Қаржылық – шаруашылық қызметінің есебін беру

Қаржы шаруашлық қызметтің нәтижелері туралы есеп беру Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік еептің №3 стандартында ашылып көрсетіледі .Бұл стандарт бағалау әдісі, есеп саясаты өзгерген кезде және елеулі қателіктер анықталғанда және түзетілгенде қаржы – шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп беру мен олардың қаржы есептемелеріндегі баптардың сыныптамасын белгілейді

-негізгі қызметтен ( өнімдерді , жұмыстарды , қызметтерді сатудан ) алынған табыс ;

– сатылған өнімнің , жұмыстың , қызметтің өзіндік құны ;

-жалпы кіріс ;

-кезең шығындары . Оған енетіндер : жалпы және әкімшілік шығындары, проценттерді төлеу шығындары , сату жөніндегі шығындар;

-негізгі қызметтен алынған кіріс немесе зиян ;

-салық салуға дейінгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс немесе зиян ;

– табыс салығы ;

– салық салудан кейінгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс немесе зиян – төтенше жағдайлардан алынған кіріс немесе зиян ;

– таза кіріс немесе зиян (№1 – кесте ).

Қаржы – шаруашылық қызметтің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы нәтижелері туралы есеп беру ( №1 – кесте).

Баптардың атауы Сомасы
Кірістер  
Таза сату 14000000
Процент түріндегі кіріс 500000
Кірістердің жиыны 14500000
Шығындар мен шығыстар :  
Сатудың өзіндік құны 9000000
Тауарларды жеткізу жөніндегі көлік шығыстары 250000
Ескірген ТМҚ бойынша шығындар 500000
Өндірістік үстеме шығындар 250000
Сатудың өзіндік құнының жиыны 10000000
Жалпы кіріс 4500000
Сату жөніндегі шығындар 1000000
Жалпы және әкімшілік шығындар 500000
Процент төлеу шығындары 500000
Өзге шығындар 0
Шығындардың жиыны 2000000
Табыс салығына дейінгі және төтенше баптардың кірісі 2500000
Табыс салығы бойынша шығындар 750000
Төтенше табыс немесе зиян 0
Таза кіріс 1750000

Осы баптардың барлығның сомасының өзгерісі түсіндірме жазбада ашылып көрсетілуі тиіс .

Стандарт төтенше жағдай деп аталып жүргендерге түсінік береді . Бұл кәсіпорынның әдеттегі қызметінен ерекшеленетін оқиға немесе операция .

Яғни олар жиі қайталанбайды немесе тұрақты болып отырмайды.Төтенше жағдайда кірістің немесе зиянның мәні мен сомасын түсіндірме жазуларды бөлек ашып көрсету керек .

Стандарт сондай – ақ тоқтатылған операцияға анықтама береді . Бұны тоқтатылған операциялар бойынша кәсіпорын филиалының сатылуымен немесе таратылуымен түсіндіруге болады .

Түсіндірме жазуда мыналар ашылуға тиіс : тоқтатылған операцияның мәні, тоқтатылған операцияның сомасы мен географиялық ауданы, операцияның нақты тоқтатылған күні, операцияны тоқтатудың әдісі (сату немесе тарату және олардың себебі ), тоқтатылған операциядан алынған кіріс немесе зиян , өнімдерді сатудан немесе есепті кезеңдегі кәсіпорнның әдеттегі қызметінен алнған кіріс немесе зиян .

Стандарт бақылауды өзгертудің әдістерін және олардың кіріске немесе зиянға әсерін қарастырады .Есептік бағалаудағы өзгерістердің нәтижесі таза кірісті немесе зиянд анқтаған кезде мыналарға қосылады :

* есепті кезеңге , егер өзгеріс осы кезеңге ғана әсер етсе ;

* өзгеріс болған есепті кезеңге және келесі есепті кезеңге , егер өзгеріс оларға да әсер етсе .

Кірістер мен зиянға әсер ететін есептік бағалаудағы өзгерістердің мәні мен көлемі де түсіндірме жазуларда көрсетілуге тиіс .Сонымен қоса стандартта елеулі қателіктер мен олардың шаруашылық қызметіне әсері қарастыпылады . Елеулі қателік дегеніміз есепті кезеңде анықталған , маңыздылығы соншалық , тіпті бұрыңғы жылдардың қаржылық есептемелері жарамсыз деп санауға әкеп соқтыратын бұрынғы жылдардың қателіктері .