Кәсіпшілік қауіпсіздікті денсаулыққа әсерін басқару және бағалау

Қазақстан Республикасында аудандар бойынша мүйізді ірі қара малдың тейлерозы үлкен шығынға әкеп соғуда. Мал иксод кенесінің шықанынан ауруға шалдығады, қан арқылы шығатын бұл аурудың өлім – жітімі орта есеппен ересек малдарда 65-70%, ал төлдердің ішінде 80%-ді құрайды. Солма ауруын Қазақстан жағдайында зерттегенде бұл екі түрінің ерекшелігі әлгінде айтқандай болмай шықты. Солманың бұл екі түрінің зияндылығына және солманың асқынған түрлерінің ауысып отыруына қарағанда тейлерия мутанс паразитінің Қазақстанда өз алдына жеке кездесетін паразит емес, тек тейлерийдің зияны кемдеу, яғни тейлерия аннулятаның бір түрі екендігі байқалады.

Эпизоотологиялық зерттеулердің және Қазақтанның түрлі аудандарында кездесетін солманың жұқтырып тәжірибе жасаудың нәтижесінде республикамызда тейлерийдің зиянды бес түрі анықталған. Соның ішінде аса зиянды түрлерінің Шымкент және Қызылорда облыстарының шаруашылықтарында таралғаны байқалады. Солтүстікте қан сорғыш паразиттердің басқа түрлері де кездеседі. Бұлар малда әлдеқалай ғана байқалады.

Тейлерийдің зиянды түрлерінің әр түрлі екендігін әрқашан естен шығармау керек. Зияны кемдеу түрімен ауырған малды зиянды түрі жайлаған жерге ауыстыруға болмайды. Өйткені онда мал солма ауруына қайта шалдығады.

Ауру Гиалломма туысына жататын жайылым кенелері (көбіне Гиалломма детритум және анатоликум) тасымалдайды. Кененің сілекеймен паразит мал денесіне енеді де, сөлдеріне және бауыр мен талққа барады. Сонда өсіп – өніп, көбейе бастайды. Кейінірек бұл парзит бөлшектері ыдырап, қанның қызыл түйіршіктеріне енеді.

Мүйізді ірі қараның тейлериозбен ауруының алдын-алу мақсатында ұйымдастыру шаруашылық және емдік алдын-алу шараларының кешенді жүргізу қажет.

  1. Шаруашылық субьектілерінің басшылары аурудың тасмалдаушылары-кенелермен жанасуын болдырмайтын жағдайда малдарды ұстау қажет, ол үшін:

1) ауыруға бейім малдарды кенелерден таза қораларда ұсталуын қамтамасыз етеді;

2) тейлериоздан қолайсыз пунктте немесе шаруашылық субьектісінде бейім малдарды қорада және қорада-лагерьде күтіп-бағуды немесе жоғары таулы жайылымдарда жаюды ұйымдастырады.

5.Сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринарлық инспекторы келесіні жүзеге асырады:

1) тейлериоздан қолайсыз пунктте немесе шаруашылық субьектісінде сол жердің эпизоотиялық жағдайын ескере отырып, кенелерге қарсы және тейлериозға қарсы кешенді шаралар жоспарын жасайды;

2) сол жерде мекендейтін тасымалдаушы-кенелердің түрлерін анықтайды;

3) кенелердің таралу картасын олардың малдарды щағу мерзімін ескере отырып жасайды.

  1. Ауруды жою шаралары
  2. Тейлериоз анықталған қолайсыз пунктте немесе шаруашылық субьектісінде сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринарлық инспекторының рұқсатынсыз малдарды қайта топтастыруға және енгізуге болмайды.
  3. Мал қоралары мен малдарды кенелерге қарсы өңдеу үшін, сондай-ақ тейлериоздың алдын-алу мен оны емдеу үшін Қазақстан Республикасы ветеринарлық препараттардың мемлекеттік реестрінде тіркелген ветеринарлық препараттарды, қолдану нұсқауларына сәйкес, қолданады.
  4. Малдарды кенелерге қарсы өңдеуді жергілікті жердің температуралық шарттарына және кенелердің белсенділігіне байланысты жетісіне бір рет наурыз-қыркүйек айларында, екі жетіде бір рет қазан-қараша айларында және айына бір рет желтоқсан-ақпан айларында жүргізеді.
  5. Наурыз-қыркүйек айларында малдарды өңдеу үшін дымқыл әдісті қолданады, шашу немесе ванналарда тоғыту.
  6. Кенелерге қарсы мүйізді ірі қара, жылқы және түйелер өңделеді.
  7. Тейлериозбен ауру малдарды емдейді, байлауда ұстайды және азықтандыру жақсартады. Рационға жаңа шабылған шөпті немесе жақсы пішенді (қажетінше) және жеңіл қортылатын концентрацияланған жемді (кебек, комбикорм) қосады. Малдарды тәулігіне үш реттен кем емес суару қажет. Малдың дене қызуының жоғарылауымен өтетін аурудың ауырлауы кезеңінде рационнан концентрацияланған жемдерді алып тастау қажет. Емдеудің алғашқы күнінен бастап симптоматикалық және патогенетикалық заттар қолданылады.