Грузияның табиғат ресурстары

Грузия отын ресурстарына өте бай . Соның  ішінде көмірге  өте бай . Тас көмірдің қоры Чагин ( Ткибул – Шаорин )және Кадор (Ткварчель )  жоталарында шоғырланған . Қоры жағынан 400 млн тонна . Ткварчелиде көмірдің үлкен қоры бар . Бұл жерде көмірді шахталық әдіспен алады .Грузияның оңтүстігінде Ахалцих тауының жоталарында қоңыр көмір кездеседі . Бұл жердің көмірі сапасы жағынан өте төмен болып табылады .Калхид жазығының  батыс бөлігінде торфтың мол қоры кездеседі . Торф бойынша басты  аймақтары Тот , редутлаль , Хоб аймақтары . Негшізінен торфты цитрус және шай плантациялары қолданады Грузиядағы мұнайдың жалпы қорыжағынан 580 млн . тоннаны құрайды . Оның негізгі қоры оңтүстік шығысында, сонымен қатар Тбилиси  аймағында кездеседі . Грузияда мұнайдың 7 % игерілген . Бұл жерде АҚШ тың , Ұлыбританияның , Швейцарияның , Австралияның компаниялары.

Грузияда табиғи газдың қоры бойынша 98 млрд м3 деп есептеледі . Термальды сулар  негізінен энергия көзі болып табылады . Грузияда термальды сулардың көлемі  200-250  м 3 Термальды сулардың негізгі бассейндері – Кадори ,  Кохет ,  Тбилиси ,  Алазань бассейндері . Марганец бойынша үш бассейнді  айтуға  болады .Олар :  Чиатур , Чхор –Аджамей,  Квирил бассейндері . Марганейтің барлық қоры бойынша 225,5 млн . т . Марганецтің 90% жуығы  Чиатур бассейнінде шоғырланған.

Түсті металлургия бойынша мыс ( маднеул , Квайда ) , свинец , цинк полиметалдары ( Дамбуд , Мери , және Оңтүстік Грузияда) өндіріледі . Алтын қазіргі кезде Маднеул аймағында өндірілуде . Сонымен қатар Болнис ауданында ,  Аджар ,  Триалет , Сванет  аймағында өндіріледі . Мышяк Лухон аймағында өндіріледі . Цемент  шикізаты бойынша Грузияда қоры өте жоғары  дәрежеде . Су ресурстары бірінші кезекте энергетикалық жағдайларда қолданылады . Гидроэнергетикалық ресурстар бойынша Грузияда бұл 76%  батысында (Риони , Ингури , Кадори өзендерінде) өндіріледі . Грузияда рекреациялық ресурстарға бай мемлекет . Бұларға минералды көздер , емдік ыстық сулар – Цхалтубада орналасқан . Гидрокарбонатты – натрий сулары – Баржомиде , Хлорлы натрийлі сулар Тбмлмсиде шошғырланған .