Ботулизм реферат

Ботулизм (Botulismus) – жіті өтетін, орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануы, жұтқыншақтың, тілдің, төменгі жақтың және борша еттердің салдануы арқылы ерекшеленетін ауру.

Тарихи деректер. Кернер 1820-1822 жылдары шұжықтан уланған  адамда аурудың белгілерін сипаттап, шұжықта у пайда болатынын, оның минералдық және өсімдік уларынан айырмашылықтары бар екенін анықтады. 1897 ж. Ерменгем қақталаған еттен спора түзетін ауасыбағасыз бактерия бөліп алды. Бұл микробты сол еттен уланып өлген адамның көк бауыры мен ішегінен де тауып, оны Bacillus botulinus (лат. botulus – шұжық) деп атады. Жануарлардың ботулизмі туралы деректер 20 ғ. басында алынды.

Қоздырушысы – Clostridiun botulinum — грамон, токсин және спора түзетін, қозғалмалы анаэроб, тұрқы таяқша тәріздес (4-9 х 0,5-1,2 мкм). Өзіне қолайсыз жағдайда, қоректік заттар аз болғанда рН 6-дан жоғары, жағымсыз температура жағдайында, қоректік ортада, суда, топырақта, басқа да ортада, бір жақ ұшына қарай орналасқан ірі, сопақша келген спора түзеді. Спорасы бар таяқша тенис ракеткасына ұқсас келеді.

Бұл микробтың денесінде О- және қылшасында Н-антигендері болады. О-антиген бұл микробтың түріне ортақ, ал Н-антигені және бөліп шығаратын токсиндеріне қарай қоздырушы 7 сероварға бөлінеді: А, В, С (С1, С2), Д, Е, Ғ және G. Антигендік ерекшеліктері әсіресе А, В және Е тинтері түзетін гоксиндерде күшті байқалады, ал С және Д типтерінде біраз бәсеңдеу келеді. Е және Ғ токсиндері токсинге қарсы типтік қан сарысуымен бір-бірімен айқыш реакция береді. Токсиндердің мұндай ерекшеліктерінің серотерапия және вакцинапрофилактика үшін маңызы бар. Адам үшін А, В және Е сероварлары аса уытты. Жылқының ботулизмі В, сирегірек А және С типтері арқылы, ал сиыр, қой мен ешкіде – С және Д, күзенде – С, құста С, А және В типтері арқылы болады.

Ботулизм клостридиясының көбеюі және токсин бөлуі үшін ең қолайлы жағдай 18 ден 38° С дейінгі жылылық, бейтарап немесе сәл сілтілік реакция (рН 7,0-7,6). Жемшөпте рН 3-4 жағдайында, 5-10 % ас тұзы, нитриггер, бос май қышқылдары және антибиотиктер болған жағдайда микроб өсіп өнбейді.

Төзімділігі. Ботулизм клостридиясының споралары жоғары температураға өте төзімді. 100° С кезінде тек 5 сағ. өткенде, 1050 C — 2 сағ. кейін. 1200С – 10 мин өледі. Ультракүлгін және гамма сәулелері қабаттаса әсер еткенде зарарсыздандыру нәтижесі жақсы болады. Химиялық заттар спораның өнуін тоқтатады.

Ботулизм токсині сұйық ортада қайнатқан кезде 15-20 мин. ал тығыз ортада (ет, балық, жем) 2 сағ. өткенде күшін жояды, сонымен бірге ауаның, азоттың, көмір қышқыл газының әсерінен, сілтілігі аса жоғары ортада (рН 8,5-тен артық) иондағыш сәуле мен тура түскен күн сәулесінің әсерінен белсенділігін жояды. Протеолиздік ас қорыту ферменттері токсинді ыдырата алмайды. Астық дәнінде 3 айдан артық сақталады.