Адвокаттың міндеттері

1) адвокат заң талаптарын сақтауға, адвокатураны ұйымдастыру мен оның қызметінің принциптерін басшылыққа алуға, кәсіптік мінез-құлық нормаларының талаптары мен адвокаттық құпияны сақтауға міндетті;

2) егер адвокат осы іс бойынша мүдделері көмек сұрап өтініш жасаған адамның (тараптардың өзара келісімі бойынша ара ағайын болған жағдайларды қоспағанда) мүдделеріне қайшы келетін адамдарға заң көмегін көрсетіп жүрсе немесе бұдан бұрын көрсеткен болса немесе судья, прокурор, анықтауды жүргізуші адам, тергеуші, сарапшы, маман, аудармашы, куә, жәбірленуші немесе куәгер, азаматтық талап қоюшы немесе азаматтық жауапкер ретінде іске қатысқан жағдайларда, сондай-ақ егер істі тергеуге немесе қарауға адвокатпен жақын туыстық қатынастағы лауазымды адам қатысса, ол заң көмегін көрсету туралы тапсырмадан бас тартуға міндетті;

3) адвокат заң көмегін көрсетуге байланысты өзіне мәлім болған мәліметтерді құпия сақтауға міндетті және көмек сұрап өтініш жасаған адамның келісімінсіз оларды жария етуге құқығы жоқ;

4) іс бойынша адвокаттың көмек сұрап өтініш жа­саған адамның жағдайын нашарлататын құқықтық позиция ұстануына тыйым салынады;

5) адвокаттың қылмыстық іс бойынша қабылданған тапсырмадан бас тартуға құқығы жоқ және ол қорғалатын адамның немесе адвокаттың өзінің көзқарасы бойын­ша әділетсіз үкім шығарылған жағдайда алған белгіленген тәртіппен шағым жасауға міндетті;

6) адвокатқа мемлекеттіқ қызметте болуға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметтен басқа өзге де ақы төленетін қызметпен айналысуға тыйым салынады.

Адвокат өз қызметін заң консультациясы арқылы жүзеғе асыруға не дербес немесе басқа адвокаттармен бірлесіп, сондай-ақ заңды тұлғаны тіркемей-ақ жеке дара адвокаттық кеңес құруға құқылы. Адвокат тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында құрылған және әрекет ететін адвокаттар алқасының мүшесі бо­луға тиіс.

Адвокаттар алқасын адвокаттық қызметпен айналысуға құқығы бар адамдар құрады. Адвокаттар алқасы жеке және заң­ды тұлғаларға білікті заң көмегін көрсету үшін, адвокаттардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау үшін, осы заңда белгіленген өзге де міндеттерді орындау үшін құрылатын адвокаттардың коммерциялық емес, кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйымы болып табылады.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында адвокаттардың бір ғана алқасы құрылып, жұмыс істеуі мүмкін, оның басқа облыстың, республикалық маңызы бар қала­ның, астананың аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) құруға құқығы жоқ.

Облыстың, республикалык маңызы бар қаланың, астананың аумағында адвокаттар алқасы болмаған жағдайда, кемінде он құрылтайшының бастамашылығымен құрылады. Адвокаттар алқасын құруға мемлекеттік органдардың арнайы рұқсаты та­лап етілмейді. Адвокаттар алқасының атауы аумағында өзі құрылған әкімшілік-аумақтық бірліктің атауын қамтуға тиіс.

Адвокаттар алқасының негізгі міндеттері:

1) адвокаттық қызметті жүзеге асыру кезінде алқа мүшелеріне жәрдемдесу, кәсіби көмек көрсету және оларды қорғау;

2) алқа мүшелерінің қызме­тін материалдық-техникалық және анықтамалық-ақпараттық камтамасыз ету;

3) адвокаттық қызметті жүзеге асыруға кәсіптік бақылауды ұйымдастыру;

4) алдын ала тергеу және сот органдарының белгілеуі бойынша тегін заң көмегін көрсету мен қорғауды ұйымдастыру болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы нотариат – құқықтар мен фактілерді куәландыруға, сондай-ақ заңда көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттык іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі.

Нотариустың құқықтары:

1) өзіне жүгінген жеке және заң­ды тұлғалардың мүдделеріне сәйкес осы заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде көзделген нотариаттық іс-әрекеттер жасауға;

2) мәмілелердің, өтініштер мен басқа да құжаттардың жобаларын жасауға;

3) құжаттардың көшірмелерін және олардың үзінділерін әзірлеуге;

4) нотариаттық іс-әрекеттер жасау мәселелері бойынша консультациялар беруге;

5) Қазақстан Республикасының заң актілеріңде белгіленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан нотариаттық іс-әрекеттер жасауға қажетті құжаттар мен мәліметтер талап етуге;

6) ғылыми, педагогтік және шығармашылық қызметпен айна­лысуға, соның ішінде жалдау шарты бойынша айналысуға құқылы.

Нотариустың міндеттері:

1) осы Заңның және Қазақстан Республикасының нотариат қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес нотариаттық іс-әрекеттер жасауға;

2) азаматтарға және заңды тұлғаларға құқықтар мен міндеттерді түсіндіруге, олардың заңды білмегендігі өздеріне зиян келтіруге пайдаланылуы мүмкін болмауы үшін, жасалған нотариаттық іс-әрекеттерінің салдарлары жөнінде ескертуге;

3) кәсіптік қызметін жүзеге асыруға байла­нысты өзіне белгілі болған мәліметтерді құпия ұстауға;

4) Қазақ­стан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтін жағдайда нотариаттық іс-әрекеттер жасаудан бас тартуға;

5) кәсіптік әдепті сақтауға;

6) әділет органына және (немесе) нотариаттық палатаға өз іс-әрекеттеріне түскен шағымдар бойынша өзі жасаған нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер, өзге құжаттар, ал қажет болған жағдайларда жеке түсініктемелер, онын ішінде кәсіптік әдеп талаптарын сақтамау мәселелері жөнінде түсінік­темелер беруге міндетті.

Нотариус мынандай  нотариаттық іс-әрекеттер жасайды:

1) мәмілелерді куәландырады;

2)шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттарын куәландырады;

3) мұраға сенімгерлік басқарушыны тағайындайды;

4) мұраға құқық туралы куәліктер береді;

5) ерлі-зайыптылардың және ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар өзге адамдардын ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куәліктер береді;

6) мүлікті иеліктен алуға тыйым салады және салынған тыйымды алып тастайды;

7) құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландырады;

8) құжаттарға қойылған қолдын түп нұсқалығын куәландырады;

9) құжаттардың бір тілден екінші тілге дұрыс аударылғанын куәландырады;

10) азаматтың тірі екендігі фактісін куәландырады;

11) азаматтың белгілі бір жерде болу фактісін куәландырады;

12) құжаттардың берілген уақытын куә­ландырады;

13) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін бас­қа жеке және заңды тұлғаларға береді;

14) ақшаны депозитке қабылдайды;

16) вексель наразылықтарын жасайды;

17) сақтауға құжаттар және бағалы қағаздар қабылдайды;

18) теңіз наразылықтарын жасайды;

19) дәлелдемелерді қамтамасыз етеді.

Елді мекенде нотариус болмаған жағдайда аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі аппаратының нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға уәкілетті лауазымды адамы мынадай нотариаттық іс-әрекеттер жасайды:

1) өсиеттерді куәландырады;

2) сенімхаттарды куәлан­дырады;

3) құжаттар көшірмелерінің және олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландырады;

4) өтініштерге қойыл­ған қолдың түп нұсқалығын куәландырады;

  1. Қазақстан Республикасының заң актілерінде жергілікті атқарушы органның ла­уазымды адамдары жасайтын өзге де нотариаттық іс-әрекеттер көзделуі мүмкін.

Нотариаттық палата жеке практикамен айналысатын но­тариустардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау үшін, сондай-ақ нотариаттық іс-әрекеттер жасау кезінде нотариат туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау үшін құрылатын коммерциялық емес, кәсіптік, өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады. Нотариаттық палатаның қызметі осы заңмен және жарғымен реттеледі. Қазақстан Республикасының әрбір облысы, республикалық маңызы бар қалалары мен астанасы аумағында бір нотариаттық палата құрылады.

Нотариаттық палатаның өкілеттігі:

1) жекеше нотариустерге жалпы басшылық жасап, олардың қызметін үйлестіріп отырады;

2) мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіреді және қорғайды, нотариаттық істі дамытуға оларға көмек көрсетіп, жәрдем береді;

3) жекеше нотариустар нотариаттық іс-әрекеттер жасау кезінде нотариат туралы заңдардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

4) жекеше нотариустың лицензиясының күшін тоқтата тұру, кері қайтарып алу және тоқтату туралы ұсыныс енгізеді;

5) нотариаттық іс-әрекет жасау нәтижесінде зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруды ұйымдастырады;

5-1) жекеше нотариустардың өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы және жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы заңдарының өзге де талаптарын бұзу жағдайлары тура­лы аумақтық әділет органдарын хабардар етеді;

6) жекеше нотариустарды сынақтан өткізу мен оқытуды ұйымдастырады;

7) өз мүшелерінің қызметіне байланысты істер бойынша сот белгілеген сараптама шығындарын өтейді;

8) жекеше нотариусты кәсіптік міндеттері мен әдепті бұзғаны үшін нотариустың ар-ождан кодексіне сәйкес жауапқа тартады;

9) жекеше нотариус­тардың қызметтік іс-әрекеттеріне азаматтар мен заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін қарайды.

Қазақстан Республикасының әділет органдары (бұдан әрі — әділет органдары), өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңы мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін атқарушы билік органдары болып табылады.

Әділет органдары қызметінің құқықтық негізі. Әділет органдары қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Әділет органдары туралы 2002 жылғы 18 наурыздағы заңмен өзге де нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрайды.

Әділет органдарының міндеттері:

1) жалпы мемлекеттік даму стратегиясын әзірлеу мен іске асыруға қатысу, заң жобасы жұмысын жүргізу, заңдарды талдау, жетілдіру, жүйелеу, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заң сараптамасын жүргізу арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін, Қазақстан қоғамы мен мемлекетінің тұрақты және қарышты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдар­ды қалыптастыруға қатысу;

2) Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау және Республиканың дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайту мақсатында, соның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау мен жасасу жолымен оның халықаралық аренадағы қызметін құқықтық жағынан қамтамасыз ету;

3) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүліктің құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді, жылжымалы мүліктің жекелеген түрлерінің кепілдерін, орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік есебін жүргізуді және оларға бақылау жасауды жүзеге асыру;

4) құқықтық көмекті және заң қызметін көрсетуді ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету;

5) сот-сараптама қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру;

6) қылмыстық жазаларды атқару, қылмыстық жаза атқару органдары мен мекемелеріне құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтама­сыз ету;

6-1) сотталғандардың түзелуін ұйымдастыру;

6-2) сезіктілердің, айыпталушылардың және сотталғандардың, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету;

7) санаткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

8) әділет органдарының құзыретіне жатқызылған қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды жүзеге асыру және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңға сәйкес іс жүргізу;

9) Қазақстан Республикасы­ның азаматтарына жеке куәліктер мен паспорттар құжаттамалауды және беруді жүзеге асыру;

10) азаматтарды есепке алуды және тіркеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асыру;

11) өздеріне Қазақстан Республи­касының заңдарымен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.

Әділет органдарының қызметі:

1) зандылық;

2) қорғалу құқығын қамтамасыз ету, баршаның заң алдындағы теңдігі, адам­ның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау;

3) жариялылық, құқық қорғау органдарымен және басқа да мемлекеттік органдармен, өзге де ұйымдармен және лауазымды адамдармен өзара іс-қимыл жасау;

4) саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметіне тәуелсіз болу;

5) гуманизм, демократия, қылмыстық жаза атқарудың жіктелуі мен дербестендірілуі, қылмыстық жазаны түзету ықпалымен ұштастыру;

6) әділет органдары жүйесінің біртұтастығы қағидаттарына негізделеді.

Әділет органдарының біртұтас жүйесі:

1) Қазақстан Респуб­ликасының Әділет министрлігін; Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің комитеттерін; аумақтық әділет органдарын; қылмыстық-атқару жүйесінің органдарын қамтитын әділет органдарынан;

2) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен (ұйымдарынан) және өзге де бағынысты ұйымдардан құралады.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін, Республика Премьер-Министрінің ұсынуымен Республика Президенті құратын, қайта ұйымдастыратын және тарататын орталық атқарушы орган болып табылады. Әділет министрлігін Республика Премьер-Министрінің ұсынуымен Республиканың Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.

Әділет органдары заң жобасы жұмысын жүргізу, заңдарды жетілдіру саласында мынадай міндеттерді жүзеге асырады:

1) заң жобасы жұмысы, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;

2) нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заң сараптамасын жасау;

3) заң жобалары, сараптама, ғылыми-зерттеу жұмыстарын және консультацияларды жүзеге асыру үшін, осы мақсаттарға бюджеттік және өзге де қаражаттарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, оның ішінде шет ел мамандары мен сарапшыларын тарту;

4) Республика Үкіметі мен Премьер-Министрінің тапсыруымен және өз бастамасы бойынша Үкіметтің нормативтік құқықтық актілеріне Ресми түсіндірме беру;

5) құқықтық ақпараттандыру, заңдарды жүйелеу, нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкін жүргізу, Қазақстанда құқықтық ақпараттың бірыңғай компьютерлік жүйесін жүргізу;

6) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың заң саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестіру;

Әділет органдары халықаралық шарттарды құқықтық қамтамасыз ету, шетелдік құқықтық көмекті үйлестіру саласында мынадай міндеттерді жүзеге асырады:

1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шет мемлекеттермен құқықтық көмек және құқықтық ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар­ды дайындау, жасасуды және орындауды ұйымдастыру;

2) Қазақстан Республикасының кепілдігімен жасалатын заем шарттарына заң сараптамасын жасау;

3) халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің сот тапсырмалары мен өтініштерін орындау;

4) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің заңдарын үйлестіру, бір ізге түсіру, сондай-ақ Қазақстан таныған халықаралық нормаларды Қазақстан Республикасының заңдары­на имплементациялау мәселелері бойынша талдау жүргізу;

5) санаткерлік меншік құқықтарын өзара қорғау туралы халық­аралық шарттарды дайындау мен жасасуға, осындай шарттарға қол қоюға белгіленген тәртіппен қатысу;

6) халықаралық шарттардың жобаларына заң сараптамасын жасау.

Әділет органдарының сот сараптама қызметі, анықтау жөне әкімшілік іс жүргізу саласында мынадай міндеттерді жүзеге асырады:

1) сот сарапшылары кадрларын іріктеу және орналастыру;

2) сот сараптама қызметін ұйымдастыру және сот сарапшыларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен лицензиялар беру;

3) мемлекеттік сот сараптама ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

4) сот сараптамасы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестіру;

5) әділет органдарының құзыретіне жатқызылған қылмыстар ту­ралы істер бойынша анықтауды жүзеге асыру;

6) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестіру;

7) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді заңға сәйкес жүзеге асыру.

Әділет органдары мемлекеттік тіркеу саласында мынадай міндеттері жүзеге асырады:

1) орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, мәслихаттардың, әкімияттардың және әкімдердің нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу;

2) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, сондай-ақ заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін және филиалдар мен өкілдіктердің тізілімін жүргізу;

3) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәліктер мен паспорттар құжаттамалау, әзірлеу және беру, азаматтарды есепке алу және тіркеу;

4) мемлекеттік органдардың тіркелген нормативтік құқықтық актілерінің тізбесін жалпы жұрттың назарына жеткізу үшін жариялау;

5) жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу, жылжымалы мүліктің құқықтық кадастрын жүргізу, оның кепілін тіркеу және жылжымалы мүлік кепілінің тізілімін жүргізу.

Әділет органдары құқықтық көмекті ұйымдастыру және заң қызметін көрсету саласында мынадай міндеттерді жүзеге асырады:

1) мемлекеттік нотариат кадрларын іріктеу, аттестаттау және орналастыру, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен адвокаттар мен нотариустарға лицензия­лар беру, оларды қайтарып алу, тоқтата тұру және тоқтату;

2) мемлекеттік нотариат кеңселерінің қызметіне басшылық жа­сау, жеке нотариаттың дамуына жәрдемдесу, жасалған нотариаттық әрекеттердің заңдылығы мен мемлекеттік және жеке нотариустардың іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылау;

3) нотариаттық және адвокаттық қызметті лицензиялау, адвокаттық қызметке байланысты емес ақылы заң қызметін көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау, мүлікті бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау;

4) азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының қызметін, Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәліктер мен паспорттар құжаттамалау мен беруді қамтамасыз ету;

5) орталық атқарушы органдардың заң қызметінің жұмысын үйлестіру және оған әдістемелік басшылық жасау, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері аппараттарының заң қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау;

6) нотариат кеңселерінің, азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының, адвокатураның жеке және заңды тұлғаларға көрсететін заң қызметінің сапасын бакылау;

7) азаматтық хал актілерін жазу, құжаттамалау органдарының кадрларын аттестаттау, іріктеу және орналастыру, осы органдарға ұйымдастырушылық, әдістемелік басшылық жасау, олардың қызметінде бірыңғай құқық қолдану іс-тәжірибесін қамтамасыз ету;

8) әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.

Әділет органдары құқықтық насихат саласында мынадай міндеттерді жүзеге асырады:

1) құқықтық насихатты ұйымдастыруды ведомствоаралық үйлестіру, заңдарға түсіндірме беруге қатысу;

2) эталондық заң актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, ақпараттық және анықтамалық-әдістемелік материалдарды шарт негізінде, оның ішінде құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесін пайдалана отырып беру;

3) заң әдебиеті, құқықтық насихат проблемалары жөніндегі әдебиет тапсырысшысы.

Қылмыстық-атқару қызметі саласында әділет органдары мынадай міндеттерді жүзеге асырады:

1) соттардың сотталғандарға қатысты үкімдерін, қаулылары мен ұйғарымдарын орындау, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазаны өтеудің заңнамада белгіленген тәртібі мен шарттарының сақталуын қамтамасыз ету;

2) сезіктілер мен айыпталушыларды қарап ұстау;

3) соттардың үкімдеріне, қаулылары мен ұйғарымдарына сәйкес сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне орналастыруды ұйымдастыру;

4) сотталғандарға түзеу ықпалын, соның ішінде психологиялық-педагогикалық әдістерді қолдану арқылы жүзеге асыруды ұйымдастыру;

5) сотталғандардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру;

6) қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелерін күзету, олардағы шұғыл жағдайды бақылау, қызметкерлердің, сезіктілердің, айыпталушылардың және сотталғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, күзетпен алып жүру;

7) сотталғандарды босатуға дайындау жөніндегі жұмыстың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету, рақымшылық және кешірім жасау актілерін атқару, қылмыстық-атқа­ру жүйесі мекемелері мен органдарының сотталғандардың түзелу нәтижелерін нығайту, оларды еңбекке орналастыру және тұрмыстық жайластыру жөнінде басқа да құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

8) жедел іздестіру қызметін және анықтауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастыру мен жүзеге асыру;

9) сотталғандардың жалпы білім алуы мен кәсіби оқуын ұйымдастыру;

10) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын және денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету;

11) қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

12) қылмыстық-атқару жүйесін дамыту, нығайту мен жетілдіру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;

13) қоғамдық және діни бірлестіктерді қылмыстық-атқару жүйесінің қызметіне тарту;

14) қызметкерлердің қәсіби даярлығын, құқықтық және әлеуметтік қорғалуын қам­тамасыз ету;

15) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қылмыс­тық-атқару қызметі саласындағы ғылыми зерттеулерін үйлестіру.

Әділет органдары санаткерлік меншік құқықтарын қамтама­сыз ету саласында мынадай міндеттерді жүзеге асырады:

1) санаткерлік меншікті қорғау саласындағы заңдардың қолданылу практикасын қорыту, сондай-ақ осы саладағы заңдарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

2) санаткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен басқа да жұмыстарды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету;

3) санаткерлік меншік объектілерін қорғау және пайдалану мәселелері жөніндегі халықаралық ынтымақтастық;

4) туындыларды пайдаланушылардың авторлық құқық пен сабақтас құқықтар нормаларын сақтауына және авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды қорғау саласындағы халықаралық шарттардың орындалуына байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу;

5) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқарушы ұйымдардың қызметін бақылау;

6) ресми тізілімдерде авторлық құқықты тіркеу;

7) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқарушы ұйымдардың және туыңдылар мен сабақтас құқық объектілерін пайдаланудың тиісті әдістерін пайдаланушылардың арасында жасалған лицензиялық шарттарды тіркеу, мемлекеттік тіркеу куәліктерін беру;

8) туын­дыларды пайдалану құқықтарының импорты мен экспортын ұйымдастыруға жәрдемдесу;

9) өнеркәсіптік меншік объектілеріне, селекциялық жетістіктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына қорғау құжаттарын беруге түскен өтінімдердің тіркелуін қамтамасыз ету;

10) қорғау құжаттарын беруге түскен өтінімдерге сараптама жүргізуді ұйымдастыру, өнеркәсіптік меншік объектілерінің, селекциялық жетістіктердің, интеграл­дық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімін жүргізу, қорғау құжаттарын беру және оларды күшінде ұстау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

11) патенттік іс саласын­дағы сараптаманы жүзеғе асыратын мемлекеттік ұйымдардың қызметін бақылау;

12) өнеркәсіптік меншік объектілерін, селекциялық жетістіктерді, интегралдық миқросхемалар топологияларын пайдалануға арналған лицензиялық шарттардың, ашық лицензиялардын және қорғау құжаттарын басқаға беру шарттарының тіркелуін қамтамасыз ету.

Қаржы полиция агенттігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 22 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен құрылды. Қаржы полициясы агенттігі бұрынғы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Салық полициясы комитеті мен Салық полициясының таратылуының негізінде құрылды. Қаржы полициясы агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган. Қаржы полиция­сы агенттігіне экономика және қаржы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі міндеттерді орындау жүктелген.

Қазақстан Республикасының кеден органдары — өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында кеден саясатын іске асыруға қатысатын және кеден ісін, Қазакстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңдарына сәйкес жедел іздестіру қызметін тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Респуб­ликасының заң актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді атқаратын мемлекеттік органдар.

Қазақстан Республикасы кеден органдарының бірыңғай жүйесін:

1) кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган;

2) ке­ден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері);

3) кедендер;

4) кеден бекеттері;

5) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттері;

6) мамандандырылған кеден мекемелері құрайды.

Кеден органдарының қызметі:

1) заңдылық;

2) заң алдындағы қорғалу мен теңдік құқығын қамтамасыз ету, сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтарын құрметтеу мен сақтау;

3) жариялылық қағидаттарына құрылады.

Кеден органдарының міндеттері:

1) Қазақстан Республикасы­ның кеден саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

3) орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасы­ның кеден және өзге де зандарының сақталуын қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты Қазакстан Республикасының заңдарында белгіленген тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларының сақталуын камтамасыз ету;

5) сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;

6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден ісі саласындағы құқық бұзушылыққа қарсы күресу;

7) кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асыру және жетілдіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге жәрдемдесетін жағдайлар жасау;

8) өз құзыреті шегінде валюталық бақылауды жүзеге асы­ру;

9) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету және Қазақстан Республи­касының кеден ісі саласындағы халықаралық шарттарын әзірлеуге катысу; шет мемлекеттердің кеден және өзге де құзыретті органдарымен, халықаралық ұйымдармен кеден ісі мәсе­лелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру;

10) бірыңғай бюджет саясатын іске асыруға, кеден органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтік базасын дамытуға қатысу;

11) өз кұзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздікті қорғау, адамның өмірі мен денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;

12) Қазақстан Республи­касының мемлекеттік шекарасында радиациялық бақылау жүргізу;

13) Қазақстан Республикасының заң актілеріңде көздел­ген өзге де міндеттерді орындау болып табылады.