Қазақтардың Е.И. Пугачев көтерілісіне үн қосуы, Нұралы хан тұсында Кіші жүздегі қайшылықтардың шиелене түсуі

Қазақ даласының батысыңдағы, солтүстігіндегі және солтүстік-шығысын-дағы кең-байтақ кеңістікте патша өкіметі бекініс шептерін құрды, олар әскери база ғана емес, сонымен қатар патшалық Ресейдің отаршылдық мақсаттарын жүзеге асыруындағы тірегі де болды. Қазақ даласы жағына қарай кеңейе отырып, орнығып алған қазақ әскерлері шептері қазақтардың көшіп жүретін аудандарын шектеді. Сондықтан өздерінің ежелгі жерлерінен ығыстырып шығарылып, қуылған қазақтар Жайық пен Ертістің оң жағасына өз бетімен өтуге мәжбүр болды.

XVIII ғасырдың 30-40-жылдарында Верхнеяицкіден Звериноголов бекінісіне дейін созылып жатқан Үй бекініс шебі салынды. Оның жалпы ұзындығы 770 шақырым болатын. Наксол жылдары ұзындығы 930 шақырым болатын Ертіс шебі салынды. 1752—55 жылдарда жаңа Есіл шебі салынды, оның ұзындығы — 662 шакырымға жетті. Олар қазақтардың кешіп жүретін қоныстарын шектеп тастады.

1742, 1755, 1756, 1765 жылдардағы толып жатқан заң актілері бойынша қазақтардың Жайық пен Еділ арасындағы, Есілдің, Тобылдың жоғарғы ағыстарындағы жерлерге, Каспий теңізінің солтүстік жағалауы бойына көшіп баруына тыйым салынды. Бұл жерлер қазақтарға берілді немесе мемлекеттік қор етіп тіркелді. Бұл қазақ қоғамдарының өздеріне көші-қон өрісін тандауына мүмкіндік бермеді.

Жайықтан өтуге тыйым салуды патшалық өкімет орындары қалмақтармен қақтығыстарға жол бермеу тілегімен түсіндірді. Ал іс жүзінде бұл ақталмады. Жекелеген ықпалды сұлтандар мен билерге рұқсат етілгенімен, қазақтардың бұл жерлерді пайдалануға рұқсат ету туралы әр түрлі өтініштері табысқа жетпеді.

Патша өкіметі сауданың дамуын да өзінің саяси мақсаттарына пайдалануға тырысты. Дәулетті қазақтар мен ірі көпестер приказчиктерінің қызметі шептер маңындағы немесе бекіністердегі айырбаспен шектелмеді. Далаға тереңдей еніп барып, саудагерлер баламасыз сауда жасады. Құжаттардың бірінде баламасызсауда айырбас туралы былай делінген: «жарлықтарда жылқы сатудан алынатын баж қалаларда және сауда-саттық-та сатылатын кезде жинап алынады деп көрсетілгенімен, компанейшиктер уезді аралап жүріп, бейне бір техникалық алымдар деген түрмен шоқынғандармен басқа діндегілер деревняларынан тұрғындар санына қарай он-он бес сомды жымқырып кетеді».

«Әскери» іздеулер» деп аталып кеткен, «барымташы қырғыздарды (қазақтарды)жазалау» сылтауымен жасалған әскери шапқыншылықтар да, шын мәнінде, сол мақсатка қызмет етті. Әр түрлі шапқыншылықтар қазақтарды зор материалдық шығынға ұшыратты және қауымдарды әлсіретті. Ал мұндай әрекеттер патша өкіметінің Қазақстандағы отарлау саясатының алысты көздейтін мақсаттарына сәйкес келді.

Қазақтардың Е. И. Пугачев көтерілісіне үн қосуына қазақ жүздеріндегі ішкі саяси жағдай да себеп болды. Нұралы хан тұсында Кіші жүздегі қайшылықтар шиеленісе түсті. Қатардағы шаруалар мен көптеген ақсакалдар ханның саясатына риза болмады. Нұралы ханның патша әкімшілігінен Жем өзені ауданында өзіне арнап бекініс салуды және өзін күзету үшін қазақ әскерінің отрядын бөлуді сұрағаны кездейсоқ емес.

Орта жүздегі жағдайдың күрделілігі де кем болмады. Осының бәрімен, сондай-ақ патша өкіметінің отаршылдық саясатының қатайтылып, күшейтіле түсуімен қатар қазақ қоғамы ішінде, оның әр түрлі топтарында патша үкіметінің саясатына наразылық пісіп-жетілді. Қатардағы малшы шаруалар-дың отаршылдық саясатқа наразылығы патша үкіметінің белгілі бір жеңілдіктерін пайдаланған қазақ ақсақалдарына, рубасыларына, сұлтандар мен хандарға еселене түскен өшпенділікке ұштасты. Бұл ойды жақтаушылар бейшаралық халге түскен көшпелі қазақтар еді.

1773-74 жылдардағы шаруалар соғысына 1772 жылғы жайық қазақтарының көтерілісі жол ашып берді. Егер бой көрсетулердің себептері ортақ болса, қозғалыстардың ұйымдық негізі мен идеологиясы әр түрлі еді.

1772 жылғы бой көрсету кейінгі окиғалардың негізгі белгілерін ғана айқындады. Көтеріліс басталғанға дейін Нұралы хан өкілінің Пугачев төңірегінді адамдармен кездесуі болды. Алдын ала кездесу кезінде көтеріліс басталғаннан кейін қазақтардың көтерілісшілер жағында қимылдауы туралы сөз етілді. Сондықтан Пугачев Кіші жүз қазақтарының қолдайтынына сенімді болды. «осында көшіп жүрген орда бізге қуанатын болады және ол бізді қарсы алға шығарып салады» деді.

Пугачев пен оның төңірегіндегілер қазақ даласындағы істің жайынан хабардар еді, патша өкіметінің саясатына өрши түскен наразылықты түсінді. Олар мұны өз мүдделеріне пайдаланғысы келді. Пугачевтің отряды Жайық қалашығына аттанар алдында Жоғарғы Богдан бекінісі жанындағы Көшім сайында оған Нұралы ханнан сыйлықтар алып, Забир молда мен қазақ Оразгелді Аманов барды. Осында 1773 жылғы 6 қыркүйекте Е. И. Пугачевтің Кіші» ханы Нұралыға арналған қазақтарға манифесі жазылды. Онда былай делінген: «Мен сендердің бәріңді қалдырмай, адал, алдамай жер, су мен шөп, азық — түлік, жылғалар мен өзендер, тұз бен нан, қорғасын беремін, бастан аяққа дейін киіндіремін». Ол 200 адамнан тұратын жауынгерлік қосын жіберуді сұрады.

Пугачев Жайық қалашығына келіп, өзін III Петрмін деп жариялады. Қазақтар өз патшасына адалдыққа ант берді. Пугачевтің төңірегіне оның сыбайластары мен серіктері: И. Зарубин-Чика, А. Овчинников, А. Витасин В.Меркульев, М. Логинов, Т. Мясников, Г. Бородин, Я. Пономарев, А. Гу нов, М.Шигаев, И. Почиталин, Б. Караваев және басқалар топтасты.

20 қьіркүйекке қарай Нұралы хан адам саны 1000-ға жуық жасағымен Жайық қалашығына келді. Осы жасақпен бірге Пугачевке Нұралы ханнан мына хат жетті: «Сіз жолдаған хабар маған жетті. Мен сіздердің хабарларыңы: білу үшін Жайык қалашағына келдім. Егер сіз бізге бұрын да патша боі ңыз,өз күшім қаншаға жетсе — сезсіз қызмет ететін боламын».22 Казақ ха ның ордасындағылар жаңа патшаның жалған атты жамылушы екенін түс жөне окиғалардың калай өрбитіні өлі белгісіз болатын. Сондықтан хаш жасағы Жайық каласына шабуыл жасамакшы болған жоқ, оның үстіне қ; шыкты коршау да созылып кетті.

Осындай жағдайда Нұралы хан Е. И. Пугачевке ашық көмек көрсету тартынды. Казақ ханы, сұлтандар мен оның төңірегіндегілер көп кешікпей Жайық калашығын тастап кетіп қалды. Кұжатта бұл туралы былай делінген: «Сондықтан қарақшы Досалы сұлтанды жеке өзі керуге, қарақшы оны Ресейдің әскери қолымен жасалған әрекет өзімен, қарақшымен бірге жүруге шақырды, Досалы сұлтан онымен бірге жүрді. Алайда қазақтардың Жайық қалашығына оның, қарақшының шабуылы кезінде екі жақта табысқа жетпеді. Сондықтан қаракшы осы қаладан Досалы сұлтанды өзінен босатып жіберді».

Көп кешікпей сұлтандар мен билер патшаның отаршыл өкімет орындары-на өз қызметін үсынды. Осы аркылы ханның ғана емес, көпшілік сұлтандар-дың да бүкіл кәтеріліс кезеңіндегі мінез-кұлқының бағыты айкындадды. Нұралы ханға келетін болсақ, ол орал әскерінің атаманы М. Бородинге, орал қалашығының коменданты Симоновкажөне Орынбор губернаторы И. А. Рейнсдорфка өз қызметін ұсынды.

1773 жылғы 20 қыркүйекте Пугачев қазақтарға жаңа манифест арнады: «Менің адал қызметшілеріме де, әскерлерге де жариялансын: менен еріктілерге де жөне мені құрметтейтін менің барлық еріксіздеріме де әмірім, сендердің әскерлерің қарсыласпасын, мен солар үшін ренжіп тұрмын, сөйтіп олар мен, ұлы патша ағзам үшін тырысатын болсын. Олардың тындамайтындарын қазір де, алдағы кезде де жазалайтын боламын».

Пугачев Жайық қалашығына тікелей шабуыл жасап ала алмады. Оны қоршау үшін шағын отряд қалдырып, негізгі күштері Орынборға кетті. Жол-жөнекей Чернореченск және Татищево бекіністерін алды. Қазақтарға үндеуінде Пугачев өзін «ұлы патша Петр Федорович» деп атады. Ол помещиктерді жазалауға, дін ұстану бостандығы құқығын қайтаруға, ал қазақтарға, басқаларының бәріне коса, ақшалай айлық төлеуге уәде берді.

Е. И. Пугачевтің қазақтарға алғашқы үндеулері мен манифестері қауымдар мен жүздерде қолдау тапты. Патша өкіметі мен қазақтардың қазақтар жөніндегі әрекеттері дала жақтан шептерге, станицалар мен кордондарға шапқыншылықтар жасауды жандандыра түсті. Құжаттардың дәлелдеуінше, өз еркімен құрылған қазақ жасақтары Жайық қалашығына, Озерная, Сахарная бекіністеріне, Кожехаровский форпосына, Красногорди станциясының бекіністері мен форпостарына жақындады, Жайық өзенінен өтіп адамдарды тұтқынға алды, даланың бір шетіне мал айдап әкетті.

1773 жылғы 5 қазанда Орынборды қоршау басталып, ол бес ай бойы — 1774 жылдың наурызына дейін созылды. Орынборды қоршағанда Пугачев әскерінің құрамында шамамен 500 жайық, 300 елек, 600 орынбор қазақтары, 400 қарғалы және сақмар татарлары, 700 башқұрт, көптеген қалмақтар болды. Барлығы үш мыңдай адам қатысты.

XVIII ғасырдың 80-жылдарында Орынборда «кез келген адамдар, ал көпшілік бөлігі бойынша қызмет ететін әскери және штаттағы шенді» 2866 адам тұратын үйлер болды. Олардың арасында көпестер — 2061 адам. Соның ішінде саудагер татарлар — 1986 адам, «ал оның үстіне орынбор қазақтарына да, оларда ауқатты адамдар көп, сауда жасауға рұқсат етілген және олар сауданы аз жасамайды». Орынбор қазақтары жылына 15 сомнан, жүзбасылар -30 сомнан, жасаулдар — 50 сомнан айлық алып тұрды. Бекіністе дуалдарға 55 зеңбірек орналастырылған еді, ал қаланың өзінде дала зеңбіректері көп болатын. 6 қазанда Орынборды тікелей шабуылмен алуға әрекет жасалды, алайда ол табысқа жеткізбеді.

Пугачевтің 1773 жылғы қазан айының басындағы станицаларды алу және үкімет әскерлерімен қақтығыстар кезіндегі табыстары халықтың көтерілісшілерге тілектестігінің өсуіне себепші болды. Қазақтардың бір бөлігі Жайыққа қарай, Верхнеяицк және Нижнеяицк шептеріне ұмтылды. Қазан қараша айларында Орынбордың оңтүстік жағындағы бекіністерге барымта жасалған көптеген жағдайлар орын алды. Қазақтар Жайықтың арғы бетіне жаппай өтті, бұған 1764 жылы арнаулы жарлықпен тыйым салынған еді. Черный яр маңында қазақ көштері пайда болды. Астрахан губернаторы 1000 дон қазағын шақырды. Нижнеяицк шебіне 300 қазақ шақырылды.

1773 жылғы қарашаның басында құрамында 1467 солдат және 5 зеңбі бар генерал-майор Қардың отряды Қазан жолымен көтерілісші армияға қарсы соғыс қимылдарын жүргізуге аттаңды. Батыстан Самара жолымен 3468 адамнан тұратын полковник Чернышевтің отряды келе жатты. Шығыстан бөлімдерімен бригадир Корф, ал оның артынан генерал-поручик Декалонг Орынборға бет алды.

Оларға қарсы Пугачев атамандар Овчинников пен Зарубин-Чиканың көтерілісші отрядтарын аттандырды. Шайқаста жазалаушылар тас-талқан етілді. Генерал Кар қашып құтылды. Үкімет әскерлерінің 15 зеңбірегі бар, адам саны 2000-дай солдаттан тұратын басқа отряды да соның кебін киді. Сақмар өзенінің жағасында көтерілісшілер үкімет әскерін қршап алудың сәтін түсірді, содан кейін солдаттар мен қазақтар өз командирлерін байлап тастап, бәрі көтерілісшілер жағына өтті.

Алайда көтеріліс басшылары Орынборды алу мен қорғаудың немесе Мәскеуге тез арада жорық жасаудың бірыңғай нақты жоспарын әзірлей алмады. Ал уақытты өткізіп алу оларға зиянды еді. Оқиғалар созыла берді. 1773 жылдың аяғы — 1774 жылдың басында Ресей империясының әр түрлі бөліктерінде бейшаралық халге түскен және езілген әлеуметтік төменгі топтар өздеріне Пугачев пен оның армиясының келуін күтіп отырды. Оралда, Алтайда, Дон және Запорожье қазақтарында осылай болды. Орталық Ресейде де аласапыран кезең орнады.

1774 жылдың наурызында қазақтардың үлкен жасағы Өзен арқылы  даламен жүріп өтіп, Еділ ауданында осында пугачевшілер келген жағдайға арнап, қойылған бекіністерді шапты. Олар тіпті Еділдің оң ағасында да қимыл жасады. Олар жүздеген емес, бір жарым мың адам еді. Еділдің сол жағында да шағынырақ жасақтар қимыл жасады.

1774 жылдың сәуірінде Орынбордың генерал-губернаторы Рейнсдфорд Нұралы және Абылай хандарға, Айшуақ және Досалы сұлтандарға жазған хаттарында Пугачев әскерлері оңтүстік жаққа, қазақ даласына кетіп, ілгерілеген жағдайда шаралар қолдануды және соған дайындалуды сұрады. Келесі айда патшалық өкімет орындары 100 адамнан тұратын пугачевшіл-калмақтар жасағын ұстап беруге өтініш жасады. Мұндай өтініш Абылай хан мен Құлсары батырға жіберілді. Пугачевшіл-қалмақтарды Орыс сұлтан мен оның нөкерлері тұткынға алды. Барлық көтерілісшілер құлдыққа берілді. Патша өкіметі бір халықты екіншісіне қарсы пайдалануға тырысты. Казақ қоғамындағы әлеуметтік тұрақтылықтың бұзылуынан қорыққан қазақ қоғамының әлеуметтік үстем тобы самодержавиеге көмектесуге мүдделі болды.

Көтерілісшілер әскерінің Орал тауы және Еділ бойы аудандарына беттеуіне байланысты Пугачевтің өзі Звериноголов немесе Петропавл бекінісінде екен деген лақап таралды. Орынбор және Сібір әкімшілігіне жағдайдың қауіпті екені, «тым күмәнді» жағдайдағы казақ қоныстарының «жауызбен жақсы тіл табысқаны» және оған көрінеу «ыңғай» көрсеткені айқын болды.

1774 жылдың маусымында Орта жүз қазақтары Звериноголов және Петропавл бекіністерінің арасында орналасқан Алабұға редутын талқандады. Қазақтардың жасағы редут гарнизонын толық құрамында тұтқынға алды.

1774 жылдың тамызында болыс старшыны Дайыр сұлтан 3 мындай қазақтарды жинап, Преснегорьков және Петропавл бекіністерін шабуға ниеттенді. Алайда кейін өз жоспарын өзгертіп, Троицк бекінісіне беттеді. Содан соң Кенжеғали және Жағалбайлы болыстарының старшыны Құдайменді басшылық еткен 50 адамнан тұратын жасақ Кабанья немесе Преснегорьков бекінісіне шабуыл жасады. Редутке жасалған шабуылдарға Құлсары батырдың басшылығымен Саржетім-шақшақ болысының қазақтары, Итек, Алғабай старшындар, Дәуітбай тархан басшылық еткен Қыпшақ және Қарауыл болыстарының қазақтары қатысты. Осындай жағдайларда Абылай мен сұлтандар патшалық өкімет орындарына өздерінің қол астындағы ауылдарды бағыныста ұстай алмай отырғанын мәлімдеді. Бекіністер мен редуттарға шапқыншылық жасау себептерін хан Пугачевтің «араласуынын» әсерімен түсіндірді.

Қазақ жасақтарының Үй шебіне шабуыл жасауы сирек кездеспейтін. 1774 жылдың жазындағы Кіші жүз қазақтарының шабуылдары неғұрлым белсенді болды. Шағын отрядтар Орынбор түбінен, Рассыпная, Татишев бекіністерінін маңынан мал айдап әкетіп, адамдарды колға түсірді. Кояицк форпосы, Шаған хуторлары, Коловертное алқабы шабуылға ұшырады. Сол жылы пугачевшіл көтерілісшілер қазақ жасактарымен бірге патшалық бекіністерге, форпостар мен редуттерге 240 шабуыл жасады. Жекелеген жағдайларда қазақтар орыстардан, тіпті қазақтардан да мылтык, оқ-дәрі, қорғасын сатып алып жүрді. Елек қорғанысына көшіп барған Нұралы хан патшалық өкіметорындарынан өзін корғауды сұрады.

Әрине бұл шапқыншылықтардың бәрін қазақтарға Пугачевтің шақыруларының әсері деп қарастыруға болмайды. Алайда бұл шапқыншылықтардың бір бөлігі шаруалар соғысының ықпалымен жасалды, ал кейбіреулері онымен ұйымдастырылуы жағынан байланысты болды.