Ыдыстармен жасалатын операцияларды көрсету

Көптеген тауарлар орауды, яғни белгілі бір ыдысқа, корапқа, жәшікке, контейнерге (салуды, қоюды) буып-түю, орауды талап етеді. ҚР АК 434-бабына сәйкес, егер шартта басқадай көрсетілмеген болса «сатушы сатып алушыға тауарды ыдыспен және (немесе) буып-түйіп, оралған күйінде беруге міндетті». Ыдыс (қап, күбі, бощке, қорап, жәшік және т.б.) бір рет немесе бірнеше мәрте (көпайналымды ыдыс) қолданылуы мүмкін.

Ыдыстың бірнеше категориялары бар:

  • көпайналымдық ыдыс (бірнеше рет қолданылады, жабдықтаушыға міндетті түрде қайтарылады). Ыдысты қайтаруға жабдықтаушы алатын кепілақы кепіл болып саналады, ол жаксы жағдайда босатылған ыдысты кері алған соң қайтарылады. Көп айналымды ыдысқа: металдан және пластмассадан жасалған (себет, бөшке, бидон, флягтар, жәшіктер), ағаштан жасалған (жәшік, бөшке), матадан және тоқылмаған материалдардан (мата қаптар, орайтьш маталар, тоқылмаған орауыш маталар), қалып қатырма қағаздан (картоннан) жасалған (бүршеленген, гофрирленген және желімделғен жайпак қалың қатырма қағаздан) жатады. Ыдыстың түрлері мен олардың қайтарымдылығы тауарлы-материалдық корлармен жабдықтау жөніндеғі келісім-шартта ескертіледі;
  • бір рет қолданылатын ыдыс (қағаз, калың қатырма қағаз, полиэтилен).

Негізгі немесе қосалқы өндіріс цехтарында өнімді орап, буып-түю үшін қолданылған ыдыс құны тиелген өнімніц нақты өзіндік құнына кіреді: 801 «Өткізілген өнімнің өзіндік кұны» шот дебеті

221 «Дайын өнім» шот кредиті.

Қоймадағы өнімді буып-түю, орау үшін қолданылған ыдыс құны былайша көрсетіледі: 8-11 «Өнімді өткізу бойынша шығындар» шот дебеті

204 «Ыдыс және ыдыс материалдары» шот кредиті.

Көпайналымды ыдыспен тауарлы-материалдық қорлармен сатып алушы және сатушы кәсіпорындарды мынадай ыдыс есебін бөлек жүргізу қөздеген:

  • жабдықтаушылардың тауарлы-жолдама құжаттар негізінде кіріске алынған;
  • жабдыктаушының тауарлы-жолдама құжаттарына қірген және қолданылуы ыктимал болатын баға бойынша комиссия құрған ақт негізінде кіріске алынған;
  • негізгі құралдарға кіретін.

Ыдыс кәсіпорынға тауарлы-материалдық қорлармен бірге жабдықтаушылардан түседі және жолдама құжаттар негізінде (тауарлық-қөліктік жүкқұжаттар, шот-фактуралар) кіріске алынады, олар жеке жолда ерекше қөрсетіледі. Ыдысты қабылдау саны мен сапасы бойынша жолдама құжаттар негізінде атқарылады. Бос ыдысты босату (тауарсыз) жеке тауарлық-көліктік жүкқұжаттармен, шот-фактуралармен және басқа шығын құжаттарымен рәсімделеді.

Ыдыстың сынуы, бүлінуі, қирауы актімен ресімделеді. Келтірілген залал белгіленген тәртіппен кінәлі адамдардан өндіріліп алынады.

Ыдыс есебі материалды-жауапты адамдармен қоймаларда немесе тауарлық-материалдық қорлардың түсуі мен жұмсалуына арналған бастапқы құжаттар негізінде жүргізіледі. Материалды-жауапкершілікті адамдар белгілі-бір мерзімде бухгалтерияға материалдық (тауарлық) есеп тапсырады, онда ыдыстың әрбір құжат бойынша жекелеген позициялары көрсетіледі.

Ыдыс төмендегіше есепке алынады:

  • 222 «Алынған тауарлар» шотында көтерме және бөлшек сауда да тауарлармен бірге;
  • 222 «Алынған тауарлар» аралық шотында «Тауар және бос ыдыс» аралық шотында жекелей;
  • 204 «Ыдыс және ыдыс материалдары» шотында жекелей;
  • 125 «Басқа да негізгі құралдар» шотында негізгі құралдар белгісімен көпайналымды ыдыстарға сәйкес.

Ыдыс түскен кезде, оны жабдықтаушылар мен жеткізушілердің жолдама құжаттарына сәйкес кіріске алу мынандай жазбалармен жүргізіледі: 222 «Алынған тауарлар» шоты дебеті «Тауар және бос ыдыс» қосалқы шоты

671 «Төлеуге тиісті шоттар» шот кредиті;

687 «Басқалар» кредиторлық шот кредиті;

Өндірістік немесе шаруашылық мақсаттар үшін кызмет ететін ыдыс 204 «Ыдыс және ыдыстық материалдары» шотында есепке алынады, оларды қосалқы цехтар жасап шығаруы мүмкін немесе басқа жақтан алынуы мүмкін. Мұндайда қоймаға кіріске алу жолдама құжаттар негізінде жүргізіледі: 204 «Ыдыс және ыдыс материалдары» шот дебеті

920 «Қосалқы өндіріс» шот кредиті.

Егер ыдыс баска жақтағы субъектілерден алынса: 204 «Ыдыс және ыдыс материалдары» шот дебеті 331 «Өтелетін ҚҚС» шот дебеті

671 «Төленуге тиісті шоттар» шот кредиті.

Егер ыдыстың негізгі құралдарға тән белгісі болса, оны қіріске алу мынандай жазбалармен жүргізіледі: 125 «Басқалар» негізгі құралдар шот дебеті.

671 «Төленуге тиісті шөттар» шот кредиті.

Тауарлық операциялар бойынша шаруашылық субъектілеріндегі шығындары, кірістері мен зияндары болады.

Ыдыс бойынша шығындар — тасымалдауға, тиеуге, жөндеуге және т.б. байланысты шығындар.

Зиян материалды-жауапты тұлғалардың адамдардың қырсыздығы салдарынан пайда болады, сол себепті қирау, бүлдіру, сыну, ыдыс сапасының төмендеуі болады.

Ыдыс бойынша шығындар 811 «Тауарларды (жұмыстар, қызметтер) еткізу бойынша шығындар» шотында, ал табыстар 727 «Негізгі емес қызметтен түскен табыстар» шотында есептеледі.

Әр түрлі бағалары бар ыдыстың сан алуан түрлері болса, тауардағы және бос ыдыстың қозғалысы есебін жеке шоттар мен оның тағайындауы бойынша белгіленген орта есептік бағалар бойынша жүргізуге болады. Есептік бағалар мен алынған бағалар арасындағы айырмашылық 222 «Алынған тауарлар» шотьша «Саудалық үстеме бага» аралық шотына жатқызылады. Түгендеуді өткізген кезде қалдықты осы айырма бойынша салыстыра тексеріп, 727 «Негізгі емес қызметтен түскен басқа да табыстар» шот ыдыстармен жасалған операциялар бойынша қорытынды ретінде түзейді.

Қатардан шыққан ыдые бойынша айырмашылықты есептен шығарады:

а) дебет қалдығы болғанда 811 «Тауарларды (жұмыстар, қызметтер) өткізу бойынша шығындары» шот дебет!

222 «Алынған тауарлар», «Саудалық үстеме баға» аралық шот қредиті;

э) кредиттік қалдық болғанда 222 «Алынған тауарлар», «Саудалық үстеме баға» аралық шот дебеті

727 «Негізгі емес қызметтен түскен басқа да табыстар» шот кредит!.

Талдамалық есеп материалды-жауапты адамдар, ыдыстың атауы, саны жэне бағасы бойынша жүргізіледі.

Тауарлы-материалдық қорларды алу мен дайьшдаудьщ нақты өзіндік қүнына сүйеніп, белгіленетін кепілдік бағалары бар көпайналымды ьщысты пайдаланып, өткізуді іске асыратын шаруашылық жүрғізуші субъект оған «Салықтар жэне бюджетке міндетті басқа да төлемдер туралы» Кодекстің 21-1 б. 3 т. 3 тармақшасына сэйкес қосылған қүн салығын есептемейді, өйткені «қайтарымды ыдысты тиеу-өткізу бойынша айналым болып табылмайды», еғер дайын өнім босатылатын ыдыстың қүны осы ыдысты сатып алу қүнына тең болатын қепілдік бағасы болып табылса.

Егер тауар қүнына қосылатын, бір рет пайдаланылатын ораумен түссе немесе тауардың қүнынан артық төленуғе тиісті болса, онда бүл шара Салық қодексінің 2126. 1 т. сэйқес ҚҚС салынуға тиіс.

Әдетте көп айналымды ыдыс үшін жабдықтаушыларға қайтарылғаннан қейін жеке жолмен есептік қүжаттарда бөліп көрсетілетін кепілдік үсталады, ол жабдықтаушының бухгалтерлік есебінде мынандай жазбалармен көрсетіледі: 301 «Алынуға тиісті шоттар» шот дебеті

222 «Алынған тауарлар», «Тауарлы және бос ыдыс» аралық шот қредиті.

Ыдыс үшін кепілдік баға бойынша ақшалай қаражаттың түсуі мынадай жазбамен көрсетіледі: 441 «Ағымдық шоттағы акта» шот дебеті

301 «Алынуға тиісті шоттар» шот кредиті.

Сатып алушының бухгалтерлік есебінде есеп кепілдік қүн бойынша жүргізіледі: 222 «Алынған тауарлар», «Тауарлы жэне бос ыдыс» аралық шот қредиті

671 «Төленуғе тиісті шоттар» шот кредиті.

Жабдықтаушыға ыдысқа кепілдік аударылғаннан қейін: 671 «Төленуғе тиісті шоттар» шот дебеті.

441 «Ағымдық шоттағы ақша» шот кредиті.

Егер ыдыс жабдықтаушыға дұрыс жағдайда қайтарылса, онда кепілдік сатып алушыға толығымен қайтарылады: 441 «Ағымдық шоттағы ақша» шот дебеті.

222 «Алынған тауарлар», «Тауарлы жэне бос ыдыс» аралық шот қредиті.

Еғер ыдысты алушы ыдысты тапсырушымен шарт бойынша да тылдан төмен баға бойынша есе,п айырысеа, онда ыдыс тапсырушы айырмашылықты шығындарға жатқызады:

8-11 «Тауарларды (жұмыстар, қызметхер) өткізу бойынша шығындар» шот дебеті.

222 «Алынған тауарлар», «Тауарлы және бос ыдыс» аралық шот кредиті.

Ыдыс алушының бухгалтерлік есебінде бұл сома табыс деп танылады жэне мынадай жазбамен көрсетіледі: 222 «Алынған тауарлар», «Тауарлы жэне бос ыдыс» аралық шот дебеті.

727 «Негізгі емес қызметтен түскен басқа да табыс» шот кредиті.

Жабдықтаушыларға немесе ыдыс жинаушы субъектілерге ыдыстарды қайтару:

а) табыс сомасына

301 «Алынуға тиісті шоттар» шот дебеті.

727 «Негізгі емес қызметтен түскен басқа да табыс» шот кредит!;

ә) қайтарылған ыдыс құны есептен шығарылды: 811 «Тауарларды (жүмыстар, қызметтер) өткізу бойынша шығындар» шот дебеті.

222 «Алынған тауарлар», «Тауарлы және бос ыдыс» аралык шот кредиті;

б) ыдысты бүлдіру (сыну, қирату жэне т.б.) зияндары, кем шығулар есептен шығарылады:

334 «Құндылықтарды бүлдіру шығындары, кем шығулар» шот дебеті.

222 «Алынған тауарлар», «Тауарлы жэне бос ыдыс» аралық шот кредиті;

в) түгендеу нәтижелері бойынша бүрын ескерілмеғен ыдыс жэне жабдықтаушылардан төленбей түскен ыдыс кіріске алынады:

222 «Алынған тауарлар», «Тауарлы және бос ыдыс» аралық шот дебеті;

Кредит 727 «Неғізғі емес қызметтен түсқен басқа да табыс» шот кредиті;

г) ыдысты жөндеу басқа ұйым күшімен атқарылады, төлеуғе шот үсынылады: 811 «Тауарларды (жүмыстар, қызметтер) өтқізу бойынша шығьшдар» шот дебеті. 331 «Өтелетін қосылған кул салығы» шот дебеті.

67.1 «Төленуғе тиісті шоттар» шот кредиті;

д) бір материалды-жауапты адамнан екіншісіне ыдысты ішкі ауыстыру неғізінде 222 «Алынған тауарлар», «Тауарлы жэне бос ыдыс» аралық шоты, (1-койма) шот дебеті.

222 «Алынған тауарлар», «Тауарлы жэне бос ыдыс» аралық шоты (2-қойма) шот қредиті.

Тауарлар мен ыдысты түлынушыларға қолма-қол ақшаға жэне қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін де өткізеді.

Тауарлар мен ыдысты қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін өткізуді қарастырайық. Кэсіпорын субъект!нің сатылатын нэрселердің аты, бағасы көрсетілғен тізім, баға көрсеткішімен (прейскурант) белғіленғен кепілдік бағаларымен көпайналымды ыдыспен кірпіш өндіреді жэне сатады. Бұл субъектінің бухғалтерлік есебінде мынандай жазбалар жазылады:

  • заңды тұлғаға өнім өткізіледі:

а) өткізілген өнімнің өзіндік құны есептен шығарылады 801 «Өткізілген өнімнің өзіндік куны» шот дебеті

221 «Дайын өнім» шот кредиті 300000;

ә) басатылған өнімнін келісім-шарттык кры 301 «Алынуға тиісті шоттар» шот дебеті

701 «Өнімді (тауарларды, жұмысты, кызметті) өткізуден түскен табыстар» шот кредиті     350000;

б) ҚҚС сомасына

301 «Алынуга тиісті шоттар» шот дебеті

633 «Қосылған құн салығы» шот кредиті 56000;

в) босатылған ыдыстың кұны 301 «Алынуға тиісті шоттар» шот дебеті

204 «Ыдыс жэне ыдыс материалдары» шотының кредиті 40000;

г) сатып алушыдан төлемдер түсті

441 «Ағымдык шоттағы акша» шот дебеті                                         ‘

301 «Алынуға тиісті шоттар» шот кредиті 460000;