Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар және оны тапсырудың мерзімі

Шаруашылық субъектілері тоқсандқ және жылдық қаржылық есептемені құрылтай құжаттарына сәйкес меншік иелеріне , мемлекеттік салық инспекциясына , мемлекеттік басқарудың басқа органдарына , несие беруші

банктерге және басқа шаруашылық субъектілерімен келісімдердің негізінде басқа да мүдделі ұйымдарға тапсырады. Шаруашылық субъектілері тоқсандық есептемені тоқсан аяқталғаннан кейін 30 күн ішінде , ал жылдық қаржы есептемесін жыл аяқталғаннан кейін 90 күннің ішінде тапсыруға міндетті.

Бюджеттік мекемелер айлық , тоқсандық және жылдық қаржылық есептемені жоғары тұрған ұйымдарға олар белгілеген мерзімдерде тапсырады.

Қаржылық есептемені пайдаланушылар қатарына нақты қазіргі және әлеуетті инвесторлар , кредиторлар , жеткізушілер , қызметкерлер , сондай – ақ министрліктер , ведомстволар және жұртшылық жатады .

Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің жылдық қаржылық есебі мүдделі пайдаланушылар, сатып алушылар, жеткізушілер, инвесторлар, биржалар, банктер және басқалар үшін ашық баспасөзде жарияланады .

Есепті жыл аяқталғаннан кейін ашық түрдегі акционерлік қоғамдар , банктер , сақтандыру компаниялары жылдық қаржылық есептемені газеттерде , журналдарда және жекелеген кітапшаларда жариялауға міндетті . Жарияланатын қаржылық есептеме міндетті аудиторлық тексеріске түсіп , оның дұрыстығын тәуелсіз аудитор растауы тиіс .

Қаржылық есеп беру мен бухгалтерлік есепке аудиторлық тексерулер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда , сондай – ақ Әкімшіліктің немесе шаруашылық етуші объектінің құрылтайшларының төрттен бірінің басиамасы бойынша жүргізіледі .