рента шартын елеулі бұзу не болып келетіні анықталмаған. жоғарыда қарастырылған және тұрақты рента алушысына оны сатып алуды талап ету құқығын беретін жағдайлары жатқызу керек. Бірақ ғұмырлық рента ерекшелігін ескерсек, онда рента алушыға рента сатып алынуын талап ету құқығын беретін, рентаны төлемеу мерзімі, тұрақты рента шартына қарағанда едәуір қысқа болу керек екенін айта алмыз.

Егер ғұмырлық рента төлеу үшін мүлік тегін берілсе, ол мүлік қозғалатын қозғалмайтын болғанына байланыссыз рента алушы рентаны төлеуші шартты бұзса мүлік қайтарылуын талап ете алады. Мүліктің құны рентаны сатып алу елеулі құнына есепке жатқызылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 533 бабы 2 тармағының бұл нормасы ғұмырлық рентаны алушының жағдайын тұрақты рента алушының жағдайына қарағанда жақсартады. Осымен қатар рентаны төлеуші шартты елеулі бұзған жағдайда рента алушыда өз мүлкіне қатысты ерекше заттық құқықтар пайда болатынын айта аламыз. Рентталық құқықтық қатынастар (шарттар) мазмұнын қарайық. Ол екі мәнде түсіндірілетіні айтқан жөн. Біріншіден, құқықтық қатынастар мазмұнын бұл құқықтық реттелетін қоғамдық қатынас. Сонымен бірге мазмұны деп екі жақтың құқықтары мен міндеттерін (заңды мазмұнды) қарастырады.

В.А. Тархов мынадай мысал келтірген: бір субъект екіншісіне қандай да бір затты сатады және олардың арасында материалды экономикалық қатынас қалыптасады, сатып алушы ақша төлеп қажетті затты алады, баламалы айырбас жүреді. Айырбасқа қатысушылар шарттан қандай құқықтар мен міндеттер шығатынын ойламауға болады. Біз осымен келісе алмаймыз. Ақырында заңдық мазмұн меншік құқығына иемделудің жалпы заңдық мақсатымен анықталады. Шартқа қатысушылардың түсінігі меншікті иемденудің экономикалық мақсатымен ғана шектеледі деп болжау артық болар еді, мұндайға қазіргі өмірдің өзі де мүмкіндік бермейді. Теориялық тұрғыда болса, онда сатып алу-сату шартының экономикалық және заңдық мазмұндарын ажыратуға талпынуы мүмкін. Біріншісі-заңдық мазмұн, ол құқықтар мөн міндеттердің жеткілікті үлкен жиынтық элементтерінен құралады. Кейбір құқықтар шарт негізін қалайды, ал өзгелері қосымша мәнге ие бола алады. Құқықтық қатынастар мазмұнын оның қатысушыларының жүріс-тұрысын құрайды дегенді толығымен дұрыс деп табуға болмайды. Аталған жағдайда құқықтық қатынас пен оның мазмұнын құрайтын қоғамдық қаныстар түсінігін араластырып алу орын алады. Нысан (құқықтық қатынас) өзінің мазмұнына тараптардың құқықтары мен міндеттерінен, ал мазмұн өз қатысушыларының әрекеттерінен, олардың қызметтерінен қалыптасатын өз мазмұнын иемденеді.

Дегенмен, сатып алу-сату шарттарында экономикалық мазмұнмен жанама байланысты иемденетін қатысушылардың айырықша заңды жүріс-тұрысты (әрекеттері) барлығын мойындамасқа болмайды. Бұлардың қатарына оферта мен акцепті, келіспеушілікті реттеуді, жедел шараларды қолдануды және басқа да әрекеттерді жатқызуға болады.

Азаматтық кодекстің ережелері бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері реттелінеді. Егер заттық кемшілігін алдын-ала ескертпеген жағдайда, сатып алушы мынадай талап қоюға құқылы:

  1. Сатып алу бағасын тиісті мөлшерде кеміту
    туралы;
  2. Қисынды мерзімде тауардың кемшіліктерін тегін
    жою жөнінде;
  3. Тауар кемшіліктерін жоюға жұмсалған өз шығындарын өтеу туралы;
  4. Тиісті сапасы жоқ тауарды шартқа сәйкес келетін
    тауармен салыстыруы туралы;
  5. Шартты орындаудан бас тартуға және тауар үшін төленген ақша сомасын қайтару туралы талап қоя алады.

Сатып алушының оған жиынтықталмаған тауар берілген реттегі құқықтары Азаматтық кодекстің 433-бабымен қарастырылған. Олар сатып алушының тауар сапасыз болып шыққан жағдайдағы құқықтарына ұқсас. Негізінен, сатып алушыға шарттың бұзылуына қатысты әрбір жағдайда белгілі құқықтар беріледі. Солардың араларында тауар жөніндегі қандай да болсын өзге талаптарды бұзу болып келеді. Сатып алушы тауардың саны жетіспейтініне, оның түр-түрі бұзылғанына байланысты және басқа жағдайларда белгілі құқықтарын жүзеге асыра алады.

Көбінесе сатып алушының көрсетілгендей құқықтарының жүзеге асыру белгілі бір бөлігінде азаматтық — құқықтық жауапкершілікті жүзеге асыру болып келеді. Міндеттемөні орындамау немесе тиісті орындамау үшін туындайтын жауапкершілікті біз кешірек қосымша талдаймыз.

Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және басқа да бірқатар мемлекеттердің азаматтық құқығында тәуекелшілдіктің шарт тараптары араларында бөлінуі Рим құқығында көрсетілген ережеден ауытқу болып табылады. Онда тауардың ақысы төленіп зат берілгеннен кейін меншік құқығы ауысады деп есептелінетін. Шарт толық аяқталғанда, яғни тауардың атауы, бағасы жәнө сапасы сөзсіз анықталғанда өзге тарапқа көшеді.

Қазастан Республикасының Азаматтық кодексінің 411-бабына сәйкес егер сатып алу-сату шартымен өзгешелік қарастырылмаса, онда сатып алушыға тауардың көздейсоқ жойылуының, бүлінуінің тәуекелі сатушы заң актілеріне, шартқа сәйкес өзінің тауарды сатып алушыға беру міндетін атқаратын болып есептелінетін сәттен өтеді.

Азаматтық кодекстің 410-бабы сатушының затты беру бойынша міндетін орындауының сәтін анықтау тәртібін бекітеді. Жалпылама олар меншік иесі тәуекелінің ауысуын анықтайтын тәртіптерге сәйкес болып келеді. Мүліктің кездей соқ жойылуының немесе бүлінуінің қауіп мүлікті шарт бойынша иеленушіге оған меншік құқығының ауысуымен бірге ауысады. Осыған байланысты 410-бап Азаматтық кодекстің 238-бабы 1-тармағын толықтыру болып келеді.

Шартта өзгеше қарастырылмаса сатушының тауарды сатып алушыға беру міндеті мынадай әрекеттер жасалса орындалады деп саналады:

  1. Шартпен сатушының тауарды жеткізу міндеті
    қарастырса, тауар сатып алушыға немесе ол көрсеткен тұлғаға табыс етілген соң;
  2. Егер тауар сатып алушыға немесе көрсетілген тұлғаға тауар орналасқан жерде берілуі керек болса, онда тауар сол жерде сатып алушының қарамағына берілгесін.
  3. Тауар сатып алушының қарамағына берілуі үшін ол тиісті жерде берілу үшін дайындалу керек және сатып алушыға тауар шартқа сәйкес берілуге дайын екені туралы хабарлануы керек. Тауар шарт мақсатында анықталуы үшін оған белгі соғылып, белек қоймада орналастырылып және өзге тәсілдермен оқшауланбаса тауар беруге дайын болып есептелмейді.

Сатушының аталғандай міндеттері болмаса, шартпен өзгешелік қарастырылмаса оның міндетті тауар сатып алушыға жеткізілу үшін тасымалдаушыға немесе байланыс ұйымына тапсырылғасын орындалған болып есептеледі.

Шартты жасасқан кезде сатушы тауардың жойылғаны немесе бүлінгені туралы білсе немесе білуге тиіс болса және осы туралы сатып алушыға хабарламаса, онда тәуекелдің сатып алушыға тауар бірінші тасымалдаушыға тапсырылған сәттен бастап ауысуы туралы жағдай жарамсыз деп танылуы мүмкін. Жарамсыздықты сот сатып алушының арызы бойынша таниды.

Айтылғандай сатушы өзінің немқұрайлығы үшін де жауапты болады. Мысалы, тауарды сатып алушыға жөнелту алдында сатушының қоймасында ұзақ мерзім бойынша тауардың сақтығын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар болмады. Сондықтан жөнелтілген тауар жарамсыз болып келетіні болжау негізді еді, бірақ сатушы зиянды салдарды жою үшін өзіне байланысты шараларды қолданбады.

Кейбір жағдайларда шарт тараптары араларында тәуекел үлесінің бастапқы ережелерінен ауытқу орын алуы мүмкін. Бүл шартта мүліктің кездейсоқ жойылуының немесе бүлінуінің қауіп сатып алушы тарапына оған меншік құқығы өткенге дейін өтетіні қарастырылса орын алады. Өз кезегінде бұндай шешім шарттың тараптары бір біріне қатысты тең болып келгенде орынды сатушыда және сатып алушыда бірдей кәсіпкерлер немесе кәсіпкркерлер емес т.б. тараптар меншік құқығы сатып алушыға тауар оған берілгенге дейін көшетінін қарастыра алады және бұл да оған тауардың кездейсоқ бүлінуінің немесе жойылуының қауіп ауысуының сәтіне эсер етеді.

Сатып алушыға артықшылық беретін тәуекелдің ауысуы туралы шарт жағдайлары болуы мүмкін. Айтатын болсақ, тауар сатып алушыға темір жол көлігімен тиеліп жіберіледі дейік, бірақ шартта тәуекелдің сатып алушыға ауысуы оның тауарды іс жүзінде алу сәтімен белгіленген.

Сатылатын тауарлар олар ретінде нотариат куәландырудың немесе мемлекеттік тіркеуді талап ететін шарттарды рәсімдеуді талап етсе, тауарға меншік құқығы пайда болуы шартты нотариат куәландыруымен немесе мемлекеттік тіркеумен анықталады. осымен бірге сатып алушыға тәуекелде ауысады.

Рента төлеушісі үшін мүліктің кездейсоқ жойылу немесе бүлінуіне қатысты қатаңырақ талаптар бекітілген. Мүлік тегін немесе ақыға берілгеніне қарамастан, мүліктің кездейсоқ жойылуының, бүлінуінің қауіп толығынан рента төлеуші мойнында болып келеді және ол тек борыш рента алушымен кешірілетініне ғана үміттенуі мүмкін.

Әрине, неше түрлі даулы жағдайларда бола алады. Мысалы, рента төлеушісі рента алушының кінәсі барлығын болжауы мүмкін зат берілген кезде оның кемістіктері болады, немесе оны пайдалану тәртібі ескертілмеді. Рента алушының кінәсі болып түрса тараптардың құқықтары мен міндеттері өзгереді. Тәуекел салдарынан рента төлеушісі бір бөлігінде босатылуы керек.