Дж.М. Кейнс қисығы. өндірістің тепе-теңдік көлеміне жету механизмі

Өндірістің құлдырауынан үлкен шығындарды болдырмау үшін, жиынтық сұранысты реттейтін белсенді мемлекеттік саясат қажет. Сондықтан кейнстік экономикалық  теорияны  көбіне жиынтық сұраныс теориясы деп атайды.

Іс жүзінде инвестициялар құрылымына  жоспарланған және жоспарланбаған инвестициялар кіреді. Соңғысы  тауарлы – материалдық қорларға (ТМҚ) инвестициялардың қарастырылмаған өзгерісі   болып табылады. Осы жоспарланбаған инвестициялар қор жинағының   және инвестициялардың іс жүзіндегі   көлемін қалпына  келтіретін және макроэкономикалық тепе-теңдікті орнататын  тетік сияқты  жұмыс істейді.

Жоспарланған шығындар — үй шаруашылықтарының, фирмалардың және үкімет тауарларға және қызмет көрсетуге жұмсауға жоспарлап  отырған сомасы болып табылады. Нақты шығындар кеттен  болған өзгерістер  жағдайында тауарлық материалдық қорларға жоспарланбаған  инвестициялар жасауға мәжбүр болған кезде ерекшеленеді.

Жоспарланған шығындар функциясы E = C + I + G + X n графикалық түрде жоағры қарай I + G + X n  көлеміне «ығыстырылған» тұтыну функциясы С = a+b (Y-T) ретінде бейнеледі.

Берілген  жағдайда талдаудың қарапайымдылығына  таза экспорт  көлемі жиынтық табыс Y – тан автономды деп есептеледі. Сондықтан таза экспорт толығымен автономды шығындар көлеміне кіреді (а+I + G + X n ).

Автономды шығындар көлемі (а + I + G+ g) таза экспорт функциясын ескере отырып мынаған  тең болады:

X n = g – m’ Y

g- автономды таза экспорт

m’ – импорттаудың шекті бейімділігі

V – табыс

X n  — таза экспорт

Импорттаудың шекті бейімділігі:

m’ =

 M — имортқа шығындардың өзгерісі табыс өзгерісі

Жиынтық табыстың өсуімен бірге импорт көбейеді, себебі тұтынушылар және инвесторлар отандық тауарларға сияқты импорттық тауарларға  да шығындарын өсіреді. Ал экспорт берілген елден тікелей оның жиынтық табыс Y көлеміне тәуелді емес, ал бұл тауарларды және қызмет көрсетулерді кіргізетін елдің жиынтық табыс динамикасына тәуелді. Сондықтан берілген елдің жиынтық табыс Y динамикасы мен оның таза экспорттының Хn динамикасы арасындағы тәуелділік теріс, бұл таза  экспорт  функциясында минус таңбасымен көрсетіледі.

Жоспарланған шығын сызығы, нақты және жоспарланған шығындар теңелген сызықты белгілі бір А нүктеде кесетіні анық (яғни, Y=E сызығын). Келтірілген сызба Кейнс қисығы атауын алған. Y=E сызығында әрқашан іс жүзіндегі инвестициялар мен қор жинақтар теңдігі сақталады. А нүктесінде табыс жоспарланған шығындарға теңестіріледі, яғни макроэкономикалық тепе-теңдік орнайды.

Егер іс жүзіндегі өнім шығару көлемі Y1 тепе-теңдік көлемінен Y0 артса, онда ол сатып алушылар тауарды фирмалардың өндіргенінен аз сатып алатындығын, яғни AD<AS білдіреді.

Өткізілмеген  өнім ТМҚ формасын  алады, ол өспелі. Қорлардың  өсуі фирмаларды өндірісті және жұмысбастылықты азайтуға  мәжбүр етеді, ал ол соңында ЖҰӨ-ді азайтады. Біртіндеп Y1   Y0 –дейін төмендейді, яғни табыс және жоспарланған шығындар теңеледі. Сәйкесінше жиынтық сұраныс   пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі орнайды. (яғни AD=AS)

Керісінше, іс жүзіндегі өнім көлемі Y2 тепе-теңдік көлемінен Y0 кіші, фирмалардың тұтынушылар сатып алуға дайын көлемнен төмен шығаратынын, яғни AD>AS білдіреді. Көтерілген  сұраныс  фирма  қорларының  жоспарланбаған қысқаруы  есебінен қанағаттандырылады, бұл жұмысбастылық пен өнімнің  өсуіне ынталандыруды қалыптастырады. Соңында  ЖҰӨ біртіндеп Y2 –ден Y0-ге дейін өседі және қайтадан тепе-теңдік