ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Ресей І Петр жүргізген реформалар мен өзгерістердің жемісін тата бастауы

XVIII ғасырдың екінші жартысында Ресей I Петр жүргізген реформалар мен өзгерістердің жемісін тата бастады. Соңғы жылдарда I Петр реформаларының орны мен маңыздылығы туралы пікірсайыс өріс алды. Бірақ Ресейдің ішкі өміріндегі бір нәрсе — мемлекеттілік пен оның идеяларының жаңа, неғұрлым жоғары деңгейге көтерілуі айқындала түсті. Өз кезегінде, Ресей мемлекеттігі идеяларының орыс қоғамының барлық топтарына кеңінен ену бұл идеяларды Ресей мемлекетін кеңейту тұжырымдамасы етіп кең көлемде жаңғыртуға жөне оның идеологиясының жақын жатқан Казақстан аймақтарына енуіне әкеп соқтырады. Тарихшылар Ресейдің орталығындағы ірі экономикалық немесе саяси сілкіністің қандайы болсын қоныстандырудың жаңа толкынына әкеп сокқанын атап өтті. Ал халықтын қалың бұкарасын қоныс аудару үшін жаңа үлкен аумақтар, оның үстіне шаруашылық жағынан игерілген аумақтар керек болды. Жер туралы мәселенің Батыс Қазақстан аумағында XVIII ғасырдың екінші жартысында ең басты мәселе болғаны нақ сондықтан. Жоңғар басқыншылы-ғына ойдағыдай тойтарыс бергеннен кейін Қазақстан бірыңғай және біртұтас мемлекет ретінде бабалары мұраға қалдырған дәстүрлі шекте өзінің шаруашылық өмірін қайтадан дамыта бастады. Алайда XVIII ғасырдың 30-жылдарының орта шенінен бастап Ресей мемлекеті қазақтардың жеріне де, империяның бодандары ретінде қазақтардың өздеріне де орыс мемлекеттілігі идеологиясы тұрғысында көз тіге бастады. Өлкенің әрбір әкімшісі Ресей империясының толық және шексіз билігіне көшкен жерді ұлғайта түсуге өз үлесін қосуға ұмтылды. Осы саясатты жүзеге асыру барысында қазақтар, қалмақтар, башқұрттар дербестігінің қалдықтары толық жойылды, бұл орайда ресми өкімет орындары жергілікті халықтың қайтпас қарсылығына душар болды. Сондықтан оны бөлшектеу, халықтарды қырқыстыру, халықтың барлық топтарында өз агентурасын құру, отарлаудың басты күші ретінде қазақтарды біржолата бағындырып, оларды осы мақсатта пайдалану жөнінде әртүрлі әдістер қолданыла бастады. Бұл саясатты. И. Неплюевтің «запастағы» жоспары түрінде қалыптасып, империяның Қазақстандағы бүкіл үстемдігі шеңберінде әр түрлі нұсқауларда жүргізіліп отырды. Алдыменен империяның шекарасына өте жақын орналасқан аймақ ретінде Батыс Қазақстанда мейлінше толық жүзеге аса бастады. Қазақ рулары мен бүкіл Кіші жүздің билік құрылымдарындағы қайшылықтар да, ұлт-азаттық козғалысының күрделілігі де, Ішкі Орданы (Бөкей Ордасын) Ресей әкімшілігінің қайта бағындыруы да міне осыдан.

XVIII ғасырдың екінші жартысында казақ коғамында біртұтас және орталықтандырылған билік пен мемлекет проблемасы өткір қойылды. Билік иелері арасындағы түрлі топтардың үстемдік үшін күресі 1748 жылы Әбілқайыр ханның өлтірілуіне әкеп соқты. Осы арқылы қазақ жүздерін біріктіру жолындағы күш-жігер едәуір дәрежеде әлсіретілді. Жаңа тарихтың әр түрлі кезеңдерінде бұл мәселе түйінді мәселелердің бірі болып келді. XVIII ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығының ыдырауына себепші болған іріткі салушы күштер басым бола бастады. Әбілқайыр қаза тапқаннан кейін Орта жүз иеліктері оның мирасқорларынан аулақтап кетті. Кіші жүздің өзінде де билік таласы асқына түсті. 1748 жылдың қазан айында Орынбор әкімшілігінің жәрдемімен Нұралы сұлтанды хан атағына сайлау өткізілді. Бұл мәселені шешу үшін Ақсақалдар кеңесі жиналды. 1000-ға жуық адам қатысты. Олардың арасында Кіші жүз бен Орта жүздің әр алуан руларының билері, батырлары, сұлтандары болды. Сайлаудың өзі «бұрынғысынша жария өткізілген жоқ, барлық рулардан таңдалған 10 адам, атақты билер ғана қатыстырылып, оның өзінде ханның үйінде өтті… Соның бәрінде барлық билер мен атақты ақсақалдар және ханшайымның төңірегіндегі қазақтар бәрін оған, Нұралы сұлтанның еркіне салды, сонан соң барлығы, әр түрлі шенді 1000-нан астам адам келесі күні тарап кетті». Нұралы өз жағдайының солқылдақтығын сезініп, сайлаудан кейін бірден патша үкіметіне өзін хан атағына бекітуге өтініш жасады. Сонымен бірге 1748 жылдың аяғында Нұралы ханға жылына 600 сом мөлшерінде