Іле ойысының климаты мен ішкі сулары

Іле ойысының климаты құрғақшылығымен және де ерекше континентальдығымен ерекшеленеді. Іле ойысының Евразия материгінің ішіндегі гидрографиялық орналасу жағдайымен анықталады, осыған орай оның мұхиттар мен теңіздерден мыңдаған километрден қашық жатқандығы, төменгі ендік жағдайы, сондай — ақ атмосфералық айналым жағдайларын ескеруге тура келеді /12/. Климат қалыптасуында жер бедерінің атқарар ролі аз емес: аталмыш аудан Жоңғар Алатауы және Іле алатауы, екі ірі тау жүйелерінің тау аралығында орналасқан. Іле ойысындағы климат жазда жартылай шөлді, ыстық, құрғақ болса, қыста суық. Тауларға қарай жақындаған сайын ылғал мөлшері артады, ауа температурасы төмендейді және атмосфералық қысым деңгейінің азаюы байқалады. Бұл аймақтың барлық жерінде жазда ыстық және құрғақ, ал қыста Іле ойысының Қазақстанның оңтүстік ендігінде жатқандығына қарамастан өте қатаң.

Жылы уақытта атмосфералық қысым деңгейі континенттік жалпы жылынуы әсерінен және орта — азиялық барлық минимумның әсерінен төмендейді. Іле ойысындағы желдер жылдамдығы әртүрлі, біршама әлсіз желдер тау етегінде байқалады(1,5 м/сек) яғни қай жер тымық болса, сол жерде көп болады. Солтүстікке қарай жел жылдамдығы арта түседі. Желдің бағыты алқаптың бағытына және бастауыш алқаптар бағытына сай, сондай — ақ атмосфералық қысымға тәуелді.

Ойыстың оңтүстік-географиялық жағдайы ауа температурасының салыстырмалы жоғары болуын қамтамасыз етеді. Жалпы алғанда бұл аймаққа аязсыз кезеңнің ұзақтығы яғни 139 күннен 181 күнге дейін созылу тән. Температуралық режимнің теріс жақтары, кей кездердегі суық ауа массаларының енуі салдарынан байқалады. Бұл кезде ерте көктемдік және кеш көктемдік үсіктердің өсімдіктер үшін, әсіресе, жемістік дақылдар үшін айтарлықтай қатер туғызатындығын айтпаса да түсінікті.

Жазда ауа температурасы барлық жерде жоғары 36-43. Күз барлық жерде салыстырмалы түрде ұзақ, жылы. Күндізгі температура 25-30 дейін жетсе де, түнде үсіктер жүруі байқалады. Қазан айының басында тәуліктік амплитуда 15-20 жетеді /13/.

Қараша айында тау етегіндегі бөліктердегі орташа температура әлі де оң белгі көрсетеді (0,3-2,8), ал жазық жерлерде теріс белгі температурамен (-0,8; -2,9) ерекшеленеді.

Температура минималдық деңгейге қаңтар айында жетеді. Орташа қаңтардағы ауа температурасы солтүстік ауданда 9,3-13,8 дейін төмендесе, тау етегіндегі аудандарда 5,4-8,8 дейін төмен болады.

Көктем ауа температурасының тұрақсыздығымен ерекшеленеді. Бұл кезенде суық өте жиі қайталанады. Наурызда аймақтың солтүстік — батыс бөлігінде минималдық температура 31 дейін төмендейді. Ал орталық және оңтүстік бөліктерде 24-26 дейін. Сәуірде орташа температура барлық аймақта оң белгі және салыстырмалы түрде жоғары 10-13.

Абсолюттік максимум 30-34 жетеді. Ойысқа ылғалдың аз болуы тән. Ылғал жылына орта есеппен 200 — 250 мм түседі.

Ілс өзенінің басейіні өте ауқымды ауданды алып жатыр. Ойысы мен оны көмкерген  Солтүстік Тянь — Шань мен Жоңғар Алатауының біршама бөлігін алып жатыр. Мұздықтар сулары Іле өзенінің бастауы болады және оның көптеген салалары салаларымен болысып отырады. Мұздық өзендердің су режимі екі түрлі көктемгі жеке жазғы тасқындармен сипатталады, айта кетерлік жай жазғы тасқын суы көктемгіге қарағанда көбірек. Көктемгі тасқын, тау етектерінің және тау қарларының еруімен, ал жазғы тасқын, таудың ұшар басындағы қарлар мен мұздықтардың еруіне байланысты.Ыстық жазғы кезенде Іле және оның ірі салаларының су мөлшері артады, бұл салаларға жақын жатқан аудандардың суармалы шаруашылығы үшін өте маңызды.

Іле өзенінің бассейнінде өзендердің тағы тау етегіндегі және жазықтағы деген екі түрі ажыратылады. Тау етегіндегі өзендер жауын -шашын есебінен толысады, және олар суару үшін қолданылады. Жазықтық өзендерге жерасты суымен толысып отыру тән.

Іле өзені өте үлкен ауданнан су жинап отырып, біздің еліміздің аумағында көп сулы өзендердің қатарына енеді. Ол өзінің сулы шаруашылық көрсеткіштері бойынша Ертіс пен  Сырдариядан кейінгі орында тұрды.