Іле ойысының жер бедерінің геомофологиялық типтері

Іле ойысын қоршап тұрған Іле және Жоңғар Алатаулары ойысқа өте үлкен сатылар түріндегі сатылы жылжымалар мен кертпештер есебінен еңістейді. Жекелеген сатылар жер бедерінің түрлі типтерімен сипатталатын вертикалдық аймақтықпен тығыз байланысты. Аймақтын жалпы орографиялық кескінінде Іле ойысының жазықтары айқын бейнеленген, орта есеппен теңіз деңгейінен 800 м төмен орналасқан төменгі немесе жазықтық қанаттан тұрады.

Жазық аумағында екі геоморфодогиялық аймақтар белгіленеді:

  1. ысырынды конустар аймағы
  2. тау бөктеріндегі аккумулятивтік жазық аймағы.

Сулы аккумулятивтік жер бедері. Ысырынды конустар аймағы. Тау сағаларында, Іле ойысында өтетін өзендер және ұсақ өзендердің көп бөлігінде, қоршаған таулар мен Іле Алатауының Кетмен өзенінің солтүстік баурайындағы үстірттерде, веер тәріздес кеңейтін, жігі кірігіп кететін және ойыстың барлық тау көтерілулер етегінде үлкен шлейф түзейтін ысырынды конустар орналасқан.

Ысырынды конустар тау бектеріндегі жазықтың ең биік және тік құлама бөлігі болып табылады. Іле Алатауының етегіндегі, Іле өзенінің сол жақ жағалауындағы ысырынды конустар аймағының абсолюттік биіктігі 700-800 м, орташа еңістенуі 3°, Жоңғар Алатауының етегіндегі, Іленің оң жақ жағасындағы шығару конустарының келбеті мүлде бөлек, бұл жерде абсолюттік биіктік 600 м-ден 1400 м-ге дейін төмендейді, бұл біршама құрғақ климаттық жағдайлармен және оң жақ жағалаудың біршама жоғары гипсометриялық жағдаймен байланысты. Бұл жерде сонымен бірге беткейдің еңістенуі де сол жақ жағалауға қарағанда артық.

Айтарлықтай ежелгі ысырынды конустар өте күшті су шаюға ұшыраған және қазіргі кездегі конустар астынан бой көтерген, терраса тәрізді беттер түрінде сақталған, олар төменгі прилавкалар деген атпен белгілі. Қазіргі ысырынды конустардағы шөгінділер өз кезінде жаңа төрттік кезенде салынған және біршама ежелгілермен салыстырғанда алға жылжыған, осы көрінісі бойынша су және дельтаң миграцияларын бақылауға болады.

Ысырынды конустар аталған аймақта өзіндік және жалғыз ғана рельеф типін құрайды. Ірі конустар дамыған жерде бұл сүйрелме сәл доңесті жазық Дерлік жер бедеріне ие, ал кішкене және кірікпейтін ысырынды конустар дамыған жерде сүйрелмелер ірі толқынды, дөңес, бет көрінісі қарапайым бөктер түрінде ие, аласарулармен, кейде көршілес конустардың бүйір бөліктеріндегі көлбеу баурайлармен бөлінген болады.

Конустың жоғарғы бөліктеріндегі беткей келбеулігі 5 тен 8°-қа дейін, түп негізіне қарай бөлбеулену 3-4° дейін азаяды. Бұл жерде конустар біртіндеп тау етегіндегі көлбеу жазықтарға ауысады.

Тау етегіндегі аккумулятивті жазықтық. Іле ойысына тән және негізгі жер бедер түрі болып аккумулятивтік жазық есептеледі. Ол өзінің әр түрлі бөліктерінде толық мәнінде біртекті түзілістерден құралмаған және жасына, гипосометриялық жағдайына, жыныстар литологиясына байланысты морфологиялық айырмашылықтары бар. Ол ысырынды конустардан төмен орналасқан және Іле ойысының есіне еңкіш жатыр, абсолюттік белгілер бұл жерлерде 500-480 м-ге дейін төмендейді /21/.

Екінші аккумулятивтік кезең шөгінділерінен кейін үшінші мұз басу аралық ғасырында жазықтың орталық және шығыс бөлігіндегі өзендер мен кішкене өзендерге таң емес таралу нәтижесіндесу шаю басталды. Осының нәтижесінде аккумуляияның үшінші этапындағы кейінірек жиналған тұнбалар арасынан шаю өнімдерінің жинақтары топтасты. Соңғыларын ертерек пайда болған аккумуляцияның екінші этапындағы алқаптар толтырды.

Төрттік шөгінділердің қалындығы Іле ойысының өсіне қарайғы бағытта қоршаған таулардан алыстаған сайын біртіндеп азаяды және Іле өзенінің маңайында жергілікті жыныстардың шығуы байқалады.

Кіріккен төрттік жыныстардың жасына сәйкес тау етегіндегі көлбеулік жазықты бірден және морфологиялық айыруға болатын шартты түрдегі жасы бойынша 3 топқа бөлуге болады:

  1. Тас бөктерлі жер бедерлі аккумуляцияның бірінші кезеңіндегі
    немесе ежелгі төрттік тау бөктеріндегі көлбеу жазық.
  2. Тегіс, мүшеленген жартасты жер бедерлі аккумуляцияның
    екніші кезеңіндегі немесе ортаңғы төрттік тау бөктеріндегі
    көлбеу жазық.
  3. Жартасты жер бедерлі, аккумуляцияның үшінші кезеңіндегі
    немесе жаңа төрттік тау бөктеріндегі көлбеу жазық.

Бүтіндей алғанда жазық жер бедері генетикалық тұрғыдан эрозиялық-аккумуляцияның, морфологиялық тұрғыда әлсіз бұйратты, аса үлкен емес төбелі және терең емес сайлы болып келеді. Кей жерлерде беткейлі тегіс, бірақта жаңа көтерілулер салдарьшан жас эрозиялық кесінділермен сипатталады.

Іле езеніншің алқаптары мен террасалары. Іле өзенінің алқабында бір жайылмалық және екі жайылма үстілік яғни үш террасалар байқалады. Алқаптың шығыс бөлігінде екі ежелгі көл террасалары бар. Жайылма алқаптың оң бойына ұласады, ал жайылма үстілік террасалардың кей жерлері шанылған, сондықтан да жырақталынады /22/.

Іле өзенінің жайылмалық немесе қазіргі террасалары сатылы құрылымға ие, биіктік жағдайы мен, беткейі мен өсімдіктерінің сипатына қарай ажыратылатын биік және аласа жайылмалар бар.

Аласа жайылма шаюдың төменгі сатысын көрсетеді. Өзендегі су деңгейінен 0,5-0,8 метр биік. Оның беткейі тегіс дерлік, өзенге қарай сел көлбеулігі бар. Жайылма типтік шалғындық өсімдіктермен көмкерілген, олардың арасында сортандар дақтар түрінде кездеседі.

Биік жайылма қазіргі терраса көрінісі, оларды тасқын сулар айтарлықтай биік жағдайда және деңгейде ғана баса алады. Аласа жайылмадан кертпеш күйінде көтеріледі, Іле деңгейінен 0,8-1,5 метр, ал өте биік болғанда 1,3-1,8 метр биіктікте жатыр. Биік жайылма беткейі әлсіз толқынды, кейде ұсақ дөңді, сондай-ақ өзенге сәл көлбеу, жуықпен барлық жерде үлпілдек сортандармен көмкерілген.

Жалпы Іле ойысына ескі көлдер мен биік қамыс басқан батпақты аймақтардың болуы тән. Жайылмалық ландшафт элементі болып тал-жиделі тоғайлар есептелінеді.

Жайылманың жалпы ені үлкен ауқымды яғни бірнеше ондаған метрден екі километрге дейін, кейде тіпті ірі салалардың құяр сағаларында бес километрге дейін жетеді.

Іле алқабындағы бірінші жайылма үстілік немесе жаңа төрттік терраса сол жақ скибне түрлі алқаптардың жекелеген бөліктерінде орналасқан. Олар астында малтатасты-құмды шөгінділер төселінген, құм және құмдақтардан құралған. Террасаның жайылмадан биікігі 4-5 метр, кей жерлерде жалаң кертпештермен үзіледі.

Көлдік террасалар. Іле алқабының шығыс бөлігінде (Шарын өзенінің шығыс дельталары) төрт террасамен шектескен төрт кертпеш байқалады. Бұл жерде жайылмалық және бірінші өзендік жайылма астылық, біршама жоғарғы екі көлдік террасалар аталған.

Алғашқы кертпеш бірінші жайылма үстілік террасаға тән. Сол жақ жағалауда Іле өзеніне жақын жатса, оң жақ жағалауда өзеннен 5-7 км қашық жатыр. Бұл жерде жайылмадан 20-30 метр көтеріледі. Бұл кертпеш Қытай жерінде басталады да, біртіндеп аласарып біздің еліміздің аумағына енеді. Бірінші кертпештің абсолютті белгілері нышандай: Акдолян өзенінде — 573 м, Қарағайлы өзенінде — 561 м, Құндызды өзенінде — 540 м /23/.

Іленің шығыс жағалауындағы аллювиалдық жазық жоғары құрылымдық жер асты суларымен, көптеген бастау көздерінің ашылуьшан күшті ылғалды аймақ түзген. Өзендер маңында ол нашар өткізетін қамыс пен ши көмкерген түнба батпақтар және саздар түзген.

Ежелгі аккумулятивтік жазық. Рельефтің аккумулятивтік пішіндері арасынан ежелгі теріс аккумулятивтік жазықты атап өткен жөн. Ол борлы, горизонталь жатқан малтатасты жұмыртастардан құралған. Оларда ағаштардың кремниленген діндері, құм, саз, топырақ кездеседі. Аздап қазан-шүңқыр тәріздес және осысымен ерекшеленетін тегіс жазықтар. іленің оң жағалауында, Қапшағай бөлігінің өзен маңындағы аласа тауларда да кездеседі.

Эолдық жер бедері. Іле өзенінің бірінші және екіншілік жайылымдар террасаларындағы аллювиалдық шөгінділер, кей жерлерде көл шөгінділері тарих бойына желдермен үзілулерге ұшырап отырды, нәтижесінде олардан спецификалық эолдық жер бедер түзілді. Ірі салаларының сағаларында әсіресе шығыс белігінде кең тараған. Эолдық жер бедер түрлі өлшемдегі адырлы пішіндерімен кескінделген (ірі, орташа, үсақ адырлы). Басқа эолдық жер бедер пішіндерінің түрі (тізбектер, бархандар). Іле алқабында рельефтің жекелеген элементтері есебінде, адырлы құмдар (арқылы) ауқымында кездеседі және өзіндік мәні жоқ. Барлық адырлар бұл жерде құм қозғалу пішіндері болып табылады /24/.

Ірі құм массивтерін Шелек өзенінің атырауларында кездестіреміз. Олардың ішіндегі ең ірі атыраулық шығыс бөлігіндегі бабақүм құмдары. Бабақұм құмдары біршама төмен гипсометрлік жағдайға ие, олар негізінен бірінші жайылма үстілік террасаға жақын және үсақ төбешікті жазықтардан тұрады. Жазықтарда кей төбешіктер кірігіп үлкен емес тізбектер қүрайды. Бұл құмды пішіндер биіктігі 3-5 метрлік сирек үлкен баурайлы және жайпақ. Құмдар батпақты бөліктермен байланысқан, аласа бұталармен, кейде шөптесін өсімдіктермен көмкерілген.

Тектоникалық-денудациялық жер бедері. Аласа таулар. Іле ойысы аумағында тектоникалық-денудациялық жер бедер типі ойысқа тән жер бедері типіне жатпайды. Оның пайда болуы барлық ойпаттың геологиялық даму тарихымен тікелей байланысты болуы керек еді. Бұл рельеф біршама жас түзіліс болып табылады. Ол қарқынды эрозиялық мүшеленген аласа таулардың мүсінді айырмашылық варианттарымен берілген. Рельефтің бұл типіне Іле ойысы аумағына бірдей және бөлшектеліп енетін таулардың бәрі жатады.

Малайсары, Арқарлы, Айғүлы, Шолақ, Дегерес, Матай, Түлкілі, Қатутау, Кіші Қалқан, Үлкен Қалқан және Ақтау оң жағалаудан, Сүғаты және Бұғыты таулары сол жақ жағалаудан.

Оларға тән ортақ заңдылық болып баурайлар ассиметриясы табылады. Оңтүстіктегі біршама тік, әрі биік, солтүстіктегі жайпақ және аласа. Мұндай заңдылық Іле ойысы таулары үшін де яғни Іле және Жоңғар Алатаулары үстірттері үшін де әділетті. Аласа таулардың структуралық жер бедері морфологиясы, бұл жерде морфогенезтің басты факторы болып тектоникалық қозғалыстар мен эрозия есептелетіндігін көрсетті.

Өзен маңы аласа таулары және Қапшағай шатқалы аласа таулардың қарқынды эрозиялық мүшеленуінің ерекше пішінін Қапшағай шатқалы баурайындағы аласа таулар (біздіңше өзен маңындағы деп атаған) терең шатқалдармен жақсы бөлшектелген, шеткі бөліктері толқындалған жазықты Іле өзені кесіп өтеді. Аласа таулар жолағы бірден екі километрге дейін өзгеріп отырады. Өзен маңындағы аласа таулардың абсолюттік биіктігі 550-ден 450 метр ауқымында, біршама биік нұктелерінде 585-600 м жетеді. Іле суының жаз кезінде абсолюттік биіктігі 431-436 м көлемінде жатады. Осы деңгей бойынша салыстырмалы биіктік ауытқулары 50 метрден 120 метрге дейін жетеді, ал жекелеген нұктелерде 150 метрге дейін /28/.

Өзен маңындағы аласа таулар жасаң эффузивтік жыныстардан қүралған, сондықтан да өте күшті эрозиялық бөлінуде салыстырмалы биіктіктің ауытқуларьшда ол жарлауытты көрініске ие. Үшкір және ірі пішіндері көп, күшті тілімделуде аласа таулар қиын откізеді. Осыған сәйкес аталған жер бедер аласа  таулы деп аталған. Борпылдақ түйіртпекті материалдар кейде ірі тасты бүйірлік шатқалдар етегінде және түбінде, тау кесілген жерлерде болады. Бұл материалдар несер жаңбыр нәтижесінде Іле алқабына көшіріліп соңында өзен арнасына түседі. Қапшағай шатқалымен кірігетін эрозиялық бүйір шатқалдар әдетте терең 50 метрден 100 метрге дейін және табаны қүламалы болып келеді.