Тамақ және жеңіл өнеркәсібі

Тамақ өнеркәсібі Грузияның басты өнеркәсіп саласы болып табылады . Ел территориясында (30 саласы )  тамақ өнеркәсібінің 30 саласы жұмыс істейді . Басты рөлді шай , вино , консервілер , эфир майы , өсімдік майы тағы да басқа салалар .Оның үлесіне тамақ өнеркәсібінің 2\3 бөлігі тиеді . Қазіргі  кезде  бұл сала өте үлкен дағдарысқа ұшыраған . Бұл саланың дағдарысқа ұшырауына  жалпы екі себепті айтуға болады . Ең алдымен шикізат құны өзгерген , қазіргі кездегі құрал жабдықтардың ескеруі , ескі техникалар  мен  технологиялар әсер етуде . Грузия тамақ өнеркәсібінің салаларын қайта қалпына келтіру мақсатында көптеген жұмыстар жүргізілуде . Инновациялық кәсіпорындар топтарға  бөлініп , жаңа  бағыттармен жүзеге асыру қолға алынып отыр . көптеген кәсіпорындарда жергілікті кәсіпорындар шет ел партияларымен бірге  жұмыс істеуде . Мысалы : Тбилисилік шампан винолары зауытында 90% акцияны АҚШ тың агроөнеркәсібінің  үлесіне тиеді . Тбилвино – Голландиялық фирмаға , Казбег – Кастол фирмасы 60 %  акциясы Кастел  фирмасының үлесіне тиеді . Грузияда вино , шарап өндірісі біртіндеп дағдарыстық жағдайдан шығуда .             Қазіргі кезде Грузия  шай өндірісі бойынша қиын жағдайда қалып отыр . Грузия да 112 шай фабрикалары жұмыс істейтін , қазір олардың  25 – і ғана жұмыс істеп тұр . Бұл Грузия  шайының жергілікті үнді және цейлон шайларымен бәсекеге онша қабілетті еместігін көрсетуде .

Жеңілөнеркәсіп . Оның басты салалары тоқыма саласы . Кеңес одағы кезінде жүн мата өндірісінің 1,5% – ы Грузияның үлесіне тиетін . Жеңіл өнеркәсіптің басты кәсіпорындары – Тбилисилік комбинат . Жүн мата өндірісінің толық циклды комбинаты ретінде құрылған . Грузиядағы барлық салалар сияқты бұл сала да біртіндеп дағдарысқа ұшырап отыр . Жеңіл өнеркәсіптің жалпы өнеркәсіптегі үлесі : 80 жылдары жеңіл өнеркәсіп өнімінің 20% – ын беретін .90 жылға қарай мұның үлесі 1% ғана құраған . Грузияда соңғы онжылдықта деинтрализация процесі болып  өтті . Өнеркәсіптік саясаттағы басты мақсат – табиғи ресурситарды тиімді пайдалану , өһндірісті қазіргі техники мен технологиямен жабдықтау , экономиканы жоғарғы даму секторына жеткізу , әлемдік рынокта өзінің орнының болуына ат салысу . Грузияда Кеңес Одағы кезінде агроөнеркәсіптік кешен жоғарғы қарқынмен дамыған болатын . Ауыл шаруашылығы көп салалы негізде дамыды . Ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің көлемі 2,9 млн га қамтиды , оның 1,9 млн га – шөп шабындықтары мен жайылымдары , ал 0,8 млн га егіндік алқаптарды қамтиды .