АҚ-ның аудиттің жүргізілу маңыздылығы

Негізгі құралдар аудитінде колданылатын ақпарат көздері кәсіпорын қабылдаған есеп саясатына тәуелді болады.Бұл есеп формасын таңдауда көрінеді: журнал-ордерлі, мемориалды – ордерлі,қарапайымды, сонымен қатар қолданыстағы регистрлер тізімінде, олардың құрылуында, кезектілігінде және оларда жазу жүргізу тәсілінде. Бірақ есептің кез- келген формасында негізгі құралдар бойынша операциялар алғашқы есептік құжаттаудың бірыңғайлы ведомісті аралық формалары мен толтырылуы тиіс екендігін есте сақтау керек:

НҚ-1 формасы – негізгі құралдарды қабылдау — жіберу актіісі;

НҚ-3 формасы – жөнделген, қайта құрылған және жетілдірілген объектілердің қабылдау – тапсыру актісі;

НҚ-4 формасы – негізгі құралдарды жою актісі;

НҚ-4а формасы – автокөлік құралдарын жою актісі;

НҚ-6 формасы — негізгі құралдар есебінің

НҚ-14 формасы – қондырғыларды қабылдау туралы акті;

НҚ-15 формасы — қондырғыларды монтажға қабылдау – жіберу актісі;

НҚ – 16 формасы қондырғылардың анықталған кемістігі туралы акті.

Негізгі құралдар қозғалысы мен олардың тозуның синтетикалық есебі №13,10 және 10/1 журнал – ордерлерде жүргізіледі, ал компьютерлік ақпараттық технологияларды қолданған кезде 01, 02 шоттары бойынша дебеттік және кредиттік айналымдар машинаграммосында жүргізіледі.

Негізгі құралдар есебінің аудитінің негізгі бағыттары келесілерді қамтамасыз ету керек:

  • Негізгі құралдардың тұтастығы мен бар болуын бақылау;
  • Жабдықтардың негізгі құралдарға жатқызылу дұрыстығы;
  • Негізгі құралдардың есепте бағалану дұрыстығы;
  • Негізгі құралдардың түсуі мен шығуы бойынша операциялардың есепте көрінуі мен толтырылуы дұрыстығы;
  • Негізгі құралдардың тозуы мен жөнделуінің есепте көрінуі мен есептелу дұрыстығы;
  • Бухгалтерлік есеп пен есеп беруде негізгі құралдардың бар болуы мен қозғалысы туралы мәліметтердің көріну дұрыстығы.