Темір жол көлітінің халық шаруашылығы дамуындағы рөлі

Темір жолдың пайла болуына дейін жер бетінде тек су және арба көлік транспорты ғана болған. Темір жолдың экономикалық қатынастардың дамуына титізетін әсері сөзсіз. Арзан, әрі жедел жеткізетін, ыңғайлы көліктің пайда болуы адамдардың бір-бірімен қатынасып тұруын жиілетті. Адам баласының ой-өрісі сапар шетудің, алыс елдер мен хатықтардың тұрмысын көрудің арқасында өсіп, байи түсті. Темір жолдар сауданың дамуына, шикізаттың, басқа да өнеркәсіп тауарларының таралуына қолайлы жағдай туғызды, адамдардың өмір суруі барған сайын жақсара түсті, мұның бәрі, сайып келгенде, ірі капиталдың дамуына кең мүмкіндік ашты.

Көліктің жеке алғанда ешкандай өнім өндірмейтіні мәлім,
бірақ оның шаруашылықтағы маңызы зор, көлік болмайынша кез
келтен аумақтың қазіргі экономикасы, бейнелеп айтқанда, бір
күнде тіршілік ете алмайды, өйткені өндіруші өнеркәсіп пен
өңдеуші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы, өнім мен оның
тұтынушылары арасындағы байланысты қамтамасыз ете алатын тек
қана көлік. Сонымен қатар, көлік еңбек бөлінісін кеңінен дамытуға
және  осының негізінде жекелеген республикалар мен

экономикалық аудандардағы шаруашылықтардың мамандануын тереңдете тусуте мүмкіндік береді. Демек, көлік — өндіргіш күштерді дамытудың қуатты құралы. Көліктің барлық түрлері әдетте өзара тығыз байланысты болып. бірін-бірі толықтырады және қызмет көрсететін біртұтас кешен түзеді /9/.

Кең байтақ аумағы бар Қазақстанның жағдайында көліктің маңызына баға жетпейді. Оның үстіне, Қазақстан аумағы арқылы Орта Азия елдерін Ресей Федерацпясының Батыс Сібір, Орал және Еділ бойы секілді ірі экономикалық аудандармен жалғастыратын қатынас жолдары өтеді. Қазақстанның өзі ең алдымен осы аталған көршілес аудандармен тығыз байланыста. Сондықтан республиканың көлігіне өте зор міндеттер жүктеледі- ол республика ішіндеті ғана емес, сонымен қатар ауданаралық аумақтық-өндірістік байланыстарды да қамтамасыз етуте тиіс. Казақстанда көліктің құрлықтағы түрлері — темір жол және  автомобиль коліктері көбірек дамыған. Ғылыми-техникалық протрестің дамуына қарай көлік құралдарының жылдамдығы мен жүк көтергіштіті ұдайы өсіп, қатынас жолдарының жетілдірітіп келе жатқанын, халыққа қызмет көрсету өдістерінің жақсарып отырғанын атап көрсету керек- осының бәрі жүктер мен жолаушыларды еңбек пен уақытты барынша аз жұмсап отырып, тасымалдау үшін көлікті пайлалану мүмкіндіктерін кеңейтеді. Республика көлік кешенін өркендете берудің бағыттары Президенттің «Қазақстан—2030» деген Жолдауында да ерекше атап көрсетілген. Темір жол көлігі бұл – іс жүзінде жүктің барлық түрін жылдам тасымалдай алатын әмбебап түрі. Ол жылдың барлық маусымында үздіксіз жұмыс істейді. ал жүк тасымалының. әсіресе электрлендірілтен темір жолдағы жүк тасымалының кұны арзан.

Қазақстан темір жолының — 15 мың шақырымнан астам. бұрынғы Кеңес Одағындағы Ресей Федерациясы мен Украинадан кейін үшінші орын алады. Революциядан кейінгі жылдар ішінде Қазақстан темір жолының жалпы ұзындығы 1913 жылмен салыстырғанда 7,5 есе өсті. Бұл уакыт ішінде темір жол желісінің бұлайша өсуі бұрынғы Кеңес Одағындағы құрамына енетін республикалардың бірде-бірінде болған емес /13/.

Қазақстанның қазіргі темір жол желісінің негізі солтүстіктен оңтүстікке қарай өтетін үш республика аралық магистралынан құралады. Бұл магистральдардан көршілес аумақтардың шалғай түпкірлеріне қарай едәуір қысқа жолдар таралып, олар жекелеген өнеркәсіптік тораптарын, ауылшаруашылық аудандарын немесе Қазақстан аумағының тысқа шығатын қосымша жолдарды байланыстырады.

Қазақстандағы ескі темір жолдардың бірі — Орынбор -Ташкент темір жолы солтүстік-батыстан онтүстік-шығысқа қарай өтеді. 1905 —1907 жылдары салынған бұл жол Қазақстанды Ресей Федерациясының Еуропалық бөлігімен, Украинамен және Орта Азия республикаларымен байланыстырады. Онымен жыл сайын ерсілі-қарсылы бағытта жолаушылар мен әр түрлі жүктер көп тасымалданады. Бұл Қазақстанның жүкті барынша көп тасымалдайтын темір жолдарының бірі.

Екінші республикааралық магистраль — Ссмей —Алматы-Кұлан —Шымкент —Арыс темір жолы Шығыс және Оңтүстік Қазақстанның тау бөліктерімен солтүстік-шығыстан оңтүстік -батысқа қарай өтіп, Орынбор — ташкент темір жолын Ұлы Сібір магистралімен байланыстырады. Құлан стансиясынан солтүстікке қараған бөлігі Түркістан —Сібір (Түрксіб) темір жолы деп аталатын бұл жол 30-жылдардың өзінде-ақ Кенді Алтай мен Жоңғар Алатауында түсті металлуртияның дамуына.Талдықорған, Тараз, Алматы төңірегінде өнімдерің өндіруді дамытуға және Семейдің, Шымкенттің, әсіресе бұл кезде республика астанасына айналған. Алматының тез өсуіне мүмкіндік туғызды.

Солтүстіктен оңтүстікке қарай өтетін үшінші темір жол магистралі — Петропавл — Астана — Қарағанды — Мойынты — Шу жолы Қазақстанның орта бөлігімен өтіп. оның солтүстік, ортатық және оңтүстік бөліктерін байланыстырады. Бұл жол Жезқазған мен Балқашқа, одан әрі Саяк пен Ақтоғайға қарай кететін тармақтарымен қоса, Қарағанды тас көмір алабы мен Орталық Қазақстандағы мыс өнеркәсібінің тез өсуіне көмегінтигізді. Ол республиканың оңтүстік бөлігі мен Орта Азияға Қарағанды көмірінің, Солтүстік Қазақстан астығының және Сібір ағашының келуіне төте жол ашты.

Ұлы Сібір темір жолын есептемегенде, Петропавл арқылы батыстан шығысқа қарай өтетін темір жолдардан, Қарталы—Астана Павлодар — Оңтүстік Сібір магистралінің бір бөлігі Қазақстанның солтүстік және орталық облыстары үшін аса маңызды темір жол бөлігі табылады. Бұл жол Екібастұз — Павлодар өнеркәсіп торабын дамытуды тездетіп, Қарағанды мен Матнптоторск арасындағы қашықтығы 928 шақырымға қысқартты. Бұл темір жол арқылы негізінен көмір, кен, боксит және астық тасымалданады.

Қазақстанның солтүстігінде тың және тыңайған жерлерді итеруге байланысты батыстан шығысқа қарай тағы бір темір жол салынды, ол Орта Сібір темір жолнынын бір бөлігі болып саналады. Бұл жол арқылы Солтүстік Қазақстанның алыс түпкіріндегі аудандарынан астық және басқа ауылшаруашылық өнімдері сыртқа шығарылып. оларға машиналар, жанармай және жағармай, минералды тыңайтқыштар, ағаш, құрылыс материалдары, халық тұтынатын заттар әкелінеді. Республикадағы жүк көп тасымалданатын темір жолдардың электр энертиясымен жұмыс істеуте көшірілгенін және көшіріліп жатқанын, ал станциялардағы жүктерді тиеу, түсіру жұмыстарының механикаландырылғанын және Ортатық Қазақстан мен Шығыс Қазақстанда ұзындығы 200-400 шақырымдай жаңа темір жолдар салу көзделіп отыр. Достастық барлық елдердегідей. біздің республикамызда да көліктің жұмысы екі көрсеткішпен-тасыматданатын жүктің көлемімен (тонна) және жүк айналымымен (тонна-шақырым) өлшенеді, ат бұл тасымалданатын жүктің мөлшерін жеткізілетін қашықтыққа көбейту арқылы есептеледі. Республикада темір жолмен тасымалданатын жүктің орташа қашықтығы 870 шақырым шамасында. Ұлан-байтақ аумағы бар Қазақстан жағдайында темір жол көліктің басты түрі болып табылады, бірақ ол жалпы жүк тасымалында автомобильден кейінті орынды алады.

Республикада халық шаруашылының дамуы көліктің барлық түрінің кешенді дамуын қажет етеді. Қазақстанда басқа көлік түрлеріне қарағанда темір жол көлігі жедел даму жолында./12,15/ Қазіргі кезде тағы да бір республиканы Өзбекстан және Түрікменстан арқылы Иран мен Туркиямен қосатын халықаралық маңызы бар жаңа темір жол іске қосылды.