Жұмыс барысындағы потенциалды қауіптер қатерлерін талдау

Шаруа қожалығындағы рационалды санитарлық-техникалық жағдайларды жасау — маңызды мәселе, еңбек ұжымдарының денсаулығы, қауіпсіз жағдайлар, еңбектің өнімділігі және жалпы өндіріске байланысты. Өндірістік бөлмелерге жұмыс орындармен зоналарға, (сонымен қатар микроклиматқа койылатын жалпы санитарлық-техникалық талаптар санитарлық нормалары мен ережелерде және өнеркәсіпті жобалаудағы санитарлық нормаларда көрсетілген. Қожалықтың орналасу алаңын халық орналасу орының дамуын негізгі жоспарынан таңдап алынды. Алаңның өлшемдері санитарлық-құрылыстық нормаларына және өнеркәсіпті мүмкін болатын ұлғаю көрінісіне сәйкес келетін өлшемдер алынды. Алаң құрғақ, суға батпайтын, күнмен жарықтанатын, табиғи желдетілетін, беті салыстырмалы тегіс және ағынды суға бұрылатын судың қасында орналасқан Көліктің кіріс жолын, жақындауын еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін, сонымен бірге өртке қарсы қорғаныс шарттарын орындау арқылы қамтамасыз етілген.

Санитарлық зонада өндірістік зиянды қалдықтарды шығармайтын және шу шығармайтын және өрт қауіпі технологиялық процесстері бар өнеркәсіптер орналастыруға рұқсат етілмеді. Шаруа қожалығы жұмысшыларының еңбегін қорғауда шығатын есігін, өтетін жолдар мен алаңдардың жоспары мен құрылысы дұрыс болуы өте маңызды болған үшін осы жағдайлар қарастырып жасалған.

Шаруашылықта өртке қарсы шаралар мыналар

Олар құрылыс, эксплуатационды, санитарлық-техникалық және өртке

қарсы талаптарға,жер сілкінісі сел басу сияқты т.б. апаттарға сай келген

  • Мал ұстайтын қора аумағынан шамамен 500 м қашықтықта жері аударылып тасталған; себебі- өрт қораға өтіп кетпес үшін.
  • Егер мал қорада өрт бола қалған жағдайда арнайы малдарды алып шығатын артықша есіктер жасалынған.
  • Өртті өшіретін су қондырғылары құрылып қойған (үлкен шамамен 5т-10т су бөшкелері)
  • Сонымен қатар өрт сөндіруге арналған ПГ-50, ПН-100 деген көбік генераторларыда бар.
  • Арнайы өрт сөндіру орны жасалған онда құм, күректер,шелек,өрт сөндіргіштер қойылған.

1)Қожалықтың мал ұстайтын болсын және сол жердегі тұратын адамдардың үйлері болсын барлығыда түгел дерлік жер сілкінісі жағдайларына сай етіп жасалынған.

2) Мал ұстайтын қоралар салынар алдында қабырғалары арнайы өлшеулермен жасалынды.

3) Жер сілкінісі болған жағдайда сол жердің адамдары мен малдарын шығарып қауіпсіздік орнату үшін арнайы алаңқайлар жасалынды сол маңнан.

4) ЖТП-жылдам тұрғызылатын 200-кісілік панаханалар салынған.