Қаржылық есеп беруді жасау және ұсыну

Қаржылық есеп беруді жасамас бұрын оның деректерінің шынайылығын қамтамасыз ету үшін “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы” Заңға , 24 “Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру” бухгалтерлік есептің стандартына сәйкес субъект мүлікті және міндеттемелерді түгендеуге міндетті .

Есептік кезкңдегі түгендеу санын , оның жүргізілетін күнін , оның әрбіреуін тексеретін мүлік тізбесін субъект белгілейді . Субъект түгендеуді жүргізу міндетті мына жағдайларда қалып қалады :

– жылдық бухгалтерлік есеп беруді жасау алдында , алайда есептік жылдың қараша айынан бұрын бастамауы керек ;

– субъект мүлікті жалға , сатуға , сатып алуға , сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектінің қайта құрылуына тапсырғанда ;

– материалды – жауапты тұлға ауысқанда (істі қабылдау – тапсыру күні);

– талан – тараж және қаскүнемдік фактілерін белгілегенде сондай – ақ құндылықтар бүлдірілгенде – мұндай фактілерде дереу түгендеу ;

– төтенше жағдайдан болатын өрт немесе стихиялық (дүлей) апат кезінде, бұл апаттар басылғаннан кейін түгендеуді дереу қолға алу ;

– тарату (бөліністік) балансы жасалмастан бұрын субъектіні таратуда (қайта ұйымдастыруда) ;

– негізгі құралдарды және тауарлы – материалдық қорларын қайта бағалауда – субъектінің есептік саясатымен белгіленген мерзімде және Қазақстан Республикасы заңында қарастырылған басқа жағдайлар .

Аяқталмаған құрылыстарды түгендеу барысында оның бар – жоқтығын және заттай көлемі тексеріледі , сонымен бірге оның құрамына құрал – сайман , құрастырылмай есептен шығарылған монтаж кіретінін немесе кірмейтінін анықтау ; құрылыс – монтаж жұмыстарының құрамында – жоспарсыз жұмыстың бар – жоғы анықталуы керек ; тоқтатылған және уақытша тоқтатылған құрылыс объектілерінің жағдайын анықтайды .

Аяқталмаған күрделі жөндеулерді түгендеу нақты өндірістің заттай жұмысын , оның көлемін және құнын белгілеуді білдіреді .

Кассадағы ақша қаражатын кассадағы қолда бар ақшаны белгілеу жолымен және қатаң есеп берумен банктерді полистік ( сақтандыру куәлігі ) қайта есептеумен түгендейді .Түгендеу нәтижесін жеке “Қолда бар ақшаны түгендеу актісімен” рәсімдейді

Кассадан түгендеу шаруашылық жүргізуші субъектінің басшылығымен әзірленген және бекітілген кассалық операцияларды жүргізу Ережесіне сәйкес жүзеге асырылады . Кассаны түгендеу , қатаң есеп барумен құжаттар және бланкілерді (әуе – және теміржол билеттері , жанар – жағай май ( бензин ) талондарын және т.б. ) түгендеу әдетте бас бухгалтер мен кассирдің қатысуымен кенеттен болады . Түгендеу кезінде қолда бар ақша полистік қайта есептеліп , кассада сақтаулы басқа да құндылықтар тексеріледі . Түгендеу басталғанша ( бірнеше касса ) оларға сүргі салынады , яғни мөрленеді . Кассир түгендеу сәтінде кассалық есеп беруді жасау керек және кассалық кітапша бойынша ақша қаражатының қалдығын шығаруы керек . Кассирден барлық кіріс және шығыс құжаттары есеп беруге кірді және кассада кірістелінбеген , есептен шығарылмаған сомма қалған жоқ , деген қолхат алынады . Ақша қайта есептелінгеннен кейін кассадағы ақша қаражатын түгендеу актісі жасалады . Түгендеу нәтижесі кассалық кітапша бойынша бухгалтерлік есеп деректерімен салыстырылады . Актіге анықталған жолсыздықтар туралы кассирдің түсініктемесі және түгендеу нәтижесі бойынша ары қарай шешім туралы субъект басшысының қарары жазылады .

Түгендеу барысында мыналарды тексеру аса қажет : кассирмен толық материалдық жауапкершілік туралы келісімшарт бекітілді ме , касса талапқа сай жарақталған ба , сейф кілттерінің дубликат ( көшірме нұсқасы ) қайда сақталады .

Мысалы. Кассаны түгендеу  барысында 150 тенге артық шықты . Мұндай жағдайда кассалық кіріс ордері жазылып , мына жазулар бойынша ресімделетін субъект қызметінің нәтижесіне кірістеледі ( жатқызылады ) :

451” Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма – қол ақшалар” шот дебеті

727 “Негізгі емес қызметтен алынған басқадай табыс” шот кредиті 150 теңге

Егер кассаны түгендеу кезінде 5 000 тенге кем шықса , мұндай жағдайда :

– анықталған кем сомаға кассалық шығыс ордері жазылады :

334 “Бүлінген құндылық шығыны , кем шығу” шот дебеті

451 “Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма – қол ақшалар”

шот кредиті 5 000 теңге

– кассирдің мойнына ақшы салу ;

333 “Материалдық зиянның орнын толтыру бойынша есеп айырысу” шот дебеті

334 “Бүлінген құндылық шығыны , кем шығу” шот кредиті 5 000 теңге

– кассирмен кем шығуды жабу ( кассалық кіріс ордері жазылады ) :

451 “Кассалық ұлттық валюта түріндегі қолма – қол ақшалар” шот дебеті

333 “Материалдық зиянның орнын толтыру бойынша есеп айырысу” шот кредиті 5 000 теңге .

Тексеруге жататындар :

– есеп беруші тұлғалармен есеп айрысу – Қазақстан Республикасы заңында белгіленген іс сапар және өкілдік шығындардың орнын толтыру нормасына , субъектінің кассалық операцияларды жүргізу Ережесіне сәйкес шаруашылық , өкілдік және іссапар шығындарына арналған ақшалай қаражатты беру негіздемесінің дұрыстығын тексереді .Ақшалай қаражатты беру және шығын кәсіпорындардағы 24 “ Шығын кәсіпкерлік субъектілердің есебі және есеп беруі” Стандартына сәйкес тексеріледі ;

– кредиттерді алу және өтеу бойынша ба айырысу нкпен есеп– тексеру барысында ағымдық , корреспонденттік немесе жинақ шоттары мен оларға тіркелген қосымша ақтау құжаттарына қатысты банк жазулары салыстырылады .Ақшалай кредит сомасының есептелу мерзіміне және процент төлеміне ( кредиттік келісімшартпен анықталады) сәйкес көрсетіледі;

– сатып алушылар және тапсырыс берушілермен , жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу – субъект таңдаған есептік саясатқа сәйкес тексереді . Мынаны есте ұстау керек : талап қою мерзімі 3 жылды құрайды ( Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 178 – бабы , Салық кодексінің 219 – бабы , 1 – тармағы , 1 – тармақшасы ) . Талап қою мерзімі келісімшарт негізінде қарызды кешіктіру ( қарызды төлеу мерзімін өткізіп алу ) сәтінен басталады . Талап қою мерзімі біткен (өтіп кеткен ) дебиторлық берешек субъект басшысының шешімі бойынша резерв есебінен есептен шығарылады (БЕС 5 “Табыс” және оған әдістемелік ұсыныс

болып табылатын “Күмәнді қарыздар бойынша пайда болған резерв” ) немесе резерв құрлмаған болса , онда шаруашылық қызметінің нәтижесіне жатқызылып , салық салғанда түзетуге кіреді ( Салық көдексінің 219 – бабы);

–  еңбекақы бойынша субъектінің қызметкерге берешегі – комиссия істелінген және істелінбеген уақыт үшін есептелген соманы білдіреді ( Салық кодексінің 149 – бабы , 2 – тармағы)

– есептеудің дұрыстығы , мөлшерлеме көлемі және салық төлеу мерзімдері жинақтаушы зейнетақы үшін ұсталымдар , сондай -ақ бұлардың бухгалтерлік есеп шоттарында көрініс табуы ;

– алдағы кезең шығындары  – құжат бойынша шотта көрініс табатын сома , сонымен бірге шығынға жатқызылатын сома белгіленеді ;

– жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу – жолдағы тауарлар сомасының бір бөлігі және фактурасы жоқ жеткізілім бойынша .

Инвестицияны түгендеу құнды қағаздарға жұмсалған шығынды растайтын құжаттар , олардың дұрыс ресімделуі , құнды қағаз балансында ескерілген құнның нақтылығы ,уақтылығы және қағаз бойынша алынған табыстардың  бухгалтерлік есепте толық көрініс табуы тексеріледі .

Материалдық емес активтерді түгендеу олардың есепте дұрыс әрі уақтылы көрініс табуы , субъектінің оны пайдалану құқын растайтын ( патент , лицензия , тауарлық таңба және т.б.) құжаттардың қолда бар болуы тексеріледі .

Материалдық емес активтерді қабылдау – тапсыру Актілерінің қолда бар болуы және уақтылы жасалынуы , олардың бастапқы құны , амортизациялық аударымның анықталуы мен есептелуі және басқа да аса қажетті деректер көрсетіледі .

Қаржылық есеп беру – субъектілердің пайдалануына ұсынылатын қаржылық ақпараттардың сипаты және көлемі.Экономикалық шешім қабылдау барысында олар субъектілердің қаржылық есептеріне сүйенеді .

Қаржылық ақпараттарды пайдаланушылардың 2 негізгі топтары :

  1. Ішкі
  2. Сыртқы

Сыртқы пайдаланушылар 2 факторға бөлінеді :

  1. Субъект қызметіне тікелей қаржылық мүдесі бар .
  2. Субъект қызметіне жанама қаржылық мүдесі бар .

Тікелей қаржылық мүдесі бар пайдаланушылардың категориясына жататындар :

  1. Қазіргі және болуы ықтимал инвесторлар .
  2. Қазіргі және болуы ықтимал кредиторлар.
  3. Сатып алушылар .

Жанама қаржылық мүдесі бар пайдаланушылар категориясына жататындар :

  1. Салық органдары
  2. Реттеуші органдар
  3. Статистикалық органдар
  4. Аудиторлар , кеңесшілер , тұтынушылар тобы және т.б. .