Анатомия пәнін оқытуда қолданылатын технологиялар

Білім – ел қазынасы, халқымыздың білімділігі – ел байлығы. Уақыт алдыға жылжыған сайын сабақ үрдісін жетілдірудің жолдары мен әдістері үнемі өзгеріп, жаңарып отыруда. Уақыт талабына сай жан-жақты білімді азаматтар тәрбиелеп шығару ұстаздардың алдында тұрған үлкен міндет екені кімге болсын аян. Сондықтан біздер бұл мәселеге ерекше көңіл бөлуіміз керек. Сонда ғана бүгінгі егеменді елімізде азамат тәрбиесі өз нәтижесін көрсете алады. Мұғалімдер еңбегінде оқыту шеберлігі, әдіс – тәсілдерді ұтымды қолдана білу талабы күшеюге тиіс.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби біліктілігін шыңдауға бағытталған рөлі былайша көрсетілген: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандарттарына көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашыл қабілеттерінің көрініп, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті».

Химия және химиялық білім саласындағы мәліметтер мөлшері, кез келген басқа саладағы секілді күннен күнге көбейіп жатыр. Жаңа педагогикалық технология оқушылардың білім сапасын арттыруға, ой – санасының дамуына мүмкіндік жасайды. Үнемі өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз дамытуды талап етеді.

Мұғалімнің басты міндеттерінің бірі — әрбір оқушының өз мүмкіндігін, қабілетін және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау. Қазіргі жаңа буын оқулықтары, оқытудың жаңа әдістері оқушылардың өз бетімен білім алып, дамуына мән беруде. Мұның өзі жас ерекшеліктері, қабілеттері әр түрлі деңгейіндегі оқушының өз мүмкіндігін анықтауға жол ашуда.

Қазіргі таңда оқыту үрдісін жоспарлау, қолдану және бағалаудың тиімді әдістерін ұсынушы жаңа педагогикалық технология түрлері көп. Олардың негізгі мақсаты біреу — өз бетінше дами алатын жеке адамды қалыптастыру. Қоғамдағы әлеуметтік терең өзгерістер өмірден өз орнын таба алатын, қиындықтардан қорықпай, оны шешудің тиімді жолдарын табатын білікті, іскер, шешімді тұлғаларды қажет етіп отыр. Ол үшін оқушы білімді өз бетімен алып, шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқу үрдісі қажет.

 Қоғамдағы әлеуметтік терең өзгерістер өмірден өз орнын таба алатын, қиындықтардан қорықпай, оны шешудің тиімді жолдарын табатын білікті, іскер, шешімді тұлғаларды қажет етіп отыр. Ол үшін оқушы білімді өз бетімен алып, шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқу үрдісі қажет.

Уақыт талабына сай мектептің дамуы инновациялық үрдістерді енгізумен анықталады. Заман ағымына ілесу – ұлы мұрат. Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл үрдіс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес оның тұлғасының білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Қазіргі педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқу технологияларын шығаруға ұмтылуы.

Дарындылықтың негізгі сипаттарының бірі танымдық қызығудың ерте оянуы деп білсек, болашақта оның шығармашыл тұлға болып қалыптасуы сөзсіз. Ал мұндай тұлғалар қоғамның сұранысына ие болады және оның дамуының басты жетістігі. Сондықтан өзінің табиғи қабілетінің өзгешелігі жоғары екенін сезінген баламен жұмыс істеу мұғалімнен үлкен жауапкершілікті талап етеді. Оқушының шығармашыл қабілетін дамытуда ұстаз басты рөл атқарады. «Ғылым- адам үшін» демекші, бірлескен шығармашыл күш адами қасиеті мол жеке тұлғаны қалыптастыратын болады. Жаңашылдықпен жұмыс істеген ұстаз қоғам дамуына өз үлесін қосары анық.

Бүгінде педагогика ғылымы баланың жеке тұлға ретінде, жан – жақты дамыған шығармашыл, еңбек нарығындағы әлеуметтік бәсекелестікке төтеп бере алатын, мәдени ортаға бейімделген, әрекетшіл дара тұлға тәрбиелеуге бағытталған, ендеше, білім беруде жаңа технологияларды пайдалану – заман талабы.

Қазақстан Республикасы өзінің ғылыми техникалық, экономикалық, ресурстық және рухани дамуының жаңа деңгейіне бағытталуда. Республика өміріндегі бұл өзгерістер, сөз жоқ, білім беру саласына, соның ішінде мектепке оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу ісіне де әсерін тигізуде. Сондықтан мектеп оқушыларын ғылыми білімнің қоғамдық қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, оларды отандық, ұлттық және әлемдік мәтениет арналарынан сусындату – басты міндет болып қала береді. Өйткені егменді елдің ертеңі оқу – білімнің тереңдігі мен өлшенеді толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз дамытуда талап етеді. Осыған байланысты мектептегі оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мақсаты мынандай болуы тиіс:

  1. Оқушылардың өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге бағыттау.
  2. Білімі мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу.
  3. Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту.
  4. Аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.

Барлық жасалған және қазіргі күнге адамның қолданып жүрген технологияларды екі түрге бөлуге болады: өндірістік және әлеуметтік, өндірістік технологияларға үлгі ретінде табиғат шикізатын қайта өңдеу технологиясы болады. Бұл жағдайда технология – бастапқы материалды өнім «шығуында» белгілі бір алдын ала берілген қажеттерді бөліп алу мақсатымен қайта өңдеу процесі деп атайды.[5].

Әлеуметтік технология деп, онда бастапқыда соңғы нәтиже болатын адам болады, негізгі оның көрсеткіші өзгеріп тұратын бір немесе бірнеше оның қасиеттері болады. Әлеуметтік технология ол өндірісте қолданылатын технологиядан принципиалды түрде өзгешелігі бар. Әлеуметтік технологиялар ұйымдастыру мен жүзеге асыру жағынан өте күрделі және оралымды.

Әлеуметтік технология бұл өте жоғары деңгейдегі ұйымдастырылған технологиялар деуге болады, себебі адам әлеуметтік технологияның объектісі, ал ол өте тым көп жақтылы жүйе. Оған күші мен бағыты әртүрлі болатын саны көп сыртқы әсерлер ықпал етеді, кейде олар қарама – қайшы болады, осыған орай көбінесе әсерлер қандай қаншалықты тиімді болатындығын алдын – ала айтуға қиын. Сондықтан әлеуметтік технологияны өндірістік технологияның анықтамасында мүмкін болатындай белгілі бір дәл таңдап алынған процестердің жиынтығы деп айтуға болмайды.

XX ғасырды артқа қалдырып, XXI ғасырды бетке алып келе жатқан Қазақстанның орта мектептері өздерінің тарихи миссиясын орындап болды, сондықтан орта мектепте реформалау қажеттігі туды. Өйткені белгілі бір мөлшердегі «білім жиынтығын» алу жүйесі ескірді, ертедегі ойшылардың сөзімен айтсақ, «шәкірт – нығарлай беретін ыдыс емес, керісінше тұтандыруды қажет ететін шырақ».Ал мектеп – конвейер емес, керісінше кең түрде ойлай алатын жеке адамды қалыптастыратын сфера. Олай болса, мектепте білім беру ісіндегі басты приоритет – оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп әзірлеу.

Педагогикалық технология – бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым – қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым.

Педагогикалық технологияны іске асыру механизмі шығармашылық өзін — өзі дамыту іс -әрекеті; ол: өзін — өзі анықтау, өзін — өзі жетілдіру, өзін — өзі дамыту. Кәсіби шеберліктің жоғары шегі шығармашылық еңбек, оқу – тәрбие үрдісін жаңашылдықпен, өзгеріспен құра білу, яғни инновациялық қызметті жүзеге асыру.

Қазіргі заманғы жаңа педагогикалық технологиялардың бірнешеуін қарастырып көрелік. Дамыта оқыту технологиясы – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясының негізгі мақсаты оқушыларды оқыта отырып, жалпы дамыту, теориялық ой мен сана қалыптастыру, теориялық ойлау деңгейіне жеткізу. Оқушының білім мен білік дағдысын қалыптастыру және ой әрекетінің дамуын арттыру арқылы ғылыми таным логикасының шегіне жеткізу, шығармашыл ізденіске баулу. Дамыта оқыту технологиясының негізгі бағыттарын оқу үрдісінде пайдалану, оқушы мен оқытушы арасындағы байланысты нығайтады, оқушының пәнге деген ынтасын арттырады. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін — өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады.

Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы:

  • көздеген мақсатында
  • мәнінде
  • мазмұнында дамытушылардың негізгі факторында.

Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдау табуда. Педагогика ғылымының зерттеушілері тәлім – тәрбие беру үрдісінің негізгі мақсаты оқушы тұлғасын дамыту деп таниды.

Бірақ тұлға дамуы туралы ізденуші психологияның айтуы бойынша, әр адамның өз қолында, оны сырттан әсер ететін күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады.

Зертханалық жұмыстарды жүргізу арқылы қорытынды жасап, реакция теңдеулерін дұрыс жазуға, теңестіруге, оқушылардың ой еңбегін дамытуға қарай бағытталған зерттеу сабағы жаңа технологияға сүйеніп өткізіледі.

Оқушыны еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, экономикалық экологиялық тәрбие құру, кәсіптік бағдар беру, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге тәрбиелеу басты мақсатымыз.

Сондықтан мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін тұлғаның дамуын көздейтін білім беру үрдісін, ұйымдастырудың түрлі әдістерімен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.

Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі оқушылардың сабақ барысына бірнеше жұмыс жасай алатындығында, сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғамымыздың маңызды бөлігіне айналды. Олай дейтініміз, бүгінгі таңдағы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушыларды жаңаша оқытуды, жаңа оқу әдістерін жаңа мазмұнды қажет етеді.

Оқытудың жаңа технологияларының бір мектептерде қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады.

Оқушыларды деңгейге бөліп оқытуға бол ма, оның қандай тиімділігі бар, деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшеліктері қандай, жеке тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сауалдарға тоқталсақ, деңгейге бөліп оқыту кезінде оқушылардың тәжірибелік – теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін, әлеуметтік психологиялық танымын, сұранымын ескеру талап етіледі.

Деңгейлеп тапсырудың ауқымы өте кең – оқулықтағы жаттығулар — өткен ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарына арналған тілдік, грамматикалық жұмыстар жүйесі.

Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі, өз бетімен жұмысты орындауға, бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді.

Деңгейлеп оқыту оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады.

Бұл технология оқушының білім деңгейіне сәйкес жеңілден қиынға қарай оқытылады. Деңгейлеп оқыту төрт бөліктен тұрады:

  1. Оқушылық деңгей. Бұл міндетті деңгей болғандықтан барлық оқушы тапсырманы толық орындауы тиіс.
  2. Алгоритмдік деңгей. Бұл деңгейде өтіп кеткен материалды оқушы талдап, бұрынғы тапсырмаларға ұқсас орындайды. Бірақ бұларды орындау үшін алған білімдерін түрлендіріп пайдалану керек.
  3. Эвристикалық деңгей. Өз бетіндік жұмысты қалыптастыру мақсатында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген қарапайым білімдерін жетілдіріп тереңдетеді. Тағы жаңа білімдерін меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашады. Эврика. Анализ бен синтез, салыстыру арқылы анықтау, қорытындылау. Бұл деңгейде ребус, сөзжұмбақ, анаграмма құрастыру, зертханалық жұмыс жүргізу, эвристикалық сұрақтар болуы қажет.
  4. Шығармашылық деңгей. Бұл деңгейде берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, баяндама, эссе, өлең, жұмбақ, жаңылтпаш құрастыра білуі қажет.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты — әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.