Таулы ауданының климаттық ерекшеліктері

Іле Алатауының климаттық жағдайы айрықша әртүрлі. Ауа райының әртүрлі қалыптасуы,ылғал мөлшері, жауын-шашынның орташа мөлшері, атмосферадағы ауа ағымының шығуының әртүрлілігіне байланысты. Сонымен қатар, таудың өз желі түнде таудан төменге шатқалдар арқылы ал күндіз керісінше тауға қарай соғады. Желдің жылдамдығы әдетте 1,8-2,3 м/сек-на. Көктемгі уақытта ауа массасының айналымы солтүстік-батыстан басталып ылғал әкеледі. Теңіз деңгейінен 300м-р биіктікте жауын-шашын ылғалдылықты көбейтеді, кейін тау басына қар түрінде түседі. Май айындағы орташа жауын-шашын мөлшері көп, ал қақтарда өте аз болады. Жауын-шашынның ең көп түсетін жері 1500-2300 м-р аралығында. Қыркүйектен бастап, таудың орташа белдеулерінде қар жабыны пайда болады, ал тау алды жазықтықтарда қар жабыны қарашадан басталады. Атмосферадағы ылғалдылықтың түсу мөлшері биіктікке байланысты болады. Тау баурайларында климаты жазда ыстық құрғақ және орташа жылу, қары аз, жылдам құбылмалы келеді. Ол Орта Тау белдеулеріндегі климаты жазда орташа ыстық, жауын-шашыны көп, қысы жылы жұмсақ. Биік тау белдеулерінде жазы ылғалды салқын, қысы суық қатаң. Бұл аймақта мәңгі қар, мұзды және суық болады.